2026 жылғы 19 маусымда "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бугровое ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша жария талқылау өткізілді.
Талқылау барысында қатысушылар атқарылған жұмыстарға баға берді, сондай-ақ ұсынымдарды уақтылы орындау жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.
2026 жылғы 19 маусым күні сағат 15:00-де Бугровое ауылы, Зеленая көшесі, 5 мекенжайында «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бугровое ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтеді.
Барлық мүдделі азаматтарды аталған талқылауға қатысуға шақырамыз.
Қатысу мәселелері бойынша 8 (71538) 5-23-03 телефоны арқылы хабарласуға болады.
«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бугров ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2026 жылғы 12 маусымнан бастап сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды.
Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.
Талдауға қатысу мәселелері бойынша 2026 жылғы 08 маусымға дейін (қоса алғанда) келесі телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады: 8 (71538) 5-23-03.
Осы мәселе бойынша ұсыныстарыңыз болған жағдайда, ақпаратты келесі электрондық пошта мекенжайына жолдауға болады: bugrovskoy@mail.ru.
Өңірдің аудандық және ауылдық әкімдіктерінде өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштарының базасында орналасқан «Құқық кабинеттері» жұмыс істейді. «Құқық кабинеттері» негізгі мемлекеттік және құқықтық ақпараттық жүйелерге қолжетімділігі бар арнайы компьютерлермен жабдықталған.
Олардың көмегімен тұрғындар өз бетінше құқықтық ақпарат алып, мемлекеттік қызметтерге жүгініп, өз елді мекенінен шықпай-ақ электрондық өтініштер жолдай алады. «Құқық кабинеті» арқылы мынадай жүйелер мен сервистер қолжетімді: «Әділет» ҚБЖ; нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкі; «Заң» деректер базасы; «Ашық НҚА» порталы; eGov электрондық үкімет порталы; «Zankomegi» сервисі; «Тараптар кабинеті» (АЖ ОИП); e-Otinish жүйесі және басқалары. Бұл азаматтарға заңдар мен түсіндірмелерді жылдам табуға, өтініштер мен сұраныстарды электрондық форматта жолдауға, олардың мәртебесін бақылауға, сондай-ақ консультациялық және ақпараттық қолдау алуға мүмкіндік береді.
Құқық кабинеттерінде ақпараттық стендтер орналастырылған, онда «Құқық кабинеттерінің» жұмысы туралы мәліметтер, заң қызметтерінің байланыс деректері және пайдалы анықтамалық материалдар көрсетілген. «Құқық кабинеттерінің» тиімді жұмыс істеуі үшін ауылдық округ мамандары нұсқамадан өтіп, жүйенің жұмыс істеу қағидаттарымен таныстырылды.
Қазіргі уақытта азаматтардың келу және жүгіну белсенділігіне мониторинг жүргізілуде, бұл көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. «Құқық кабинеттерін» құрудың негізгі мақсаты — ауыл тұрғындарының құқықтық ақпаратқа тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және жедел заң көмегін алуға қолайлы жағдай жасау.
Ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда. «Құқық кабинеті» — құқықтық көмектің қолжетімді, түсінікті әрі әрбір тұрғынға жақын болуына бағытталған тағы бір қадам.
Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті
Информация по вопросам, заданным в ходе встреч акима Бугровского сельского округа
Кызылжарского района в январе 2025 года
|
№ п/п |
Сельский округ, населенный пункт |
Дата проведения |
Ф.И.О. акима |
Ф.И.О. обратившегося |
Содержание вопроса |
Ответ, решение |
|
Бугровской сельский округ |
||||||
|
1. |
Бугровской с/о, сс.Бугровое, Сосновка, Новогеоргиевка |
27.01.2025 |
Хуатов Нурсултан Тунгушбекович |
Аблеева Галина Александровна |
Нет освещения по ул.Озерная |
Вопрос взят на контроль, срок до 1 марта 2025 года. По ул.Озерная в с.Бугровое будет произведена установка светодиодных фонарей. |
2024 жылғы 9 ақпанда Қызылжар ауданы бойынша МКБ жалпы декларациялаудың үшінші кезеңіне қатысушыларға активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны толтыру мен ұсынуда түсіндіру және көмек көрсету үшін Бугровка ауылдық округінде көшпелі семинар өткізді 250.00-нысан
2024 жылғы 08 ақпанда АТТ-ның мүшесі
округ тұрғындарын елдегі діни ахуалмен таныстыру, сондай-ақ конфессияаралық келісім мәселелерін талқылау мақсатында халықпен кездесу өткізді.
2024 жылға арналған Бугровое ауылдық округінің АТТ жұмыс жоспарына сәйкес өткізілген іс-шараның тақырыбы: "ҚР-дағы діни ахуал туралы".
19.01.2024 ж. сағат 10-00-де СҚО Қызылжар ауданы, Бугровое ауылы, Зеленая к-сі, 5 (акт залында) мекенжайы бойынша әкімшілік аумақтық орналастыру мәселесі бойынша Бугровое ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиыны өтеді.