Композиттік қызметтер

Композиттік қызмет — бұл бір өтініштің негізінде электрондық нысанда көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтердің жиынтығы. Мысалы: мүгедектік белгіленген кезде медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесінің қызметкерлері мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем тағайындауға өтінішті бірден қабылдайды және осы ақпаратты Мемлекеттік корпорацияға электрондық түрде жібереді. Тиісінше, Мемлекеттік корпорация осы құжаттарды алғаннан кейін іс макетін қалыптастыру рәсімін бастайды және қалыптастырылған шешім жобасы мемлекеттік органға жіберіледі.

Әлеуметтік сала бойынша композиттік келесі қызметтер көрсетіледі

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға берілетін жәрдемақы;
Еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем;
Жұмысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы.

Дата публикации
07 октября 2023