Өткен тәулікте коронавирус инфекциясымен 8 науқас тіркелді

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясымен 8 науқас тіркелді

Өткен тәулікте Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен 8 науқас тіркелді. Індет жұқтырғандардың 7-і Қызылорда қаласының, 1-і Шиелі ауданының тұрғыны.Ал, сол күні осы дерттен 16 науқас айығып, дәрігерлер бақылауынан шығарылған.
Қазіргі таңда облыс бойынша инфекциялық стационардың реанимация бөлімінде 3 науқас, инфекциялық стационарда 46 науқас ем алуда.
Ағымдағы жылдың 25 ақпаны күні облыс зертханаларына 1 174 адам сынама тапсырып, мамандар 764 сынама бойынша тексерісті аяқтаған. Бүгінде зертханалар қорында 16 948 қалдық тест бар.