Бүгінгі таңда халықаралық ынтымақтастық пен сыртқы байланыстарды дамыту мақсатында Қызылорда облысының әкімдігі бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойды.
Осылайша, 2021 жылғы шілдеде Қызылорда қаласы мен Францияның Ножан-сюр-Марн қаласы арасында бауырластық қатынастар орнату туралы келісімге қол қойылды.
Аталған іс-шараға Қызылорда және Ножан-сюр-Марн қалаларының өңір басшылары, Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшісі, Франциядағы қазақ диаспорасының өкілдері, сондай-ақ М. Шоқай атындағы франция-қазақ достығы қауымдастығының президенті қатысты.
2021 жылғы 17-18 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің Корея Республикасына мемлекеттік сапары барысында мемлекет басшыларының қатысуымен бірқатар екіжақты құжаттарға, оның ішінде Корея Республикасының Ардагерлер мен патриоттар министрлігі мен Қызылорда облысының әкімдігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
2021 жылғы желтоқсанда Астана қаласында облыс әкімі Навои облысының (Өзбекстан Республикасы) хокимімен кездесті. Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастар мен достық байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды, оның қорытындысы бойынша тараптар арасындағы өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жөніндегі жол картасына қол қойды.