Үшінші тұлғаға порталда авторлану және "Қызметке онлайн тапсырыс беру"батырмасы бойынша өту қажет.
Электрондық анықтамаға тапсырыс беру қажет жеке тұлғаның (пайдаланушының) ЖСН енгізу және "пайдаланушыны тіркеудің бар-жоғын тексеру"батырмасын басу.
Алуға және оған ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) не смс-пароль арқылы қол қоюға қажетті анықтаманы таңдау (мобильді азаматтар базасында міндетті түрде тіркелу керек).
Егер пайдаланушы порталда және МАБ-та тіркелген болса, пайдаланушыға сұрау салуды келісу (бас тарту) үшін жеке кабинетке хабарлама, сондай-ақ үшінші тұлғаның оған электрондық анықтаманы алғанын растау сұрау салуымен мемлекеттік және орыс тілдерінде 2 sms-хабарлама жіберілетін болады. Мобильдік азаматтар базасында тіркелу үшін пайдаланушы электрондық үкімет порталындағы "жеке кабинетте", "телефон" бағанында телефон нөмірін көрсетуі, осылайша өзін портал дерекқорында тіркеуі немесе ХҚКО жүгініп, телефон нөмірін ЖСН-ге байланыстыруы қажет.
Ескертпе: пайдаланушы сұрау салуды алған сәттен бастап 2 сағат ішінде анықтама алуға сұрау салуды келісуі/қабылдамауы қажет. 2 сағаттан кейін пайдаланушының жауабы жарамсыз деп саналады.
Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы "бөлімінде) қызмет көрсету нәтижесімен танысу.
Егер пайдаланушы электрондық анықтаманы үшінші тұлғаның алғанын растаған жағдайда, Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) үшінші тұлғаға ол сұратқан пайдаланушы анықтамасы қолжетімді болады, егер пайдаланушы сұрауды қабылдамаса, Жеке кабинетте ("кіріс" бөлімінде) үшінші тұлғаға тиісті Ақпараттық хабарлама арқылы хабарланады.
үшінші тұлғаның рөлінде жеке тұлға да, заңды тұлға да бола алады.
Пайдаланушы рөлінде тек жеке тұлға ғана әрекет ете алады.
Сіздің атыңызға портал арқылы үшінші тұлғалар қандай анықтамалар сұрата алады eGov.kz:
тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы, жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтама, соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама.
Қызмет көрсету нәтижесі сұрау салуға сәйкес қызмет көрсету нәтижесі — Мекенжай анықтамасы, жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы, соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама болып табылады.