Меню

Страницы

Статья

Салық құқығы

«Көлік салығы бойынша»

Қызылжар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы 2022 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты төлеуі 2023 жылдың 1-сәуірінен кешіктірілмейтін мерзімде жүргізілетіндігін еске салады🔸Көлік құралдарына салынатын салықтың сомасын kgd.gov.kz web-порталында орналыстырылған салық калькуляторының көмегімен немесе «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында дербес есептеуге болады. Сонымен бірге, салық органдарымен есептелген алдағы төленетін көлік құралдарына салынатын салықтың сомалары «Каспий банк» АҚ мобильді қосымшаның пайдаланушыларына PUSH-хабарлама түрінде наурыз айында жіберілетін болады.Есептелген салық сомаларын «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасының «Электронды сервистер»→ «ЖТ және ЖК алдағы төлемдерді төлеу қызметі» сервисінде, сондай-ақ «Каспий банк» АҚ мобильді қосымшасында көруге болады.

«Азаматтық бақылау - түбіртекті талап ет» акциясы

«Азаматтық бақылау - түбіртекті талап ет» акциясы жалғасуда.
Бұл, Акцияға кез келген ниет білдіруші азамат қатыса алады. Барлық жіберілген өтініштер мемлекеттік кірістер органдарымен (салық басқармалары) қарастырылатын болады.
Фискалдық түбіртекті бермеу немесе төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тарту фактілері туралы App Store және Play market-тен «WIPON CASHBACK» тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы хабарлауға және фискалдық түбіртекті бермеу фактісі расталған жағдайда телефон теңгеріміне сыйақы (жеке табыс салығы шегеріле отырып 1000 теңге) алуға болады. Түбіртек берілмеген немесе төлем карта арқылы төлемді қабылдамағаны анықталған жағдайда, кісіпкерлік обьектінің атауын, адресін және иесінің аты жөнін міндетті түрде көрсету керек.
Кәсіпкер туралы ақпаратты білу үшін (идентификациялау) салып алушы кассаның жанында орналасқан QR-кодты сканерлеуге болады.

«е-Salyq Azamat»

«е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында жеке тұлғалардың салық міндеттемелерін орындауға арналған әртүрлі қызметтер бар, мысалы:

• салықтарды банк бөлімшелеріне бармай және комиссиясыз төлеу;
• салық берешегін тексеру;
• артық төленген салықтарды есепке жатқызу;
• мүлікке, жерге және көлікке салықты тексеру және есептеу;
• салық обьектілерін қарау (жылжымайтын мүлік және көлік);
• жылжымайтын мүлік және көлік туралы ақпараттарға түзетуді жасау;
• жұмыс берушіңіздің жалақыңыздан табыс салығы мен әлеуметтік төлемдердің қанша ұстап қалғанын тексеру;
• мемлекеттік кірістер органдарының қызмет көрсету орталықтарына баруды онлайн брондау.«e-Salyq Azamat» тегін мобильді қосымшасын «App Store» немесе «Play Market»-тен жүктеуге болады. Авторизациялау тәсілдері туралы ақпарат мобильді қосымшада бар."

«E-Salyq Business»

Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап бүкіл ел аумағында жұмыс істейтін «E-Salyq Business» мобильді қосымшасын әзірлеп, іске қосты. Әзірлеудегі негізгі мақсат Мемлекет басшысының жеке кәсіпкерлердің салық міндеттемелерін орындау рәсімдерін түбегейлі жеңілдету туралы тапсырмасын іске асыру болып табылады. Бұл тегін қосымшаны App Store, Play Market және App Gallery-ден жүктеуге болады. Бүгінгі таңда қосымшаны 27 мыңнан астам кәсіпкер пайдалануда.«E-Salyq Business» мобильді қосымшасы бірқатар салық рәсімдерін жеңілдетті.Мобильді қосымшаның функционалы: 1) жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге; 2) кассалық чектің орнына мобильді қосымшаның чегін беруге; 3) қосымшада берілген чектер негізінде кәсіпкердің кіріс есебін жүргізуге; 4) салықтар мен әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде есептеуге; 5) жалдамалы қызметкерлердің және олардың табыстарының есебін жүргізуге; 6) оңайлатылған декларацияны тапсыруға (910.00 нысан); 7) кәсіпкерлік қызметті оңайлатылған тәртіпте тоқтатуға мүмкіндік береді. Одан бөлек, «E-Salyq Business» - те ыңғайлы сервистер әзірленуде. Олардың көмегімен салық органдарының жіберген хабарламасын алуға; бір төлем құжатымен бірнеше салықты төлеуге; артық не қате төленген салықтарды алдағы салықтар есебіне жатқызуға немесе қайтарып алуға болады. Сондай-ақ, бірқатар анықтамаларды да алу мүмкіндігі бар. Мысалы, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу туралы, оның және оның жұмысшыларының табысы туралы анықтамаларды ала аласыз. Бұлардың барлығы талап етілген жерге ұсынуға арналған. Осылайша, мобильді қосымшада жеке кәсіпкердің салық міндеттемесін орындаудың барлық өмірлік циклі қарастырылған."

Дата публикации
25 сентября 2023
Дата обновления
25 сентября 2023
Тип

Сейчас читают

01 августа 2025
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 шілдедегі инвестициялық портфельдеріне шолу
31 июля 2025
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 24 трлн теңгеден асты
31 июля 2025
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап «БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан босатылады 

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы