2024 жылдың басынан бастап ХҚКО негізгі құжаттарды алу кезінде мемлекеттік баж алымдары өзгерді
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 АЕК - 3 мың 692 теңгені құрайды, ол мемлекеттік баж алымдарының мөлшерімен тікелей байланысты.
Осыған байланысты, Салық кодексіне сәйкес жеке тұлғаны куәландыратын құжатты беру үшін алынатын мемлекеттік баж алымының мөлшері 0,2 АЕК, яғни 738,4 теңге болады.
Қазақстан Республикасы азаматының паспортының көлемі:
24 бет - 14 мың 768 теңге (4 АЕК) – 16 жасқа дейінгі балалар үшін
36 бет - 29 мың 536 теңге (8 АЕК)
48 бет – 44 мың 304 теңге (12 АЕК)
ҚР азаматының жеке куәлігі оны бір жыл ішінде екі реттен көп жоғалтқан жағдайда – 3 мың 692 теңге (1 АЕК)
Паспорт пен жеке куәлікті беру мерзімі өтініш берілген сәттен бастап 15 жұмыс күнінен аспайды, бірақ процесті ақылы түрде жеделдету мүмкіндігі бар. Петропавл қаласында жеделдету 3 күн – 3372 теңге, 5 күн – 1771 теңгені құрайды
Облыс аудандарында 7 күн – 678 теңге
Қолданылу мерзімі 10 жылды құрайды, содан кейін оны ауыстыру қажет.
Жүргізуші куәлігі 1,25 АЕК - 4 615 теңге;
Мемлекеттік баж алымынан келесі азаматтар санаттары босатылғанын атап өткен жөн болады:
-Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері;
-«Даңқ» орденінің үш дәрежесімен және «Еңбек Даңқы» орденінің үш дәрежесімен, «Алтын Қыран», «Отан» ордендерімен марапатталған, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған тұлғалар;
-«Ана-герой» атағына ие болған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» ілгектерімен марапатталған көп балалы аналар;
-Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттер аумағындағы соғыс әрекеттерінің ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы өзін-өзі құрбан еткен еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендері мен медальдарымен марапатталған тұлғалар, 1941 жылдың 22 маусырынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін кем дегенде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы өзін-өзі құрбан еткен еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендері мен медальдарымен марапатталмаған тұлғалар;
-мүгедектер, сондай-ақ балалық шақтан бері мүгедектігі бар тұлғаның, мүгедек баланың ата-анасының бірі; кәрілер мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік жалпы типтегі мекемелерде тұратын кәрілер, мемлекеттік толық қамтамасыз етудегі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, балалар үйлерінде немесе интернаттарда тұратындар;
-Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар.
«Азаматтар үшін үкімет» ҰК» АҚ СҚО бойынша филиалының Баспасөз қызметі