«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне еңбек мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 4 мамырдағы № 321-VI ҚР Заңына, ҚР Еңбек Кодексiне жұмыс берушiге ЕШЕАБЖ (еңбек шарттарын бiрыңғай есептеу жүйесiне) электрондық түрде еңбек шарттарын жасау немесе қағаз түрiнде жасалған еңбек шарттарды тiркеу мiндетттелетiн өзерiстер енгiзiлдi. Өзгертулер 2020 жылғы 16 мамырда заңды күшiне ендi, осы кезеңнен бастап жұмыс берушiге ЕШЕАБЖ электрондық түрде еңбек шарттарын жасау немесе қағаз түрiнде жасалған еңбек шарттарды тiркеу мiндетi туды.
ҚР Еңбек кодексiне енгiзiлген нормаларға сәйкес, 33-бабында еңбек шарттары жұмыс берушi мен қызметкердiң арасында ЭЦҚ расталып электрондық құжат нысаныда немесе қағаз түрiнде жасалатындығы анықталды. Бұл ретте, 23-бабында жұмыс берушiнiң еңбек шартын жасасу және тоқтату, (оған енгiзiлетiн өзгерiстер және толықтырулар) туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бiрыңғай жүйесiне енгiзу мiндетi анықталды. Еңбек шарттарымен жұмыс Электронды еңбек биржасына www.enbek.kz сайтына тiркеу арқылы жүргiзiледi.
Осылай, қазiр қызметкермен еңбек шартын жасасу:
«Еңбек шарттарын есепке алудың бiрыңғай жүйесiнде еңбек шарты туралы мәлiметтердi ұсыну және алу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2020 жылғы 3 қыркүйектегi № 353 бұйрығы бекiтiлдi, ол 2020 жылғы 18 қыркүйектен бастап қолданыста. Осы қағидада ЕШЕАБЖ еңбек шарттарын тiркеу тәртiбi мен мерзiмiне қатысты мәселелерге жауап бередi.