«Бескөл ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ 2025 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет есебі

1.Жалпы ережелер

 

1) Қызмет провайдері туралы ақпарат. «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ заңды мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылы, Гагарин көшесі, 11 үй, индекс 150700. Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: көрсетілетін мемлекеттік қызметтер- «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту»,- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім шығару»,- «Елді мекеннің шекарасында объект салу үшін жер учаскесін беру»,- «Мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу»,- «Жер учаскесін жеке меншікке бір уақытта немесе бөліп-бөліп сату»,- «Жер учаскесін алу үшін кезекке тұру».      Мемлекеттік қызметтер саны: көрсетілген мемлекеттік қызметтердің барлығы – 267;- 21 жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім шығару;- елді мекеннің шекарасында объект салу үшін жер учаскесін беру-1;- мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтарды алу – 114, - «Жер учаскесін жеке меншікке бір рет немесе бөліп төлеу» -0,- «Жер учаскесін алуға кезекке қою» -0,- «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» -3.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 0.Ақысыз және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны: көрсетілген ақылы қызметтер – 0, тегін қызметтер – 267.Қағаз-3 және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 267.3) Ең танымал мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат. 2025 жылға ең сұранысқа ие көрсетілетін қызмет мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтарды алу болды – 114 қызмет. 

  1. Қызмет алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:

мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат Бескөл ауылдық округі әкімі аппаратының интернет - ресурсында орналастырылған және «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылдық округі әкімі аппараты» КММ ғимаратында стендтерде (қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері бар), аудандық БАҚ -да тоқсан сайын.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау туралы ақпарат - жүргізілген жоқ.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар): көрсетілетін қызметті алушылармен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жеке түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, тоқсан сайын округ тұрғындарымен жиын өткізу барысында мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі түсіндіріледі.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері: "Бескөл ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ мемлекеттік қызметті автоматтандыруға арналған базасы жоқ.

2)  Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар: бекітілген кестеге сәйкес Бескөл ауылдық округі әкімі аппаратының мамандарымен құқықтық жалпы оқытуды өткізу.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру: Қызылжар ауданы әкімдігі жанындағы заң мәселелері жөніндегі бөліммен құқықтық жалпы оқытуды өткізу, Бескөл ауылдық округі әкімінің өкімімен мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты лауазымды тұлға бекітілді.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша): 2025 жылы барлық мемлекеттік қызметтер мерзімінде көрсетілді, шағымдар түскен жоқ.

2)  Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері:

ай сайын жергілікті атқарушы органның мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасына ішкі бақылау бойынша жұмысы туралы есеп ұсынылады

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау  уәкілетті органмен  мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау көрсетілген нәтижелері – тексеру жүргізілген жоқ.

4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері - жүргізілмейді.

5). Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділік перспективалары:  бұқаралық ақпарат құралдарында, ауылдық округ әкімі аппаратының интернет ресурсында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықты одан әрі ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету процестерін автоматтандыру.

 

5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділік перспективалары. Бұқаралық ақпарат құралдарында, ауылдық округ әкімі аппаратының интернет-ресурсында халықты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша одан әрі ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету процестерін автоматтандыру.

Қызмет есебінің үлгі нысанына

орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті  облыстардың

атқарушы органдардың, Республикалық маңызы бар қалалар,

астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалар,

қаладағы аудандар әкімдері,аудандық маңызы бар қалалардың,

кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтарының

мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша

қосымша

 

 

Нысаны          

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша

көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

 

Шағым

беруші туралы

мәлімет

Шағым

мәні

Шағым  қараған

және (немесе) шешім

қабылдаған

орган

(ұйым)

Қарастырылған күні

Шағымды қарау қорытындылары бойынша құжаттың №

Қабылданған

шешім

Қабылданған

шешімді қайта қарау

туралы мәліметтер

 1

2

3

4

5

6

7

-

-

-

-

-

-

-

 

 

 


Бескөл ауылдық округінің әкімі                                                  Г. Кәрімова

Дата публикации
20 мая 2026