|
Мемлекеттік қызметті көрсету бас маманы |
Байланыс телефоны |
|
Сергейчева Светлана Антоновна |
тел: 8(715 38)-2-37-82 8-747-559-61-01 |
Егер адам денсаулығына байланысты қандай да бір мемлекеттік қызметті алу үшін ХҚКО-ға бара алмаса, ол немесе оның өкілдері ХҚКО қызметкерлерін үйге шақыра алады.
Бұл сервисті дене функциясының тұрақты бұзылуы бар, тыныс-тіршілігін шектейтін денсаулығы бұзылған адамдар, оның ішінде 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар балалар, ҰОС ардагерлері пайдалана алады.
ХҚКО қызметкерін үйге шақыру үшін клиент немесе оның қамқоршысы байланыс орталығына 1414 нөмірі бойынша қоңырау шалып, осы қызметті алуға өтінім қалдыруы қажет. Осыдан кейін ХҚКО қызметкерлері өтініш берушімен байланысып, барлық қажетті құжаттардың бар-жоғын нақтылайды. Осыдан кейін олар үйге барып мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақытын белгілейді. Сұрау салуды қабылдағаннан кейін ХҚКО операторлары клиентпен жеті жұмыс күні ішінде байланысуға тиіс.
Ең жиі сұралатын мемлекеттік қызметтердің қатарына Паспорт пен жеке куәлік беру, Мүгедектерді сурдотифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, протездік-ортопедиялық көмек көрсету үшін құжаттар дайындау жатады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша баспасөз қызметі
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 АЕК - 3450 теңгені құрайды, ол мемлекеттік баж мөлшерімен тікелей байланысты.
Осыған байланысты қазіргі уақытта Салық кодексіне сәйкес жеке басын куәландыратын құжатты бергені үшін мемлекеттік баж мөлшері 0,2 АЕК, яғни 690 теңгені құрайды.
Төлқұжат едәуір қымбатқа түседі:8 АЕК - 27 600 теңге.
Төлқұжат пен жеке куәлікті беру мерзімі өтініш берілген сәттен бастап 15 жұмыс күнінен аспайды, бірақ процесті ақылы түрде жеделдету мүмкіндігі бар:
Петропавл қаласында жеделдету 3 күн – 4983 теңге, 5 күн - 2752 теңге;
Облыс аудандарында 7 күн - 1116 теңге.
Жарамдылық мерзімі 10 жылды құрайды, содан кейін ауыстыру қажет.
Жүргізуші куәлігі 1,25 АЕК - 4 312 теңге;
Неке туралы куәлік 1 АЕК - 3450 теңге. Қайта беру кезінде 0,5 АЕК - 1 725 теңге;
Ажырасуға өтініш берген кезде мемлекеттік баж 2 АЕК - 6 900 теңге.
Туу туралы куәлік тегін беріледі. Бірақ актінің жазбасын өзгерту, толықтыру, түзету және қалпына келтіру кезінде 0,5 АЕК - 1 725 теңге енгізу қажет.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша баспасөз қызметі
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Halyk Bank–пен бірлесіп, blockchain технологиясы арқылы жылжымайтын мүлікті кепілден шығару процесін жеңілдетті. Енді банк клиенттері мүлікті ХҚО-ға бармай-ақ кепілден алып тастай алады.
Halyk Bank клиенттері мүліктен кепілді алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінбеуіне болады. Бұл blockchain технологиясын енгізу арқылы жүзеге асырылады.
«Азаматтар мүлікті кепілден шығару бойынша өтінімді «Halyk Homebank» мобильді қосымшасында рәсімдеп, төлем жасай алады. Жаңа сервис қызмет көрсету мерзімін үш күннен 5 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Яғни құжаттарды жинаумен әуреленіп, ХҚО-ға жүгінудің қажеттілігі жоқ» — деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Басқарма төрағасының орынбасары Асхат Ибраев.
Айта кетейік, Blockchain технологиясының арқасында азаматтардың ХҚО қызметкерлерімен бетпе-бет байланысы да шектелді, бұл деректерді үшінші тұлғаға өткізудің жолын жояды.
Жылжымайтын мүлікті кепілден шығару қызметі қазақстандықтар арасында ең жиі сұралатын қызметтердің бірі екенін жеткіземіз. 2022 жылдың 9 айында Қазақстанда 108 341 мүлік кепілден алынып тасталды.
Биыл маусым айында Мемлекеттік корпорация «Отбасы банкімен» бірігіп, осыған ұқсас онлайн сервисті енгізген болатын. Бүгінде жүйенің көмегімен 600-ге жуық жылжымайтын мүлік кепілден шығарылды.
Еске салайық, Мемлекеттік корпорацияның екінші деңгейлі банктермен ынтымақтастығы аясында азаматтар тұрғылықты жері бойынша тіркелу, автокөлікті қайта ресімдеу, ЖК куәлігін алу, жүргізуші куәлігін ауыстыру, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, туу туралы куәлік және басқа да қажетті құжаттарды үйден шықпай-ақ ала алады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша баспасөз қызметі

Сіз мемлекеттік қызметтерді онлайн, яғни ХҚКО-ға келместен, келесі тәсілдердің бірімен ала алатыныңызды хабарлаймыз:
Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алудың артықшылығы:
Композиттік қызмет — бұл бір өтініштің негізінде электрондық нысанда көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтердің жиынтығы. Мысалы: мүгедектік белгіленген кезде медициналық - әлеуметтік сараптама бөлімшесінің қызметкерлері мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем тағайындауға өтінішті бірден қабылдайды және осы ақпаратты Мемлекеттік корпорацияға электрондық түрде жібереді. Тиісінше, Мемлекеттік корпорация осы құжаттарды алғаннан кейін іс макетін қалыптастыру рәсімін бастайды және қалыптастырылған шешім жобасы мемлекеттік органға жіберіледі.
Проактивті қызмет — электрондық нысанда көрсетілетін, қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша ұсынылатын мемлекеттік қызмет, онда ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы ұсынылған қызметті алу субъектісінің міндетті келісімі қажет.
Бұл (проактивті) қызметтің артықшылығы — мобильді азаматтар базасында (бұдан әрі-АМТ) оның ХҚКО бөлімдеріне жеке жүгінбестен тіркелген адамға, мемлекеттік қызметті үйден шықпай-ақ кез келген ыңғайлы уақытта ресімдеу мүмкіндігі, онда алынған СМС-қа жауап ретінде талап етілетін ақпаратты жіберу жеткілікті.
Ол үшін азаматтарға мобильді азаматтар базасында тіркелу үшін тұрғылықты жері бойынша ХҚКО бөлімдеріне жүгіну қажет немесе жүйе хабарламаны қайда жіберу керектігін білуі үшін "Электрондық үкімет" порталында тіркелуге болады.
Мысалы: бұл баланың туу туралы куәлігін алу, оны балабақшаға кезекке қою және үйден шықпай СМС-хабарламаларға жауаптар арқылы жәрдемақы алу мүмкіндігі.
Қызмет мобильді азаматтар базасында тіркелген жаңа босанған аналарға көрсетіледі.
Қызметті 1414 қысқа нөмірінен келетін СМС-хабарламаларға жауаптардың көмегімен алуға болады.
Бірінші хабарлама бала туылған сәттен бастап бір күн ішінде келеді.
Жауап 3 күн ішінде күтіледі. Егер көрсетілген кезеңде жауап берілмесе, онда көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО-ға жүгінуі қажет.
Әрбір келіп түскен SMS-хабарламада жауап беру әдістерінің толық сипаттамасы бар, содан кейін сіз сұраққа дұрыс жауап бере аласыз. Хабарлама ағылшын тіліндегі R бас әріптен басталуы керек тырнақшаларсыз және осы әріптің алдындағы бос орындарсыз. Қате жауап болған жағдайда қате туралы SMS хабарлама келіп түседі және қайтадан жауап беру ұсынылады.
Қызмет мобильді азаматтар базасында тіркелмеген клиентке, сондай-ақ егер оның 2007 жылдан асқан балалары болса немесе 2008 жылға дейін неке қиылған болса, көрсетілмейді.
Мобильді азаматтар базасында "Электрондық үкімет" порталында, ХҚКО-да тіркелуге болады.
Қызмет мүлдем тегін. СМС-хабарламаларды жіберу үшін төлем алынбайды. Бірақ SMS-хабарламаларды жіберу мүмкіндігі үшін оң теңгерім болуы керек.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша баспасөз қызметі
Стандартлар:

«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi электрондық түрде, үйден шықпай, алуға болады, бұл үшiн интернетке қолжетiмдiлiк және ЭЦҚ қажет (қызмет «электрондық үкiмет» веб-порталына жiберiледi) www.egov.kz, www.elicense.kz).
Портал арқылы жүгiнген кезде, мыналар қажет:
Портал арқылы — қызмет алушының «жеке кабинетiнде» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет үшiн сұраухатты қабылдау туралы мәртебесi көрсетiледi.
Портал арқылы жүгiнген кезде қызмет алушының жеке кабинетiнде жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарауды өткiзуге инженер-инспектордың даярлығы туралы хабарламасы, күндi, машинаның техникалық қарауды өткiзудiң орны мен уақыты көрсетумен, көрсетiледi.
Электрондық үкiмет порталының пайдаланушысына арналған ескертпе (ZIP 28 Kb)
«Үшiншi тұлғамен анықтама алу қызметi» көмегiмен қызметтердi алу бойынша ескертпе (ZIP 2420 Kb)
Telegram мессенджерiнде «EgovKzBot» көмегiмен қызметтердi алу бойынша ескертпе (ZIP 2420 Kb)

| № р/р |
Мемлекеттік қызметтің коды | Мемлекеттік қызметтің атауы | Көрсетілетін қызметті алушы (Жеке және (немесе) заңды тұлға) туралы мәліметтер) | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атауы және (немесе) «электрондық үкіметтің» веб-порталы» | Ақылытегін | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны (электрондық/қағаз түрінде) | Стандарт / қағидалары |
| 1 | 00403001 | Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары | Жеке тұлға | МОН | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) ЖАО, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері | Мемлекеттік корпорация, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) ЖАО, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, «электрондық үкіметтің» веб-порталы» | тегін | электрондық/қағаз түрінде | қағидалары (ZIP 49 Kb) |
| 2 | 00403007 | "Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары | жеке тұлға | МОН | Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі | Ауыл, кент, Ауылдық округтің әкімі | тегін | қағаз түрінде | стандарт (ZIP 34 Kb) |
| 3 | 00706002 | Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру |
заңды тұлға | МТСЗН | Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі | Мемлекеттік корпорация, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі, «электрондық үкіметтің» веб-порталы» | тегін | қағаз түрінде | стандарт (ZIP 29 Kb) |
| 4 | 02201006 | Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру | Жеке және заңды тұлғалар | МСХ | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі | Мемлекеттік корпорация, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі, «электрондық үкіметтің» веб-порталы» | тегін | қағаз түрінде | стандарт (ZIP 22 Kb) |
| 5 | 02201017 | Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру | Жеке және заңды тұлғалар | МСХ | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері | Мемлекеттік корпорациясы, веб-портал «электрондық үкіметтің» | Ақылы | Қағаз түрінде | стандарт (ZIP 38 Kb) |
| 6 | 02201019 | Сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу) | Жеке және заңды тұлғалар | МСХ | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері | Мемлекеттік корпорация, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО | Тегін | Қағаз түрінде | стандарт (ZIP 52 Kb) |
| 7 | 02201028 | Жер учаскесін алу үшін кезекке қою | Жеке және заңды тұлғалар | МСХ | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі | Тегін | Қағаз түрінде | стандарт (ZIP 45 Kb) |
| 8 | 02201024 | Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату | Жеке және заңды тұлғалар | МСХ | Облыстардың ЖАО, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі | Тегін | Қағаз түрінде | стандарт (ZIP 26 Kb) |
| № р/р |
Мемлекеттік қызметтің коды | Мемлекеттік қызметтің атауы | Көрсетілетін қызметті алушы (Жеке және (немесе) заңдытұлға) туралы мәліметтер) | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нәзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атауы және (немесе) «электрондық үкіметтің» веб-порталы | Ақылы/Тегін | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны (электрондық/қағаз түрінде) | Стандарт |
| 1 | 00704002 | Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау | Жеке тұлға | МХӘҚ | Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО | Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі, халықты жұмыспен қамту орталығы | Тегін | Қағаз түрінде | Стандарт (ZIP 29 Kb) |
| 2. | 00704004 | Әлеуметтік көмек тағайындау бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына жергілікті өкілетті органдардың шешімдері | Жеке тұлға | МХӘҚ | Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО | Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі, «электрондық үкіметтің» веб-порталы | Тегін | Электронды / қағазтүрінде | Стандарт (ZIP 20 Kb) |
| 3 | 00704005 | Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау | Жеке тұлға | МХӘҚ | Аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО | Мемлекеттік корпорация, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі | Тегін | Қағаз түрінде | Стандарт (ZIP 26 Kb) |
| 4. | 00201004 | Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу | Жеке тұлға | ӘМ | Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО | Мемлекеттік корпорация, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, «электрондық үкіметтің» веб-порталы | Ақылы | Электронды / қағазтүрінде | Стандарт (ZIP 30 Kb) |
| 5. | 00201005 | Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу | Жеке тұлға | ӘМ | Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО | Мемлекеттік корпорация, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, «электрондық үкіметтің» веб-порталы | Ақылы/Тегін | Электронды / қағазтүрінде | Стандарт (ZIP 28 Kb) |
| 6. | 00201006 | Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру | Жеке тұлға | МӘ | Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО | Мемлекеттік корпорация, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, «электрондық үкіметтің» веб-порталы | Ақылы/Тегін | Электронды / қағазтүрінде | Стандарт (ZIP 29 Kb) |
| 7 | 00201015 | Азаматтық хал актілері жазбаларын жою | Заңды тұлға | МӘ | Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО | Мемлекеттік корпорация, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, «электрондық үкіметтің» веб-порталы | Тегін | Электронды / қағазтүрінде | Стандарт (ZIP 26 Kb) |
| 8. | 00401001 | Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу | Заңды тұлға | МӘ | Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО | Мемлекеттік корпорация, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, «электрондық үкіметтің» веб-порталы | Электронды / қағазтүрінде | Стандарт (ZIP 268 Kb) | |
| 9. | 00401002 | Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу | Жеке тұлға | МЮ | Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың жәнеоблыстық маңызы бар қалалардың ЖАО | Мемлекеттік корпорация, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, «электрондық үкіметтің» веб-порталы | Тегін | Электронды / қағазтүрінде | Стандарт (ZIP 49 Kb) |
| 10. | 00402001 | Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу |
Жеке тұлға | ӘМ | Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО | Мемлекеттік корпорация, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, «электрондық үкіметтің» веб-порталы | Ақылы/тегін | Электронды / қағазтүрінде | Стандарт (ZIP 31 Kb) |
| 11. | 00402002 | Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық жағдай актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулеренгізу | Жеке тұлға | ӘМ | Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО | Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері | Ақылы/тегін | Қағаз түрінде | Стандарт |
| 12. | 00402003 | Бала асырапалуды тіркеу, оның ішінде азаматтық жағдай актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулеренгізу | Жеке тұлға | ӘМ | Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО | Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО | Ақылы/тегін | Қағаз түрінде | Стандарт |
| 13. | 00704005 | Ауылды қелді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау | Заңды тұлға | МХӘҚ | Аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО | Мемлекеттік корпорация, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі | Тегін | Қағаз түрінде | Стандарт |
Электрондық үкімет порталында мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдету мақсатында 03.07.2019 жылдан бастап ЭЦҚ-сыз алуға болатын 61 Мемлекеттік қызмет қолжетімді.
Бұл мемлекеттік қызметтерді Egov арқылы алу үшін ұялы телефон мен Интернетке қол жеткізу жеткілікті. Бұл қалай жұмыс істейді? Бір реттік пароль, бұл сұрау жібергеннен кейін азаматтың ұялы телефонына келіп түсетін sms-хабарлама. Сұрау салушы телефонға тексеру кодын алады, бұдан әрі eGov.kz ескерту. Код енгізілген кезде портал mGov мобильдік азаматтар базасындағы азаматтың нөмірін автоматты түрде тексереді, телефон нөмірі осы базада тіркелген нөмірге сәйкес келген жағдайда сұралған қызметтің нәтижесі дереу ұсынылады. Ұялы азаматтар базасында тіркелу үшін «жеке кабинетке» кіріп, «телефон» бағанында ұялы телефон нөмірін көрсету қажет. Сонымен қатар, телефон нөмірін ЖСН-ге байлауға, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ-ға хабарласып алуға болады. EGov порталында қолжетімді қызметтердің тізімін ұсынамыз.kz.sms-пароль арқылы.