Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпарат

Мемлекеттiк қызметтер көрсетiледi

  • «Березов ауылдық округi әкiмi аппаратына» өтiнiш бiлдiрген кезде — демалыс және мереке күндерiн қоспағанда жұмыс күндерi.

сағат 9.00-ден 18-30-ге дейiн түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейiн

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады;

  • Халыққа қызмет көрсету орталығына өтiнiш бiлдiрген кезде демалыс және мереке күндерiн қоспағанда жұмыс күндерi:

сағат 9.00-ден 19-00-ге дейiн түскi үзiлiссiз

Қабылдау алдын ала жазылусыз және тездетiлген қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету туралы жауапты тұлға қатынас телефоны:

Какиев Данияр Амандыкович — телефон 3-57-84, 87471820306.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде салық төлеушілерге қызмет көрсету сапасы және қанағаттануы бойынша сауалнама

2022 жылғы «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Березов ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі есебі

ХҚКО қызметкерін үйге қалай шақыруға болады?

Егер адам денсаулығына байланысты қандай да бір мемлекеттік қызметті алу үшін ХҚКО-ға бара алмаса, ол немесе оның өкілдері ХҚКО қызметкерлерін үйге шақыра алады.

Бұл сервисті дене функциясының тұрақты бұзылуы бар, тыныс-тіршілігін шектейтін денсаулығы бұзылған адамдар, оның ішінде 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар балалар, ҰОС ардагерлері пайдалана алады.

ХҚКО қызметкерін үйге шақыру үшін клиент немесе оның қамқоршысы байланыс орталығына 1414 нөмірі бойынша қоңырау шалып, осы қызметті алуға өтінім қалдыруы қажет. Осыдан кейін ХҚКО қызметкерлері өтініш берушімен байланысып, барлық қажетті құжаттардың бар-жоғын нақтылайды. Осыдан кейін олар үйге барып мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақытын белгілейді. Сұрау салуды қабылдағаннан кейін ХҚКО операторлары клиентпен жеті жұмыс күні ішінде байланысуға тиіс.

Ең жиі сұралатын мемлекеттік қызметтердің қатарына Паспорт пен жеке куәлік беру, Мүгедектерді сурдотифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, протездік-ортопедиялық көмек көрсету үшін құжаттар дайындау жатады. 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша баспасөз қызметі 

Азаматтарға арналған үкімет пен Halyk Bank мүлікті кепілден шығару бойынша электронды қызметті іске қосты

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Halyk Bank –пен бірлесіп, blockchain технологиясы арқылы жылжымайтын мүлікті кепілден шығару процесін жеңілдетті. Енді банк клиенттері мүлікті ХҚО-ға бармай-ақ кепілден алып тастай алады.

Halyk Bank клиенттері мүліктен кепілді алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінбеуіне болады. Бұл blockchain технологиясын енгізу арқылы жүзеге асырылады.

«Азаматтар мүлікті кепілден шығару бойынша өтінімді «Halyk Homebank» мобильді қосымшасында рәсімдеп, төлем жасай алады. Жаңа сервис қызмет көрсету мерзімін үш күннен 5 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Яғни құжаттарды жинаумен әуреленіп, ХҚО-ға жүгінудің қажеттілігі жоқ», - деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Басқарма төрағасының орынбасары Асхат Ибраев.

Айта кетейік, Blockchain технологиясының арқасында азаматтардың ХҚО қызметкерлерімен бетпе-бет байланысы да шектелді, бұл деректерді үшінші тұлғаға өткізудің жолын жояды.

Жылжымайтын мүлікті кепілден шығару қызметі қазақстандықтар арасында ең жиі сұралатын қызметтердің бірі екенін жеткіземіз. 2022 жылдың 9 айында Қазақстанда 108 341 мүлік кепілден алынып тасталды.

Биыл маусым айында Мемлекеттік корпорация «Отбасы банкімен» бірігіп, осыған ұқсас онлайн сервисті енгізген болатын. Бүгінде жүйенің көмегімен 600-ге жуық жылжымайтын мүлік кепілден шығарылды.

Еске салайық, Мемлекеттік корпорацияның екінші деңгейлі банктермен ынтымақтастығы аясында азаматтар тұрғылықты жері бойынша тіркелу, автокөлікті қайта ресімдеу, ЖК куәлігін алу, жүргізуші куәлігін ауыстыру, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, туу туралы куәлік және басқа да қажетті құжаттарды үйден шықпай-ақ ала алады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша баспасөз қызметі

Халыққа қызмет көрсету орталығына келмей-ақ алуға болатын мемлекеттік қызметтер 
Құрметті қызметті алушылар!

Сіз мемлекеттік қызметтерді онлайн, яғни ХҚКО-ға келместен, келесі тәсілдердің бірімен ала алатыныңызды хабарлаймыз:

  1. E-Gov электрондық үкімет порталы немесе E-Gov mobile қосымшасы арқылы;
  2. Композиттік;
  3. Проактивті.

Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алудың артықшылығы:

  • Жеке уақыт пен ақша қаражатын үнемдеу;
  • Кезектердің болмауы;
  • Онлайн кеңес алу мүмкіндігі;
  • Берілген өтінімнің қаралу мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі;
  • Деректерді сақтау мен өңдеудің орталықтандырылған жүйесі болып табылады. 

E-Gov электрондық үкімет порталында немесе E-Gov mobile қосымшасында келесі сұранысқа ие қызмет көрсетулерге өтініш беруге болады:

  1. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі;
  2. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
  3. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
  4. Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анасына немесе әкесіне, бала асырап алушыға, қорғаншысына (қамқоршысына) жәрдемақы;
  5. Бала тууға байланысты және баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша әлеуметік жәрдемақы;
  6. Көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақы;
  7. Бала кезінен 1-топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы;
  8. Жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақы;
  9. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлем;
  10. Жүктілігі және босануы бойынша табысынан айырылуына байланысты баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша әлеуметік жәрдемақы;
  11. Жұмысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы;
  12. Міндетті әлеуметтік сақтандырудың әлеуметтік аударымдары туралы ақпарат (сілтеме: https://egov.kz/cms/ru/services/job_search/pass171-6_mtszn );
  13. Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-те көрсетілген сомалар туралы ақпарат (сілтеме: https://egov.kz/cms/ru/services/pension/pass160_mtszn ) ;
  14. Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу (сілтеме: https://egov.kz/cms/ru/services/health_care/pass171-2_mz). 

Композиттік қызметтер

Композиттік қызмет — бұл бір өтініштің негізінде электрондық нысанда көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтердің жиынтығы. Мысалы: мүгедектік белгіленген кезде медициналық - әлеуметтік сараптама бөлімшесінің қызметкерлері мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем тағайындауға өтінішті бірден қабылдайды және осы ақпаратты Мемлекеттік корпорацияға электрондық түрде жібереді. Тиісінше, Мемлекеттік корпорация осы құжаттарды алғаннан кейін іс макетін қалыптастыру рәсімін бастайды және қалыптастырылған шешім жобасы мемлекеттік органға жіберіледі. 

Әлеуметтік сала бойынша композиттік келесі қызметтер көрсетіледі

  1. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
  2. Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға берілетін жәрдемақы;
  3. Еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем;
  4. Жұмысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы. 

Проактивті қызметтер

Проактивті қызмет — электрондық нысанда көрсетілетін, қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша ұсынылатын мемлекеттік қызмет, онда ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы ұсынылған қызметті алу субъектісінің міндетті келісімі қажет.

Бұл (проактивті) қызметтің артықшылығы — мобильді азаматтар базасында (бұдан әрі-АМТ) оның ХҚКО бөлімдеріне жеке жүгінбестен тіркелген адамға, мемлекеттік қызметті үйден шықпай-ақ кез келген ыңғайлы уақытта ресімдеу мүмкіндігі, онда алынған СМС-қа жауап ретінде талап етілетін ақпаратты жіберу жеткілікті.

Ол үшін азаматтарға мобильді азаматтар базасында тіркелу үшін тұрғылықты жері бойынша ХҚКО бөлімдеріне жүгіну қажет немесе жүйе хабарламаны қайда жіберу керектігін білуі үшін "Электрондық үкімет" порталында тіркелуге болады.

Мысалы: бұл баланың туу туралы куәлігін алу, оны балабақшаға кезекке қою және үйден шықпай СМС-хабарламаларға жауаптар арқылы жәрдемақы алу мүмкіндігі.

Қызмет мобильді азаматтар базасында тіркелген жаңа босанған аналарға көрсетіледі.

Қызметті 1414 қысқа нөмірінен келетін СМС-хабарламаларға жауаптардың көмегімен алуға болады.

Бірінші хабарлама бала туылған сәттен бастап бір күн ішінде келеді.

Жауап 3 күн ішінде күтіледі. Егер көрсетілген кезеңде жауап берілмесе, онда көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО-ға жүгінуі қажет.

Әрбір келіп түскен SMS-хабарламада жауап беру әдістерінің толық сипаттамасы бар, содан кейін сіз сұраққа дұрыс жауап бере аласыз. Хабарлама ағылшын тіліндегі R бас әріптен басталуы керек тырнақшаларсыз және осы әріптің алдындағы бос орындарсыз. Қате жауап болған жағдайда қате туралы SMS хабарлама келіп түседі және қайтадан жауап беру ұсынылады.

Қызмет мобильді азаматтар базасында тіркелмеген клиентке, сондай-ақ егер оның 2007 жылдан асқан балалары болса немесе 2008 жылға дейін неке қиылған болса, көрсетілмейді.

Мобильді азаматтар базасында "Электрондық үкімет" порталында, ХҚКО-да тіркелуге болады.

Қызмет мүлдем тегін. СМС-хабарламаларды жіберу үшін төлем алынбайды. Бірақ SMS-хабарламаларды жіберу мүмкіндігі үшін оң теңгерім болуы керек. 

Қызметті алушылар келесі әлеуметтік қызметтерді проактивті түрде ала алады:

  1. Мүгедектігі бойынша МӘЖ
  2. Асыраушысынан айрылу бойынша МӘЖ
  3. Бала туу және баланың күтімі бойынша жәрдемақы
  4. Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға берілетін жәрдемақы
  5. Көп балалы аналарға жәрдемақы
  6. Көп балалы отбасыларға жәрдемақы
  7. Еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем
  8. Жұмысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы
  9. Табысынан айырылуына байланысты баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша әлеуметік жәрдемақы
  10. Асыраушысынан айрылу жағдай бойынша әлеуметтік төлем
  11. Инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының (Мемлекеттік кепілдік) сомасы арасындағы айырма төлемі.

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО
бойынша баспасөз қызметі
 

  1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
  2. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» емлекеттік қызметін көрсету қағидалары
  3. "Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
  4. "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
  5. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
  6. Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту

"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

2019 жылғы «Солтүстiк Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Березовск ауылдық округ әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi қызметi есебi

Ауыл шаруашылық техниканы электрондық форматта техникалық бақылау

«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi электрондық түрде, үйден шықпай, алуға болады, бұл үшiн интернетке қолжетiмдiлiк және ЭЦҚ қажет (қызмет «электрондық үкiмет» веб-порталына жiберiледi) www.egov.kz, www.elicense.kz).

Портал арқылы жүгiнген кезде, мыналар қажет:

  • Осы Стандартқа қосымшаға сәйкес электрондық құжат түрiндегi өтiнiш;
  • Машинаға тiркеу құжаттың электрондық көшiрмесi (техникалық паспорты).

Портал арқылы — қызмет алушының «жеке кабинетiнде» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет үшiн сұраухатты қабылдау туралы мәртебесi көрсетiледi.

Портал арқылы жүгiнген кезде қызмет алушының жеке кабинетiнде жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарауды өткiзуге инженер-инспектордың даярлығы туралы хабарламасы, күндi, машинаның техникалық қарауды өткiзудiң орны мен уақыты көрсетумен, көрсетiледi.

«Үшiншi тұлғамен анықтама алу қызметi» көмегiмен электрондық анықтама алу нұсқаулығы

2018 жылғы «Солтүстiк Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Березовск ауылдық округ әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi қызметi есебi

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысы.

Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

  1. Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру;
  2. Жеке тұлғаның жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама беру;
  3. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру;
  4. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру.
  5. Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын алуға электрондық өтінішті беру.
  6. Жылжымайтын мүлiк объектілеріне техникалық паспорттың телнұсқасын алуға электрондық өтінішті беру.
  7. Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру.
  8. Жылжымайтын мүліктің меншік иесі (құқық иесі) туралы мәліметті қамтитын техникалық паспортқа қосымша беру.
  9. Жылжымайтын мүлікке құқық белгiлейтiн құжаттың телнұсқасын алу.
  10. Жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді беру.
  11. Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру. 
  12. Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама беру.
  13. Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің бар екендігі туралы анықтама беру.
  14. Заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама беру 
  15. Жеке тұлғаның заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге қатысуы туралы анықтама алу 
  16. Заңды тұлғаның барлық тіркеу әрекеттері туралы анықтама алу 
  17. Көрсетілген мерзімге заңды тұлғаның тіркелгені туралы анықтама беру 
  18. Құрылтай құжаттарына соңғы толықтырулар мен өзгерістердің енгізілгені туралы анықтама беру
  19. Заңды тұлғаның үлесіне салынған ауыртпалықтар (тыйым салу) туралы анықтама беру
  20. Некеге тұру туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру
  21. Әкелік құқықты бекіту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш алу
  22. Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру
  23. Ұлды/қызды асырап алу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру
  24. Некені бұзу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру
  25. Туу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш алу
  26. Аты, тегі, әкесінің атының ауысқаны туралы анықтама алу
  27. Некенің бұзылғаны туралы анықтама алу
  28. Некеге тұру туралы анықтама беру
  29. Туу туралы анықтама алу
  30. Сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама беру
  31. Жылжымалы мүліктің кепілін тіркеу
  32. Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
  33. Некенің бұзылуы туралы тіркеуге электронды өтініш беру
  34. Тегін, атын, әкесінің атын өзгертуді тіркеуге арналған электрондық өтініш беру
  35. Құрылатын заңды тұлғаның атауы тіркелген шаруашылық субъектінің атауымен сәйкес келуі туралы анықтамасын алу
  36. Заңды тұлғаны әрекетсіз заңды тұлға деп немесе оның қатысушыларын әрекетсіз заңды тұлғаларға қатысы бар деп тану туралы анықтама беру
  37. Некені тіркеуге электрондық өтініш беру
  38. Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінен шығатын және шетелге жіберілетін архивтік анықтамаларға, архивтік құжаттардың көшірмелеріне немесе архивтік үзінділерге апостиль қою
  39. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқық статистика және арнаулы есепке алу ко-митеті және оның аумақтық бас-қармалары шегінде мұрағат анық-тамаларын және/немесе мұрағат құжаттарының көшірмесін беру
  40. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру
  41. Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттік мүлік тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру
  42. Мекенжай бойынша тіркелген адамдар туралы мекенжай анықтамасын беру
  43. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру
  44. Наркологиялық ұйымнан анықтама беру
  45. Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру
  46. Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама алу
  47. Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу
  48. Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеу
  49. 16 жасқа дейінгі балаларды тұрғылықты жері бойынша тіркеу
  50. Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару
  51. Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру
  52. Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу
  53. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру
  54. Есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәлiметтердi беру
  55. Негізгі орта, жалпы орта беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат алу
  56. Үшінші тұлғалардың анықтамаларды алу сервисі
  57. Жеке істі сұрату
  58. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін есептеу бойынша анықтама
  59. Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау
  60. Жұмыссыз ретінде тұлғаларды тіркеу
  61. «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру
Дата публикации
25 сентября 2023
Дата обновления
25 сентября 2023
Тип

Сейчас читают

01 августа 2025
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 шілдедегі инвестициялық портфельдеріне шолу
31 июля 2025
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап «БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан босатылады 
31 июля 2025
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 24 трлн теңгеден асты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы