2022 жылғы 16 қазанда өткен Арал ауданының Сексеуіл кенті, Қазалы ауданының Аранды және Құмжиек ауылдық округтері, Сырдария ауданының Шаған ауылдық округі, Шиелі ауданының Талаптан ауылдық округі, Жаңақорған ауданының Шалқия кенті мен Төменарық ауылдық округі әкімдерінің сайлауы жарамды болып танылды.
Құрылған сайлау округтері бойынша тізімге барлығы 17863 адам енгізілген, оның ішінде Сексеуіл сайлау округінде 7099 адам, Аранды сайлау округінде 1206 адам, Құмжиек сайлау округінде 942 адам, Шаған сайлау округінде 2513 адам, Талаптан сайлау округінде 2150 адам, Шалкия сайлау округінде 1680 адам, Төменарык сайлау округінде 2273 адам.
Дауыс беруге қатысқан 14379 адамның 5594-і Сексеуіл сайлау округінде, 1110-ы Аранды сайлау округінде, 540-ы Құмжиек сайлау округінде, 2378-і Шаған сайлау округінде, 1765-і Талаптан сайлау округінде, 1229-ы Шалкия сайлау округінде, 1763-і Төменарық сайлау округінде. Есептен шығару куәлігі бойынша дауыс бергендер – 0. Дауыс беру үй-жайынан тыс жерде дауыс бергендер – 90, оның ішінде Сексеуіл сайлау округінде - 2, Аранды сайлау округінде – 1, Құмжиек сайлау округінде – 3, Шаған сайлау округінде – 23, Талаптан сайлау округінде 0, Шалкия сайлау округінде - 40, Төменарык сайлау округінде - 21 адам.
Кандидаттыққа ұсынылған 27 адамның 23-і сайлау бюллетендеріне енгізілді, оның ішінде Сексеуіл сайлау округінде - 3, Аранды сайлау округінде – 3, Құмжиек сайлау округінде – 4, Шаған сайлау округінде – 3, Талаптан сайлау округінде - 3, Шалкия сайлау округінде - 4, Төменарык сайлау округінде - 3 адам.
Дауыс беру қорытындысында:
- Сексеуіл сайлау округінде кандидат С. К. Турешовқа - 3906, кандидат А. С. Сейтовке – 455, кандидат Р. Т. Бисембаевқа – 1138 дауыс берілді. «Бәріне қарсы» дауыс бергендер 74 адам, жарамсыз бюллетеньдер - 21. Нәтижесінде Сексеуіл кентінің әкімі болып Турешов Сакен Кулмаганбетович сайланды, 1971 ж.т., Сексеуіл кентінің әкімі, Арал ауданының Сексеуіл кентінде тұрады, өзін-өзі ұсынған, ұлты қазақ;
- Аранды сайлау округінде кандидат Б. А. Мдуарға - 48, кандидат Ж. К. Тлеужановқа – 96, кандидат А. А. Томаевқа – 914. «Бәріне қарсымын» деп дауыс бергендер – 38 адам, жарамсыз бюллетеньдер саны - 14. Нәтижесінде Аранды ауылдық округінің әкімі болып Томаев Абілғазы Аймағанбетұлы сайланды, 1967 ж.т., Аранды ауылдық округінің Қожабақы ауылында тұрады, «АMANAT» партиясынан ұсынылған, ұлты қазақ;
- Құмжиек сайлау округінде кандидат Е. А. Нуржаубаевқа - 5, кандидат Т. Б. Еримбетовқа – 9, кандидат А. Б. Абиловқа – 378, кандидат Т. К. Құлмахановқа – 177 адам дауыс берді. «Бәріне қарсы» дауыс бергендер – 0, жарамсыз бюллетеньдер - 4. Нәтижесінде Құмжиек ауылдық округінің әкімі болып Абилов Адилхан Базарбаевич сайланды, 1978 ж.т., «Қазалы ауданының жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры, Қазалы ауданының Әйтеке би кентінде тұрады, «АMANAT» партиясынан ұсынылған, ұлты қазақ;
- Шаған сайлау округінде кандидат Н. Ж. Смайловқа – 1989, кандидат И. Ж. Макашқа – 202, кандидат А. Ж. Конысбаевқа – 154 адам. «Бәріне қарсы» дауыс бергендер – 15 адам, жарамсыз бюллетеньдер саны - 18. Нәтижесінде Шаған ауылдық округінің әкімі болып Нұғыман Жанғабылұлы Смайлов сайланды, 1977 ж.т., «Шаған Жер» ЖШС-і директорының орынбасары, Сырдария ауданының Шаған ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған, ұлты қазақ;
- Талаптан сайлау округінде кандидат А. И. Алдабергеновке - 30, кандидата Х. А. Койшыбаевқа – 36, кандидат Х. А. Тажиевқа – 1677 адам дауыс берді. «Бәріне қарсы» дауыс бергендер – 0, жарамсыз бюллетень саны - 22. Нәтижесінде Талаптан ауылдық округінің әкімі болып Тажиев Хайдар Абдуллаханұлы сайланды, 1986 ж.т., Талаптан ауылдық округі әкімінің жетекші маманы, Шиелі ауданының Талаптан ауылдық округінің Балаби ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған, ұлты қазақ;
- Шалқия сайлау округінде кандидат А. К. Сабырхановқа - 469, кандидат Г. Б. Еракыновқа – 695, кандидат А. А. Махмұтжановқа – 7, кандидат М. К. Абсадыковқа - 10. «Бәріне қарсы» дауыс бергендер – 14, жарамсыз бюллетеньдер - 34. Нәтижесінде Шалкия кентінің әкімі болып Ғалымжан Бегайдарұлы Ерақынов сайланды, 1972 ж.т., «Асылжан KZ» ЖШС директорының орынбасары, Жаңақорған ауданының Шалқия кентінде тұрады, өзін-өзі ұсынған, ұлты қазақ;
- Төменарык сайлау округінде кандидат Б. Н. Аймбетовке - 1193, кандидат Ш.Ш. Ашимовке - 260, кандидат Т.С. Базарбаевқа – 243. «Бәріне қарсы» дауыс бергендер саны – 46, жарамсыз бюллетендер - 21. Нәтижесінде Төменарык ауылдық округінің әкімі болып Бахытжан Набиханович Аймбетов сайланды, 1981 ж.т., жұмыссыз, Жаңақорған ауданының Жаңақорған кентінде тұрады, «AMANAT» партиясынан ұсынылған, ұлты қазақ.
Жоғарыда көрсетілген әкімдер сайлауының нәтижелері туралы ақпарат Арал, Қазалы, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақтарында орналастырылды және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.