GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Бөлім туралы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік жобалар
Все материалы
05 октября 2026
"Қарттарды қадірлеген ел ардақты" қарттар күніне арналған мерекелік бағдарлама
01 октября 2026
Дойбыдан облыстық жеке чемпионатқа қатысу

2026 жылғы 24-27 қыркүйек  аралығында Петропавл қаласындағы "Барс" БЖСМ шахмат - дойбы клубында ерлер, әйелдер, жасөспірімдер мен қыздар  арасында орыс  дойбысынан Солтүстік Қазақстан облысының жеке чемпионаты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Қызылжар ауданының өкілі Ахметова Зағифа Махмұтқызы жүлделі 3 орынға ие болды.

11 сентября 2026
Қазақстан халқының тілдері күніне арналған іс- шаралар онкүндігі

Қазақстан халқының тілдері күні аясында 6- 16 қыркүйек арасында ауданда тілдер онкүндігі өткізіледі

10 августа 2026
Кітап оқитын ұлт - қуатты ұлт

Абай күні - 10 тамызға орай, Қызылжар орталық балалар кітапханасы  ұлы қазақ ақыны, ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбайұлына арналған "Абай есімі мәңгілік" атты әдеби кадр өткізді.

22 июля 2026
"Ақ бидай" жазғы спорттық спартакиадасы

2026 жылғы шілде айының 9-12 күндері Шал ақын ауданының Сергеевка қаласында "Ақ бидай" жазғы спорт  спартакиадасы аясында спорттық жарыстар өтті. Спорттық сайыста Қызылжар ауданының командасы жүлделі екінші орынға ие болды

30 июня 2026
«Әкем – орыс, анам – неміс, өзім – қазақпын»: Қызылжарлық Максим өз ана тілінен қашатындарға неге шүйлікті? Петропавл қаласындағы дүкендердің біріне көк көзді, сары жігіт: «Маған нан мен сүт беріңізші», – дегенде, сатушы кібіртіктеп, орысша жауап қатуға тырысады. Бұл – теріскейдегі күнделікті қайталанатын қалыпты көрініс. Жергілікті қазақтар өз тілінде сөйлеуге ұялып тұрғанда, олардың намысын қайрап, қазақша судыратып тұрған бұл жігіт – ұлты орыс, бірақ жаны қазақ Максим Кузнецов. Желіде оны «Қызылжар батыры» немесе «Сары қазақ» деп таниды. Кустовое негізгі мектебінің информатика пәні мұғалімі қазіргі таңда Тиктокта 50 мыңнан астам оқырманы бар блогерге айналып, мемлекеттік тілдің нағыз жанашыры ретінде трендке шықты. Максимнің қазақы болмысының іргетасы оңтүстікте, Түркістан облысының Жетісай өңірінде қаланған. Ауыл балаларымен бірге өскен ол Солтүстікке көшіп келгенде тілдік ортаның үлкен контрастын байқайды. Бала күнінде «Орыс тілін білемін ғой, қазақ тілінің маған қажеті қанша?» деген ой болғанын жасырмайды. Алайда, ұлты неміс анасы оның бұл ойын бір-ақ ауыз сөзбен кесіпті: «Егер осы елде болашағыңды көрсең, қазақ тілін, дәстүрін үйренуің қажет. Ал меңгермесең, онда бұл елде өмір сүре алмайсың». Осы сөз Максимнің өмірлік темірқазығына айналды. Ол қазақ тілін білуді міндет немесе жұмыс үшін қажеттілік деп емес, Отанға деген махаббаттың көрінісі деп біледі. Кез келген тіл мәселесін көтеретін блогер сияқты Максимнің де жолы тегіс емес, соқтықпалы-соқпақты болып келеді. @qyzyljar_batyry парақшасында ол қоғамдағы «жалтақ психологиямен» күресіп жүргелі қашан. Оның видеоларының астында орыстілді аудитория тарапынан жазылатын сын пікірлер кездесіп жатады. Алайда, ең сорақысы – қолдаудың орнына «Қазақшаң дұрыс емес», «Акцентпен сөйлейсің» деп мін тағатын өзіміздің «дивандағы батырлар» да бар. Бірақ Максим бұл хейтке сынбайды. Ол ана тілінен қашатын қазақтардың басты проблемасы – психологиялық барьер екенін айтады: «Біз қате жасаудан қорықпауымыз керек. Біз немқұрайлылықтан қорқуымыз керек! Көп адамдар қазақша біледі, бірақ акценттен ұялады. Ал негізінде ештеңеден ұялудың қажеті жоқ», - дейді ол. Максим тілді грамматикалық қағидалармен емес, эмоциямен түсіндіреді. Оның TikTok желісінде танымал видеоларының біріндегі мына сөздері көпшіліктің жүрегіне жетті: «Қазақ тілі – жай ғана мемлекеттік тіл емес, ол – халықтың жаны. Бұл тілде «Қош келдің» деген сөзді естігенде бірден ішің жылиды. «Спасибоның» орнына «Рахмет» деп, күлімсіреп «Жақсы» деп жауап бергенде, адамдар арасында көпір орнайды. Ұлтың кім болса да, егер қазақша сөйлесең, сен осы мәдениеттің бір бөлшегісің». Ауылда қазақ сыныптары жоқ болса да, ол тоқтап қалмады. TikTok пен Instagram арқылы өзіне виртуалды тілдік орта жасап алды. Қазір WhatsApp пен Telegram-да арнайы топтар ашып, тіл үйренгісі келетін түрлі ұлт өкілдеріне тегін көмектесіп жүр. Информатика сабағын беретін, бос уақытында Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін жатқа оқитын жас мұғалім алдағы уақытта қалаға көшіп, оффлайн тіл курстарын ашуды мақсат етіп отыр. Максим Кузнецовтың оқиғасы – мемлекеттік тілге деген жанашырлықтың жарқын бейнесі. Бір ғана өзі әлеуметтік желі арқылы дүйім аудиторияны ұйытып, қоғамдық пікір қалыптастырып жүр. Әкесі орыс, анасы неміс бола тұра, қазақ тілінің байлығын бойына сіңіріп, оны шын жүректен қорғап жүрген жігіт кім-кімге де үлгі. Егер өзге ұлт өкілі санадағы шекараны бұзып, тілдің құдіретін осыншалықты сезіне алса, өз ана тілінен жерініп, шүлдірлеп жүрген қандастарымызға не кедергі? Фархат ТАСТАМБЕК
15 июня 2026
Петропавл қаласында жазғы Президенттік көпсайыстан облыстық чемпионат

2026 жылғы маусымның 4-7 аралығында Петропавл қаласында жазғы Президенттік көпсайыстан облыстық чемпионат болып өтті. Спорттың 5 түрі бойынша ұйымдастырылған жарыста Қызылжар ауданы жалпы командалық есепте 5 орынға ие болды. Жекелей салмақ көрсеткіштері бойынша аудан спортшылар 1 үшінші орын, 3 екінші орын, 2 бірінші орынға ие болды. Өз салмақ көрсеткіштері бойынша екі қатысушымыз абсолюттік чемпион атағын жеңіп алды.Изотов Евгений, Романова Екатерина, Августинская Евгения, Левченкова Алина, Субботин Кирилл, Левченков Вадим жүлделі орын иегерлері атанды.

22 мая 2026
"Ауылдың үздік мәдениет мекемесі - 2026" "Әнім саған, туған жер" атағына арналған аудандық байқаудың Гала - концерті

2026 жылғы 19 мамырда мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні аясында "Ауылдың үздік мәдениет мекемесі- 2026" "Әнім саған, туған жер" атағына арналған аудандық байқаудың Гала - концерті өтті.

12 мая 2026
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына арналған іс - шаралар

9 мамырда  ауданның ауылдық  округтерінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына арналған іс - шаралар   өтті

12 мая 2026
Отан Қорғаушылар күніне арналған салтанатты мерекелік іс - шара

7 мамырда Бескөл ауылының орталық алаңында Отан қорғаушылар күніне арналған "Ұранды елдің, ұрпағы қайсар"  салтанатты мерекелік іс - шарасы өтті

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы