Қазақстанда жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде отбасы құндылықтарын дәріптеп, жанұядағы өзара түсіністік пен қолдаудың маңызын айқындайтын Отбасы күні атап өтіледі. Осы айтулы мереке қарсаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы еліміздегі неке қию көрсеткіштеріне қатысты статистиканы ұсынады.
2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 74 648 неке ресми түрде тіркелді. Оның жартысынан астамы жаз айларына тиесілі. Неке қиюға деген белсенділік жаз мезгілінде артып, дәл осы кезеңде көптеген жұп отбасын құру туралы шешімін ресми түрде бекіткен.
«АХАТ функциялары 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Мемлекеттік корпорацияға берілді. Содан бері біздің қызметкерлер шамамен 400 мың неке тіркеп, 1 миллионнан астам туу туралы куәлік берді. Әрбір көрсетілген қызметтің артында азаматтардың өміріндегі маңызды оқиғалар тұр. Сондықтан біз қызмет көрсету үдерістерін жетілдіруге, цифрлық сервистерді дамытуға, мемлекеттік қызметтерді азаматтар үшін барынша ыңғайлы, қолжетімді және сапалы етуге басымдық беріп келеміз»,- деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Еліміздің барлық өңірінде шаңырақ көтеріп, жаңа отбасы құруға деген ұмтылыс жоғары. Дегенмен, неке қию көрсеткіші бойынша ірі қалалар мен халық тығыз орналасқан өңірлер алдыңғы қатарда. Ең жоғары көрсеткіш Алматы қаласында тіркеліп, мұнда 12 344 неке қиылған. Екінші орында Астана қаласы тұр, онда 9 074 жұп өз қарым-қатынасын ресми түрде рәсімдеген. Ал үшінші орында 5 611 неке қиылған Түркістан облысы тұр.
Биыл маусым айы неке қию көрсеткіші бойынша көш бастады. Осы кезеңде 15 мыңнан астам жұп өз қарым-қатынасын ресми түрде рәсімдеді. Тамыз айында 11 761 жұп шаңырақ көтерсе, шілдеде бұл көрсеткіш 11 674-ті құрады. Жалпы, жаз айларында елімізде 38 мыңнан астам жұп отбасын құрды. Бұл 2026 жылдың сегіз айында қиылған некелердің жалпы санының жартысынан астамын құрайды.
Неке тіркеу – азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бірі. Неке тіркеуге өтінішті тіркеуші органға тікелей жүгіну арқылы, электронды үкімет порталы арқылы онлайн форматта, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы беруге болады.
Мемлекеттік қызметтер азаматтарға бұрынғыдан да қолжетімді бола түсуде. Қазіргі таңда бірқатар мемлекеттік қызметті халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) бармай-ақ алуға болады. Осы мақсатта «Дербес менеджердің үйге баруы» сервисі жұмыс істейді. Оның аясында маман өтініш беруші көрсеткен мекенжайға барып, қажетті қызметтерді үйде көрсетеді. 2026 жылдың жеті айында бұл мүмкіндікті шамамен 1,5 мың қазақстандық пайдаланған.
Салыстырмалы түрде қарасақ, 2025 жылы дербес менеджер қызметіне 2 мыңнан астам адам жүгінген. Өткен жылы аталған сервис Қызылорда облысында ең көп сұранысқа ие болып, оны 540 адам пайдаланған. Алматыда - 477, ал Павлодар облысында 435 адам осы сервистің көмегіне жүгінген.
Ал биылғы жылдың жеті айындағы көрсеткіш бойынша көшбасшылар үштігі өзгерді. Дербес менеджердің үйге баруы бойынша ең жоғары көрсеткіш Алматы қаласында тіркелді, онда бұл сервисті 296 рет пайдаланған. Екінші орында Атырау облысы - 277 рет, ал Қызылорда облысы - 259 рет аталған сервиске жүгінген.
Сервисті пайдалану үшін қашықтан өтініш беріп, маман баратын мекенжайды көрсету жеткілікті. Алдын ала берілген өтініш бойынша фронт-офис маманы азаматтың үйіне барып, кеңес береді, қажетті құжаттарды қабылдайды және мемлекеттік қызметті сол жерде рәсімдеуге көмектеседі. Мұндай формат уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді және қандай да бір себептермен ХҚКО-ға өз бетінше бара алмайтын азаматтар үшін өте ыңғайлы.
«Үйге баратын дербес менеджер» тарифінің құны - 7 447 теңге. Бұл сома мемлекеттік бажға жатпайды, яғни тек сервистің қызмет көрсету құны болып табылады.
Үйге баратын дербес менеджердің көмегімен мемлекеттік қызметтердің кең ауқымын алуға болады. Алайда паспорт пен жеке куәлікті рәсімдеу, сондай-ақ мамандандырылған ХҚКО-ларда көрсетілетін қызметтер бұл тізімге кірмейді. Себебі аталған қызметтерді алу үшін азаматтың жеке қатысуы керек және тиісті рәсімдерден өтуі қажет.
Маманның үйге келуіне өтінішті «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ресми сайтындағы «Азаматтарға көрсетілетін қызметтер» «Дербес менеджердің үйге баруы» бөлімі арқылы беруге болады. Бұдан бөлек, өтінішті 1414 бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы да рәсімдеуге мүмкіндік бар. Өтініш беру кезінде қажетті ақпаратты толтырып, маман баратын мекенжайды көрсету жеткілікті.
Іс-шараға Қызылжар ауылдық округі әкімдігі аппаратының ұжымдары қатысып, электр беру желілерінің тіректерінің бойында ағаштарды кесуден кейін қалған бұтақтарды жинау және аумақты тазалау жұмыстарын жүргізді.
Тазалық жұмыстары барысында аумақ абаттандырылып, санитарлық жағдайы жақсартылды.
Жеке куәлік пен төлқұжат алу – қазақстандықтар арасында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі. Жыл сайын миллиондаған азамат осы құжаттарды рәсімдеу үшін ХҚКО-ларға жүгінеді. Қызметті тез әрі еш қиындықсыз алу үшін рәсімдеу тәртібін алдын ала білген жөн.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында қазақстандықтарға 1,5 миллионнан астам жеке куәлік пен төлқұжат берілді. Ең жоғары сұраныс дәстүрлі түрде демалыс пен саяхат маусымына тұспа-тұс келіп, маусым айында 269 мыңнан астам құжат рәсімделді. Төлқұжат пен жеке куәлікті ХҚКО-да тез әрі ыңғайлы рәсімдеу үшін нені білу қажет?
Төлқұжат рәсімдеу
Төлқұжатты тіркелген жеріңізге қарамастан, Қазақстанның кез келген ХҚКО-сында рәсімдеуге болады, өйткені қызмет экстерриториялық қағидат бойынша көрсетіледі.
Төлқұжатты алғаш рет алу үшін жеке куәлікті ұсыну жеткілікті. Егер төлқұжаттың жарамдылық мерзімі аяқталуға жақын болса, оны алдын ала ауыстырған жөн. Бұл ретте төлқұжатты уақытында ауыстырмағаны немесе оның жарамдылық мерзімі өтіп кеткені үшін айыппұл қарастырылмаған. Қызметті оператор арқылы немесе құжаттандыру терминалы арқылы алуға болады.
Төлқұжат рәсімдеу кезінде кәмелетке толған азаматтар 36 немесе 48 беттен тұратын төлқұжатты таңдай алады. 36 беттік төлқұжат үшін мемлекеттік баж – 34 600 теңге, ал 48 беттік төлқұжат үшін – 51 900 теңге. 16 жасқа дейінгі балаларға арналған 24 беттік төлқұжаттың құны – 17 300 теңге.
Төлқұжатты дайындаудың стандартты мерзімі – 15 жұмыс күні. Қажет болған жағдайда жеделдетілген рәсімдеу қызметін пайдалануға болады. Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында төлқұжатты 1, 3 немесе 7 жұмыс күні ішінде жедел рәсімдеу мүмкіндігі бар. Облыс орталықтарында жедел рәсімдеу мерзімі 3 жұмыс күні, ал аудандар мен облыстық маңызы бар қалаларда 7 жұмыс күнін құрайды. Өтініш берілген күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Жеделдетілген рәсімдеу қызметі қолданыстағы тарифтерге сәйкес қосымша ақыға көрсетіледі.
Балаға төлқұжат рәсімдеу үшін оның туу туралы куәлігі, ата-анасының бірінің жеке куәлігі және мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат қажет. Өтініш берген кезде ата-анасының бірінің қатысуы міндетті
Жеке куәлік рәсімдеу
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі 16 жасқа толған кезде рәсімделеді.
Жеке куәлікті алғаш рет алған кезде және оның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ауыстырған жағдайда мемлекеттік баж алынбайды. Ал құжат жоғалған жағдайда мемлекеттік баж мөлшері 865 теңгені құрайды.
Қажет болған жағдайда жеке куәлікті де жеделдетілген тәртіппен рәсімдеуге болады. Ол үшін қолданыстағы жеделдік санаттарының бірін таңдауға болады.
2026 жылдың басынан бері 1,5 мыңнан астам солтүстік қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді күтусіз және дербес сүйемелдеумен алуды жөн көрді. «Жеке менеджер» сервисі фронт-офистерде де, үйге шығу форматында да қолжетімді деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы.
«Жеке менеджер» қызметі Петропавл қаласының Мамандандырылған ХҚКО қоса алғанда, облыстың барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында жұмыс істейді және жеке қызмет көрсетуді көздейді. Оны алу үшін рахмет тіркеу үстеліне жүгіну керек, онда шарт жасалады, содан кейін маман құжаттарды рәсімдеудің барлық кезеңдерінде көрсетілетін қызметті алушымен бірге жүреді.
Қызмет құны халыққа қызмет көрсету орталықтарында – 5 697 теңге, ал мамандандырылған ХҚКО-ларда – 6 306 теңге.
ХҚКО-ға түрлі себептермен келе алмайтын азаматтар үшін жеке менеджердің көшпелі қызмет көрсету форматы қарастырылған. Маман алдын ала берілген өтінім негізінде келісілген уақыт пен мекенжайға барады. Көшпелі қызмет көрсету құны – 7 447 теңге. Бұл сомаға ұйымдастыру және логистикалық шығындар кіреді.
Бұл қызмет әсіресе кішкентай балалары бар ата-аналар, кәсіпкерлер және жұмыс кестесі тығыз азаматтар арасында сұранысқа ие. Жеке менеджер мемлекеттік қызметті алудың барлық кезеңдерінде көрсетілетін қызметті алушымен бірге жүреді, күту уақытын едәуір қысқартуға және құжаттарды ресімдеу процесін барынша ыңғайлы етуге көмектеседі.
Айта кетейік, көшпелі формат ХҚКО-ның мемлекеттік қызметтері бойынша ұсынылады. Алайда паспортты, жеке куәлікті, жүргізуші куәлігін рәсімдеу және көлік құралдарын қайта тіркеу қызметтері бұл форматта көрсетілмейді.
Өтінім жіберілген соң көрсетілген телефон нөміріне растау коды бар SMS-хабарлама жолданады. Бір жұмыс күні ішінде оператор өтініш берушімен байланысып, қызмет көрсету уақыты мен өзге де мәліметтерді нақтылайды.
Сонымен қатар, 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы кеңес алып, өтінім қалдыруға болады. Кеңес берілгеннен кейін өтініш берушіге жеке менеджерді үйге шақыру үшін арнайы сілтеме SMS арқылы жіберіледі.
Айта кетейік, Мемлекеттік корпорация азаматтардың қажеттіліктерін ескеретін және Мемлекеттік қызметтерді алуды ыңғайлы әрі қолжетімді ететін сервистерді енгізуді жалғастыруда.
2026 жылғы 19 маусымда «СҚО Қызылжар ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша көпшілік талқылау өткізілді.
«Талқылау барысында қатысушылар атқарылған жұмысқа баға берді, сондай-ақ ұсынымдардың дер кезінде орындалуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.»
2026 жылғы 19 маусымда сағат 15:00-де Бәйтерек ауылы, Абылай хан көшесі, 2-үй мекенжайы бойынша «СҚО Қызылжар ауданы Кызылжар ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды көпшілік алдында талқылау жоспарлануда.
Барлық мүдделі тұлғалар талқылауға қатыса алады, қатысу мәселелері бойынша мына телефон нөміріне хабарласуға болады: 87153851193
«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2026 жылғы 12 маусымнан бастап сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды.
Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізуге қатыса алады.
Талдауға қатысу мәселелері бойынша 2026 жылғы 08 маусымға дейін (қоса алғанда) 8-71538-5-11-93 телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады.
01.06.2026 жылы сағат 15-00 де Бескөл ауылы,Гагарин көшесі,11 үй мекен жайы бойынша «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы,кәсіпкерлік және втеринария бөлімі» КММ қызметінде өткізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізуді жариялауды талқылау жоспарлануда.
Барлық мүдделі тұлғалар талқыға қатыса алады.талқылауға қатысу мәселелері бойынша келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласа алады: 8 715 38 5 -14- 16
2026 жылғы 25 мамыр күні сағат 17:00-де Қызылжар ауылдық округіне қарасты Трудовая Нива ауылында аудан прокуратурасы, аудандық ішкі саясат бөлімі және округтің учаскелік инспекторының қатысуымен халықпен кездесу өткізілді.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. «Трезвое село» бағдарламасы.
2. Ауылды тарату мәселесі.