
Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысы ауылдық елді мекендерінің тұрғындары үшін құқықтық ақпарат алу және мемлекеттік электрондық қызметтерді пайдалану едәуір жеңілдеді.
Өңірдің аудандық және ауылдық әкімдіктерінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары базасында орналасқан «Құқық кабинеттері» жұмыс істейді. «Құқық кабинеттері» негізгі мемлекеттік және құқықтық ақпараттық жүйелерге қолжетімділігі бар арнайы компьютерлермен жабдықталған.
Олардың көмегімен тұрғындар өз бетінше құқықтық ақпарат алып, мемлекеттік қызметтерге жүгініп, сондай-ақ өз елді мекенінен шықпай-ақ электрондық өтініштер жолдай алады.
«Құқық кабинеті» арқылы мынадай жүйелер мен сервистер қолжетімді: ИПС «Әділет»; нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкі; «Заң» деректер базасы; «Ашық НҚА» порталы; электрондық үкімет порталы eGov; «Zankomegi» сервисі; «Тараптар кабинеті» (АИС ОИП); e-Otinish жүйесі және басқа да қызметтер. Бұл азаматтарға заңдар мен түсіндірмелерді жедел табуға, өтініштер мен сұрауларды электрондық форматта жолдауға, олардың орындалу барысын қадағалауға, сондай-ақ кеңестік және ақпараттық қолдау алуға мүмкіндік береді.
Құқық кабинеттерінде ақпараттық стендтер орналастырылған, онда «Құқық кабинеттерінің» жұмысы туралы мәліметтер, заң қызметтерінің байланыс деректері және пайдалы анықтамалық материалдар көрсетілген. «Құқық кабинеттерінің» тиімді жұмыс істеуі үшін ауылдық округтердің мамандары нұсқамадан өтіп, жүйенің жұмыс істеу қағидаттары түсіндірілді. Қазіргі уақытта азаматтардың келуі мен жүгінуі тұрақты түрде мониторингтен өткізіліп, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік беруде.
«Құқық кабинеттерін» құрудың негізгі мақсаты — ауыл тұрғындарының құқықтық ақпаратқа тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және жедел құқықтық көмек алуға қолайлы жағдай жасау.
Ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру жұмыстары тұрақты негізде жалғасуда. «Құқық кабинеті» — құқықтық көмектің қолжетімді, түсінікті әрі әрбір тұрғынға жақын болуы жолындағы тағы бір қадам.
Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті