1) көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер: "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Новоникольск ауылдық округі әкімінің аппараты"КММ.
2) мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: көрсетілетін мемлекеттік қызметтер:
- "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру",
- "Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру",
- "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу",
- "Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату",
- "Жер учаскесін алуға кезекке қою". Мемлекеттік қызметтер саны: барлығы мемлекеттік қызметтер көрсетілді-46, бас тарту-4:
- жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру-4,
- елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру-17
; - Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу-26, бас тарту 4.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны - 0.
тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны: тегін көрсетілген – 46 қызмет; ақылы – жоқ.
Қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны: электрондық нысанда-29 қызмет, қағаз нысанда – 17 қызмет көрсетілді.
3) Барынша талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат. 2023 жылы барынша талап ететін "Сауда - саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу" -26 қызметтер.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу орындары мен көздері туралы мәлімет. Мемлекеттік қызмет көрсетумен айналысатын бас маманның кабинетінде көрінетін жерде қазақ және орыс тілдерінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметтің тәртібі мен сипаттамасы, өтініштер үлгілері, негізгі түсініктемелері, мемлекеттік қызметтің тізбесі көрсетілген стенді ресімделген. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі. Тоқсан сайын аудандық газетке, сайтқа мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы ақпараттар беріледі.
2) Мемлекеттік қызметтер туралы мәліметтер, ақпараттар «DigitalAgent» мобильдік қосымшасы, «Connection Point» - электрондық мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу бұрышы бойынша алады. Новоникольск ауылдық округі әкімінің аппараты ғимаратында «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» жабдықталған, картридер бар. Сонымен бірге цифрлық сауаттылықты жоғарлату мақсатында тұрғындар оқытылады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын анықтау үшін қызмет алушылардан анкета-сауал жүргізіледі.
3) Мемлекеттік қызметтер стандартын жобасын көпшілікте талқылау туралы ақпарат: талқыланған жоқ.
4) Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде шынайылықты көрсететін шаралар (таныстыру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқа). Округте мемлекеттік қызмет көрсету кезінде шынайылықты көрсететін таныстыру жұмыстары, семинарлар, «Facebook» парақшасында тікелей эфирлер өткізілді, халық алдында ауылдық округ әкімі есеп беру кездесуінде ауыл тұрғындары көрсетілетін қызметтермен таныстырылды және ауылдық округ әкімі сайтында аппаратта көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттар беріледі.
1) Мемлекеттік қызмет көрсетуде оңтайландыру мен автоматтандыру процесінің нәтижесі. "Новоникольск ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ-де мемлекеттік қызметті автоматтандыру үшін база жоқ.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін жоғарлату бағытындағы, шаралар. Аудандық әкімдікте онлайн режимде мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша семинарлар өткізілді.
2023 жылдың ақпан айында Новоникольск ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы "мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және Дебюрократизациялау" тақырыбында біліктілігін арттырудан өтті.
3) Мемлекеттік қызмет көрсетуде нормативті-құқықтық процесін жетілдіру. Бекітілген жоспар бойынша «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» оқу бойынша құқықтық оқыту өткізілді.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша): 2023 жылы барлық мемлекеттік қызметтер мерзімінде көрсетілді, шағымдар түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері: тоқсан сайын көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау жөніндегі жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы есеп беріледі
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері - тексерулер жүргізілген жоқ.
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері-өткізілген жоқ.
5) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасында қызмет алушының қанағаттанушылығын жоғарлату және алдағы тиімділік перспективалары.
Мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша алдағы уақытта БАҚ, ауылдық округ әкімінің аппаратының интернет ресурсте халықты ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету процессін автоматтандыру.
Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың,
республикалық маңызы бар қалалардың,
астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар
қалалардың жергілікті атқарушы органдарының,
қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар,
кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің
мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі
қызметі есебінің үлгі нысанына
қосымша
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі
көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат
|
Өтініш беруші туралы мәлімет
|
Шағымның мазмұны |
Шағымды қарастырған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)
|
Қарастырған күні
|
Шағымды қарастыру нәтижесі бойынша құжаттың №
|
Қабылданған шешім
|
Қабылданған шешімді қайта қарастыру туралы мәлімет
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |