2026 жылғы 19 қазанда Новоникольское ауылында түрлі конфессия өкілдерінің қатысуымен Рухани келісім күніне арналған дөңгелек үстел өтті.
Қонақтарды жылы шыраймен қарсы алып, ауылдың тарихы мен ауылдық округтің тыныс-тіршілігімен таныстыру мақсатында экскурсия ұйымдастырылды.
Кездесу барысында конфессияаралық келісім, өзара құрмет және қоғамдағы бейбітшілікті сақтау мәселелері талқыланды.
Мұндай іс-шаралар бірлікті нығайтуға, өзара түсіністікті арттыруға және түрлі конфессиялардың рухани құндылықтарына құрметпен қарауға ықпал етеді.
Қарттарды қолдау айлығы аясында округіміздегі ұйымдардың басшылары жалғыз тұратын зейнеткерлердің үйлеріне барып, оларға азық-түлік пакеттерін табыстады.
Жыл сайын «Зенченко и К» КТ тарапынан қолдау көрсетіліп келеді. Биыл да округіміздегі барлық зейнеткерлерге ақшалай конверттер табысталды.
Қарт адамдар үшін мұндай кездесулер тек материалдық көмек қана емес. Бұл — олардың қамқорлық пен көңіл бөлуді сезінуіне, әңгімелесіп, өздерінің ұмыт қалмағанын білуіне мүмкіндік.
Осындай игі істерге атсалысып, аға буын өкілдерінің өмірін сәл де болса жылы әрі жайлы етуге үлес қосып жүрген баршаңызға алғысымызды білдіреміз!
Қарттарға деген мейірімділік, көңіл бөлу және құрмет әрдайым округіміздің жақсы дәстүрі болып қала берсін.
1 қазан күні Новоникольск ауылдық мәдениет үйінде Қарттар күніне арналған мерекелік концерт өтті.
Бұл күні өмірлік және еңбек жолы мол, бай тәжірибесі мен өнегесі бар аға буын өкілдеріне құрмет көрсетілді. Биыл зейнеткерлікке шыққан азаматтарға ерекше көңіл бөлініп, оларға жылы лебіздер мен алғыс сөздер айтылды.
Мерекелік бағдарлама әсем әндерге, көтеріңкі көңіл күйге және жылы тілектерге толы болды. Сахнадан жүрекжарды әндер шырқалып, көрермендер назарына әсерлі би нөмірлері ұсынылды. Сондай-ақ бөбекжай тәрбиеленушілері де өздерінің жылы лебіздері мен құттықтауларын арнап, көрермендерге ерекше әсерлі сәттер сыйлады.
Барша аға буын өкілдеріне зор денсаулық, жан жылуын, бақ-береке, жақындарының ықыласы мен қамқорлығын және өмірлерінде қуанышты да жарқын күндердің көп болуын тілейміз!
«Дүниежүзілік тазалық күні» халықаралық экологиялық акциясы және қарт адамдар мен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау айлығы аясында ауылдық округіміздің аумағында абаттандыру және тазалықты сақтау мақсатында сенбілік өткізілді.
Іс-шара барысында округ ұйымдары өздеріне тиесілі аумақтарда сенбіліктер өткізіп, қураған өсімдіктер мен қоқыстарды жинау жұмыстарын жүргізді.
Бұл күні қолдауға мұқтаж адамдарға ерекше көңіл бөлінді. Акция аясында тыл еңбеккерлері мен жалғыз тұратын зейнеткерге көмек көрсетілді: аулалары ретке келтіріліп, шөп шабылды, қоқыс пен қураған жапырақтар жиналды.
Мұндай іс-шаралар — туған ауылымыздың тазалығы мен абаттандырылуына қосылған үлес қана емес, сонымен қатар аға буынға деген құрметтің, ықылас пен қамқорлықтың көрінісі.
«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы шаруа немесе фермер қожалығын не қордағы жерлерден ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру» конкурсын өткізу туралы Хабарлама
Конкурсты ұйымдастырушы: «СҚО Тимирязев ауданы әкімінің аппараты» КММ «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының запастағы жерлерінен шаруа немесе фермер қожалығын не Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру»конкурсын өткізу туралы хабарлайды.
Конкурстың өткізілетін күні, уақыты және орны: Конкурс 2026 жылғы «09» қазанда, сағат 09.00-де, Тимирязев ауданы әкімдігінің ғимаратында, Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Уәлиханов көшесі, 1, 3-қабат, әкімдік мәжіліс залы мекенжайы бойынша өтеді.
Жергілікті атқарушы орган хабарлама (хабарландыру) алғаш жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастайды. Осы конкурсқа қатысуға өтінімдер өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 18 қыркүйек және 2026 жылғы 08 қазан аралығындағы кезеңде жүзеге асырылады. Осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді СҚО Тимирязев ауданының әкімдігі қабылдайды. Конкурстың аяқталу күні қорытынды шығару күні болып саналады. Конкурс қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейінгі күні өткізіледі.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты жер комиссиясы ҚР Жер Кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес өткізеді.
Конкурсқа қатысуға өтінім қағаз жеткізгіште қолма-қол не почта арқылы немесе «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін беріледі.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін-заңды тұлғаның атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы үлесінің мөлшері (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) көрсетілген өтініш беруші — заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, үлестес тұлғалар туралы мәліметтер өтініш берушінің;
2) Жеке тұлғалар үшін-өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтініш беруші үміткер жер учаскесінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5) өтініш беруші шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда көрсетілген шартқа қол қою қажеттілігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шаруа немесе фермер қожалығын не Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын жасасу жөніндегі міндеттемелер, ауылшаруашылық өндірісі.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхат негізінде Қазақстан Республикасының жеке тұлғасының немесе мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері ұсына алады.
Конкурстық ұсыныста:
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңы, ауыл шаруашылығы жануарларының басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау жөніндегі міндеттемелер;
3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдарының құрылымын әртараптандыру жөніндегі индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер.
Конкурстық ұсынысты конкурсқа қатысушы «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы берген жағдайларды қоспағанда, беттері нөмірленген жабық конвертте тігілген түрде ұсынады.
Қатысушыға грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, өтінімде және конкурстық ұсыныста жолдар арасында ешқандай кірістірулер, түзетулер немесе жазбалар болмауы керек.
Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде «шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі Конкурс» және «бұрын ашпау» деген жазу көрсетіледі: «_» _________ (нақты күні көрсетіледі).
Жер кодексінің 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға өтінім қабылданбауға жатады.
Қатысушы өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өз өтінімін өзгерте немесе кері қайтарып ала алады. Өзгеріс өтінімнің өзі сияқты дайындалады, мөрленеді және ұсынылады. Мұндай өзгеріс немесе кері қайтарып алу туралы хабарлама, егер оны аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін алған болса, жарамды болып табылады.
Өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейінгі күні оған өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Қосымша 1 парақта.
«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы
шаруа немесе фермер қожалығын не қордағы жерлерден ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін
уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру» конкурсына қойылатын жер учаскелерінің алдын ала тізбесі
|
Лот № |
Жер учаскеде № (өрісте) |
Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (жер құрамы және түрлері) |
Ауданы, га |
Бонитет балы |
Мерзімі жалға алу, жылдар |
Жер учаскесінің орналасқан жері (шаруашылық және аудан орталығынан орташа қашықтық) |
|
1 |
№ 22/15, 22/10,7 |
Жалпы ауданы 32,7 га, оның ішінде табиғи жайылымдар 25,7 га, батпақтар 7 га |
32,7 га |
57,6 |
10 жыл |
Ақсуат ауылдық округі (25 км) |
|
2 |
№ кос 2/20,6 |
Жалпы ауданы 20,6 га, оның ішінде табиғи жайылымдар 20,6 га |
20,6 га |
31,1 |
10жыл |
Ақжан ауылдық округі (20 км) |
|
3 |
№ кос 5/53 |
Жалпы ауданы 53 га, оның ішінде табиғи жайылымдар 53 га |
53 га |
31,1 |
10 жыл |
Ақжан ауылдық округі (25 км) |
|
4 |
№ Т 23 лош/233 |
Жалпы ауданы 233 га, оның ішінде табиғи жайылымдар 233 га |
233 га |
32,3 |
10жыл |
Белоградов ауылдық округі (40 км) |
|
5 |
№ О-11,12 203,7 |
Жалпы ауданы 213 га, табиғи жайылымдар 203,7 га, бұталар 9 га, жолдар 0,3 га |
213 га |
32,3 |
10жыл |
Белоградов ауылдық округі (40 км) |
|
6 |
№ г 1-3 кор/191, 6/23, кос 1/17 |
Жалпы ауданы 283 га, оның ішінде табиғи жайылымдар 231 га, бұталар 50 га, жолдар 2 га |
283 га |
32,3 |
10жыл |
Белоградов ауылдық округі (40 км) |
|
7 |
№ XI/29,4 |
Жалпы ауданы 29,4 га, оның ішінде егістік 29,4 га |
29,4 га |
57,0 |
10 жыл |
Интернационал ауылдық округі (60 км) |
|
8 |
№ 4-2/130 |
Жалпы ауданы 131 га, оның ішінде табиғи жайылымдар 130 га, жолдар 1 га |
131 га |
29,1 |
10жыл |
Мичурин ауылдық округі (65 км) |
|
9 |
№ 1-2/183 |
Жалпы ауданы 184 га, табиғи жайылымдар 183 га, жолдар 1 га |
184 га |
29,1 |
10жыл |
Мичурин ауылдық округі (65 км) |
|
10 |
№ 2/160, 16/32, 3/157, 4-1/78 |
Жалпы ауданы 429 га, оның ішінде табиғи жайылымдар 427 га, жолдар 2 га |
429 га |
29,1 |
10 жыл |
Мичурин ауылдық округі (65 км) |
|
|
Барлығы |
Жалпы ауданы 1608,7 га, оның ішінде егістік 29,4 га, табиғи жайылымдар 1507,0 га, бұталар 59,0 га, батпақтар 7,0 га, жолдар 6,3 га |
1608,7 га |
|
|
|
«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты» КММ Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабына және уақытша өтеулі жер пайдалану (шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу Қағидаларына сәйкес, 10 жыл мерзімге мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.
«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты» КММ хабарлама (хабарландыру) алғаш жарияланған күннен бастап, отыз күнтізбелік күн өткен соң конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау басталады. Осы конкурсқа қатысуға өтінімдер өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қабылданады.
2026 жылғы 07 қыркүйектен бастап 2026 жылғы 25 қыркүйегін қоса алғанға дейінгі кезеңде өтінімдерді қабылдау жүзеге асырылады. Қорытындылау күні конкурстың аяқталу күні болып саналады. Конкурс қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейінгі күні өткізіледі.
Конкурстың өтетін орны және күні, уақыты: СҚО, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 197, 3-қабат, мәжіліс залы мекенжайы бойынша Тайынша ауданы әкімдігінің ғимаратында 2026 жылдың 28 қыркүйегінде
сағат 10.00 минутта конкурстың қорытындылары шығарылады.
Конкурстың шарттары :
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім міндетті түрде тіркеу нөмірі беріліп және өтінім берушіге хабарлама беріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз жеткізгіште немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беріледі.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде болу керек:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер телімінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5)өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттемелер.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.
Конкурстық ұсыныста болу керек:
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын және жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.
Конкурстық ұсынысты конкурсқа қатысушы жабық конвертте, соңғы беті: қатысушының қолымен куәландырылатын беттері нөмірленген тігілген түрде басылған немесе өшпейтін сиямен жазылған ұсынады "электрондық үкімет"веб – порталы арқылы берілген жағдайларды қоспағанда, - жеке тұлғалар (немесе сенім білдірілген адам) үшін және бірінші басшының (немесе сенім білдірілген адамның) қолымен және заңды тұлғалар үшін – мөрмен (ол болған кезде). Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс» және «2026 жылғы 28 қыркүйекке дейін бұрын ашпау» деген жазу көрсетіледі.
Жер кодексінің 43-1-бабының 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім қабылданбауға жатады.
Жер комиссиясы конкурстық ұсыныстарды бағалайды, салыстырады және конкурстық өтінім жеңімпазын айқындайды.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстық ұсыныстар мен конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде ұсынылған конкурстық ұсыныстар мен өтінімдердің мәнін қозғамайтын грамматикалық және арифметикалық қателер назарға алынбайды, оларды түзетуге болады.
Жер комиссиясы барлық өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептеулердегі қателіктердің болуы, құжаттардағы барлық қолтаңбалар тұрғысынан зерделейді, сондай-ақ тұтастай ресімдеудің дұрыстығын тексереді, өтінімдерді бизнес-жоспар бойынша, оның ішінде конкурстық ұсыныста көрсетілген инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен бағалайды, салыстырады.
Ұпайлар міндеттемелердің келесі критерийлері бойынша беріледі:
суарылмайтын егістікке:
50-ге дейін– 1 балл;
50-ден 70-ке дейін – 2 балл;
70 -тен 90-ға дейін – 3 балл;
90 -нан 110-ға дейін – 4 балл;
110-нан жоғары – 5 балл;
жайылымдық және шабындық жерлерге:
5 -ке дейін– 1 балл;
5-тен 10-ға дейін – 2 балл;
10-нан 20-ға дейін – 3 балл;
20-дан 30-ға дейін – 4 балл;
30-дан аса – 5 балл;
2) жайылымдық жерлерге - ауыл шаруашылығы жануарлары басының болуы:
50-ден аз ірі қара, жылқы, түйе-5 балл;
50 және одан да көп бас ірі қара, жылқы, түйе – 10 балл;
300-ден аз ұсақ мал басы-5 балл;
3)меншіктегі ауыл шаруашылығы техникасының болуы:
5 бірліктен кем-5 балл;
5 және одан көп бірлік-10 балл;
4) Технологиялық жабдықтың болуы:
1 бірлік-1 балл;
2 және одан көп бірлік-3 балл;
5) ауыл шаруашылығы саласында білікті мамандардың болуы:
5 білікті маманнан кем-5 балл;
5 және одан да көп білікті мамандар-10 балл.
Осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын адамдарға олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 10 балл беру түрінде артықшылық беріледі.
Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 5 балл беру түрінде артықшылық беріледі
Қосымша балл берген кезде жер комиссиясының мүшелері қатысушылар ұсынған растайтын құжаттарды басшылыққа алатын болады.
Ең жоғары балл жинаған қатысушы жеңімпаз деп танылады.
Екі немесе одан да көп конкурстық ұсыныстардың балдары тең болған кезде конкурстың жеңімпазы комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі жолымен айқындалады.
Бұл жағдайда комиссия мүшелерінің көпшілік дауысын және ең жоғары балл жинаған қатысушы жеңімпаз деп танылады.
Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметтерді және қосымша ақпаратты Тайынша ауданы әкімінің www.tsh.sko.gov.kz «СҚО Тайынша ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ www.ozo-tsh.sko.gov.kz, сайтында немесе
8 (71536) 2-26-97, 2-21-85 тел. бойынша алуға болады.
|
Конкурсқа шығарылатын жер телімдерінің тізбесі |
||||||
|
Жер телімдерінің сипаттамасы |
||||||
|
Алқаптардың құрамы (суарылмалы емес) |
Бонитет баллы |
Жалпы алаңы, га |
Топырақтардың сапалық сипаттамасы |
Орналасқан жері
|
Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы |
Сумен қамтамасыз етілуі |
|
Лот № 1 |
||||||
|
Егістік – 405 га, табиғи жайылым. – 6 га, жолдар 6 га
|
31,6 |
412 |
Дала аймағы, топырақ түрі-черноземы южные |
Алабота ауылдық округі
|
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы |
Жоқ |
|
Лот № 2 |
||||||
|
Егістік – 783 га, табиғи жайылым. - 38 га, жолдар – 3 га |
32,6 |
824 |
Дала аймағы, топырақ түрі-оңтүстік қара топырақтар |
Алабота ауылдық округі
|
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы |
Жоқ |
|
Лот № 3 |
||||||
|
Егістік – 1841 га, табиғи жайылым – 22 га, жолдар – 4 га |
29,2 |
1867 |
Дала аймағы, топырақ түрі-оңтүстік қара топырақтар |
Алабота ауылдық округі
|
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы |
Жоқ |
|
Лот № 4 |
||||||
|
Егістік –430 га, табиғи жайылым-13 га, жолдар – 2 га
|
25,9 |
445 |
Дала аймағы, топырақ түрі-оңтүстік қара топырақтар |
Алабота ауылдық округі
|
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы |
Жоқ |
2026 жылғы 19 маусымда «СҚО Қызылжар ауданы Новоникольск ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша жария талқылау өткізілді.
Талқылау барысында қатысушылар атқарылған жұмыстарға баға берді, сондай-ақ ұсынымдарды уақтылы орындау жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.
19.06.2026 жылы сағат 15:00-де Новоникольское ауылы, Спортивная көшесі, 3 мекенжайы бойынша «СҚО Қызылжар ауданы Новоникольск ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметінде өткізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жария талқылау өткізу жоспарлануда.
Барлық мүдделі тұлғалар талқылауға қатыса алады, талқылауға қатысу мәселелері бойынша келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады:87153825180.
«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Новоникольск ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2026 жылғы 12 маусымнан бастап сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды.
Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.
Талдауға қатысу мәселелері бойынша 2026 жылғы 08 маусымға (қоса алғанда) дейінгі мерзімде келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 8-71538-25180
Осы мәселе бойынша ұсыныстар туындаған жағдайда, Сіз ақпаратты келесі электрондық мекенжайға жібере аласыз: t.mikhailyuk@sko.gov.kz
2026 жылғы 13 сәуірден бастап Қазақстанда еңбек иммигранттарына жұмысқа рұқсат беру және оны ұзарту бойынша мемлекеттік қызмет ХҚКО-ларда қолжетімсіз болып, өтінімді тек онлайн түрде беруге болады.
Еңбек иммигранттарына рұқсат беру және оны ұзарту қызметі онлайн форматқа ауыстырылып, тек eGov.kz порталы арқылы қолжетімді болды. Жаңарту Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бару қажеттілігін жойып, құжаттарды рәсімдеу процесін жеңілдетті.
Енді шетел азаматтары Қазақстан аумағында жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыс істеу үшін рұқсатты онлайн түрде рәсімдей немесе ұзарта алады. Пайдаланушыларға кейбір құжаттарды қолмен жүктеудің қажеті жоқ. Мысалы, медициналық анықтама мен сақтандыру туралы мәліметтер мемлекеттік жүйелерден автоматты түрде тартылатын болады. Бұл өтінім беру уақытын қысқартып, қателіктердің туындау ықтималдығын азайтады.
«Бүгінде eGov.kz электрондық үкімет порталында еңбек иммигранттарына рұқсат беру қызметі бойынша барлық қажетті интеграциялар толық жүзеге асырылған. Олардың ішінде медициналық тексеруден өту, сақтандыру және салық төлемдерін автоматты түрде тексеру бар. Мемлекеттік қызметтердің онлайн форматқа қарқынды көшуін және олардың тәулік бойы қолжетімділігін ескере отырып, 13 сәуірден бастап бұл қызметті ХҚКО арқылы көрсету тоқтатылады. Енді өтінімдер тек egov.kz немесе migration.enbek.kz арқылы онлайн түрде қабылданады», - деді Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин.
Рұқсат беру немесе оны ұзарту туралы шешімді аудан және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары ішкі істер органдарымен келісу арқылы қабылдайды. Рұқсат еңбек иммигранттарын тартуға белгіленген квота шегінде 1 айдан 12 айға дейінгі мерзімге беріледі. Мемлекеттік қызметті алу бойынша қосымша ақпарат eGov.kz порталында және оның әлеуметтік желілерінде жарияланған.
Жаңарту ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ, ҚР Ішкі істер министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және Мемлекеттік кредиттік бюроның бірлескен жұмысының нәтижесінде жүзеге асырылды.https://egov.kz/cms/kk/news/labour_migrants_online