Құрметті қызметті алушылар!
Сіз мемлекеттік қызметтерді онлайн, яғни ХҚКО-ға келместен, келесі тәсілдердің бірімен ала алатыныңызды хабарлаймыз:
E-Gov электрондық үкімет порталы немесе E-Gov mobile қосымшасы арқылы;
Композиттік;
Проактивті.
Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алудың артықшылығы:
Жеке уақыт пен ақша қаражатын үнемдеу;
Кезектердің болмауы;
Онлайн кеңес алу мүмкіндігі;
Берілген өтінімнің қаралу мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі;
Деректерді сақтау мен өңдеудің орталықтандырылған жүйесі болып табылады.
E-Gov электрондық үкімет порталында немесе E-Gov mobile қосымшасында келесі сұранысқа ие қызмет көрсетулерге өтініш беруге болады:
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі;
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анасына немесе әкесіне, бала асырап алушыға, қорғаншысына (қамқоршысына) жәрдемақы;
Бала тууға байланысты және баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша әлеуметік жәрдемақы;
Көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақы;
Бала кезінен 1-топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы;
Жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақы;
Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлем;
Жүктілігі және босануы бойынша табысынан айырылуына байланысты баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша әлеуметік жәрдемақы;
Жұмысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы;
Міндетті әлеуметтік сақтандырудың әлеуметтік аударымдары туралы ақпарат (сілтеме: https://egov.kz/cms/ru/services/job_search/pass171-6_mtszn );
Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-те көрсетілген сомалар туралы ақпарат (сілтеме: https://egov.kz/cms/ru/services/pension/pass160_mtszn ) ;
Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу (сілтеме: https://egov.kz/cms/ru/services/health_care/pass171-2_mz).