GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Қызметі
Все материалы
22 июня 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау

2026 жылғы 19 маусымда «СҚО Қызылжар ауданы Березов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша жария талқылау өткізілді.

Талқылау барысында қатысушылар атқарылған жұмысқа баға беріп, ұсыныстарды уақытылы орындау бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

12 июня 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы анонс

19.06.2026 жылы сағат 15: 00-де Большая Малышка ауылы, Центральная көшесі, 38 мекенжайы бойынша «СҚО Қызылжар ауданы Березов ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жария талқылау жоспарлануда. Барлық мүдделі тұлғалар талқылауға қатыса алады, талқылауға қатысу мәселелері бойынша мына телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады: 87153835185.

28 июня 2024
«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:

«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ, 150700, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл а., Гагарин көшесі, 11, анықтама телефоны  8(71538)21346,  факс 8(71538)21201, электрондық пошта kyzylzhar-akimat@sko.gov.kz (20 МБ) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:

             «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Березов ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ тіркеу және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі кеңсесі. Әкімшілік мемлекеттік қызметкер санаты «Е-G-3», 1 бірлік. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 226837 теңгеден 260564 теңгеге дейiн.

Негізгі функционалдық міндеттері:

                Әскерге шақыру және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру. Ардагерлермен және басқа да қоғамдық ұйымдармен жұмыс. Жастар саясаты саласында талдау жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыру. Ауылдық округте абаттандыру жұмыстарын ұйымдастыру, мал қорымдарының, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының жағдайын бақылау. Кәсіпкерлік саласындағы ұйымдастыру мәселелері, азық-түлік бағасының апта сайынғы мониторингі. Ауылдық округте өткізілген іс[1]шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жұмыстарын жүргізу. Ауылдық округ әкімінің басқа да тапсырмаларын орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім, техникалық білім: бизнес, басқару және құқық (құқықтану, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика); жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (математика и статистика); бизнес, басқару және құқық (бухгалтерлік іс және салық салу, банк және сақтандыру ісі, құқық); жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (техник-статистик); ауыл шаруашылығы және биоресурстар (агрономия).

            Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар болған жағдайда жұмыс өтілі қажет емес.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Бұл ретте мемлекеттік қызметшілер "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды тапсыра алады.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не, құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидаларының 26- тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Жалпы конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ www.sko.gov.kz,  Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің КММ және «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Березов ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ интернет-ресурстарында құжаттар хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: 150700, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылы Гагарин көшесі, 11, «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ немесе kyzylzhar-akimat@sko.gov.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамалар үшін телефон 8(71538)21346, факс 8(71538)21201.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссияның, персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасауға құқылы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының

2023 жылғы «__» ақпандағы

№__ бұйрығына 2-қосымша

 

Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының

2-қосымшасы

Нысан

 

__________________________
(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені _________________________________________________________
____________________________________________________________________


бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.

Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

Қоса берілген құжаттар:

_______________________________________________________________

_______________________________________________________________

Мекенжайы: ______________________

Байланыс телефондары: ________________

e-mail: ______________________

ЖСН: ______________________

 

_________ ___________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

20 __ ж. «___»_______________

 

 

 

 

 

Приложение 3

к Правилам проведения конкурса

на занятие административной

государственной должности корпуса «Б» Форма

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

 

 

 

_______________________________________

(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)/

фамилия, имя, отчество (при наличии))

___________________________________

лауазымы/должность, санаты/категория

(болған жағдайда/при наличии)

___________________________________

(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный

идентификационный номер)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туылған күні және жері/
Дата и место рождения

 

2.

Ұлты қалауы бойынша)/Национальность (по желанию)

 

3.

Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы/ Семейное положение, наличие детей

 

4.

Оқу орнын бiтiрген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

5.

Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi ғылыми атағы (болған жағдайда)/
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

6.

Шет тiлдерiн бiлуi/
Владение иностранными языками

 

7.

Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары(болған жағдайда)/ Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

8.

Дипломатиялық дәріжесі, әскері, арнайы атақтары сыныптық шенi (болған жағдайда)/дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

9.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі туралы мәлiмет (болған жағдайда)/
вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

10.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ / ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қабылданған/ приема

Күні/Дата

босатылған/ увольнения

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

 

 

 

 

 

 

 

_______________

Кандидаттың қолы/Подпись кандидата

 

________________

күні/дата

 

 

 

 

29 марта 2024
Алексей Луценко - Солтүстік Қазақстан облысы Большая Малышка ауылының тумасы

Алексей Луценко - Солтүстік Қазақстан облысы Большая Малышка ауылының тумасы. 2013 жылдан бері «Astana Pro Team» әлемдік тур командасында өнер көрсетіп келе жатқан қазақстандық тас жол велосипедші. 2012 жылғы жастар арасындағы топтық жарыста әлем чемпионы. Азия ойындарының үш дүркін чемпионы (2014 және 2018 жылдар). Өз жерлестерімді Наурыз мейрамымен құттықтады!

29 марта 2024
22 марта в честь празднования праздника Наурыз в Большемалышенской средней школе прошли соревнования по волейболу

22 наурызда Наурыз мерекесін мерекелеу құрметіне Большемалышенка орта мектебінде жоғары сынып оқушылары мен ауыл тұрғындары арасында волейболдан жарыс өтті. Жеңімпаз команда сыйлықтармен марапатталды.

29 марта 2024
Большая малышка ауылында Наурыз мейрамы үлкен көлемде жәнеде көктемгі көңіл - күймен қарсы алынды

Большая малышка ауылында Наурыз мейрамы үлкен көлемде жәнеде көктемгі көңіл - күймен қарсы алынды. Әдемі жылы, шуақты ауа-райы халықты мерекеге ықпал етті. Үстелдер тәттілерге, хош иісті палауға, бауырсақ қосылған ыстық шайға толы болды. Балалармен бірге аниматорлар ойнады, алтын бақан әткеншегімен сырғанады. Жақсы көңіл-күй қалыптастырған мерекелік концерт, жиналғандар бір-бірін құттықтап , көктемнің келгеніне қуанып, онымен бірге жақсы болашаққа, жақсы егін мен әл-ауқатқа деген үміт пайда болды.

13 февраля 2024
2024 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚАҢТАРЫНАН ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУДЫҢ ҮШІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

2024 жылғы 12 ақпанда Березов ауылдық округінде Қызылжар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының маманы жалпыға бірдей декларациялау мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды. Үшінші кезеңде жалпыға бірдей декларациялауға жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары кіреді.

12 февраля 2024
БЕРЕЗОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ТҰРАҚТЫ КЕЗДЕСУІ

2024 жылғы 08 ақпанда Ташкентка және Большая Малышка ауылдарында Березов ауылдық округі әкімінің тұрақты кездесуі өтті.

Күн тәртібінде:

Рудер Владимир Павлович Березов ауылдық округі әкімінің 2023 жылға жасалған жұмыс және 2024 жылға арналған перспективалық жоспарлар мен міндеттер туралы есебі.

Ауыл тұрғындарымен қойылған сұрақтарға аудан әкімі түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

06 февраля 2024
БЕРЕЗОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ТҰРАҚТЫ КЕЗДЕСУІ

2024 жылғы 05 ақпанда Барневка және Гончаровка ауылдарында Березов ауылдық округі әкімінің тұрақты кездесуі өтті.

Күн тәртібінде:

Рудер Владимир Павлович Березов ауылдық округі әкімінің 2023 жылға жасалған жұмыс және 2024 жылға арналған перспективалық жоспарлар мен міндеттер туралы есебі.

Ауыл тұрғындарымен қойылған сұрақтарға аудан әкімі түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

24 января 2024
2023 жылы 1414-ке 30 миллионнан астам қоңырау түсті

2022 жылмен салыстырғанда қоңыраулар саны шамамен 24% - ға өсіп, 7 миллионнан астам қоңырауды құрады. Өткен жылы азаматтарды төлқұжат пен жеке куәлік алу, жүргізуші куәлігіне өтініш беру, баланың тууы мен күтімі бойынша жәрдемақы тағайындауға қатысты сұрақтар жиі қойылған.

Айта кетер болсақ, 1414 мемлекеттік қызметтер, eOtinish жүйесі, ХҚКО-лардың қызметі және құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді. Бұдан өзге, операторлар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық көмек алу бойынша әлеуметтік-еңбек саласының сұрақтарына да жауап бере алады.

Сонымен қатар, өткен жылы бірыңғай байланыс орталығының желісіне 24/7 режимінде сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер және ақпараттық қолдау көрсететін робот енгізілді. Ол ХҚКО-ға кезек брондау, құжаттардың дайындығын тексеру, психо- және наркологиялық диспансердің анықтамаларын беру сияқты сұранысқа ие сервистерді көрсете алады. Осы ретте айтар болсақ, 2023 жылы роботтың көмегіне 5 миллионнан астам рет жүгінген.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың сәуір айында 1414 бірыңғай байланыс орталығы Мемлекеттік корпорацияға берілген болатын. Қазақстанның 7 қаласында орталық кеңселері орналасып, 500-ден астам оператор жұмыс істеуде. Сондай-ақ, биыл 1414 орталығы "Хрусталь гарнитура" халықаралық байқауына қатысып, 444 компания ішінен финалистердің үштігіне кірді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы