Меню

Страницы

Статья

ТЖ және антиэкстремистік сипаты материалдары

  

 

Жадынама

Қазақстан Республикасы дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің салафизм діни ағымына қатысты ұстанымы

Министрлік қазіргі күнде тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп салафизм мәселесін мұқият қарастыруда.

Осыған дейін Қазақстанда 23 лаңкестік және экстремистік ұйымдарға, соның ішінде салафиттік бағыттағы «Ат-Тәкфир Уәл-Хиджра» экстремистік ұйымына тыйым салынғандығын атап өткім келеді.

Осы ретте салафизм ұйым емес екендігін атап өту қажет. Ол - діни ағым, көзқарастар жүйесі.

Еліміздің қолданыстағы заңдары қазірдің өзінде заңсыз уағыз жүргізу, жасырын діни жиындар мен радикалды діни әдебиеттерді таратудың жолын кесуге барлық мүмкіндіктерді береді.

Оларды орындауды қамтамасыз ету керек.

Салафизм тақырыбына келетін болсақ, мемлекеттік құрылысы шариғатқа негізделген жекелеген елдерде салафизмге жақын діни ағымдар дәстүр ретінде орнығуы мүмкін.

Ал Қазақстанға келер болсақ, отандық дінтанушылардың пікірінше, салафизм Қазақстан үшін айтарлықтай қауіп тудыратын әлеуетке ие.

Салафизм ұстанушыларының өз идеялары мен құндылықтарын біздің ұлттық мәдениетімізден, рухани дәстүрлеріміз бен құндылықтарымыздан жоғары қояды.

Салафилердің барлығы ашық айтпаса да қатаң діни қағидаларға құрылған мемлекетті қоғамдық құрылыстың «идеалды жүйесі» деп есептейді.

Біз қазіргі күнде ислам әлемінде, соның ішінде бірқатар араб елдерінің өзінде, салафизм идеялары беделді діни тұлғалар мен заманауи ислам ойшылдары тарапынан сынға ұшырап отырғанын көріп отырмыз.

Біз осыған байланысты салафизмді Қазақстан Республикасы үшін мүлдем жат әрі теріс діни ағым деп санаймыз.

Елімізге сырттан келген бұл діни ағым күн өткен сайын халық тарапынан тойтарысқа ұшырауда.

Жалпы, қазақстандық қоғам радикализмге жетелейтін бұл жат ағымға теріс көзқараста.

Осы себепті бүгінгі күнде еліміздегі салафизм жақтастарының саны азайып жатқандығы байқалады және олардың Қазақстанда ұйымдасқан құрылымдары жоқ.

Сондықтан алдағы уақытта салафизм идеологиясын насихаттайтын ұйымдардың пайда болуына, әдебиеттерінің таралуына және интернет-сайттарының жұмыстарына жол бермейтін боламыз.

Дата публикации
25 сентября 2023
Дата обновления
25 сентября 2023
Тип

Сейчас читают

01 августа 2025
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 шілдедегі инвестициялық портфельдеріне шолу
31 июля 2025
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 24 трлн теңгеден асты
31 июля 2025
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап «БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан босатылады 

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы