Лого

Меню

Страницы

Статья

Сайлау ұйымдастырушыларына арналған «Сайлау процесінің құқықтық негіздері және Қазақстан Республикасының Президенті сайлауын өткізу кезінде сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында оқыту курсы өтті

Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өңірлік филиалының бірлесіп ұйымдастыруымен 2022 жылғы 17 - 19 қазан аралығында Қызылорда қаласындағы учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшыларына және Қызылорда қалалық аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған «Сайлау процесінің құқықтық негіздері және Қазақстан Республикасының Президенті сайлауын өткізу кезінде сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында оқыту курсы өтті.

Оқытудың негізгі мақсаты - сайлау заңнамасы туралы теориялық және қолданбалы білімді және оны Қазақстан Республикасының Президентінің сайлауы процесінде қолдану тәжірибесін кеңейту есебінен сайлауды ұйымдастырушылардың кәсіби құзыреттілігінің деңгейін арттыру.

Оқыту барысында Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Г. К. Баймурзаев, облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Б. Н. Накипов, облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Х. М. Тарбақов, Сырдария аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Б. С. Отегенова, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өңірлік филиалының доценті, психология ғылымдарының кандидаты Аяганова А. Ж., Шетелдік байқаушыларға арналған жәрдемдесу орталығының жетекшісі, филология ғылымдарының докторы Т. Ы. Кеншінбай, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдері тақырыптық дәрістер оқып, тыңдаушыларды Қазақстан Республикасының Президентін сайлауы науқандарын дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық және құқықтық аспектілері, сайлау науқандарын қаржыландыру, сайлау процесінің өзге қатысушыларымен: бұқаралық ақпарат құралдарымен, байқаушылармен, саяси партиялармен және т. б. өзара іс-қимылдың қағидаттары мен стандарттары туралы хабардар етті.

Сонымен қатар, оқытуда сайлау комиссиялары мүшелерінің дағдыларын жетілдіруге арналған сайлау тәжірибесінен алынған жағдайлар бойынша практикалық кейстерді талдау, жанжал-менеджмент және тиімді коммуникациялар бойынша тренингтік сабақ форматтары кеңінен қолданылды.

Оқытудың соңында тыңдаушылар сайлау заңнамасын меңгеруі бойынша арнайы әзірленген тест тапсырып, қорытындысымен әр қатысушыға курстан өткені туралы сертификат табысталды.

Осындай оқуларды барлық аудандарда ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Дата публикации
20 октября 2022
Дата обновления
20 октября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Ақпарат
21 октября 2026
Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы