Мемлекеттiк қызмет көрсетуге жауапты қызметкер — «Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ спорт бойынша бас маманы Хабдулин Азамат Сәбитұлы
+7 (71538)2-10-98.
«Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ–сі көрсететін мемлекеттік қызметтер:
Мемлекеттік қызметтер туралы мәліметтер, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағымдану тәртібі әкімдіктің және мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің интернет-ресурсында орналастырылған.
2022 жылы ЭҮП арқылы «спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын беру» барлығы 31 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
3 тоқсанда 1 Мемлекеттік қызмет мерзімін бұза отырып көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты маман А.С.Хабдулинге ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына Мониторинг жүргізілген жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде 4 дәлелді бас тарту берілді.
Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет көрсету заңнамасын бұзбай көрсетілді.
2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.
Сіз мемлекеттік қызметтерді онлайн, яғни ХҚКО-ға келместен, келесі тәсілдердің бірімен ала алатыныңызды хабарлаймыз:
Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алудың артықшылығы:
Композиттік қызмет — бұл бір өтініштің негізінде электрондық нысанда көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтердің жиынтығы. Мысалы: мүгедектік белгіленген кезде медициналық - әлеуметтік сараптама бөлімшесінің қызметкерлері мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем тағайындауға өтінішті бірден қабылдайды және осы ақпаратты Мемлекеттік корпорацияға электрондық түрде жібереді. Тиісінше, Мемлекеттік корпорация осы құжаттарды алғаннан кейін іс макетін қалыптастыру рәсімін бастайды және қалыптастырылған шешім жобасы мемлекеттік органға жіберіледі.
Проактивті қызмет — электрондық нысанда көрсетілетін, қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша ұсынылатын мемлекеттік қызмет, онда ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы ұсынылған қызметті алу субъектісінің міндетті келісімі қажет.
Бұл (проактивті) қызметтің артықшылығы — мобильді азаматтар базасында (бұдан әрі-АМТ) оның ХҚКО бөлімдеріне жеке жүгінбестен тіркелген адамға, мемлекеттік қызметті үйден шықпай-ақ кез келген ыңғайлы уақытта ресімдеу мүмкіндігі, онда алынған СМС-қа жауап ретінде талап етілетін ақпаратты жіберу жеткілікті.
Ол үшін азаматтарға мобильді азаматтар базасында тіркелу үшін тұрғылықты жері бойынша ХҚКО бөлімдеріне жүгіну қажет немесе жүйе хабарламаны қайда жіберу керектігін білуі үшін "Электрондық үкімет" порталында тіркелуге болады.
Мысалы: бұл баланың туу туралы куәлігін алу, оны балабақшаға кезекке қою және үйден шықпай СМС-хабарламаларға жауаптар арқылы жәрдемақы алу мүмкіндігі.
Қызмет мобильді азаматтар базасында тіркелген жаңа босанған аналарға көрсетіледі.
Қызметті 1414 қысқа нөмірінен келетін СМС-хабарламаларға жауаптардың көмегімен алуға болады.
Бірінші хабарлама бала туылған сәттен бастап бір күн ішінде келеді.
Жауап 3 күн ішінде күтіледі. Егер көрсетілген кезеңде жауап берілмесе, онда көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО-ға жүгінуі қажет.
Әрбір келіп түскен SMS-хабарламада жауап беру әдістерінің толық сипаттамасы бар, содан кейін сіз сұраққа дұрыс жауап бере аласыз. Хабарлама ағылшын тіліндегі R бас әріптен басталуы керек тырнақшаларсыз және осы әріптің алдындағы бос орындарсыз. Қате жауап болған жағдайда қате туралы SMS хабарлама келіп түседі және қайтадан жауап беру ұсынылады.
Қызмет мобильді азаматтар базасында тіркелмеген клиентке, сондай-ақ егер оның 2007 жылдан асқан балалары болса немесе 2008 жылға дейін неке қиылған болса, көрсетілмейді.
Мобильді азаматтар базасында "Электрондық үкімет" порталында, ХҚКО-да тіркелуге болады.
Қызмет мүлдем тегін. СМС-хабарламаларды жіберу үшін төлем алынбайды. Бірақ SMS-хабарламаларды жіберу мүмкіндігі үшін оң теңгерім болуы керек.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО
бойынша баспасөз қызметі