2020 жылдың 1-ші тоқсанында облыс әкімі аппаратына 832 өтініш келіп түсіп, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 26 %-ға азайған. (2019 ж.- 1129). Оның ішінде:
- ҚР Президенті Әкімшілігінен – 18;
- ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінен – 14;
- ҚР Президентінің Виртуалды қабылдау бөлмесінен - 9;
- Электронды Үкімет порталы арқылы - 71;
- Облыс әкімінің блогына – 39;
- облыс әкімінің «онлайн қабылдауына» – 14.
Есепті мерзімде 298 азамат Қызылорда облысының әкімі мен облыс әкімі орынбасарларының қабылдауында болған. Бұл өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 33%-ға төмен (2019 ж. - 447).
Оның ішінде облыс әкімімен қабылданғаны -133, облыс әкімінің орынбасарларымен қабылданғаны - 165.