Сыбайлас жемқорлықты алдың алу туралы аудио жазба
Мобильді азаматтар базасында тіркелгендер egov.kz порталы мен mgov.kz қосымшасына бірретік құпиясөз көмегімен кіріп, телеграмдағы egovkzbot-тың 25 түрлі қызметін пайдалана алады. Сондай-ақ базада тіркелгендерге бала тууына қатысты проактив қызметі бойынша СМС-хабарламалар жолданады. Мобильді азаматтар тобына қосылу үшін ХҚО-ға бару керек немесе egov.kz порталындағы жеке кабинет арқылы тіркелу керек.
Бұл базада бар/жоғыңызды алдын ала тексерсеңіз де болады. Ол үшін egov.kz порталына кіріп, басты беттегі «Сервистер» бөлімінен «Мобильді азаматтар базасында пайдаланушыны іздеу» қызметіне өту керек. Ондағы жолаққа ЖСН енгізсеңіз, жауап бірден беріледі.