|
№ |
Елді мекеннің атауы |
Өткізу күні мен уақыты |
Өткізу орны |
|
1 |
Архангельское а. |
Апта сайын әр сейсенбі күні сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін |
Селолық округ әкімі аппаратының ғимараты |
|
2 |
Новокаменка а. |
Ай сайын әр екінші және төртінші жұма сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін |
Селолық округ әкімі аппаратының ғимараты |
«Азаматтық бақылау — түбіртекті талап ет» акциясы жалғасуда.
Бұл, Акцияға кез келген ниет білдіруші азамат қатыса алады. Барлық жіберілген өтініштер мемлекеттік кірістер органдарымен (салық басқармалары) қарастырылатын болады.
Фискалдық түбіртекті бермеу немесе төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тарту фактілері туралы App Store және Play market-тен «WIPON CASHBACK» тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы хабарлауға және фискалдық түбіртекті бермеу фактісі расталған жағдайда телефон теңгеріміне сыйақы (жеке табыс салығы шегеріле отырып 1000 теңге) алуға болады. Түбіртек берілмеген немесе төлем карта арқылы төлемді қабылдамағаны анықталған жағдайда, кісіпкерлік обьектінің атауын, адресін және иесінің аты жөнін міндетті түрде көрсету керек.
Кәсіпкер туралы ақпаратты білу үшін (идентификациялау) салып алушы кассаның жанында орналасқан QR-кодты сканерлеуге болады.
«е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында жеке тұлғалардың салық міндеттемелерін орындауға арналған әртүрлі қызметтер бар, мысалы:
Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап бүкіл ел аумағында жұмыс істейтін «E-Salyq Business» мобильді қосымшасын әзірлеп, іске қосты. Әзірлеудегі негізгі мақсат Мемлекет басшысының жеке кәсіпкерлердің салық міндеттемелерін орындау рәсімдерін түбегейлі жеңілдету туралы тапсырмасын іске асыру болып табылады. Бұл тегін қосымшаны App Store, Play Market және App Gallery-ден жүктеуге болады. Бүгінгі таңда қосымшаны 27 мыңнан астам кәсіпкер пайдалануда.«E-Salyq Business» мобильді қосымшасы бірқатар салық рәсімдерін жеңілдетті.Мобильді қосымшаның функционалы:
Қызылжар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы 2022 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты төлеуі 2023 жылдың 1-сәуірінен кешіктірілмейтін мерзімде жүргізілетіндігін еске салады
🔸Көлік құралдарына салынатын салықтың сомасын kgd.gov.kz web-порталында орналыстырылған салық калькуляторының көмегімен немесе «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында дербес есептеуге болады.Сонымен бірге, салық органдарымен есептелген алдағы төленетін көлік құралдарына салынатын салықтың сомалары «Каспий банк» АҚ мобильді қосымшаның пайдаланушыларына PUSH-хабарлама түрінде наурыз айында жіберілетін болады.Есептелген салық сомаларын «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасының «Электронды сервистер»→«ЖТ және ЖК алдағы төлемдерді төлеу қызметі» сервисінде, сондай-ақ «Каспий банк» АҚ мобильді қосымшасында көруге болады.
«Ұжымдық шарт» — әлеуметтік – еңбек қатынастарын нақты реттеуге мүмкіндік беретін негізгі механизмнің бірі. Ұжымдық шарт – ұйымдағы әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттейтін, жұмысшылар өкілдері мен жұмыс беруші арасында жасалған жазбаша келісім түріндегі құқықтық акт.
Ұжымдық шарт екі жақты келісім беретін, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының құқықтық актісі болып табылады.
Ұжымдық келіссөздерді бастау және ұжымдық шарт жасасу туралы ұсынысты тараптардың кез келгені жасауы мүмкін. Егер ұжымдық шарттың ережелерінде өзгеше көзделмесе, ол қол қойылған кезден бастап күшіне енеді және тараптардың орындауы үшін міндетті болады.
Жұмысшылар үшін жасасқан ұжымдық шарт жұмыскерлерге әлеуметтік кепілдік беретін, оған берілген міндеттемелерді заңды түрде бекітетін құқықтық акт болып табылады.
Жұмыс берушілер үшін жасалған ұжымдық шарт ұйымдағы (кәсіпорындағы) әлеуметтік тұрақтылық факторы болып табылады, ол оның әрекет ету мерзімі ішінде өзара міндеттемелер орындалған кезде жұмыскерлер арасында еңбек және әлеуметтік даулардың болмауына кепілдік береді.
Жұмыс берушi тараптар қол қойған ұжымдық шартты қол қойылған күнінен бастап бір ай ішінде жергілікті еңбек инспекциясына мониторинг үшін ұсынуы тиіс.
«Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн өзi басқару туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 35, 37 бабтарына сәйкес:
Архангельск ауылдық округi әкiмi И. Рыбакова
|
№ |
Елді мекеннің ауылдық округінің атауы |
Білікті талап |
Кәсіпорынның атауы және телефоны |
Бос орындар саны |
Бос орын мәртебесі |
|
1 |
Архангельск ауылдық округі |
Электрик |
"Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы" КММ |
1 |
ашылды |
|
2 |
Архангельск ауылдық округі |
Шаштараз |
"Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы" КММ |
1 |
ашылды |
|
3 |
Архангельск ауылдық округі |
ПДО |
"Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы" КММ |
1 |
ашылды |
«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне еңбек мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 4 мамырдағы № 321-VI ҚР Заңына, ҚР Еңбек Кодексiне жұмыс берушiге ЕШЕАБЖ (еңбек шарттарын бiрыңғай есептеу жүйесiне) электрондық түрде еңбек шарттарын жасау немесе қағаз түрiнде жасалған еңбек шарттарды тiркеу мiндетттелетiн өзерiстер енгiзiлдi. Өзгертулер 2020 жылғы 16 мамырда заңды күшiне ендi, осы кезеңнен бастап жұмыс берушiге ЕШЕАБЖ электрондық түрде еңбек шарттарын жасау немесе қағаз түрiнде жасалған еңбек шарттарды тiркеу мiндетi туды.
ҚР Еңбек кодексiне енгiзiлген нормаларға сәйкес, 33-бабында еңбек шарттары жұмыс берушi мен қызметкердiң арасында ЭЦҚ расталып электрондық құжат нысаныда немесе қағаз түрiнде жасалатындығы анықталды. Бұл ретте, 23-бабында жұмыс берушiнiң еңбек шартын жасасу және тоқтату, (оған енгiзiлетiн өзгерiстер және толықтырулар) туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бiрыңғай жүйесiне енгiзу мiндетi анықталды. Еңбек шарттарымен жұмыс Электронды еңбек биржасына www.enbek.kz сайтына тiркеу арқылы жүргiзiледi.
Осылай, қазiр қызметкермен еңбек шартын жасасу:
1. электрондық түрде, «Электронды еңбек биржасы» сайтына жұмыс берушi мен қызметкердiң арасында ЭЦҚ расталып;
2. қағаз түрiнде, «Электронды еңбек биржасы» сайтына қызметкердiң ЭЦҚ растауды қажет етпей жұмыс берушiмен тiркелiп еңбек шарты жасалады.
«Еңбек шарттарын есепке алудың бiрыңғай жүйесiнде еңбек шарты туралы мәлiметтердi ұсыну және алу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2020 жылғы 3 қыркүйектегi № 353 бұйрығы бекiтiлдi, ол 2020 жылғы 18 қыркүйектен бастап қолданыста. Осы қағидада ЕШЕАБЖ еңбек шарттарын тiркеу тәртiбi мен мерзiмiне қатысты мәселелерге жауап бередi.