
Соңғы тәулікте Қызылорда облысында коронавирус індетімен 18 науқас тіркелді. Оның 12-і Қызылорда, 3-уі Қазалы, 3-уі Шиелі тұрғындары. Сол күні індеттен 14 адам сауығып шықты.
Қазіргі таңда облыс бойынша инфекциялық стационардың реанимация бөлімінде 24, инфекциялық стационарда 205 науқас ем алуда.