Елді мекен тұрғындарымен тұрақты кездесулер кестесіне сәйкес Қызылжар ауданының әкімі Исманов Б.К. Бугровое ауылдық округінің тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. Кездесу барысында 2025 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп беріліп, 2026 жылға арналған жоспарлар таныстырылды.
Бугровое ауылдық округінің әкімі Байгужина Г.С. округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы және бюджетінің орындалуы туралы тұрғындарға ақпарат берді.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Кездесу соңында азаматтарды жеке қабылдау өткізілді.