Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сыбайлас жемқорлық туралы аудио

Ashyq Turkistan

Өз үлесіңді қос!

2018 жылы 24 желтоқсан күні Солтүстік Қазақстанда «Қызылжар – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өз есігін айқара ашты. Миссиясы — тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру болып табылады.

Жоба үш саланы қамтиды: тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және қолайлы жағдай жасау; қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Аталған салалар бірқатар бағыттарды қарастырады. Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және қолайлы жағдайлар жасау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады: білім беру; денсаулық сақтау; әлеуметтік қамсыздандыру; сәулет, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары; Мемлекеттік кіріс органдары; сот және құқық қорғау органдары; Бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі.

Жобалық кеңсе – кешенді талдау негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға бағытталған мемлекеттік органдарды «Қайта жүктейді».

Осыған байланысты, Солтүстік Қазақстан облысының бей-жай емес және жауапты азаматтарын мемлекеттік органдарды трансформациялауына қатысуға шақырамыз.

Ұсынымдарды, проблемалық мәселелерді және кеңестерді sqoalaldyk@gmail.com поштаға жіберулеріңізді немесе 8 (7152) 46-06-81, 46-58-89 нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ

Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын Солтүстік Қазақстан облысында іске асыру жоспары

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығы

Дата публикации
26 сентября 2023
Дата обновления
26 сентября 2023
Тип

Сейчас читают

01 августа 2025
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 шілдедегі инвестициялық портфельдеріне шолу
31 июля 2025
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 24 трлн теңгеден асты
31 июля 2025
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап «БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан босатылады 

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы