Меню

Страницы

Статья

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау

«АЛТЫН АСЫҚ» Кредиттеу бағдарламасы

Қайта қаржыландыру шарттарының параметрлері Қайта қаржыландыру шарттары
Нысаналы топ Заңды (оның ішінде АӨК) және жеке тұлғалар (ШҚ, ФҚ, ЖК), КС
Нысаналы мақсаты Заңды және жеке тұлғалар үшін: 1)ҰҚМ аналық басын және/немесе биязы, жартылай биязы, қылшық жүнді және жартылай қылшық жүнді асыл тұқымды қошқарларды сатып алу; 2)негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеу, айналым қаражатын толтыру. КС үшін: ҰҚМ аналық басын және биязы, жартылай биязы, қылшық жүнді және жартылай қылшық жүнді асыл тұқымды қошқарларды сатып алу үшін кейіннен КС қатысушыларын қаржыландыруға КС кредиттеу.
Валютасы теңге
Сомасы КС қоспағанда, қарыз алушылар үшін – 5 000 000 теңгеден бастап Корпорация меншікті капиталының  25% дейін; КС үшін –  500 000 теңгеден бастап  Корпорация меншікті капиталының  25% дейін.
Кредит желісінің/кредиттің мерзімі 84 айға дейін
РБ қаражаты есебінен кредиттеу мөлшерлемесі -КС қоспағанда, қарыз алушылар үшін – жылдық 6 % (СЖТМ - жылдық 6 % бастап) -КС үшін – жылдық 4 % (СЖТМ - жылдық 4 % бастап)
Өзге қаражат есебінен кредиттеу мөлшерлемесі -КС қоспағанда, қарыз алушылар үшін – жылдық 15 % (СЖТМ - жылдық 15 % бастап) -КС үшін – жылдық 9,5 % (СЖТМ - жылдық 9,5 % бастап)
Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең -ҰҚМ аналық басын және асыл тұқымды қошқарларды сатып алуға, негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеуге – әр траншты беру күнінен бастап 24 айдан артық емес; -айналым қаражатын толтыруға – әр траншты беру күнінен бастап 12 айдан артық емес.
Сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең әр траншты беру күнінен бастап 12 айдан артық емес
Қамтамасыз ету Кепіл саясатына сәйкес

«СЫБАҒА» Кредиттеу бағдарламасы

Кредиттеу шарттарының параметрлері Кредиттеу шарттары
Нысаналы топ Заңды (оның ішінде АӨК) және жеке тұлғалар (ШҚ, ФҚ, ЖК), КС
Нысаналы мақсаты Заңды және жеке тұлғалар үшін (ШҚ, ФҚ, ЖК): -ІҚМ аналық басын, оның ішінде ІҚМ асыл тұқымды және селекциялық жас төлін және/немесе етті және/немесе етті-сүтті бағыттағы асыл тұқымды бұқаларды сатып алу; -негізгі құралдарды сатып алу және жөндеу, айналым қаражатын толтыру. КС үшін: -ІҚМ аналық басын, оның ішінде ІҚМ асыл тұқымды және селекциялық жас төлін және/немесе етті және/немесе етті-сүтті бағыттағы асыл тұқымды бұқаларды сатып алу, негізгі құралдарды сатып алу және жөндеу, айналым қаражатын толтыру үшін кейіннен КС қатысушыларын кредиттеу үшін КС кредиттеу.
Валютасы теңге
Сомасы КС қоспағанда, қарыз алушылар үшін – 10 000 000 теңгеден бастап Корпорация меншікті капиталының 25% дейін
 КС үшін -  1 000 000 теңгеден бастап Корпорация меншікті капиталының 25% дейін
Кредит желісінің/кредиттің мерзімі  120 айға дейін
РБ қаражаты есебінен кредиттеу мөлшерлемесі -КС қоспағанда, қарыз алушылар үшін – жылдық 6 % (СЖТМ - жылдық 6 % бастап) -КС үшін – жылдық 4 % (СЖТМ - жылдық 4 % бастап)
Өзге қаражат есебінен кредиттеу мөлшерлемесі -КС қоспағанда, қарыз алушылар үшін – жылдық 15 % (СЖТМ - жылдық 15 % бастап) -КС үшін – жылдық 9,5 % (СЖТМ - жылдық 9,5 % бастап)
Негізгі борышты  өтеу бойынша жеңілдікті кезең -асыл тұқымды бұқаларды сатып алуға және  айналым қаражатын толтыруға – әр траншты беру кезінен бастап 12 айдан артық емес; -аналық басты,  оның ішінде ІҚМ асыл тұқымды және селекциялық жас төлін сатып алуға – әр траншты беру кезінен бастап 30 айдан артық емес; -негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеуге - әр траншты беру кезінен бастап 24 айдан артық емес.
Сыйақыны  өтеу бойынша жеңілдікті кезең - асыл тұқымды бұқаларды сатып алуға және  айналым қаражатын толтыруға – әр траншты беру кезінен бастап 12 айдан артық емес; -аналық басты, оның ішінде ІҚМ асыл тұқымды және селекциялық жас төлін сатып алуға және негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеуге – әр траншты беру кезінен бастап 24 айдан артық емес.
Қамтамасыз ету Кепіл саясатына сәйкес

«ҚҰЛАН» Кредиттеу бағдарламасы

Қайта қаржыландыру шарттарының параметрлері Қайта қаржыландыру шарттары
Нысаналы топ Заңды (оның ішінде АӨК) және жеке тұлғалар (ШҚ, ФҚ, ЖК), КС
Нысаналы мақсаты Заңды және жеке тұлғалар үшін: - жылқылардың аналық басын және/немесе өнімді бағыттағы тұқым айғырларды сатып алу; -негізгі құралдарды сатып алу және/немесе жөндеу, айналым қаражатын толтыру. КС үшін: -жылқылардың аналық басын және өнімді бағыттағы тұқым айғырларды сатып алуға кейіннен КС қатысушыларын қаржыландыру үшін КС кредиттеу.
Валютасы теңге
Сомасы КС қоспағанда, қарыз алушылар үшін – 10 000 000 теңгеден бастап Корпорация меншікті капиталының 25% дейін; КС үшін – 2 500 000 теңгеден бастап Корпорация меншікті капиталының 25% дейін.
Кредит желісінің/кредиттің мерзімі 120 айға дейін
Кредиттеу мөлшерлемесі -КС қоспағанда, қарыз алушылар үшін  – жылдық 15%  (СЖТМ – жылдық 15% бастап) - КС үшін – жылдық 9,5 % (СЖТМ – жылдық 9,5 % бастап)  
Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең -жылқылардың аналық басын және тұқым айғырларды сатып алуға, негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеуге – әр траншты беру күнінен бастап 36 айдан артық емес; -айналым қаражатын толтыруға – әр траншты беру күнінен бастап 12 айдан артық емес.
Сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең әр траншты беру күнінен бастап 12 айдан артық емес
Қамтамасыз ету Кепіл саясатына сәйкес
Дата публикации
26 сентября 2023
Дата обновления
26 сентября 2023
Тип

Сейчас читают

01 августа 2025
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 шілдедегі инвестициялық портфельдеріне шолу
31 июля 2025
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап «БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан босатылады 
31 июля 2025
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 24 трлн теңгеден асты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы