Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Террористiк актiлердi болдырмау жөнiндегi халыққа арналған жадынама
Қазiргi уақытта, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң жанында азаматтарға, мемлекеттiк қызметшiлерге, сондай-ақ басқа да тұлғаларға мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелерi бойынша кеңес беру және ақпараттандыру жүйесiн дамыту мен таратуды ұйымдастыру мақсатында 1494 Call-center (Кеңес беру орталығы) құрылып қызмет көрсетуде. Бұл туралы толық ақпаратпен Агенттiктiң anticorruption.gov.kz сайтынан танысуға болады.
Кеңес беру орталығына қоңырау бүкiл республика бойынша қалалық телефон мен ұялы байланыс операторлары арқылы абоненттермен «1494» (қоңыраулар тегiн) нөмiрiн теру бойынша жүзеге асырылады. Сонымен бiрге, азаматтардың электронды өтiнiштерi мен арыздары 1494 kz Порталына қабылданады.
Кеңес беру орталығының басты мiндетi мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтарын қорғау, тұрғындарға сапалы құқықтық көмек көрсету және азаматтардың, сонымен қатар өзге де мүдделi тұлғалардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру болып табылады.
Осы мiндеттердi жүзеге асыру барысында Орталық қызметкерлерi тұрғындарға заңнама нормаларын және мемлекеттiк қызметтердiң ұсынылу тәртiбiн түсiндiредi, сонымен бiрге азаматтардың сыбайлас жемқорлық сипатындағы өтiнiштерiн қабылдайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы
Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы
Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы
Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы