Лого

Меню

Страницы

Статья

Энергетика және тұрғын үй-шаруашылық саласындағы атқарылған жұмыстар

Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

Ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша
Облыс аумағында 4 қала және 222 ауылдық елді мекен бар. Барлық қалалар 100 пайыз ауыз сумен қамтылған. Халықты орталықтандырылған ауыз сумен қамту үлесі 100 пайызды құрайды.
2026 жылы ауыз сумен қамту және суды бұру жобаларына 11,9 млрд.теңге қаржы бөлініп жалпы 7 жоба іске асырылуда. Нәтижесінде су желісінің тозу деңгейі 33 пайыздан 31 пайызға және кәріз желісінің тозу деңгейі 32 пайыздан 30 пайызға төмендету жоспарлануда.
Сонымен қатар, Арал және Қазалы аудандарының 160 мыңнан астам тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған, ұзындығы 238 шақырымды құрайтын Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырының 2 тармағын салу жобасы іске асырылуда. Жобаның құны 43,7 млрд. теңгені құрайды. 2025 жылы республикалық бюджеттен 5,5 млрд теңге қаржы бөлініп, 23 шақырым су құбырының құрылысы аяқталды.
2026 жылы құрылыс жұмыстарын жалғастыруға 1,9 млрд.теңге қаралып, 10 шақырым су құбырының құрылысы жүргізілді. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарын жалғастыру үшін ҚР инфрақұрлымды дамыту қорынан 20,5 млрд.теңге қаржы бөлінді.
Газдандыру саласы бойынша:
Қызылорда облысы аумағында елді мекендерді газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Бүгінде облыс аумағында 4 қала және 222 ауылдық елді мекен бар. Қазіргі таңда барлық қалалар 100 пайыз газдандырылған (Қызылорда, Арал, Қазалы, Байқоңыр). Газға қосылған ауылдық елді мекендер саны 56-ға жетті.
2025 жылдың қорытындысы бойынша облысты газдандыру деңгейі 83 пайызға жетті.
2026 жылы 14 жобаны жүзеге асыруға 4,3 млрд теңге бөлінді (республикалық бюджет – 3,6 млрд. теңге, облыстық бюджет-0,7 млрд. теңге). Оның ішінде 2 жоба өтпелі, 12 жоба жаңа жобалар.
Осыған орай, республикалық бюджеттің нақтылауына жалпы құны 8,1 млрд. теңге құрайтын 19 жобаға бюджеттік өтінім ұсынылды.
Осылайша, жыл соңына дейін 10 елді мекенді (Ақжарма, Қамыстыбас, Қоғалыкөл, Шіркейлі, Төребай би, Иіркөл, Бекарыстан би, Жанқожа батыр, Түктібаев, Майдакөл) газдандыру жобаларын жүзеге асырып, газдандыру деңгейін 83 %-дан 85 %-ға дейін жеткізу жоспарлануда.
Көмірмен қамтамасыз ету бойынша:
Облыс бойынша 2026-2027 жылдардағы жылу беру маусымына қажетті көмір тұтыну жоспары 107 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде: тұрғындар үшін 88 мың тонна, әлеуметтік нысандарға 19 мың тонна. Қазіргі таңда, көмір қоймаларында 29,7 мың тонна көмір қоры бар.
Облыс көлемінде 20 өңірлік оператор (6 ЖШС мен 14 кәсіпкер) жұмыс жасап, көмір бағасы маркаларына және жеткізу қашықтығына сәйкес 22000–28500 теңге аралығында сатылуда.
Тұрғындар мен әлеуметтік нысандарды көмірмен қамтамасыз ету мәселесі облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында.
Жылумен қамту бойынша
Облыс бойынша алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізілді.
Биылғы жылы жылумен қамту нысандарын жаңғыртуға 5,5 млрд. теңге қаржы бөлінді.
Бұл қаржыға 8,7 шақырым жылу желісін жаңғырту жобасын аяқтау, 1 газтурбиналық қондырғыға күрделі жөндеу,1,3 шақырым жылу желісі 1 дана қазандық, 1 дана турбина және 10 дана автономдық қазандықтар мен негізгі және қосалқы қондырғыларды жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Желілерге гидравликалық сынақ жұмыстары жүргізілді.
Сонымен бірге алдағы жылу беру маусымын жаңа жылу электр орталығы арқылы жылу беру маусымында 4 дана жылыту қазандығы арқылы қамтамасыз етілетін болады.
Облыстағы жалпы саны 1 079 әлеуметтік нысандарға (505 білім беру, 247 денсаулық сақтау, 322 мәдениет және спорт нысандары, 5 әлеуметтік сала) жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі күні энергетикалық және әлеуметтік нысандарға дайындық паспортын алынды.
Алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары тұрақты бақылауда.
Электр энергетикасы саласы бойынша
Бүгінде өңірдегі электрмен қамту жүйелерінің жалпы ұзындығы 10 608 шақырым электр желілер және әр-түрлі кернеуліктегі 2058 дана қосалқы станциялардан тұрады, олардың тозу деңгейі 60% құрайды.
2026 жылы жалпы құны 3,1 млрд. теңге құрайтын 9 жобамен 240 шақырым әуе желісі және 52 қосалқы станцияны қайта жаңғыртудан өткізу жоспарлануда. Нәтижесінде тозу деңгейін 60 пайыздан 59 пайызға төмендетілу көзделуде.
Сонымен бірге, келесідей жұмыстар жүргізу жоспарлануда:
СПМК-70, Арай, Сәулет, Саяхат мөлтек аудандарын қамтыйтын 35 кВЛ-33,34 әуе желісінің 2,5 шақырымын кабельдік желіге ауыстыру жоспарлануда.
Сабалақ, Наурыз, Махамбет, Ақсуат елді мекендерін электр энергиясымен қамтамасыз ететін 35/10 кВ "Жаңаарық" қосалқы станциясын қайта жаңғырту.
Тасбөгет кенті, Бесарық, Амангелді, Жетікөл, Айдарлы, Жамбыл, Махамбетов ауылдарын, Ақсуат ауылдық елді мекенінің орталығын қамтамасыз ететін 30,6 шақырым 35 кВ Л-51, 52, 55, 56 әуе желілерінің сымдарын ауыстыру жұмыстары аяқталуда.
2026-2027 жылдардың бюджеттін нақтылауға «Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би ГПП Л-105 ВЛ-110 кВ реконструкциялау», «Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің сол жағалауын электрмен жабдықтау (2-кезең)» және «Қызылорда облысы, Шиелі кентіндегі 220/35/10 кВ «Шиелі» ҚС қайта жаңғырту» жобаларын құрылыс-монтаждау жұмыстарын жалғастыруға облыстық және республикалық бюджеттен қаржыландыруға бюджеттік өтінім ұсынылды.
Сонымен қатар, «ҚЭТТК» АҚ-ның теңгеріміне өткізу бойынша 123 нысанның тізімі бекітіліп, құжаттар әзірленуде.
Абаттандыру жұмыстары
2026 жылы облыстық бюджеттен абаттандыру жұмыстарына 7 жобаға 8,9 млрд. теңге қаржы бөлініп, Тұңғыш Президент саябағын қайта жаңғырту, 27 ойын алаңдарын салу, Қызылорда қаласындағы 8 көпқабатты тұрғын үйдің қасбетіне күрделі жөндеу, Қызылорда қаласына қарасты 2 елді мекенге (Ақжарма, Талсуат) жаяу жүргіншілер жолын салу, Қызылорда қаласындағы көше-жол инфрақұрылымын қайта жаңарту, Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылындағы суару арық желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, мемлекеттік жекешелік-әріптестік тарапынан «Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының аумағын көгалдандыру және абаттандыру» және «Қызылорда қаласының сыртқы жарықтандыру жүйелерін реконструкциялау, қызмет көрсету және күтіп-ұстау» жобалары бойынша жұмыстарды жалғастыруға 2026 жылға облыстық бюджеттен 3,7 млрд.теңге қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.
Ыстық сумен қамту бойынша
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қызылорда қаласын ыстық сумен қамту жобасы іске асырылуда. Жоба бойынша 26,2 млрд. теңге қаржыға 423 тұрғын үй ыстық сумен қамту жоспарланған. Жоба 2 кезеңмен іске асырылуда.
Бірінші кезең: Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Қызылорда қаласында ыстық сумен жабдықтау құрылысына 11 млрд.теңге бөлініп, 186 үйді ыстық сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді.
Екінші кезең: Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 5 млрд. теңге бөлініп, Қызылорда қаласынның 61 КПТҮ-лердің құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды.
Сонымен қатар, тапсырманы толық орындалу мақсатында Арнайы мемлекеттік қор қаражаты есебінен 176 көппәтерлі тұрғын үйді ыстық сумен жабдықтауды аяқтау үшін 10,2 млрд. теңге қаражат бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда, үйлерді ыстық су жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілуде.
Тұрғынжай үшін азаматтардың төлемдер төлеу туралы
Мемлекет басшысының халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қолжетімді жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес жұмыстар жасалуда.
Азаматтарға тұрғын үйдің жалдау ақысын төлеу бойынша қаржы операторы болып «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы тағайындалды.
2026 жылы жеке тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялауға облыстық бюджеттен 161854,5 мың теңге бөлініп, «Отбасы банк» АО ай сайын 900 аса азаматқа төлем жасалуда.
Апатты үйлердің мәселесі бойынша
Қызылорда облысында сараптама қорытындысымен апатты деп танылған 69 көппәтерлі тұрғын үйлер бар. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 63 үй, Қармақшы ауданында 3 үй, Сырдария 2 үй, Жалағаш 1 үй. Тұрғын үй кезегінде жалғыз баспанасы апатты деп танылған 673 тұрғын тіркелген. 2024 жылы облыстық бюджеттен 1,7 млрд. теңге қаржы бөлініп, 2025 жылдың наурыз айында 135 пәтер табысталды. Апатты жағдайдағы 3 үй бұзылды.
2026 жылы 135 пәтер сатып алуға облыстық бюджеттен 1,7 млрд. теңге қаржы қаралды.
Көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу
Қызылорда облысында 1505 көппәтерлі тұрғын үй бар, оның 601 күрделі жөндеуді талап етеді (40%). (2011 жылдан 73%-дан 40%-ға төмендеді).
2024 жылы республикалық бюджеттік кредит есебінен 33 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізілді (2,1 млрд.теңге), оның ішінде Қызылорда қаласы - 18, Арал ауд. – 6, Жалагаш ауд. – 2 , Сырдария – 7 үй. 2025 жылы 14 үйді күрделі жөндеуден өткізу 1,4 млрд. теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды, алайда қаржы бөлінбеді.
2026 жылы 24 көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу мақсатында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне 4,0 млрд. теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды.


Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2026 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет
 
Газдандыру саласы бойынша:
Қызылорда облысы аумағында елді мекендерді газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Бүгінде облыс аумағында 4 қала және 222 ауылдық елді мекен бар. Қазіргі таңда барлық қалалар 100 пайыз газдандырылған (Қызылорда, Арал, Қазалы, Байқоңыр). Газға қосылған ауылдық елді мекендер саны 56-ға жетті.
2025 жылдың қорытындысы бойынша облысты газдандыру деңгейі 83 пайызға жетті.
2026 жылы 14 жобаны жүзеге асыруға 4,3 млрд теңге бөлінді (республикалық бюджет – 3,6 млрд. теңге, облыстық бюджет-0,7 млрд. теңге). Оның ішінде 2 жоба өтпелі, 12 жоба жаңа жобалар.
Осыған орай, республикалық бюджеттің нақтылауына жалпы құны 8,1 млрд. теңге құрайтын 19 жобаға бюджеттік өтінім ұсынылды.
Осылайша, жыл соңына дейін 10 елді мекенді (Ақжарма, Қамыстыбас, Қоғалыкөл, Шіркейлі, Төребай би, Иіркөл, Бекарыстан би, Жанқожа батыр, Түктібаев, Майдакөл) газдандыру жобаларын жүзеге асырып, газдандыру деңгейін 83 %-дан 85 %-ға дейін жеткізу жоспарлануда.
Көмірмен қамтамасыз ету бойынша:
Облыс бойынша 2026-2027 жылдардағы жылу беру маусымына қажетті көмір тұтыну жоспары 111 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде: тұрғындар үшін 92 мың тонна, әлеуметтік нысандарға 19 мың тонна. Қазіргі таңда, көмір қоймаларында 9,5 мың тонна көмір қоры бар.
Облыс көлемінде 20 өңірлік оператор (6 ЖШС мен 14 кәсіпкер) жұмыс жасап, көмір бағасы маркаларына және жеткізу қашықтығына сәйкес 17000–26000 теңге аралығында сатылуда.
Тұрғындар мен әлеуметтік нысандарды көмірмен қамтамасыз ету мәселесі облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында.
 
Ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша
Облыс аумағында 4 қала және 222 ауылдық елді мекен бар. Барлық қалалар 100 пайыз ауыз сумен қамтылған. Халықты орталықтандырылған ауыз сумен қамту үлесі 100 пайызды құрайды.
2026 жылы ауыз сумен қамту және суды бұру жобаларына 11,9 млрд.теңге қаржы бөлініп жалпы 7 жоба іске асырылуда. Нәтижесінде су желісінің тозу деңгейі 33 пайыздан 31 пайызға және кәріз желісінің тозу деңгейі 32 пайыздан 30 пайызға төмендету жоспарлануда.
Сонымен қатар, Арал және Қазалы аудандарының 160 мыңнан астам тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған, ұзындығы 238 шақырымды құрайтын Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырының 2 тармағын салу жобасы іске асырылуда. Жобаның құны 43,7 млрд. теңгені құрайды. 2025 жылы республикалық бюджеттен 5,5 млрд теңге қаржы бөлініп, 23 шақырым су құбырының құрылысы аяқталды. 
2026 жылы құрылыс жұмыстарын жалғастыруға 2,5 млрд.теңге қаралып, 10 шақырым су құбырының құрылысы жүргізілуде. 
 
Апатты үйлердің мәселесі бойынша
 
Қызылорда облысында сараптама қорытындысымен апатты деп танылған 69 көппәтерлі тұрғын үйлер бар. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 63 үй, Сырдария ауданында 2 үй, Жалағаш ауданында 1 үй, Қармақшы ауданында 3 үй. Тұрғын үй кезегінде жалғыз баспанасы апатты деп танылған 700 тұрғын тіркелген. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 669, Сырдария ауданында 18, Жалағаш ауданында 13 отбасы. 
2025 жылы облыстық бюджет есебінен сатып алынған 135 пәтер табысталып, апатты жағдайдағы 3 үй бұзылды. 
2026 жылы Қызылорда қаласында жалғыз тұрғын жайы апатты деп танылған 135 отбасына пәтер сатып алу үшін облыстық бюджеттен 1,7 млрд. теңге қаралды.
Көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу
Қызылорда облысында 1505 көппәтерлі тұрғын үй бар, оның 601 күрделі жөндеуді талап етеді (40%). (2011 жылдан  73%-дан 40%-ға төмендеді).
2024 жылы республикалық бюджеттік кредит есебінен 33 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізілді (2,1 млрд.теңге), оның ішінде Қызылорда қаласы - 18, Арал ауд. – 6,  Жалагаш ауд. – 2 , Сырдария – 7 үй.  2025 жылы 14 үйді күрделі жөндеуден өткізу 1,4 млрд. теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды, алайда қаржы бөлінбеді.
Бұдан бөлек, 17 көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу мақсатында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне 2,5 млрд. теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды.
Тұрғынжай үшін азамматардың төлемдер төлеу туралы
Мемлекет басшысының халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қолжетімді жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес жұмыстар жасалуда.
Азаматтарға тұрғын үйдің жалдау ақысын төлеу бойынша қаржы операторы болып «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы тағайындалды.
2026 жылы жеке тұрғын үй қорынан алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдердер жүргізуге облыстық бюджеттен 73944,0 мың теңге. «Отбасы банк» АҚ- мен ай сайын 800 ден астам азаматқа төлем жасалуда.
Тұрғын үйге кезектілік жөнінде
2026 жылдың 1 шілдесіне облыс бойынша тұрғын үй кезегінде 61 мыңнан аса адам тіркелген.  2025 жылдың 24 мамырынан бастап кезектілік жүйесін үйлестіру функциясы «Отбасы Банк» АҚ-на жүктелді. 2025 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қызылорда облысының әкімдігімен Банкке 962 пәтер кезекте тұрғандарға бөлу үшін тапсырылды, оның 805 (84%) таратылды.
Жалпы 2025 жылы 1602 отбасы, 2026 жылы 202 отбасы  тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
 
Электр энергетикасы саласы бойынша
Бүгінде өңірдегі электрмен қамту жүйелерінің жалпы ұзындығы 10 608 шақырым электр желілер және әр-түрлі кернеуліктегі 2058 дана қосалқы станциялардан  тұрады, олардың тозу деңгейі 60% құрайды. 
2025 жылы 6 электрмен жабдықтау жобаларын жүзеге асыруға              6 млрд.теңге бөлініп, 280 шақырым электр желісі және 87 дана қосалқы станция қайта жаңғыртудан өткізілді (Қазалы ауданы Қожабахы елді мекені, Қазалы қаласы, Сырдария ауданы Қалжан ахун елді мекені, Шиелі ауданы Шиелі кенті, Шиелі ауданы Қодаманов ауылы, Жаңақорған ауданы, Қызылорда қаласы Айнакөл ауылы).
2026 жылы жалпы құны 3,1 млрд. теңге құрайтын 9 жобамен 240 шақырым әуе желісі және 52 қосалқы станцияны қайта жаңғыртудан өткізу жоспарлануда. Нәтижесінде тозу деңгейін 60 пайыздан 59 пайызға төмендетілу көзделуде. 
Сонымен бірге, келесідей жұмыстар жүргізу жоспарлануда.
СПМК-70, Арай, Сәлет, Саяхат мөлтек аудандарын қамтыйтын 35 кВ 
Л-33,34 әуе желісінің 2,5 шақырымын кабельдік желіге ауыстыру.
Сабалақ, Наурыз, Махамбет, Ақсуат елді мекендерін электр энергиясымен қамтамасыз ететін 35/10 кВ "Жаңаарық" қосалқы станциясын қайта жаңғырту.
Тасбөгет кенті, Бесарық, Амангелді, Жетікөл, Айдарлы, Жамбыл, Махамбетов ауылдарын, Ақсуат ауылдық елді мекенінің орталығын қамтамасыз ететін 30,6 шақырым 35 кВ Л-51, 52, 55, 56 әуе желілерін қайта жаңғыртудан өткізу.
Бүгінгі күні «Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан 40 МВт-тық жылу қазандығының құрылысы. Сыртқы желілер» жобасының құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.
2026-2027 жылдардың бюджеттін нақтылауға «Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би ГПП Л-105 ВЛ-110 кВ реконструкциялау», «Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің сол жағалауын электрмен жабдықтау (2-кезең)» және «Қызылорда облысы, Шиелі кентіндегі 220/35/10 кВ «Шиелі» ҚС қайта жаңғырту» жобаларын құрылыс-монтаждау жұмыстарын жалғастыруға облыстық және республикалық бюджеттен қаржыландыруға бюджеттік өтінім ұсынылды.
Жылумен қамту бойынша
2025-2026 жылғы жылу беру маусымы Қызылорда облысы бойынша 1 сәуірде аяқталды.
Жылу беру маусымында барлық әлеуметтік нысандар (1079) мен орталық жылуға қосылған қөпқабатты тұрғын үйлер (909) үздіксіз  жылумен қамтылды.
Облыс бойынша тіршілікті қамтамасыз етуші кәсіпорындар штаттық режимде жұмыс жасады. Жылу сыртқы ауа температурасына сәйкес берілді.
2025-2026 жылғы жылу беру маусымын тұрақты және іркіліссіз өткізу мақсатында, «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-на газ отынын сатып алуға 375 млн.теңге қаржы субсидия берілді.
Жылу желілерін жаңғырту бойынша 2026 жылға өтпелі 6 жобаны аяқтауға республикалық бюджеттен 3,6 млрд. теңге қаржы бөлінді. Ағымдағы жылы жобаларды толығымен аяқтап, қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде жылу желілерінің тозу деңгейі 2 пайызға төмендеді (42% дан 40% дейін).
Жаңа жылу электр орталығы бойынша
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қызылорда қаласында қуатылығы 240 мегаватт электр энергиясы мен 277 гигакалория жылу энергиясын құрайтын жаңа жылу электр орталығы құрылысы салынды.
Жобаның жалпы құны – 215 млрд.теңгені құрайды. Жылу электр орталығы инвесторы «Aksa Energy» түрік компаниясы болып табылады.
Бүгінгі күнге жылу орталығы іске қосылып, жобада қаралған электр энергиясын өндіруде.
Жаңа жылу электр орталығы алдағы жылу беру маусымында толық іске қосылып, тұрғындарды үздіксіз және сапалы жылу және электр энергиясымен қамтамасыз ететін болады.
Абаттандыру жұмыстары
2026 жылға облыстық бюджеттен Қызылорда қаласында Тұңғыш Президент саябағын қайта жаңғырту (Қайта түзету) жобасы бойынша жұмыстарды аяқтауға      6,4 млрд.теңге бөлінді.
Сонымен қатар, мемлекеттік жекешелік-әріптестік тарапынан «Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының аумағын көгалдандыру және абаттандыру» және «Қызылорда қаласының сыртқы жарықтандыру жүйелерін реконструкциялау, қызмет көрсету және күтіп-ұстау» жобалары бойынша жұмыстарды жалғастыруға 2026 жылға облыстық бюджеттен 3,7 млрд.теңге қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. 
Бұдан басқа, Қызылорда қаласына қарасты 2 елді мекенге (Ақжарма, Талсуат) жаяу жүргіншілер жолын салу құрылысына 119,4 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды.
Одан бөлек Қызылорда қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аумағына 30 ойын алаңдарын салу жұмыстарына 1 млрд. теңге бөлініп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 
 
Ыстық сумен қамту бойынша
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қызылорда қаласын ыстық сумен қамту жобасы іске асырылуда. Жоба бойынша 26,2 млрд. теңге қаржыға                 423 тұрғын үй ыстық сумен қамту жоспарланған. Жоба 2 кезеңмен іске асырылуда.
Бірінші кезең: Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Қызылорда қаласында ыстық сумен жабдықтау құрылысына 11 млрд.теңге бөлініп, 186 үйді ыстық сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді.
Екінші кезең: Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 5 млрд. теңге бөлініп, Қызылорда қаласынның 61 КПТҮ-лердің құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды.
Сонымен қатар, тапсырманы толық орындалу мақсатында Арнайы мемлекеттік қор қаражаты есебінен 176 көппәтерлі тұрғын үйді ыстық сумен жабдықтауды аяқтау үшін 10,2 млрд. теңге қаражат бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда облысының энергетика және тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша
2026 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

Газдандыру саласы бойынша:
Қызылорда облысы аумағында елді мекендерді газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Бүгінде облыс аумағында 4 қала және 222 ауылдық елді мекен бар. Қазіргі таңда барлық қалалар 100 пайыз газдандырылған (Қызылорда, Арал, Қазалы, Байқоңыр). Газға қосылған ауылдық елді мекендер саны 56-ға жетті.
2025 жылдың қорытындысы бойынша облысты газдандыру деңгейі 83 пайызға жетті.
2026 жылы 14 жобаны жүзеге асыруға 4,9 млрд теңге бөлінді (республикалық бюджет-4,2 млрд. теңге, облыстық бюджет-0,7 млрд. теңге). Оның ішінде 2 жоба өтпелі, 12 жоба жаңа жобалар.
Осыған орай, республикалық бюджеттің нақтылауына жалпы құны 8,1 млрд. теңге құрайтын 19 жобаға бюджеттік өтінім ұсынылды.
Осылайша, жыл соңына дейін 10 елді мекенді (Ақжарма, Қамыстыбас, Қоғалыкөл, Шіркейлі, Төребай би, Иіркөл, Бекарыстан би, Жанқожа батыр, Түктібаев, Майдакөл) газдандыру жобаларын жүзеге асырып, газдандыру деңгейін 83 %-дан 85 %-ға дейін жеткізу жоспарлануда.

Көмірмен қамтамасыз ету бойынша:
Облыс бойынша 2025-2026 жылдардағы жылу беру маусымына қажетті көмір тұтыну жоспары 139,3 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде: тұрғындар үшін 117,4 мың тонна, әлеуметтік нысандарға 21,9 мың тонна. Қазіргі таңда, өңірге 124,8 мың тонна көмір жеткізілді.
Облыс көлемінде 22 өңірлік оператор (7 ЖШС мен 15 кәсіпкер) жұмыс жасап, көмір бағасы маркаларына және жеткізу қашықтығына сәйкес 17000–26000 теңге аралығында сатылуда.
Тұрғындар мен әлеуметтік нысандарды көмірмен қамтамасыз ету мәселесі облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында.
Жылумен қамту бойынша
2025-2026 жылғы жылу беру маусымы Қызылорда қаласында 1 сәуірде аяқталды, қалған аудандарда 15 сәуірге дейін аяқтау жоспарлануда.
Жылу беру маусымында барлық әлеуметтік нысандар (1079) мен орталық жылуға қосылған қөпқабатты тұрғын үйлер (909) үздіксіз жылумен қамтылды.
Облыс бойынша тіршілікті қамтамасыз етуші кәсіпорындар штаттық режимде жұмыс жасады. Жылу сыртқы ауа температурасына сәйкес берілді.
2025-2026 жылғы жылу беру маусымын тұрақты және іркіліссіз өткізу мақсатында, «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-на газ отынын сатып алуға 375 млн.теңге қаржы субсидия берілді.
Жылу желілерін жаңғырту бойынша 2026 жылға өтпелі 6 жобаны аяқтауға республикалық бюджеттен 3,6 млрд. теңге қаржы бөлінді. Ағымдағы жылы жобаларды толығымен аяқтап, қабылдау жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде жылу желілерінің тозу деңгейі 2 пайызға төмендеді (42% дан 40% дейін).
Жаңа жылу электр орталығы бойынша
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қызылорда қаласында қуатылығы 240 мегаватт электр энергиясы мен 277 гигакалория жылу энергиясын құрайтын жаңа жылу электр орталығы құрылысы салынды.
Жобаның жалпы құны – 215 млрд.теңгені құрайды. Жылу электр орталығы инвесторы «Aksa Energy» түрік компаниясы болып табылады.
Бүгінгі таңда, компания тарапынан жылу орталығы тесттік режимде іске қосылып, 176 мегаватт электр энергиясын өндіру қуатын пайдалануға берді. Сонымен бірге 4 су жылыту қазандығы мен бу турбинасы іске қосылды.
Жылу орталығы бойынша қалған қазандықтарды ағымдағы жылдың мамыр айында толығымен қосу жоспарлануда.
Абаттандыру жұмыстары
2026 жылға облыстық бюджеттен Қызылорда қаласында Тұңғыш Президент саябағын қайта жаңғырту (Қайта түзету) жобасы бойынша жұмыстарды аяқтауға 6,4 млрд.теңге бөлінді.
Сонымен қатар, мемлекеттік жекешелік-әріптестік тарапынан «Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының аумағын көгалдандыру және абаттандыру» және «Қызылорда қаласының сыртқы жарықтандыру жүйелерін реконструкциялау, қызмет көрсету және күтіп-ұстау» жобалары бойынша жұмыстарды жалғастыруға 2026 жылға облыстық бюджеттен 3,7 млрд.теңге қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.
Бұдан басқа, Қызылорда қаласына қарасты 2 елді мекенге (Ақжарма, Талсуат) жаяу жүргіншілер жолын салу құрылысына 119,4 млн. теңге және Қызылорда қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аумағына 15 ойын алаңдарын салу жұмыстарына 1 млрд. теңге бөлініп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Ыстық сумен қамту бойынша
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қызылорда қаласын ыстық сумен қамту жобасы іске асырылуда. Жобабойынша 26,2 млрд. теңге қаржыға 423 тұрғын үй ыстық сумен қамту жоспарланған. Жоба 2 кезеңмен іске асырылуда.
Бірінші кезең бойынша 2024 жылы 186 үйді ыстық сумен қамтамасыз ету үшін Үкімет резервінен 11 млрд.теңге қаржы бөлініп, тұрғын үйлер ыстық суға қосылды.
Екінші кезең бойынша 2025 жылы 237 көппәтерлі тұрғын үйді ыстық сумен қамтамасыз ету үшін 15,2 млрд.теңге қаржы бөлініп, бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталу үстінде (ҚР Үкіметінің резервінен 5 млрд. теңге, Арнайы мемлекеттік қордан 10,2 млрд. теңге).

Сумен қамту және су бұру бойынша
Облыс аумағында 4 қала және 222 ауылдық елді мекен бар. Халықты орталықтандырылған ауыз сумен қамту үлесі 100 пайызды құрайды.
Жалпы 2026 жылға 7 жобаға 11,9 млрд. теңге қаржы қаралды. Олар:
2026 жылы 5 жобаға республикалық және облыстық бюджеттен 4,8 млрд. теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде 4 жобаны аяқтау жоспарлануда (Жалағаш ауданы, Аламесек е.м. Қызылорда қаласы 70 мың м3 биологиялық тазарту, Қызылорда қаласы орталық бөлігі және Талдыарал е.м.).
2027 жылға бір жоба өтпелі (Арал және Қазалы аудандарында магистралды су құбырын жүргізу).
Сонымен қатар, Арнаулы қор арқылы 2025 жылдан өтпелі 2 жоба бар. Олар (Жаңақорған ауданы Май бекеті, Байқоңыр қаласы). Аталған жобаларға 2025 жылы 10,0 млрд. теңге қаржы бөлініп, 3 млрд. теңге қаржысы игерілді. Қалған 7 млрд. қаржыны 2026 жылы игеру жоспарлануда.
Аталған жұмыстар нәтижесінде су желілерінің тозу деңгейі 31%-ға және кәріз желілерінің тозу деңгейі 30%-ға төмендейді деп күтілуде.

Электр энергетикасы саласы бойынша

Бүгінде өңірдегі электрмен қамту жүйелерінің жалпы ұзындығы 10 608 шақырым электр желілер және әр-түрлі кернеуліктегі 2058 дана қосалқы станциялардан тұрады, олардың тозу деңгейі 60% құрайды.
2025 жылы 6 электрмен жабдықтау жобаларын жүзеге асыруға 6 млрд.теңге бөлініп, 280 шақырым электр желісі және 87 дана қосалқы станция қайта жаңғыртудан өткізілді (Қазалы ауданы Қожабахы елді мекені, Қазалы қаласы, Сырдария ауданы Қалжан ахун елді мекені, Шиелі ауданы Шиелі кенті, Шиелі ауданы Қодаманов ауылы, Жаңақорған ауданы, Қызылорда қаласы Айнакөл ауылы).
2026 жылы жалпы құны 3,1 млрд. теңге құрайтын 9 жобамен 240 шақырым әуе желісі және 52 қосалқы станцияны қайта жаңғыртудан өткізу жоспарлануда. Нәтижесінде тозу деңгейін 60 пайыздан 59 пайызға төмендетілу көзделуде.
Сонымен бірге, келесідей жұмыстар жүргізу жоспарлануда.
СПМК-70, Арай, Сәлет, Саяхат мөлтек аудандарын қамтыйтын 35 кВ Л-33,34 әуе желісінің 2,5 шақырымын кабельдік желіге ауыстыру.
Сабалақ, Наурыз, Махамбет, Ақсуат елді мекендерін электр энергиясымен қамтамасыз ететін 35/10 кВ "Жаңаарық" қосалқы станциясын қайта жаңғырту.
Тасбөгет кенті, Бесарық, Амангелді, Жетікөл, Айдарлы, Жамбыл, Махамбетов ауылдарын, Ақсуат ауылдық елді мекенінің орталығын қамтамасыз ететін 30,6 шақырым 35 кВ Л-51, 52, 55, 56 әуе желілерін қайта жаңғыртудан өткізу.
Бүгінгі күні «'Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан 40 МВт-тық жылу қазандығының құрылысы. Сыртқы желілер» жобасының құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.
2026-2027 жылдардың бюджеттін нақтылауға «Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би ГПП Л-105 ВЛ-110 кВ реконструкциялау», «Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің сол жағалауын электрмен жабдықтау (2-кезең)» және «Қызылорда облысы, Шиелі кентіндегі 220/35/10 кВ «Шиелі» ҚС қайта жаңғырту» жобаларын құрылыс-монтаждау жұмыстарын жалғастыруға облыстық және республикалық бюджеттен қаржыландыруға бюджеттік өтінім берілді.

Апатты үйлердің мәселесі бойынша

Қызылорда облысында сараптама қорытындысымен апатты деп танылған 66 көппәтерлі тұрғын үйлер бар. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 63 үй, Сырдария ауданында 2 үй, Жалағаш ауданында 1 үй. Тұрғын үй кезегінде жалғыз баспанасы апатты деп танылған 700 тұрғын тіркелген. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 669, Сырдария ауданында 18, Жалағаш ауданында 13 отбасы.
2025 жылы облыстық бюджет есебінен сатып алынған 135 пәтер табысталып, апатты жағдайдағы 3 үй бұзылды.
2026 жылы Қызылорда қаласында жалғыз тұрғын жайы апатты деп танылған 135 отбасына пәтер сатып алу үшін облыстық бюджеттен 1,7 млрд. теңге қаралды.
Көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу
Қызылорда облысында 1505 көппәтерлі тұрғын үй бар, оның 601 күрделі жөндеуді талап етеді (40%). (2011 жылдан 73%-дан 40%-ға төмендеді).
2024 жылы республикалық бюджеттік кредит есебінен 33 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізілді (2,1 млрд.теңге), оның ішінде Қызылорда қаласы - 18, Арал ауд. – 6, Жалагаш ауд. – 2 , Сырдария – 7 үй. 2025 жылы 14 үйді күрделі жөндеуден өткізу 1,4 млрд. теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды, алайда қаржы бөлінбеді.
2026 жылы 17 көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу мақсатында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне 2,6 млрд. теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды.

Тұрғынжай үшін азамматардың төлемдер төлеу туралы
Мемлекет басшысының халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қолжетімді жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес жұмыстар жасалуда.
Азаматтарға тұрғын үйдің жалдау ақысын төлеу бойынша қаржы операторы болып «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы тағайындалды.
2026 жылы жеке тұрғын үй қорынан алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдердер жүргізуге облыстық бюджеттен 73944,0 мың теңге. «Отбасы банк» АҚ- мен ай сайын 836 азаматқа төлем жасалуда.

Тұрғын үйге кезектілік жөнінде
2026 жылдың 1 сәуіріне облыс бойынша тұрғын үй кезегінде 59 мыңнан аса адам тіркелген. 2025 жылдың 24 мамырынан бастап кезектілік жүйесін үйлестіру функциясы «Отбасы Банк» АҚ-на жүктелді. 2025 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қызылорда облысының әкімдігімен Банкке 962 пәтер кезекте тұрғандарға бөлу үшін тапсырылды, оның 805 (84%) таратылды.
Жалпы 2025 жылы 1602 отбасы, 2026 жылы 202 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.


Қызылорда облысының энергетика және тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша
2025 жылда атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

Газдандыру саласы бойынша:
Қызылорда облысы аумағында елді мекендерді газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Бүгінде облыс аумағында 4 қала және 222 ауылдық елді мекен бар. Қазіргі таңда барлық қалалар 100 пайыз газдандырылған (Қызылорда, Арал, Қазалы, Байқоңыр). Газға қосылған ауылдық елді мекендер саны 56-ға жетті.
2025 жылы газдандыру жобаларына барлығы 17,3 млрд теңге қаржы бөлінді. Аталған қаржыға 18 жоба жүзеге асырылды (республикалық бюджеттен 5,7 млрд. теңге, «Самұрық-Қазына» АҚ-нан 8,5 млрд. теңге, облыстық бюджеттен 3,1 млрд. теңге).
Жыл басынан бері өңірде 11 елді мекен (Шижаға, Ортақшыл, Баймұрат, Талдыарал, Ақтан батыр, Н.Ілиясов, Шаған, Дүр Оңғар, 21-бекет, Жансейіт, Сабалақ) көгілдір отынға қосылып, 17 мыңға жуық тұрғын табиғи газды тұтыну мүмкіндігіне ие болды.
Нәтижесінде, 2025 жылдың қорытындысы бойынша облысты газдандыру деңгейі 83 пайызға жетті.
2026 ж міндеттер:
-2026 жылы 14 жобаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен бөлінген 4,2 млрд. теңге, облыстық бюджеттен бөлінген 0,5 млрд. теңге қаржы толық игеру.
-10 елді мекенді (Ақжарма, Қамыстыбас, Төребай би, Иіркөл, Бекарыстан би, Жанқожа батыр, Түктібаев, Майдакөл, Шіркейлі, Қоғалыкөл) табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу.

Көмірмен қамтамасыз ету бойынша:
Облыс бойынша 2025-2026 жылдардағы жылу беру маусымына қажетті көмір тұтыну жоспары 139,3 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде: тұрғындар үшін 117,4 мың тонна, әлеуметтік нысандарға 21,9 мың тонна. Қазіргі таңда, өңірге 109,7 мың тонна көмір жеткізілді (79 пайыз).
Облыс көлемінде 21 өңірлік оператор (6 ЖШС мен 15 кәсіпкер) жұмыс жасап, көмір бағасы маркаларына және жеткізу қашықтығына сәйкес
17 000–26 000 теңге аралығында сатылуда.
Тұрғындар мен әлеуметтік нысандарды көмірмен қамтамасыз ету мәселесі облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында.

Электрэнергиясымен жабдықтау бойынша
Қызылорда облысында 10 608 шақырым электр желісі мен кернеуліктері, әртүрлі 2 058 қосалқы станция бар. Қазіргі таңда, электр желілерімен қоңдырғыларының тозудеңгейі 61 пайызды құрайды.
Ағымдағы жылы электр желілерімен қондырғыларының жаңғырту бойынша 12 жобаға 6 млрд.теңгеқаржы бөлініп, 3,1 млрд.теңге қаржыға 280 шақырым электр желісін және 2,9 млрд.теңгеге 87 дана қосалқы станция қайта жаңғыртудан өткізілді (Қазалы ауданы Қожабахы елді мекені, Қазалы қаласы, Сырдария ауданы Қалжан ахун елді мекені, Шиелі ауданы Шиелі кенті, Шиелі ауданы Қодаманов ауылы, Жаңақорған ауданы, Қызылорда қаласы Айнакөл ауылы).
«Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның инвестициялық бағдарламасы аясында 532,6 млн. теңгеге 40,2 шақырым әуе желісі қайта жаңғыртудан өткізілді.
Сонымен қатар, мекеменің өз қаражаты есебінен 336,9 млн. теңгеге 59,5 шақырым электр желілеріне, 97 бірлік қосалқы станцияларға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды(күрделі жөндеу – ӘЖ-35кВ – 14,59 км, ӘЖ-10кВ- 10,2 км, ӘЖ-04кВ – 18,56 км, КЛ-0,4 кВ- 0,45 км, ағымдағы жөндеу – ӘЖ-35кВ – 7,85 км, ӘЖ-10 кВ - 3,1 км, ӘЖ-0,4 кВ – 4,7 км).
Сондай-ақ, басқарма тарапынан Шиелі кентіндегі 220 кВ қосалқы станция мен Қызылорда қаласындағы 35 кВ Л-31А, Л-32А әуе желілері қайта жаңғыртудан өткізіліп, тұтынушылар үздіксіз электр энергиясымен қамтамыз етілуде.
Жаңақорған кентінің 10/0,4 кВ электр желілері толығымен қайта жаңғыртылып, кент тұрғындарының пайдалануына берілді.
«Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің сол жағалауын электрмен жабдықтау (2-кезең)» жобасына жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынып, мердігер анықталды. 2026 жылдан бастап құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Қызылорда қаласының басым бөлігін электр энергиясымен қамтамасыз етіп отырған «КЕГОК» АҚ теңгеріміндегі 220/35/10 кВ «Қызылорда» қосалқы станциясына (2 дана 40 МВА)қосымша 1 дана 25 МВА күштік трансформатор орнатылды.
Сонымен қатар, Қызылорда қаласындағы 220/35/6 кВ КТЭЦ-6 40 МВА күштік трансформаторы 63 МВАкүштік трансформаторына ауыстырылды.
«Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның қаржылық капиталын ұлғайту арқылы 2025 жылы облыстық бюджеттен 3 млрд. теңге бөлініп, аталған қаржыға қажетті электр қондырғылары мен желілері алынып, құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен орындалуда.
Атап айтқанда, Қызылорда қаласындағы жалпы ұзындығы 30,2 шақырым 10/0,4кВ электр желілерін қайта жаңғыртылды.
Жалағаш ауданы Таң ауылындағы 35/10 кВ «Таң» қосалқы станциясының 1 МВА күштік трансформаторын 2,5 МВА күштік трансформаторына ауыстыру жұмыстары жүргізілді.
2026 ж міндеттер:
Л-33,34 желілерін қайта жаңғырту (Президент парк);
"Жаңа арық" қосалқы станциясын қайта жаңғырту (периналды орталық);
"Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би ГПП Л-105 ВЛ-110 кВ реконструкциялау"
«Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің сол жағалауын электрмен жабдықтау (2-кезең)» жобасының құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау.

Ауыз сумен жабдықтау бойынша
Мемлекет басшысы 2025 жылдың аяғына дейін барлық елді мекендерді 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамту туралы тапсырма берген болатын.
Тапсырманы орындау мақсатында арнайы жол картасы әзірленіп, соған сәйкес тиісті жұмыстар атқарылды.
2024 жылдың қорытындысы бойынша облыс халқын орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 98,6 пайызды құрап, облыс аумағында орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылмаған 11 ауылдық елді мекен болатын.
Аталған елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту мақсатында
16,5 млрд. теңге қаржы бағытталды.
2025 жылы Арал ауданы Ақбасты, Абай, Тоқабай, Ерімбетжаға, Тастүбек елді мекендері топтық су құбырына қосылып, Қазалы ауданы Шәкен, Шитүбек, Сарбұлақ, Шилі елді мекендерінде ішкі су жүйелерін салынып, 2 елді мекенге су тұшытқыш қондырғысы орнатылып (Лесхоз, Бірлік) тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту мәселесі шешілді.
Нәтижесінде, 2025 жылы облыс халқын орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100% құрады.

Жылумен қамту бойынша
2025 жылы жылумен қамту нысандарын жаңғыртуға 12 млрд.теңге қаржы қаралды (республикалық бюджеттен – 1,5 млрд.теңге, Үкімет резервінен – 2,5 млрд. теңге, облыстық бюджеттен –7,6 млрд.теңге, Қызылорда жылу электр орталығы кәсіпорынның өз қаржысы есебінен 364 млн.теңге).
Оның ішінде: Қызылорда жылу электр орталығының Оңтүстік қазандықтың БОНО ЭНЕРДЖИ маркалы үш бу қазандығына Үкімет резервінен 2,5 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен 1,3 млрд.теңге бөлініп, қайта жаңғыртылды.
Сонымен қатар, Негізгі және қосалқы қондырғыларды жөндеуге – 5,1 млрд. теңге қаржы бөлінді.
Анықтама ретінде:
Сырдария өзенінің сол жағалауды жылумен жабдықтау (1-кезек) құрылысын аяқтауға - 1,1 млрд. теңге;
Сырдария өзенінің сол жағалауынақуаттылығы 40 МВТ қазандық салу және инженердлік желілерді жүргізу–2,3 млрд. теңге;
№2 ГТҚ генераторына күрделі жөндеу – 134,3 млн. тенге;
№3 күштік трансформаторды 63 МВА ұлғайту – 825,7 млн. тенге;
Негізгі және қосалқы жабдықтарды жөндеу – 414 млн. теңге (№6 және №9 БКЗ-220-100 қазандық агрегаттары, №3 ГТҚ турбинасы, Оңтүстік қазандықтың №1,2,3,4 КЕ-25-14С қазандық анрегаттары, 2 АБМҚ-ға күрделі жөндеу және 18 АБМК-ға ағымдағы жөндеу жұмыстары, «Қазалы темір жол жылу» ЖЭО-да №3 қазандықты күрделі жөндеу).

Жылу желілерін жаңғырту бойынша
Жылу желілерін жаңғырту бойынша бюджеттен 6 жобаны іске асыруға 3,6 млрд. теңге қаржы бөлініп, 7,9 шақырым жылу желісі қайта жаңғыртылды. Нәтижесінде жылу желілерінің тозу деңгейі 2 пайызға төмендеді (42% дан 40% дейін).
Жылу желілерінің тозу деңгейін азайту мақсатында облыстық бюджет қаржысы есебінен жобалар әзірленді.
Осыған байланысты, 2026-2028 жылғы республикалық бюджетті қалыптастыруға құны 12,4 млрд. теңгені құрайтын жобалар бойынша бюджеттік өтінім ұсынылды.

Жаңа жылу электр орталығы бойынша
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау мақсатында Қызылорда қаласында қуатылығы 240 мегаватт электрэнергиясы мен 277 гигакалория жылу энергиясын құрайтын жаңа жылу электр орталығы құрылысы жүргізілуде.
Жобаның жалпы құны – 215 млрд.теңгені құрайды. Жылу электр орталығы толығымен инвестор «Aksa Energy» түрік компаниясы тарапынан салынуда.
Қазіргі кезде, қуатылығы 176 мегаваттық2 дана газ турбиналық қондырғылары (General Electric, АҚШ), 95 мегаваттық бу турбинасы (Doosan Skoda, Чехия), қуаттылығы120 тонна сағатына құрайтын 2 дана бу қазандығы(AC BOILERS, Италия) мен 150 гигакалория сағатына құрайтын 4 дана жылу қазандығы(Mimsan, Түркия) толық көлемде жеткізіліп, толығымен орнатылды.
Бүгінгі таңда, инвестор – «Акса Энерджи» түрік компаниясы тарапынан жылу орталығы тесттік режимде іске қосып,176 мегаватт электр энергиясын өндіру қуатын пайдалануға берді. Ағымдағы жылы бу турбинасы іске қосылып, қосымша
95 мегаватт электр энергиясын шығаратын болады.
Инвестициялық шартқа сәйкес станцияның қосылуы
2026 жылдың тамыз айы болып табылады. Алайда, станция уақытынан ерте қосылуда.
Аталған жоба облысты толығымен электр энергиямен қамтамасыз етіп, аймағымызда өндірісті дамытуға үлкен серпін береді.

Ыстық сумен қамту бойынша
Мемлекет басшысының өңірімізге жұмыс сапары барысында Қызылорда қаласын ыстық сумен қамту мәселесін шешу туралы тапсырма берілген. Осыған орай, жалпы құны–26,2 млрд.теңгені құрайтын 423 тұрғын үйге жоба әзірленді. Жобалар 2 кезеңмен іске асырылуда.
Бірінші кезеңде 2024 жылы 186 үйді ыстық сумен қамтамасыз ету үшін Үкімет резервінен 11 млрд.теңге қаржы бөлініп, тұрғын үйлер ыстық суға қосылды.
Екінші кезең бойынша: 2025 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 5 млрд. теңге бөлініп, Қызылорда қаласынның 61 КПТҮ-лердің құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды.
Сонымен қатар, тапсырманы толық орындау мақсатында, Арнайы мемлекеттік қор қаражаты есебінен 176 көппәтерлі тұрғын үйді ыстық сумен жабдықтауды аяқтау үшін 10,2 млрд. теңге қаражат бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Тұрғын үй саласы бойынша
Өңірімізде биылғы жылы тұрғын үймен қамту жұмыстары қарқынды жүзеге асырылып, тұрғындардың баспанаға қолжетімділігі артып отыр.
Қазіргі таңда, тұрғын үй кезегінде 55 мыңнан аса адам тіркелген.2024 жылы аталған кезектегілерден1 196 отбасы баспанамен қамтылса, биылғы жылы 1450 отбасы тұрғын үйлі болды Оның ішінде 271 жетім  балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, 280 көпбалалы отбасыларға, 764 халықтың әлеуметтік осал топтағы азаматтарға, 135 жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтарға табысталды.
Апатты жағдайдағы тұрғын үйлер мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Өңірімізде сараптама қорытындысымен жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған 66 көппәтерлі тұрғын үй бар (Қызылорда қаласында 63 үй, Сырдария ауданында 2 үй, Жалағаш ауданында 1 үй).
2022-2023 жылдары бұл кезектегілерге 100 пәтер кілті табысталса, 2024 жылы 1,7 млрд. теңгеге 135 пәтер сатып алынып, 2025 жылдың наурыз айында табысталды.
2026 жылы Қызылорда қаласында жалғыз тұрғын жайы апатты деп танылған 135 отбасына пәтер сатып алу үшін облыстық бюджеттен 1,7 млрд. теңге қаралды.


Қызылорда облысының энергетика және тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша
2025 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

Газдандыру саласы бойынша
2025 жылғы шілде айына облыс халқын табиғи газбен қамту деңгейі 81 пайызды құрады.
Облыс аумағында барлық қалалар (Қызылорда, Байқоңыр, Арал, Қазалы) мен аудан орталықтары (6 аудан орталығы) және 45 ауылдық елді мекен табиғи газға қосылған.
2025 жылы газдандыру жобаларына республикалық бюджеттен 4,6 млрд. теңге, «Самұрық-Қазына» АҚ-8,5 млрд. теңге, облыстық бюджеттен 1,5 млрд. теңге қаржы бөлінді. Аталған қаржыға 11 жоба жүзеге асырылмақшы.
2025 жылдың 6 айдың қорытындысы бойынша 6 елді мекеннің (Шижаға, Ортақшыл, Баймұрат, Талдыарал, Ақтан батыр, Н.Ильясов) газдандыру жұмыстары аяқталып, табиғи газға қосылды.
Осылайша облыстың газбен қамту деңгейін 82 пайызға, газдандырылған елді мекен санын 53-ке жеткізу жоспарлануда.

Көмірмен қамтамасыз ету бойынша
Қызылорда облысы бойынша 2025-2026 жылдардағы жылу беру маусымына қажетті көмір тұтыну жоспары 139,3 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде: тұрғындар үшін 117,4 мың тонна, әлеуметтік нысандарға
21,9 мың тонна. Қазіргі таңда, өңірге «Қазақстан темір жолы»АҚ-ның мәліметіне сәйкес 5,9 мың тонна көмір жеткізілді.
Облыс көлемінде 19 өңірлік оператор (6 ЖШС мен 13 кәсіпкер)жұмыс жасап, көмір бағасы маркаларына және жеткізу қашықтықтарына сәйкес 19000 – 26000теңге аралығында сатылуда.
Тұрғындар мен әлеуметтік нысандарды көмірмен қамтамасыз ету мәселесі облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында.

Сумен жабдықтау және суды бұру туралы
Облыс аумағында 4 қала және 223 ауылдық елді мекен бар.
Барлық қалалар 100 пайыз ауыз сумен қамтылған.
Халықты орталықтандырылған ауыз сумен қамту үлесі 98,6 пайызды құрайды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қалған
23 елді мекенді 2025 жылдың соңына дейін сапалы ауыз сумен қамту мақсатында арнайы жол картасы әзірленіп, жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда.
Жол картаға сәйкес облыс аумағындағы сапалы ауыз сумен қамтылмаған ауылдар қатарындағы Арал ауданы Ерімбетжаға, Тастүбек елді мекендерін топтық су құбырына қосу, Қазалы ауданы Шәкен, Шилі, Сарбұлақ, Шитүбек елді мекендеріне ішкі су жүйелерін салу жоспарланған.
Арал ауданы Ерімбетжаға, Тастүбек елді мекендерін топтық су құбырына қосу жобасына республикалық бюджеттен - 440 млн. теңге, арнаулы мемлекеттік қордан - 1,3 млрд. теңге және облыстық бюджеттен 432,6 млн.теңге қаралған.
Қазалы ауданы Шәкен, Шилі, Сарбұлақ, Шитүбек елді мекендеріне ішкі су жүйелерін салу жобаларына республикалық бюджеттен - 347 млн. теңге, арнаулы мемлекеттік қордан - 847 млн. теңге және облыстық бюджеттен 298,9 млн.теңге қаралған. Қазіргі таңда жобалардың құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 83 шақырым су құбыры салынып, 6 мыңға жуық адам орталықтандырылған су жүйесіне қосылады. Аталған жұмыстардың нәтижесінде елді мекендерді сапалы таза ауызсумен қамту үлесі 100 пайызды құрайтын болады.
Сонымен қатар, Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырының екінші тармағын салу жобасын бастауға республикалық бюджеттен 3 млрд.теңге, Қызылорда қаласындағы биологиялық кәріздік тазарту станциясын қайта жаңғыртуға 720,8 млн.теңге және Қызылорда қаласы Гагарин көшесіндегі КНС реконструкциялауға 101,4 млн.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары қарқын алуда.
Бұдан бөлек, облыстық бюджеттен 6 жобаның құрылысына 1,2 млрд.теңге қаржы бөлінді.
Аталған жұмыстар нәтижесінде су желілерінің тозу деңгейі 33%-ға және кәріз желілерінің тозу деңгейі 32%-ға төмендейді деп күтілуде.

Электр энергетикасы саласы бойынша
2025 жылдың 1 шілдеге өңірдегі электрмен қамту жүйелерінің жалпы ұзындығы 10491 шақырым электр желілер және әр-түрлі кернеуліктегі 2018 дана қосалқы станциялардан тұрады, олардың тозу деңгейі 62% құрайды.
Ағымдағы жылы құны 6 млрд.теңге құрайтын жобаларды іске асырылуда. Атап айтсақ, 3,1 млрд.теңге қаржыға 280 шақырым электр желісін және 2,9 млрд.теңгеге 87 дана қосалқы станциялар қайта жаңғыртудан өткізілетін болады.
«Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның инвестициялық бағдарламасы аясында 532,6 млн. теңгеге 40,2 шақырым әуе желісін қайта жаңғыртудан өткізілуде.
Өз қаражаты есебінен 336,9 млн. теңгеге 59,5 шақырым электр желілеріне (күрделі жөндеу – ӘЖ-35кВ – 14,59 км, ӘЖ-10кВ- 10,2 км, ӘЖ-04кВ – 18,56 км, КЛ-0,4 кВ- 0,45 км, ағымдағы жөндеу – ӘЖ-35кВ – 7,85 км, ӘЖ-10 кВ - 3,1 км, ӘЖ-0,4 кВ – 4,7 км), 97 бірлік қосалқы станцияларға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. (01.05-31.08.2025ж.)
«Шиелі кентіндегі 220/35/10 кВ ҚС қайта жаңғырту» жұмыс жобасы бойынша қазіргі таңда 35 кВ ашық тарату қондырғысы бойынша атқарылатын жұмыстар толығымен аяқталып, тұтынушыларды электр энергиясына қосу жұмыстары жүргізілуде. 220 кВ ашық тарату қондырғысы бойынша «КЕGOC» АҚ-мен келісім алу жұмыстары жүргізілуде.
«Жаңақорған кентіндегі 10/0,4 кВ электр желісін қайта жаңғырту» жұмыс жобасы бойынша толығымен аяқталып, қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Тұтынушыларға есептегіш құралдарды қосу жұмыстары жүзеге асырылуда.
«Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің сол жағалауын электрмен жабдықтау (2-кезең)» жұмыс жобасына жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.
Сонымен қатар, «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның теңгеріміне 2025 жылы 52 нысан өткізілуі жоспарланып, қазіргі таңда 19 нысан теңгеріміне өткізілді.

Жылумен қамту бойынша
Жалпы биылғы жылы жылумен қамту нысандарын жаңғыртуға 13,5 млрд.теңге қаржы қаралуда (республикалық бюджеттен –5,2 млрд.теңге, Үкімет резервінен – 2,5 млрд. теңге, облыстық бюджеттен - 5,4 млрд.теңге, ҚЖЭО кәсіпорынныңөз қаржысы есебінен 364 млн.теңге). Оның ішінде:
Қызылорда жылу электр орталығының Оңтүстік қазандықтың БОНО ЭНЕРДЖИ маркалы үш бу қазандығын жаңғырту жұмыстарын аяқтауға Үкімет резервінен 2 млрд. 524 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 1 млрд. 329 млн.теңге бөлінді. Бүгінгі күнге құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Қызылорда жылу электр орталығында алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Жергілікті бюджет және кәсіпорын қаржысы есебінен
1 генераторды және 1 күштік трансформаторды жаңғырту, 10 бу қазандықтары мен 21 автономды қазандықтарға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда, жұмыстар 46 пайызға орындалды.
Жылу желілерін жаңғырту бойынша
Жылу желілерін жаңғырту бойынша бюджеттен 6 жобаны іске асыруға 7 млрд. 403 млн.теңге қаржы қаралуда. Бүгінгі күнге жобалар бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде жылу желілерінің тозу деңгейі 2 пайызға төмендейтін болады (42% дан 40% дейін).

Ыстық сумен қамту бойынша
Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысының өңірімізге жұмыс сапары барысында Қызылорда қаласын ыстық сумен қамту мәселесін шешу туралы тапсырма берілген болатын. Осыған орай, жалпы құны – 26,2 млрд.теңгені құрайтын 423 тұрғын үйге жоба әзірленді. Жобалар 2 кезеңмен іске асырылуда.
Бірінші кезеңде 2024 жылы 187 үйді ыстық сумен қамтамасыз ету үшін Үкімет резервінен 11 млрд.теңге қаржы бөлініп, тұрғын үйлер ыстық суға қосылды.
Екінші кезең бойынша 15,2 млрд.теңге қаржыға қалған 236 көпқабатты тұрғын үйлер ыстық сумен қамту жоспарланып отыр.
Ағымдағы жылы Үкімет резервінен 5 млрд.теңге қаржы бөлініп, Ақмешіт және Мерей мөлтек ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлерді ыстық сумен қамту жұмыстары жүргізілуде.

Жаңа жылу электр орталығы
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау мақсатында Қызылорда қаласында қуаты 240 мегаватты құрайтын жаңа жылу электр орталығының құрылысы жүргізілуде. Жобаның инвесторы түрік компаниясы – «Акса Энерджи» болып табылады. Жалпы инвестиция көлемі 215 млрд.теңгені құрайды. Бүгінгі таңда инвестор тарапынан жылу орталығының құрылысына 137 млрд. теңгеден аса инвестиция салынды. Станцияны 2025 жылдың 4 тоқсанында іске қосу жоспарлануда.

Абаттандыру жұмыстары
Ағымдағы жылға облыстық бюджеттен саябақтар мен орталықалаңдарды ағымдағы жөндеуге, аттракциондар паркін қайта жаңғыртуға 9 жобаға 18,4 млрд. теңге және Қызылорда қаласындағы 20 көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін күрделі жөндеуден өткізуге 1,0 млрд. тенге қаржы қаралып, бүгінгі күнге тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар, мемлекеттік жекешелік-әріптестік тарапынан «Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының аумағын көгалдандыру және абаттандыру» және «Қызылорда қаласының сыртқы жарықтандыру жүйелерін реконструкциялау, қызмет көрсету және күтіп-ұстау» жобалары жүзеге асырылуда.

Апатты үйлердің мәселесі бойынша
2025 жылдың 1 шілдесіне Қызылорда облысында сараптама қорытындысымен апатты деп танылған 69 үй көппәтерлі тұрғын үйлер бар. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 66 үй, Сырдария ауданында 2 үй, Жалағаш ауданында 1 үй бар.
Жалғыз тұрғын жайы апатты деп танылған көппәтерлі тұрғын үйлер бойынша барлығы 648 отбасы тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 617 отбасы, Сырдария ауданы бойынша 18 отбасы, Жалағаш ауданы бойынша 13 отбасы.
2024 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 1,7 млрд.теңгеге
135 пәтер сатып алынып, табысталды.
Сонымен қатар, 2025 жылы Қызылорда қаласында жалғыз тұрғын жайы апатты деп танылған 135 отбасына пәтер сатып алу үшін облыстық бюджеттен 1,7 млрд. теңге қаралды.

Көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу
2025 жылғы шілде айына күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 2011 жылғы 800 үйден 601 үйге азайды. (немесе 73%-дан 42,5%-ға төмендеді).
2025 жылға республикалық бюджеттен 14 көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізуге 1,4 млрд.теңге қаржы бөлуге ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне бюджеттік өтінім ұсынылды.

Тұрғынжай үшін азамматардың төлемдер төлеу туралы
Мемлекет басшысының халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қолжетімді жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес жұмыстар жасалуда.
Азаматтарға тұрғын үйдің жалдау ақысын төлеу бойынша қаржы операторы болып «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы тағайындалды.
2025 жылдың 1 шілдесіне «Отбасы банк» АҚ мен 899 азамат ай сайын төлем жасалуда.

Тұрғын үйге кезектілік жөнінде
Тұрғын үй алу кезегінде тіркеуде тұрған азамматтар саны - 36680.
Оның ішінде:
-Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - 1859;
-«Алтын алқа», «Күміс алқа», алқаларымен наградталған немес бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай ақ 1 және 2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар - 9850;
-Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары - 14006;
-Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар -10265;
-Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар – 700.


Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2025 жылдың 3 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

Газдандыру саласы бойынша
Бүгінгі күні облыс халқын табиғи газбен қамту деңгейі 80 пайызды құрайды.
Облыс аумағында барлық қалалар (Қызылорда, Байқоңыр, Арал, Қазалы) мен аудан орталықтары (6 аудан орталығы) және 40 ауылдық елді мекен табиғи газға қосылған.
Aғымдағы жылы газдандыру жобаларына республикалық бюджеттен 4,6 млрд. теңге, облыстық бюджеттен 1,3 млрд. теңге қаржы бөлінді.
Аталған қаржыға 11 жоба жүзеге асырылмақшы. Қазіргі таңда, 4 елді мекеннің (Шижаға, Ортақшыл, Баймұрат, Талдыарал) газдандыру жұмыстары аяқталып, табиғи газға қосылды.
Осылайша облыстың газбен қамту деңгейін 82 пайызға, газдандырылған елді мекен санын 53-ке жеткізу жоспарлануда.
Көмірмен қамтамасыз ету бойынша. 2024-2025 жылғы жылу беру маусымына облыс бойынша қажетті көмір көлемі – 162,5 мың тонна, оның ішінде: тұрғындарға – 135,7 мың тонна, әлеуметтік нысандар үшін – 26,8 мың тонна. Қазіргі таңда, көмір қоймаларда нақты – 14,3 мың тонна көмір қоры жасақталған (сатылғаны - 156,1 мың тн).
Көмір бағасы маркаларына сәйкес (Шұбаркөл, Қаражыра, Екібастұз) 17 мың теңгеден 23 мың теңгеге дейін сатылуда.
Облыс көлемінде 26 өңірлік операторлар тіркелген, 20 көмір қоймалары бар.
Ауыз сумен қамту бойынша
Облыс бойынша 223 ауылдық елді мекеннің 200-і немесе халық санымен алғанда 98,6 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Қалған 23 ауылда 6 мыңға жуық немесе ауыл халқының 1.4 пайызы қоныстанған.
Мемлекет басшысының 2021 жылғы жолдауында Үкіметке алдағы бес жыл ішінде халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Осыған байланысты, 23 елді мекендегі халықты 100 пайыз ауыз сумен қамту бойынша кезеңдік жоспар жасалынып, жұмыстар жүргізілуде.
Оның ішінде, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі арқылы 3 елді мекенге (Арал ауданы – Ақбасты, Абай, Тоқабай),ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі арқылы 6 елді мекенге (Арал ауданы – Тастүбек, Ерімбетжаға, Қазалы ауданы – Шәкен,Сарбұлақ, Шилі, Шитүбек) су жүйелерін салу және жергілікті бюджеттен 2 елді мекенге (Қазалы ауданы - Бірлік, Шиелі ауданы – Лесхоз ) су тұщытқыш (КБМ) орнату және қалған 12 елді мекенді қазіргі жағдайда қалдыру жоспарланып отыр.
2025 жылы ауыз сумен қамту және су бұру жобаларына республикалық бюджеттен 4,6 млрд. теңге, арнаулы қордан 2,2 млрд.теңге және облыстық бюджеттен 890 млн.теңге бөлінді. Қазіргі таңда, жобалар бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Электр энергетикасы саласы бойынша
Бүгінде өңірдегі электрмен қамту жүйелерінің жалпы ұзындығы 10491 шақырым электр желілер және әр-түрлі кернеуліктегі 2018 дана қосалқы станциялардан тұрады, олардың тозу деңгейі 62% құрайды.
2025 жылы жалпы соммасы 7 млрд. теңге бөлініп, облыста 220кВ және 35кВ 3 ірі қосалқы станциясын, 265 шақырым әуе желісін және 87 КТПН қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, ТЭЦ-6 ашық тарату қондырғысының трансформаторын, 220кВ Жалағаш және Қызылорда қосалқы станцияларының трансформаторларын алмастыру жұмыстары жүргізеді. Аталған іс-шаралар арқылы электр желілер мен қондырғылардың тозу деңгейін айтарлықтай төмендету жоспарлануда.
Жылу желілерін жаңғырту бойынша
Облыс бойынша 2024-2025 жылғы жылу беру маусымы тұрақты өтуде. Тіршілікті қамтамасыз етуші кәсіпорындар штаттық режимде жұмыс жасап тұр.
Облыс бойынша жылу желілерінің ұзындығы 217 шақырым, тозу көрсеткіші 42,0 пайызды құрайды.
Тозу деңгейін азайту мақсатында ағымдағы жылы 6 жоба бойынша
8,7 шақырым жылу желілері қайта жаңғыртылатын болады. Нәтижесінде жылу желілерінің тозуы 2,0 пайызға төмендейді.

Абаттандыру жұмыстары
Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен саябақтар мен орталық алаңдарды ағымдағы жөндеуге, аттракциондар паркін қайта жаңғыртуға 5 жобаға 16,5 млрд. теңге қаржы қаралып, бүгінгі күнге тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Апатты үйлердің мәселесі бойынша
Қазіргі таңда, Қызылорда облысында сараптама қорытындысымен апатты деп танылған 65 үй көппәтерлі тұрғын үйлер бар. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 62 үй, Сырдария ауданында 2 үй, Жалағаш ауданында 1 үй бар.
Жалғыз тұрғын жайы апатты деп танылған көппәтерлі тұрғын үйлер бойынша барлығы 606 отбасы тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 579 отбасы, Сырдария ауданы бойынша 18 отбасы, Жалағаш ауданы бойынша 9 отбасы.
2024 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 1,7 млрд.теңгеге
135 пәтер сатып алынып, табысталды.
Сонымен қатар ағымдағы жылға Қызылорда қаласында жалғыз тұрғын жайы апатты деп танылған 135 отбасына пәтер сатып алу үшін облыстық бюджеттен 1,7 млрд. теңге қаралды.

Көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу
Бүгінгі таңға, күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 2011 жылғы 800 үйден 601 үйге азайды. (немесе 73%-дан 42,5%-ға төмендеді).
2025 жылға республикалық бюджеттен 14 көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізуге 1,4 млрд.теңге қаржы бөлуге ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне бюджеттік өтінім ұсынылды.

Тұрғынжай үшін азамматардың төлемдер төлеу туралы
Мемлекет басшысының халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қолжетімді жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес жұмыстар жасалуда.
Азаматтарға тұрғын үйдің жалдау ақысын төлеу бойынша қаржы операторы болып «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы тағайындалды.
Қазіргі уақытта, «Отбасы банк» АҚ мен 790 азамат келісім жасалып, ай сайын төлем жасалуда.

Тұрғын үйге кезектілік жөнінде
Тұрғын үй алу кезегінде тіркеуде тұрған азамматтар саны - 36981.
Оның ішінде:
-Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - 1963;
-«Алтын алқа», «Күміс алқа», алқаларымен наградталған немес бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай ақ 1 және 2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар - 9859;
-Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары - 14163;
-Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар - 10196;
-Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар – 800.


Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2024 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

Апатты үйлердің мәселесі бойынша

Қызылорда облысында сараптама қорытындысымен апатты деп танылған 65 көппәтерлі тұрғын үйлер бар. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 62 үй, Сырдария ауданында 2 үй, Жалағаш ауданында 1 үй. 2024 жылдың 31 желтоқсанағы жағдай бойынша Жалғыз тұрғын жайы апатты деп танылған 790 отбасы тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 763, Сырдария ауданында 18, Жалағаш ауданында 9 отбасы.
2022-2023 жылдары облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, осы санат бойынша тұрғын үй кезегінді тұрған азаматтарға 100 пәтер берілді.
2024 жылы Қызылорда қаласының жалғыз тұрғын жайы апатты деп танылған 135 отбасына пәтер сатып алу үшін облыстық бюджеттен 1672,7 млн. теңге қаржы қаралып, қазіргі таңда, 123 пәтерді сатып алу шарттары жасалды.


Көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу

Күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 2011 жылғы 800 үйден 601 үйге азайды (немесе 73%-дан 42,5%-ға төмендеді).
2024 жылға республикалық бюджеттен 33 көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізуге 2,1 млрд.теңге қаржы бөлінді (Қызылорда қаласы - 18, Арал ауд – 6, Жалагаш ауд – 2 , Сырдария – 7 үй.
2025 жылы 18 көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу мақсатында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне 1,6 млрд. теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды.

Тұрғынжай үшін азамматардың төлемдер төлеу туралы

Мемлекет басшысының халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қолжетімді жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес жұмыстар жасалуда.
Азаматтарға тұрғын үйдің жалдау ақысын төлеу бойынша қаржы операторы болып «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы тағайындалды.
2024 жылдың 31 желтоқсанына «Отбасы банк» АҚ- мен 1639 өтінім қолдау тауып, қазіргі таңда оның 755 азаматқа ай сайын төлем жасалуда, 72 – келісім шарт жасалуда.

Тұрғын үйге кезектілік жөнінде

Тұрғын үй алу кезегінде тіркеуде тұрған азамматтар саны - 33234.
Оның ішінде:
-Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - 2020;
-«Алтын алқа», «Күміс алқа», алқаларымен наградталған немес бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай ақ 1 және 2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар - 9490;
-Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары - 13909;
-Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар - 10025;
-Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар – 790.
2024 жылы 1235 тұрғын үй алу кезегінде тіркеуде тұрған азамматтар үймен қамтамасыз етілді.

Энергетика бойынша ақпарат

Қызылорда облысында 10491 шақырым электр желілері мен 2008 дана қосалқы станциялар бар. Олардың тозу деңгейі 66% құрайды.
2024 жылы 10 жобаны жүзеге асыруға 5,7 млрд. теңге қаржы бөлінді.
Аталған қаржыға 418 шақырым электр желісі мен 73 дана қосалқы станцияны қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізілді.
Сонымен қатар, «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» акционерлік қоғамының инвестициялық бағдарламасының қаржысы 1 682,4 млн. теңгеге бекітіліп, 103,56 шақырым электр желілері қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде желілердің тозу деңгейі 66,0%-дан 62%-ға төмендетілді.

Ауыз сумен қамту бойынша

Облыс аумағында 4 қала және 223 ауылдық елді мекен бар. Барлық қалалар 100 пайыз ауыз сумен қамтылған.
Облыс тұрғындарын орталықтандырылған ауыз сумен қамту үлесі 98,6 пайызды құрайды.
Орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылмаған 22 ауылдық елді мекенде 6 мыңға жуық халық қоныстанған.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қалған 22 елді мекенді 2025 жылдың соңына дейін сапалы ауыз сумен қамту мақсатында арнайы жол картасы әзірленіп, жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда.
Жол картасы аясында 5 елді мекенді топтық су құбырына қосу, 2 елді мекенге су тұщытқышын орнату, 3 елді мекенде ішкі су жүйесінің құрылысы, 12 елді мекенді қазіргі жағдайда қалдыру жоспарланған.
2024 жылға 11 жобаға (оның ішінде: 5 жаңа жоба, 6 өтпелі жоба) барлығы 2.7 млрд.теңге қаржы бөлінді (оның ішінде РБ - 2,4 млрд.теңге, ОБ - 0,3 млрд.теңге). 2024 жылғы жобалар бойынша барлығы 88 шақырым ауыз су және 23 шақырым су бұру желілеріне жаңғырту жұмыстары жүргізіліп,нәтижесінде ауыз желілерінің тозу деңгейі 35 пайызға, су бұру желілерінің тозу деңгейі 32 пайызға төмендеді.

Жылумен қамтамасыз ету бойынша

2024-2025 жылғы жылумен қамту нысандарын жаңғыртуға 12 млрд. теңге қаржы қаралды (республикалық бюджеттен – 8,3 млрд.тг., облыстық бюджеттен – 3 млрд.тг., ҚЖЭО кәсіпорынның өз қаржысы есебінен 566 млн.тг.).
Аталған қаржыға Қызылорда жылу электр орталығының «Bono еnergy» маркалы үш бу қазандығын жаңғырту, 2 газотурбиналық қондырғы, 11 қазандыққа күрделі жөндеу және 1 турбина мен
15 қазандыққа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, жылу желілерін жаңғырту бойынша 9,3 шақырым жылу желілері жаңғыртылды. Нәтижесінде жылу желілерінің тозу деңгейі 3 пайызға төмендеді (45% дан 42% дейін).
2025 жылға 6 жоба бойынша 8,7 шақырымды құрайтын жылу желілерін жаңыртуға 7,4 млрд. теңге жалпы қажеттіліктің 2,1 млрд. теңгесі бөлінді. Нәтижесінде жылу желілерінің тозу деңгейі 2 пайызға төмендейтін болады (42% дан 40% дейін).
Жылу беру маусымы өңірімізде ағымдағы жылдың 10 қазанында басталып, орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 889 көпқабатты тұрғын үйлер мен 1067 әлеуметтік нысандар (532 - білім, 247 - денсаулық, 288 - мәдениет және спорт) толығымен жылумен қамтамасыз етілуде.

Ыстық сумен қамту бойынша

Мемлекет басшысының өңірімізге жұмыс сапары барысында Қызылорда қаласын ыстық сумен қамту мәселесін шешу туралы тапсырма берілді.
Қызылорда қаласы бойынша 624 көпқабатты тұрғын үйді ыстық сумен қамту жоспарланған. Оның ішінде, жаңа 201 үй ыстық суға дайын, қосу жұмыстары жүргізілуде. Бұдан басқа 423 үйге жоба сметалық құжаттамалар әзірленді. Жобалардың жалпы құны – 26,2 млрд.тг. Биылғы жылы 187 үйді ыстық сумен қамтамасыз ету үшін Үкімет резервінен 11 млрд.тг қаржы бөлініп, тұрғын үйлер ыстық суға қосылуда. Сонымен қатар, 2025 жылы қалған 236 көпқабатты тұрғын үйлер ыстық сумен қамту жоспарланып отыр.

Жаңа жылу электр орталығы

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау мақсатында Қызылорда қаласында қуаты 240 мегаватты құрайтын 215 млрд.теңгеге жаңа жылу электр орталығы құрылысы жүргізілуде. Жобаның инвесторы түрік компаниясы – «Акса Энерджи» болып табылады.
Инвестор тарапынан жылу орталығының құрылысына 133 млрд. теңгеден аса инвестиция салынды.
Негізгі қондырғыларды дайындауға шетелдік компанияларға тапсырыс беріліп, газотурбиналық қондырғылар мен жылу қазандығы орнатылуда.
Станция 2025 жылдың 4 тоқсанында іске қосу жоспарлануда.
Бұдан бөлек, бюджет есебінен құны 15 млрд.теңгені құрайтын жылу электр орталығын газбен қамтамасыз ету жобасы іске асырылуда. Бүгінгі күнге жұмыстар 90 пайызға орындалды.
Жаңа жылу электр орталығы облыс аумағын электрэнергиясының қажеттілігін толығымен қамтып, артылғанын басқа өңірлерге жіберуге мүмкіндік береді.

Абаттандыру

2024 жылға өңірді абаттандыру, жаяу жүргіншілер жолы, қасбеттерге күрделі жөндеу, көшелерді жарықтандыруға облыстық және республикалық бюджет есебінен жалпы 16 жобаға 6,5 млрд. теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілді.

Газдандыру бойынша

2024 жылы газдандыру жобаларына республикалық бюджеттен 3,9 млрд. теңге, облыстық бюджеттен 2,6 млрд. теңге, «Самұрық-Қазына» АҚ қорынан 24 млрд. теңге қаржы бөлінді.
Аталған қаржыға жоспарланған 11 елді мекенді газдандыру жұмыстары толығымен аяқталып, табиғи газға қосылды. Жоспарланған 400 шақырым газ құбырының орнына, 461 шақырым (115%) газ құбыры салынды.
11 елді мекен - Алмалы, Ақтоған, Бестам, Абай, Төретам, Төменарық, Ақсу, Шәменов, Сейфуллин, Тоқмағанбетов, Сексеуіл.
Осылайша 2024 жылдың қорытындысы бойынша облыстың газбен қамту деңгейін 78 пайызға, газдандырылған елді мекен санын 46-ға жеткізілді.
2025 жылдың басында 4 елді мекенді газдандыру жұмыстары толығымен аяқталып, газ жүйесіне қосылды.
4 елді мекен - Шижаға, Ортақшыл, Баймұрат, Талдыарал.
Сонымен қатар, жыл соңына дейін 5 елді мекенді газдандырып, газбен қамту деңгейін 83 пайызға өсіру жоспарлануда.
5 елді мекен - Ақтан батыр, Дүр Оңғар, Шаған, Н.Ильясов, Сабалақ.

Көмір бойынша

Қызылорда облысы бойынша 2024-2025 жылдардағы жылу беру маусымына қажетті көмір тұтыну жоспары 162,5 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде, тұрғындар үшін 135,7 мың тонна, әлеуметтік нысандарға 26,8 мың тонна. Бүгінгі күнге өңірге «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның мәліметіне сәйкес 137,9 мың тонна көмір жеткізілді. Қазіргі таңда көмір қоймаларында 26,5 мың тонна көмір қоры бар.
Облыс көлемінде 26 өңірлік оператор (9 ЖШС мен 17 кәсіпкер) жұмыс жасап, көмір бағасы маркаларына және жеткізу қашықтықтарына сәйкес 19000-26000 теңге аралығында сатылуда.
Тұрғындар мен әлеуметтік нысандарды көмірмен қамтамасыз ету мәселесі облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында.


Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасыбойынша 2024жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

Газдандыру саласы бойынша

Бүгінгі күні облыс халқын табиғи газбен қамту деңгейі 75 пайызды құрайды.
Облыс аумағында барлық қалалар (Қызылорда, Байқоңыр, Арал, Қазалы) мен аудан орталықтары (6 аудан орталығы) және 29 ауылдық елді мекен табиғи газға қосылған.
Aғымдағы жылы газдандыру жобаларына республикалық бюджеттен 3,9 млрд. теңге, облыстық бюджеттен 2,6 млрд. теңге, «Самұрық-Қазына» АҚ қорынан 24 млрд. теңге қаржы бөлінді.
Аталған қаржыға 306 шақырым газ желілері салынып, 24 жоба жүзеге асырылмақшы. Қазіргі таңда, 5 елді мекеннің (Алмалы, Бестам, Ақтоған, Торетам, Төменарық) газдандыру жұмыстары аяқталып, табиғи газға қосылды. Жоспарланған 306 шақырым газ құбырының 216 шақырымы салынды.
Осылайша облыстың газбен қамту деңгейін 78 пайызға, газдандырылған елді мекен санын 46-ға жеткізу жоспарлануда.
Көмірмен қамтамасыз ету бойынша. Алдағы жылу беру маусымына облыс бойынша қажетті көмір көлемі – 162,5 мың тонна, оның ішінде: тұрғындарға – 135,7 мың тонна, әлеуметтік нысандар үшін – 26,8 мың тонна. Қазіргі таңда, көмір қоймаларда нақты – 31 мың тонна көмір қоры жасақталған немесе 19 пайыз (сатылғаны -45,7 мың тн).
Көмір бағасы маркаларына сәйкес (Шұбаркөл, Қаражыра, Екібастұз) 17 мың теңгеден 23 мың теңгеге дейін сатылуда.
Облыс көлемінде 26 өңірлік операторлар тіркелген, 20 көмір қоймалары бар.

Ауыз сумен қамту бойынша

Облыс бойынша 230 ауылдық елді мекеннің 204-і немесе халық санымен алғанда 98,4 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Қалған 26 ауылда 7 мыңнан аса адам немесе ауыл халқының 1.6 пайызы қоныстанған.
Мемлекет басшысының 2021 жылғы жолдауында Үкіметке алдағы бес жыл ішінде халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Осыған байланысты, 26 елді мекендегі халықты 100 пайыз ауыз сумен қамту бойынша кезеңдік жоспар жасалынып, жұмыстар жүргізілуде.
2024 жылы ауыз сумен қамту және су бұру жобаларына республикалық және облыстық бюджеттен 11 жобаға 2,5 млрд. теңге бөлінді. Қазіргі таңда, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
Нәтижесінде, 82 шақырым ауыз су және 18,4 шақырым кәріз желілері жаңғыртылады.

Электр энергетикасы саласы бойынша
Бүгінде өңірдегі электрмен қамту жүйелерінің жалпы ұзындығы 10491 шақырым электр желілер және әр-түрлі кернеуліктегі 2008 дана қосалқы станциялардан тұрады, олардың тозу деңгейі 66 % құрайды.
Ағымдағы жылы электр жүйелерін жаңғырту бойынша 38 жобаға жалпы 9 млрд. теңге бөлінді. Бөлінген қаржыға 786 шақырым электр желісі жүргізіліп, 175 дана қосалқы станцияларды жөндеу жүргізу жоспарланған. Бүгінгі күнге 140,4 электр желісі қайта жаңғыртылып, 42 қосалқы станция орнатылды.
Одан бөлек, облыстық бюджеттен 1,6 млрд. теңге қаралып, 46 дана трансформаторлық станцияны күрделі жөндеу, қайта жаңғырту жұмыстары және 23,7 шақырым электр желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қоса, 4 дана арнайы автотехника сатып алынатын болады.
Инвестициялық бағдарлама бойынша 2024 жылы 460 млн. теңгеге 33,36 шақырым 10/0,4 кВ электр желілері және 1 дана 35/10 кВ қосалқы станциясына телемеханика және СКАДА жүйесін жөндеу жұмыстары жоспарланған.
Нәтижесінде электр желілерінің тозу деңгейі 66 пайыздан 62 пайызға төмендейді деп күтілуде.
2024 жылға Шиелі кентіндегі «Шиелі» 220/110/35/10 кВ қосалкы станциясын қайта жаңғырту жобасы бойынша, мемлекеттік сараптама оң қорытындысы алынып, Ұлттық қордан 1,5 млрд. теңге қаржы бөлініп, мердігер мекемесімен қондырғыларға тапсырыс берілген.
Сонымен бірге, 2024 жылы облыстық бюджет қаржысына электрмен қамтудың «Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің сол жағалауын электрмен жабдықтау (2-кезең)» жұмыс жобасына жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың қарауында.

Жылумен жабдықтау бойынша
Облыс бойынша алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізілуде.
Биылғы жылы жылумен қамту нысандарын жаңғыртуға 12 млрд.теңге қаржы қаралды (республикалық бюджеттен – 8,3 млрд.теңге, облыстық бюджеттен – 3 млрд.теңге, ҚЖЭО кәсіпорынның өз қаржысы есебінен 566 млн.теңге). Оның ішінде:
Қызылорда жылу электр орталығының Оңтүстік қазандықтың Боно Энерджи маркалы үш бу қазандығын жаңғыртуға бюджеттен 2 млрд. 700 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда, мердігер мекеме анықталып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Жергілікті бюджет және кәсіпорын қаржысы есебінен 2 газотурбиналық қондырғыныңгенераторымен 11 қазандықтар күрделі жөндеу, 1 турбина мен 15 қазандыққа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда, жұмыстар 99 пайызға орындалды.
Облыс бойынша жылу желілерінің ұзындығы 216 шақырым, тозу көрсеткіші 44,6 пайызды құрайды.
Ағымдағы жылы жылу желілерін жаңғырту бойынша бюджеттен 6 жобаны іске асыруға 6 млрд. 900 млн. теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі күнге 9,5 шақырым жылу желісінің 9,3 шақырымы жүргізіліп 97 пайызға орындалды.
Бұдан бөлек, облыстағы жалпы саны 1 067 әлеуметтік нысандардың (532 білім беру, 247 денсаулық сақтау, 288 мәдениет және спорт нысандары) дайындығы жалпы 100 пайызды құрайды.
Жалпы алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары бойынша тұрақты бақылауда.

Апатты үйлердің мәселесі бойынша
Қазіргі таңда, Қызылорда облысында сараптама қорытындысымен апатты деп танылған 54 үй көппәтерлі тұрғын үйлер бар. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 51 үй, Сырдария ауданында 2 үй, Жалағаш ауданында 1 үй бар.
Жалғыз тұрғын жайы апатты деп танылған барлығы 725 отбасы тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 698 отбасы, Сырдария ауданы бойынша 18 отбасы, Жалағаш ауданы бойынша 9 отбасы.
2024 жылы Қызылорда қаласының жалғыз тұрғын жайы апатты деп танылған 135 отбасына пәтер сатып алу үшін облыстық бюджеттен 1,6 млрд.теңге қаралды.
Көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу
Бүгінгі таңға, күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 2011 жылғы 800 үйден 550 үйге азайды (немесе 73%-дан 43,5%-ға төмендеді).
2024 жылға республикалық бюджеттен 36 көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізуге 2,111 млрд.теңге қаржы қаралалып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Тұрғынжай үшін азамматардың төлемдер төлеу туралы
Мемлекет басшысының халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қолжетімді жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес жұмыстар жасалуда.
Азаматтарға тұрғын үйдің жалдау ақысын төлеу бойынша қаржы операторы болып «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы тағайындалды.
Қазіргі уақытта, «Отбасы банк» АҚ-ы азаматпен келісімдер жасалып, ай сайын төлем жасалуда.
Тұрғын үйге кезектілік жөнінде
Тұрғын үй алу кезегінде тіркеуде тұрған азамматтар саны - 35533.
Оның ішінде:
-Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - 2068;
-«Алтын алқа», «Күміс алқа», алқаларымен наградталған немес бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай ақ 1 және 2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар - 9190;
-Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары - 13719;
-Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар -9781;
-Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар – 775.


Газдандыру саласы бойынша

2024 жылы Шиелі ауданындағы Тәжібаев, Бестам ауылдары газға қосылып, облыс бойынша газдандырылған елді мекендердің саны 38-ге артты.
Сондай-ақ, 2024 жылы республикалық және облыстық бюджеттен 20 жобаға 6 млрд.тг. қаржы бөлінді (ҰҚ-3 942 255 мың теңге, РБ-9 373 мың теңге, ОБ-2 131 759 мың теңге).
2024 жылдың соңына дейін 8 ауылдық елді мекенге (Сексеуіл, Абай, Төретам, Ақсу, Шәменов, С.Сейфуллин, А.Тоқмағанбетов, Төменарық) табиғи газ беріліп, облыстың газбен қамту деңгейі 78 пайызға, газдандырылған елді мекен санын 46-ға жеткізу жоспарлануда.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, аймақ бойынша 306 шақырым газ желілерін жаңғыртуға және 20 мыңнан астам адамды газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жобалардың тізбесі айқындалып, Үкіметтің 2024 жылғы 31 мамырдағы №431 Қаулысы қабылданды.
Қаулыға сәйкес, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ тарапынан 16 жобаға 24 020 307 мың теңге қаржы бөлінді.

Ауыз сумен қамту бойынша

Облыс бойынша 230 ауылдық елді мекеннің 204-і немесе халық санымен алғанда 98,4 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Қалған 26 ауылда 7 мыңнан аса адам немесе ауыл халқының 1.6 пайызы қоныстанған.
Мемлекет басшысының 2021 жылғы жолдауында Үкіметке алдағы бес жыл ішінде халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Осыған байланысты, 26 елді мекендегі халықты 100 пайыз ауыз сумен қамту бойынша кезеңдік жоспар жасалынып, жұмыстар жүргізілуде.
2024 жылы ауыз сумен қамту және су бұру жобаларына республикалық және облыстық бюджеттен 11 жобаға 2,5 млрд. теңге бөлінді. Қазіргі таңда, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
Нәтижесінде, 82 шақырым ауыз су және 18,4 шақырым кәріз желілері жаңғыртылады.

Электр энергетикасы саласы бойынша
Бүгінде өңірдегі электрмен қамту жүйелерінің жалпы ұзындығы 10490,82 шақырым электр желілер және әр-түрлі кернеуліктегі 2008 дана қосалқы станциялардан тұрады, олардың тозу деңгейі 66 % құрайды.
2023 жылы облыстағы бірінші кезекте жөндеуді қажет ететін электрмен қамту нысандары анықталып, жаңғырту-жөндеу, ауыстыру жоспары жасалды. Оның бірінші кезеңіне облыстық бюджеттен 1,6 млрд.теңге қаражат бөлінді. Бұл қаржыға кернеулігі 10/0,4 кВ 35 қосалқы станция ауыстырылып, 27 дана кірпіштен жасалған ескі күштік трансформатор күрделі жөнделді.
Оған қоса 32 шақырым желі ауыстырылды.
2024 жылға екінші кезекке облыстық бюджеттен 1,5 млрд. теңге қаржы бөлініп, бөлінген қаржыға 16 дана 10/0,4 кВ-ты ТП, КТПН-ді 10/0,4кВ КТПБ-ға ауыстыру, 0,5 шақырым 35кВ Л–33,34 әуе желілерін жаңғырту, ұзындығы 128,4 шақырым 10/0,4 кВ әуе желілерін қайта жаңарту, 5,6 шақырым 0,4 кВ кабель желілерін қайта жаңарту және автотехника сатып алу, атап айтқанда 4 дана «Коммуналдық қызметтерге арналған металл платформасы бар автокөлік», «Жылжымалы электротехникалық зертхана автокөлігі», «Мамандандырылған кран-манипулятор автокөлігі» қарастырылды.
2024 жылға Шиелі кентіндегі «Шиелі» 220/110/35/10 кВ қосалкы станциясын қайта жаңғырту жобасы бойынша, мемлекеттік сараптама оң қорытындысы алынып, Ұлттық қордан 1,5 млрд. теңге қаржы бөлініп, жеңімпаз анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.

Жылумен жабдықтау бойынша
Облыс бойынша алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізілуде.
Биылғы жылы жылумен қамту нысандарын жаңғыртуға 12 млрд.теңге қаржы қаралды (республикалық бюджеттен – 8,3 млрд.теңге, облыстық бюджеттен – 3 млрд.теңге, ҚЖЭО кәсіпорынның өз қаржысы есебінен 566 млн.теңге). Оның ішінде:
Қызылорда жылу электр орталығының Оңтүстік қазандықтың Боно Энерджи маркалы үш бу қазандығын жаңғыртуға бюджеттен 2 млрд. 700 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда, мердігер мекеме анықталып, құрылыс жұмыстары басталуда.
Жергілікті бюджет және кәсіпорын қаржысы есебінен 2 газотурбиналық қондырғыныңгенераторымен 11 қазандықтар күрделі жөндеу, 1 турбина мен 15 қазандыққа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда, жұмыстар 59 пайызға орындалды.
Облыс бойынша жылу желілерінің ұзындығы 216 шақырым, тозу көрсеткіші 44,6 пайызды құрайды.
Ағымдағы жылы жылу желілерін жаңғырту бойынша бюджеттен 6 жобаны іске асыруға 6 млрд. 900 млн. теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі күнге 9,5 шақырым жылу желісінің 2,3 шақырымы жүргізіліп 24 пайызға орындалды.
Бұдан бөлек, облыстағы жалпы саны 1 067 әлеуметтік нысандардың (532 білім беру, 247 денсаулық сақтау, 288 мәдениет және спорт нысандары) дайындығы жалпы 59 пайызды құрайды (оның ішінде білім беру нысандары – 57%, денсаулық сақтау – 62%, мәдениет және спорт нысандары – 60%). Жалпы алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары бойынша тұрақты бақылауда.
Абаттандыру жұмыстары
2024 жылы облыс бойынша 19 абаттандыру жобасын жүзеге асыруға республикаляқ және облыстық бюджеттен 6,5 млрд. тенге бөлінді. Бұл қаржыға 56 көшеге 57 шақырым жаяу жүргіншілер жолының құрылысы,
26 көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін жөндеу және 62,5 шақырым құрайтын 54 көшені жарықтандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Сонымен қатар, демеушілер есебінен құны 1 млрд.тг. құрайтын Қызылорда қаласының орталық алаңына абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Абаттандыру жұмыстарының мерзімінде әрі сапалы жүргізілуі тұрақты бақылауында.

Апатты үйлердің мәселесі бойынша
Қазіргі таңда, Қызылорда облысында сараптама қорытындысымен апатты деп танылған 55 үй көппәтерлі тұрғын үйлер бар. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 51 үй, Сырдария ауданында 3 үй, Жалағаш ауданында 1 үй бар.
Жалғыз тұрғын жайы апатты деп танылған барлығы 663 отбасы тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 638 отбасы, Сырдария ауданы бойынша 18 отбасы, Жалағаш ауданы бойынша 7 отбасы.
2024 жылы Қызылорда қаласының жалғыз тұрғын жайы апатты деп танылған 135 отбасына пәтер сатып алу үшін облыстық бюджеттен 1,6 млрд.теңге қаралды.

Көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу
Бүгінгі таңға, күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 2011 жылғы 800 үйден 550 үйге азайды. (немесе 73%-дан 43,5%-ға төмендеді).
2024 жылға республикалық бюджеттен 36 көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізуге 2,111 млрд.теңге қаржы қаралды.

Тұрғын-жай үшін азамматардың төлемдер төлеу туралы
Мемлекет басшысының халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қолжетімді жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес жұмыстар жасалуда.
Азаматтарға тұрғын үйдің жалдау ақысын төлеу бойынша қаржы операторы болып «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы тағайындалды.
Қазіргі уақытта, «Отбасы банк» АҚ мен 784 азамат келісім жасалып, ай сайын төлем жасалуда.

Тұрғын үйге кезектілік жөнінде
Тұрғын үй алу кезегінде тіркеуде тұрған азамматтар саны - 35782.
Оның ішінде:
-Ұлы отан соғысының ардагерлері - 2;
-Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - 2251;
-«Алтын алқа», «Күміс алқа», алқаларымен наградталған немес бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай ақ 1 және 2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар - 8407;
-Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары - 13895;
-Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар -10503;
-Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар – 725.


2024 жылдың 3 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

Газдандыру саласы бойынша

Жыл қорытындысымен облыс тұрғындарының табиғи газбен қамту үлесі 75 пайызды құрады. 4 қала (Қызылорда, Арал, Қазалы, Байқоңыр) 100 пайыз газдандырылған. 230 ауылдық мекеннің 35 ауылы газдандырылған.
Өткен жылы 26 жобаны жүзеге асыруға 9,2 млрд.теңге бөлінді
11 жоба (Ақай, Махамбетов-Наурыз, Бірлік-Қыраш ,Абай-Досан, Қалжан ахун, Еңбекші, Жиделіарық, Тәжібаев, Жайылма, Құттықожа-Шалқия, Кейден) толық аяқталды. 14 жоба (Төретам кенті, Сексеуіл АГТС, Сексеуіл, Шоқай АГРС, Абай, Ақсу, А.Тоқмағанбетов, Сейфуллин, Шәменов, Алмалы, Бестам, Ақтоған, Төменарық, Жаңақорған ауданында броилер өсіру бойынша құс фабрикасын газбен жабдықтау) 2024 жылға өтпелі.
2024 жылы 20 газбен жабдықтау жобаларын жүзеге асыруға 5,3 млрд.теңге бөлінді. Оның ішінде: РБ-тен 4,2 млрд.теңге, ОБ-тен 1,1 млрд.теңге.
Бұл қаржыға 2023 жылдан өтпелі 14 жоба жалғастырылады және 6 жаңа жоба құрылысы басталады.
2024 жылдың соңында 11 ауылдық елді мекенге (Сексеуіл, Абай, Төретам, Ақсу, Шәменов, С.Сейфуллин, А.Тоқмағанбетов, Алмалы, Бестам, Ақтоған, Томенарық) табиғи газ беріліп, облыстың газбен қамту деңгейі 78 пайызға, газдандырылған елді мекендер санын 46-ға жеткізу жоспарлануда.

Ауыз сумен қамту бойынша
Облыс бойынша 230 ауылдық елді мекеннің 204-і немесе халық санымен алғанда 98,4 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Қалған 26 ауылда 7 мыңнан аса адам немесе ауыл халқының 1.6 пайызы қоныстанған.
Мемлекет басшысының 2021 жылғы жолдауында Үкіметке алдағы бес жыл ішінде халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Осыған байланысты, 26 елді мекендегі халықты 100 пайыз ауыз сумен қамту бойынша кезеңдік жоспар жасалынып, жұмыстар жүргізілуде.
Оның ішінде, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі арқылы 3 елді мекенге (Арал ауданы – Ақбасты, Абай, Тоқабай), ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі арқылы 5 елді мекенге (Арал ауданы –Тастүбек, Ерімбетжаға, Қазалы ауданы – Шәкен,Сарбұлақ, Шилі) су жүйелерін салу және жергілікті бюджеттен 24 елді мекенге (Арал ауданы (6) – Тастүбек, Қазалы ауданы (11) – Ажар, Бірлік, Сарбұлақ, Жұбан, Шилі;, Шиелі ауданы (2) – Лесхоз, Ақтам ) су тұщытқыш (КБМ) орнату жоспарланып отыр.

2024 жылы ауыз сумен қамту және су бұру жобаларына республикалық және облыстық бюджеттен 12 жобаға 2,5 млрд. теңге бөлінді. Қазіргі таңда, жобалар тиісті құрылыс-монтаж жұмыстары мерзімінде атқарылып пайдалануға берілетін болады.

Электр энергетикасы саласы бойынша
Бүгінде өңірдегі электрмен қамту жүйелерінің жалпы ұзындығы 10490,82 шақырым электр желілер және әр-түрлі кернеуліктегі 2008 дана қосалқы станциялардан тұрады, олардың тозу деңгейі 66 % құрайды.
Электр жүйелерінің тозу деңгейін 30 пайызға дейін төмендету үшін 153 млрд.теңге қаржы қажет етуде.
Бұл ауқымды қаражат болғандықтан, облыстық бюджет есебінен 2022 жылы 548 млн.теңге бөлініп, «КРЭК» АҚ-ның жарғылық капиталы ұлғайтылды. Қызылорда қаласының 35/10 кВ-лық «Силикатная», «Промышленная» және «Комсомол» қосалқы станцияларындағы күштік трансформаторлар ауыстырылды.
Облыстағы бірінші кезекте жөндеуді қажет ететін электрмен қамту нысандары анықталып, жаңғырту-жөндеу, ауыстыру жоспары жасалды. Оның бірінші кезеңіне облыстық бюджеттен 1,6 млрд.теңге қаражат бөлінді. Бұл қаржыға кернеулігі 10/0,4 кВ 35 қосалқы станция ауыстырылып, 27 дана кірпіштен жасалған ескі күштік трансформатор күрделі жөнделді.
Оған қоса 32 шақырым желі ауыстырылды.
2024 жылға екінші кезекке облыстық бюджеттен 1,5 млрд. теңге қаржы бөлініп, бөлінген қаржыға 16 дана 10/0,4 кВ-ты ТП, КТПН-ді 10/0,4кВ КТПБ-ға ауыстыру, 0,5 шақырым 35кВ Л–33,34 әуе желілерін жаңғырту, ұзындығы 128,4 шақырым 10/0,4 кВ әуе желілерін қайта жаңарту, 5,6 шақырым 0,4 кВ кабель желілерін қайта жаңарту және автотехника сатып алу, атап айтқанда 4 дана «Коммуналдық қызметтерге арналған металл платформасы бар автокөлік», «Жылжымалы электротехникалық зертхана автокөлігі», «Мамандандырылған кран-манипулятор автокөлігі» қарастырылды.
2024 жылға Шиелі кентіндегі «Шиелі» 220/110/35/10 кВ қосалкы станциясын қайта жаңғырту жобасы бойынша, мемлекеттік сараптама оң қорытындысы алынып, Ұлттық қордан 1,5 млрд. теңге қаржы бөлініп, жеңімпаз анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.

Жылу желілерін жаңғырту бойынша
Облыс бойынша жылу беру маусымы тұрақты өтуде. Облыстағы барлық 1067 әлеуметтік нысандар мен орталықтандырылған жылу жүйелеріне қосылған 882 көпқабатты тұрғын үйлер жылумен қамтамасыз етілуде. Тіршілікті қамтамасыз етуші кәсіпорындар штаттық режимде жұмыс жасауда.
2023жылы облыстық бюджет есебінен 1,5 млрд.теңгеге Қызылордажылуэлектрорталығын 2 газотурбиналық қондырғысы мен 1 су қазандығына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.Кәсіпорынның өз қаржысы есебінен 9 бу қазандығы мен 1 бу турбинасы және 18 автономды қазандықтар жөндеуден өтті.
Облыс бойынша жылу желілерінің ұзындығы 208 шақырым. 2023 жылы республикалық бюджеттен8 жобаға 8 млрд.теңге қаржы бөлініп, 8,7 шақырым жылу желілері ауыстырылды. Нәтижесінде тозу көрсеткіші 2,9 пайызы төмендеді (47,5%-дан 44,6%-ға дейін).
2024 жылы 9,5 шақырым желілеріні қайта жаңғыртуға республикалық бюджеттен 6,2 млрд теңге бөлінді. Мердігер мекемелер анықталып, келісім шарт жасалынды. Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен 8 жобаның ЖСҚ әзірленуде және 6 жобаның ЖСҚ бойынша конкурс жұмыстары жүруде.

Апатты үйлердің мәселесі бойынша
Қазіргі таңда, Қызылорда облысында сараптама қорытындысымен апатты деп танылған 55 үй көппәтерлі тұрғын үйлер бар. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 51 үй, Сырдария ауданында 3 үй, Жалағаш ауданында 1 үй бар.
Жалғыз тұрғын жайы апатты деп танылған барлығы 663 отбасы тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 638 отбасы, Сырдария ауданы бойынша 18 отбасы, Жалағаш ауданы бойынша 7 отбасы.
2024 жылы Қызылорда қаласының жалғыз тұрғын жайы апатты деп танылған 135 отбасына пәтер сатып алу үшін облыстық бюджеттен 1,6 млрд.теңге қаралды.

Көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу
Бүгінгі таңға, күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 2011 жылғы 800 үйден 550 үйге азайды.
(немесе 73%-дан 43,5%-ға төмендеді).
2023 жылға республикалық бюджеттен 17 көппәтерлі тұрғын үйді жөндеуге 860,7 млн.теңге қаржы бөлінді. Қызылорда қаласында 11 үй, Қазалы 4 үй, Жаңақорған ауданы 2 үй.
2024 жылға республикалық бюджеттен 36 көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізуге 2,111 млрд.теңге қаржы қаралды.

Тұрғынжай үшін азамматардың төлемдер төлеу туралы
Мемлекет басшысының халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қолжетімді жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес жұмыстар жасалуда.
Азаматтарға тұрғын үйдің жалдау ақысын төлеу бойынша қаржы операторы болып «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы тағайындалды.
Қазіргі уақытта, «Отбасы банк» АҚ мен 784 азамат келісім жасалып, ай сайын төлем жасалуда.

Тұрғын үйге кезектілік жөнінде
Тұрғын үй алу кезегінде тіркеуде тұрған азамматтар саны - 35782.
Оның ішінде:
-Ұлы отан соғысының ардагерлері - 2;
-Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - 2251;
-«Алтын алқа», «Күміс алқа», алқаларымен наградталған немес бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай ақ 1 және 2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар - 8407;
-Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары - 13895;
-Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар -10503;
-Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар – 725.


Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2023 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

Газдандыру саласы бойынша

Қызылорда облысы бойынша 3 қала (Қызылорда, Байқоңыр, Қазалы) 7 аудан орталығы және 19 елді мекен табиғи газға қосылған.
2023 жылы 26 газбен жабдықтау жобаларын жүзеге асыруға 9,3 млрд.теңге бөлінді. Оның ішінде: республикалық бюджеттен – 8,1 млрд.теңге облыстық бюджеттен – 1,1 млрд. теңге.
2023 жылдың қорытындысы бойынша 13 елді мекен табиғи газға қосылып, газдандырылған ауылдық елді мекеннің саны 35-ге артып, жыл қорытындысымен газдандыру деңгейі 75 пайызға жетті.
2024 жылы республикалық бюджеттен 17 газдандыру жобасына 4,1 млрд.теңге қаржы қаралды.
2024 жылдың қорытындысымен газдандыру деңгейін 78 пайызға жеткізу жоспарлануда.

Ауыз сумен қамту бойынша
Облыс аумағы бойынша барлық 230 ауылдық елді мекеннің 198-і немесе халық санымен алғанда 98,1 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған.
2023 жылы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» және «Ауыл ел бесігі» бағдарламалары бойынша 23 жобаға барлығы 7,2 млрд.теңге қаржы бөлінді.
2023 жылы Арал ауданы, Көктем елді мекенін топтық су жүйесіне қосу жұмыстары және Құланды елді мекені, Шиелі ауданы Жуантөбе елді мекендеріне су тұщытқыш қондырғысын орнату жұмыстары аяқталды.
Шиелі ауданы Қызылқайын және Қосүйенкі елді мекендерінің ішкі су жүйелерін салу жұмыстары аяқталып нысан пайдалануға берілді.
Жыл соңында ауылдық елді мекен тұрғындарын ауыз сумен қамту деңгейі 98,4 пайызға жеткізілді.

Электр энергетикасы саласы бойынша


Қызылорда облысында 10 мың шақырымнан астам электр желілері мен кернеуліктері әртүрлі 1867 қосалқы станция бар. Олардың тозу деңгейі жыл басында 68% құрады.
2023 жылы электрмен қамтудың 6 жобасын жүзеге асыруға 3,7 млрд.теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде: республикалық бюджеттен – 2,1 млрд. теңге, облыстық бюджеттен - 1,6 млрд.теңге.
Сонымен қатар, құрылысы 2022 жылы бастау алған «Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентіндегі 10/0,4 кВ электр желілік жүйені жаңғырту» жобасының құрылыс монтаждау жұмыстары жалғасуда.
2023 жылы республикалық бюджеттен 1,2 млрд.теңге бөлініп, нәтижесінде 122,98 электр желісі мен 33 дана КТПН орнатылды.
Аяқталу мерзімі 2024 жыл.
Сонымен бірге Сырдария ауданы Шаған және Амангелді елді мекендерінің электрмен жабдықтау», Шиелі кентіндегі және «Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінің электр желілерін қайта жаңғырту» жобаларына республикалық бюджеттен 929,4 млн. теңге қаржы бөлініп, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, «ҚЭТТК» АҚ жарғылық капиталын ұлғайтуға облыстық бюджеттен 1,6 млрд.теңге бөлінді. Аталған қаржыға Қызылорда қаласындағы 35 дана 10/0,4 кВ қосалқы станцияны блокты модульды типке ауыстыру, 27 дана 10/0,4 кВ қосалқы станцияның ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу, 31,6 км кабель желілерін ауыстыру жұмыстары жүргізілді.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жыл қорытындысы бойынша электрмен қамту жүйесіндегі нормативтік-техникалық сыраптар 14,6% ға дейін, тозу деңгейі 66% ға дейін төмендеді.

Жылу желілерін жаңғырту бойынша
Облыс бойынша жылу желілерінің ұзындығы 208 шақырым, желілердің тозуы 47,5% құрайды.
Биыл республикалық бюджеттен 8 жобаға 8 млрд.теңге қаржы бөлініп, 8,7 шақырым жылу желілері ауыстырылды.
Нәтижесінде тозу көрсеткіші 2,9 пайызға төмендеді
(47,5%-дан 44,6%-ға дейін).
Облыс бойынша алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізілуде.
Абаттандыру жұмыстары
2023 жылы қала және аудандарды абаттандыруға республикалық және облыстық бюджеттен 51 жобаға 6 200.0 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілді.
Оның ішінде: Көшелерді жарықтандыру бойынша 33 жобаға 1131,0 млн. тг қаржы бөлінді (Қызылорда қала көшелерін, Қызылжарма, Қарауылтөбе, Қосшынырау, Қызылөзек, Ақжарма а/о көшелері, Арал қаласындағы 5 көшелері, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде 13 көшесі, ДурОнгар ауылындағы 5 көшесі, Жаңақорған аудан орталығының 4 көшесін жарықтандыру).
Жаяу жүргіншілер жолына - 10 жобаға 1 188,0 млн.тг қаржы бөлінді (Қызылорда қаласы 19 көше, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаішілік жолын жөндеу (17 аула), Қарауылтөбе, Қосшынырау, Қызылөзек, Қызылжарма, Ақсуат а/о, Сырдария ауданы Айдарлы ауылындағы көшесіне жаяужүргіншілержолынорналастыру).
Абаттандыру жұмыстарына – 8 жобаға 3 900 млн.тг (Қызылорда қаласы Ғ. Мұратбаев стадион аумағын, С. Бейбарыс көшесін, сол жағалаудағы Абылайхан даңғылы, қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің аула ішілік аумақтарын күрделі жөндеу, Арал қаласындағы «Рыбаков» аллеясын қайта жаңғырту, Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі 6 көпқабатты үйдің аумағын абаттандыру,орталық алаңды абаттандыру).
«Қызылорда су жүйесі» МКК-на арнайы техника алуға 1 200,0 млн. теңге қаржы қаралып, 31 техника сатып алынды.

Апатты үйлердің мәселесі бойынша
Қазіргі таңда, Қызылорда облысында сараптама қорытындысымен апатты деп танылған 55 үй көппәтерлі тұрғын үйлер бар. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 51 үй, Сырдария ауданында 3 үй, Жалағаш ауданында 1 үй бар.
Жалғыз тұрғын жайы апатты деп танылған барлығы 634 отбасы тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 609 отбасы, Сырдария ауданы бойынша 18 отбасы, Жалағаш ауданы бойынша 7 отбасы.
2022 жылы облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, осы санат бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған 60 азаматтарға пәтер берілді және 2023 жылы 40 пәтер берілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің №976 жарлығына сәйкес облыс бойынша сараптама қорытындысымен апатты деп танылған көппәтерлі тұрғын үйлерді бұзу жолымен меншік иелерін 2029 жылға дейін жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету жол картасы облыс әкімімен бекітіліп, министрлікке жолданды.

Көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу
Бүгінгі таңға, күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 2011 жылғы 800 үйден 550 үйге азайды.
(немесе 73%-дан 43,5%-ға төмендеді).
2023 жылға республикалық бюджеттен 17 көппәтерлі тұрғын үйді жөндеуге 862,4 млн.теңге қаржы бөлінді. Қызылорда қаласында 11 үй, Қазалы 4 үй, Жаңақорған ауданы 2 үй.
2024 жылға республикалық бюджеттен 36 көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізуге 2,111 млрд.теңге қаржы қаралды.

Тұрғынжай үшін азамматардың төлемдер төлеу туралы
Мемлекет басшысының халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қолжетімді жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес жұмыстар жасалуда.
Азаматтарға тұрғын үйдің жалдау ақысын төлеу бойынша қаржы операторы болып «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы тағайындалды.
Қазіргі уақытта, «Отбасы банк» АҚ мен 645 азамат келісім жасалып, ай сайын төлем жасалуда.

Тұрғын үйге кезектілік жөнінде
Тұрғын үй алу кезегінде тіркеуде тұрған азамматтар саны - 36221.
Оның ішінде:
-Ұлы отан соғысының ардагерлері - 2;
-Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - 2289;
-«Алтын алқа», «Күміс алқа», алқаларымен наградталған немес бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай ақ 1 және 2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар - 7948;
-Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары - 13774;
-Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар - 11518;
-Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар – 690.


Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2023 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

Газдандыру саласы бойынша

2022 жылдың қорытындысы бойынша облыстың газдандыру деңгейі 70%-ды құрайды. Оның ішінде: 4 қала (Қызылорда, Байқоңыр, Арал, Қазалы) – 100 пайыз (халық санымен), 22 ауылдық елді мекен – 9,56 пайыз (елді мекен санымен).

2023 жылдың 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 3 елді мекен (Махамбетов-Наурыз, Бірлік, Қыраш)  табиғи газға қосылып, газдандырылған ауылдық елді мекеннің саны 25-ке артып, газдандыру деңгейі 10,8 пайызды құрады.

2023 жылы 26 газбен жабдықтау жобаларын жүзеге асыруға 8,3 млрд.теңге (8 337 022,6 280 мың.теңге) бөлінді. Оның ішінде: республикалық бюджеттен -
7,3 млрд.теңге (7 270 622 мың.теңге), облыстық бюджеттен – 1,1 млрд. теңге (1 066 400,6 мың теңге).

Бұл қаржыға 2022 жылы  басталған 7 жоба (Сексеуіл АГТС, Сексеуіл, Төретам, Ақай, Махамбетов-Наурыз, Бірлік-Қыраш, Шоқай АГТС) жалғастырылады және 19 жаңа  (Абай-Досан, Қалжан ахун, Сейфуллин, А.Тоқмағанбетов, Ақсу, Шәменов, Еңбекші, Жиделіарық, Тәжібаев, Алмалы, Бестам, Ақтоған, Жайылма, Құттықожа-Шалқия, Төменарық, Кейден, Абай, Жаңақорған ауданында броилер өсіру бойынша құс фабрикасын газбен жабдықтау, Жаңақорған кентінің кеңейтілген аумақтарын газбен қамту (ақ дақтар) жобаның құрылысы басталады.

Сондай-ақ, 2023 жылға арналған Республикалық бюджеттің нақтылануына 12 жаңа жобаның құрылысын қаржыландыруға 7,3 млрд. теңгеге және жалғастырылатын 3 жобаның құрылысын аяқтауға 2,1 млрд теңге бюджеттік өтінім ұсынылды.

2023 жылдың соңында 9 елді мекеннің (Төретам, Ақай, Абай, Досан, Қалжан ахун,  Жайылма, Құттықожа, Шалқия, Кейден) газдандыру жобасы аяқталып, 40 мыңға жуық тұрғын табиғи газдың игілігін көретін болады.

Сонымен қатар, 2024-2026 жылға арналған Республикалық бюджеттің қалыптастыруға  21 жобаның құрылысын қаржыландыруға 17,2 млрд. теңге бюджеттік өтінім ұсынылды.

2023 жылдың қорытындысымен газдандыру деңгейі 75 пайызға жеткізу жоспарлануда.

Ауыз сумен қамту бойынша

Облыс бойынша барлық 230 ауылдық елді мекеннің 198 немесе халық санымен алғанда 98,1 пайызы (442,4 мың адамның 434 мың адам) орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған.

Мемлекет басшысының 2021 жылғы жолдауында Үкіметке алдағы бес жыл ішінде халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз ету тапсырмасы бойынша өңірімізде кешенді жоспар әзірленіп, тиісті жұмыстар атқарылуда.

2023 жылы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» және «Ауыл ел бесігі» бағдарламалары бойынша 23 жобаға барлығы 7,2 млрд.теңге қаржы бөлінді.

Жобалар толығымен аяқталған соң 163 шақырым ауыз су жүйелері жаңғыртылып, 100 мыңнан аса халықтың ауыз сумен қамтылуы жақсарады.

Сонымен қатар, облыстық бюджеттен Арал ауданы Құланды елді мекеніне және Шиелі ауданы Жуантөбе елді мекеніне су тұщытқыш орнатуға 38,5 млн. теңге қаржы бөлінді.

Жыл соңына дейін ауыл тұрғынын ауыз сумен қамту деңгейін 98,3 пайызға жеткізу жоспарлануда.

Электр энергетикасы саласы бойынша

Бүгінде өңірде 10 мың шақырымнан астам электр желілері мен кернеуліктері әртүрлі 2000-ға жуық қосалқы станциялар бар. Олардың тозу деңгейі 68 пайызды құрайды.

2023 жылы электрмен қамтудың 7 жобасын жүзеге асыруға 3,7 млрд.теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде: республикалық бюджеттен – 2,1 млрд. теңге, облыстық бюджеттен - 1,6 млрд.теңге.

Аталған қаржыға, 2022 жылы басталған 1 жоба жалғастырылып, 4 жаңа жобаның құрылысы жүргізілуде.

Сонымен қатар, «КРЭК» АҚ жарғылық капиталын ұлғайтуға облыстық бюджеттен 1,6 млрд.теңге бөлінді.

Аталған қаржыға Қызылорда қаласындағы 35 дана 10/0,4 кВ қосалқы станцияны блокты модульды типке ауыстыру, 27 дана 10/0,4 кВ қосалқы станцияның ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу, 31,6 км кабель желілерін ауыстыру жұмыстары жүргізілді.

2024-2026 жылғы Республикалық бюджетті қалыптастыруға құны 4,5 млрд. теңгені құрайтын Шиелі ауданындағы қуаттылығы 220/35/10 кВ қосалқы станциясын қайта жаңғыртуға 2024 жылға 1,5 млрд.теңге бюджеттік өтінім ұсынылды.

Жылумен қамтамасыз ету

Облыс бойынша алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізілуде.

Облыс бойынша жылу желілерінің ұзындығы 208 шақырым желілердің тозуы  47,5% құрайды.  

Биыл 8,9 шақырым жылу желілерін жаңғыртуға республикалық бюджеттен 8 жобаға 8 млрд.теңге бөлінді:

- 6 жоба нысаналы трансфертпен 7 млрд. теңге;

- 2 жоба бюджеттік несие есебінен 922 млн. теңге,

Бүгінгі күнге, жоспарланған 8,9 шақырым жылу желілерінің  7.5 шақырымы немесе 84 пайызы ауыстырылды.

Облыста 1067 әлеуметтік нысан бар, оның ішінде 532 білім беру, 247 денсаулық сақтау, 288 мәдениет және спорт нысандары. Жылу беру маусымына дайындықтары – 100%. Көпқабатты тұрғын үйлердің дайындығы - 98% (855 үйдің 834 дайын).

Абаттандыру жұмыстары

2023 жылы қала және аудандарды абаттандыруға республикалық және облыстық бюджеттен  62 жобаға 8766 млн. теңге қаржы бөлініп,  жұмыстар жүргізілуде.

Оның ішінде:

Көшелерді жарықтандыру бойынша 34 жобаға 1132,3 млн. тг (Қызылорда қала көшелерін, Қызылжарма, Қарауылтөбе, Қосшынырау, Қызылөзек, Ақжарма а/о көшелері, Арал қаласындағы 5 көшелері, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде 13 көшесі, ДурОнгар ауылындағы 5 көшесі, Жаңақорған аудан орталығының  4 көшесін жарықтандыру),

Жаяу жүргіншілер жолына - 13 жобаға 2081 млн.т (Қызылорда қаласы 19 көше, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаішілік жолын жөндеу (17 аула), Қарауылтөбе, Қосшынырау, Қызылөзек, Қызылжарма, Ақсуат а/о, Сырдария ауданы Айдарлы ауылындағы көшесіне жаяу жүргіншілер жолын орналастыру)

Абаттандыру жұмыстарына -14 жобаға 4810 млн. т. (Қызылорда қаласындағы Әйтеке би, Бұхарбай батыр, Алтынсарин, Ғ. Мұратбаев стадион аумагын, С. Бейбарыс көшесін, сол жағалаудағы Абылайхан даңғылы,  12 га гүл бульварын абаттандыру қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаішілік аумақтарын күрделі жөндеу, Арал қаласындағы «Рыбаков» аллеясын қайта жаңғырту, Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі 6 көпқабатты үйдің аумағын абаттандыру)

Қызылорда су жүйесі"  МКК-на  арнайы техника алуға 742,8 млн. т.

Апатты үйлердің мәселесі бойынша

Қазіргі таңда, Қызылорда облысында сараптама қорытындысымен апатты деп танылған 51 үй көппәтерлі тұрғын үйлер бар. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 47 үй, Сырдария ауданында 3 үй, Жалағаш ауданында 1 үй бар.

Жалғыз тұрғын жайы апатты деп танылған барлығы 627 отбасы тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 482 отбасы, Сырдария ауданы бойынша 18 отбасы, Жалағаш ауданы бойынша 7 отбасы.

2022 жылы облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, осы санат бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған 60 азаматтарға пәтер берілді және 2023 жылы 40 пәтер беру жоспарлануда.

Қазақстан Республикасы Президентінің №976 жарлығына сәйкес облыс бойынша сараптама қорытындысымен апатты деп танылған көппәтерлі тұрғын үйлерді бұзу жолымен меншік иелерін 2029 жылға дейін жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету жол картасы облыс әкімімен бекітіліп, министрлікке жолданды.

Мүліктің меншік иелері бірлестігін құру

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыста 913 көппәтерлі тұрғын үй басқарудың жаңа формасына көшті. Оның ішінде 49 МИБ (меншік иелері бірлестігі және 864 ЖС (жәй серіктестік) құрылды.

ЖС ретінде 30-дан астам пәтері бар көппәтерлі тұрғын үйлерді МИБ-ке көшу жол картасы бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде.

Көппәтерлі тұрғын үйлерді кондоминиум нысаны ретінде тіркеу жөніндегі жол картасы бекітілді. Кондоминиум объектісін әділет органына тіркеу жұмыстары бойынша 922 үйден 343 тіркеліп тұр.

Көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу

Бүгінгі таңға, күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 2011 жылғы 800 үйден 550 үйге азайды. (немесе 73%-дан 45%-ға төмендеді).

2022 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен облыстағы көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге 616,7 млн. теңге қаржы бөлініп, облыс бойынша 15 көппәтерлі тұрғын үйлер күрделі жөндеуден өтті. Қызылорда қаласында 8 үй, Жалағаш 5 үй, Шиелі ауданы 2 үй.

2023 жылға республикалық бюджеттен 18 көппәтерлі тұрғын үйді жөндеуге 862,4 млн.теңге қаржы бөлінді. Қызылорда қаласында 12 үй, Қазалы 4 үй, Жаңақорған ауданы 2 үй.

Тұрғынжай үшін азамматардың төлемдер төлеу туралы

Мемлекет басшысының халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қолжетімді жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес жұмыстар жасалуда.

Азаматтарға тұрғын үйдің жалдау ақысын төлеу бойынша қаржы операторы болып «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы тағайындалды.

Қазіргі уақытта, «Отбасы банк» АҚ мен 426 азамат келісім жасалып, ай сайын төлем жасалуда.

Тұрғын үйге кезектілік жөнінде

Тұрғын үй алу кезегінде тіркеуде тұрған азамматтар саны - 36538.

Оның ішінде:

-Ұлы отан соғысының ардагерлері - 1;

-Жетім  балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - 2275;

-«Алтын алқа», «Күміс алқа», алқаларымен наградталған немес бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай ақ 1 және 2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар - 7554;

-Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары - 14403;

-Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар -;

-Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар – 672.

 


Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2023 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет 

Газдандыру саласы бойынша

2022 жылдың қорытындысы бойынша облыстың газдандыру деңгейі 70%-ды құрайды. Оның ішінде: 4 қала (Қызылорда, Байқоңыр, Арал, Қазалы) – 100 пайыз (халық санымен), 22 ауылдық елді мекен – 9,56 пайыз (елді мекен санымен).

2023 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша 3 елді мекен (Махамбетов-Наурыз, Бірлік, Қыраш)  табиғи газға қосылып, газдандырылған ауылдық елді мекеннің саны 25-ке артып, газдандыру деңгейі 10,8 пайызды құрады.

2023 жылы 26 газбен жабдықтау жобаларын жүзеге асыруға 8,3 млрд.теңге (8 337 022,6 280 мың.теңге) бөлінді. Оның ішінде: республикалық бюджеттен - 7,3 млрд.теңге (7 270 622 мың.теңге), облыстық бюджеттен – 1,1 млрд. теңге  (1 066 400,6 мың теңге).

Бұл қаржыға 2022 жылы  басталған 7 жоба (Сексеуіл АГТС, Сексеуіл, Төретам, Ақай, Махамбетов-Наурыз, Бірлік-Қыраш, Шоқай АГТС) жалғастырылады және 19 жаңа  (Абай-Досан, Қалжан ахун, Сейфуллин, А.Тоқмағанбетов, Ақсу, Шәменов, Еңбекші, Жиделіарық, Тәжібаев, Алмалы, Бестам, Ақтоған, Жайылма, Құттықожа-Шалқия, Төменарық, Кейден, Абай, Жаңақорған ауданында броилер өсіру бойынша құс фабрикасын газбен жабдықтау, Жаңақорған кентінің кеңейтілген аумақтарын газбен қамту (ақ дақтар) жобаның құрылысы басталады.

Сондай-ақ, 2023 жылға арналған Республикалық бюджеттің нақтылануына  12 жаңа жобаның құрылысын қаржыландыруға 7,3 млрд. теңгеге және жалғастырылатын 3 жобаның құрылысын аяқтауға 2,1 млрд теңге бюджеттік өтінім ұсынылды.

2023 жылдың соңында 12 елді мекеннің (Төретам, Ақай, Махамбетов, Абай, Досан, Қалжан ахун, Бірлік, Қыраш, Жайылма, Құттықожа, Шалқия, Кейден) газдандыру жобасы аяқталып, 40 мыңға жуық тұрғын табиғи газдың игілігін көретін болады.

Сонымен қатар, 2024-2026 жылға арналған Республикалық бюджеттің қалыптастыруға  19 жобаның құрылысын қаржыландыруға 10,8 млрд. теңге бюджеттік өтінім ұсынылды.

2023 жылдың қорытындысымен газдандыру деңгейі 75 пайызға жеткізу жоспарлануда.

Ауыз сумен қамту бойынша

2023 жылға республикалық және облыстық бюджет арқылы 23 жобаға барлығы 7,2 млрд.теңге қаржы бөлінді, оның ішінде РБ – 6,7 млрд.теңге, ОБ – 0,5 млрд.теңге (Қызылорда қаласы – 7 жоба, Арал ауданы – 1 жоба, Байқоңыр қаласы – 1 жоба, Қармақшы ауданы – 3 жоба, Жалағаш ауданы – 3 жоба, Сырдария ауданы – 3 жоба, Шиелі ауданы – 2 жоба, Жаңақорған ауданы – 3 жоба).

Қазіргі таңда, жаңа жобалар бойынша құрылыс жұмыстарына мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп, мердігерлер анықталып, құрылыс жұмыстары басталуда. Ал, өтпелі нысандар бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес ағымдағы жылы тиісті жұмыстар мерзімінде атқарылып пайдалануға берілетін болады. Нәтижесінде 94,5 шақырым ауыз су желілерін салу, 68,5 шақырым су жүйелерін және 6 шақырым кәріз жүйелері мен 12 дана КНС-ті жаңғырту,  7 ұңғыманы бұрғылау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, облыстық бюджеттен Арал ауданы Құланды елді мекеніне және Шиелі ауданы Жуантөбе елді мекеніне су тұщытқыш орнатуға 38,5 млн. теңге қаржы бөлінді.

Жылумен қамтамасыз ету

Алдағы жылу беру маусымына дайындық пен оны өткізу жөніндегі облыстық штаб құрылып, іс-шаралар жоспары бекітілді. Дайындық жұмыстар бекітілген кестелерге сәйкес жүргізілуде.

Энергетика министрлігімен бірлесіп Қызылордажылуэлектрорталығының дайындығы бойынша Жол картасы әзірленді. Жол картасын орындау мақсатында  1,7 млрд. теңге қаржы қаралды, оның 1,5 млрд. теңгесі облыстық бюджеттен, 207 мың.теңгесі кәсіпорынның өз қаржысы есебінен жүргізілуде.

Облыстық бюджет есебінен Қызылордажылуэлектрорталығының 2 дана газотурбиналық қондырғысы мен КУВ-30 су қазандығына күрделі жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы негізінде мердігер мекемелер анықталып, жұмыстар жүргізілуде. Кәсіпорынның өз қаражаты есебінен 9 бу қазандығы мен   1 бу турбинасына және 18 автономды қазандықтарға жөндеу жұмыстары жоспарланып, 52 пайызға орындалды.

Облыс бойынша жылу желілерінің тозу көрсеткіші 47,5 пайызды құрайды. Тозу деңгейін азайту мақсатында 2023 жылы 18 км жылу желілерін қайта жаңғырту бойынша 14 жоба 14,5 млрд. теңгеге ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне ұсынылды. Оның 8 жобасына  республикалық бюджеттен 8,2 млрд. теңге қаржы бөлінді (2 жоба –бюджеттік кредиттеу бағдарламасы,6 жоба - нысаналы трансферпен). Қазіргі таңда, 6 жоба бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде, 1 жоба басталуда, 1 жоба мемлекеттік сатып алу қорытындысына шағым түсуіне байланысты сот ұйғарымымен тоқтатылды. Жобаларды іске асыру нәтижесінде 8,9 км жылу желілері жаңғыртылып, тозуы 44,6 пайызға төмендейді.

Сонымен бірге, облыстық бюджет есебінен жылу желілеріне техникалық зерттеу жұмыстары жүргізілді.

«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық және облыстық бюджеттен (378,5 млн. теңгеге) 10 әлеуметтік нысан қазандықтары қайта жаңғыртуда қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, облыстық бюджеттің нақтылауымен 10 жобаны бастауға 1,0 млн теңгеден қаржы бөлінді. Нәтижесінде, 12 білім, 5 денсаулық сақтау, 3 спорт нысандардың қазандықтары жаңғыртылады (Қармақшы - 6, Жалағаш – 2, Сырдария-2, Шиелі – 6,                Жаңақорған -1), оның ішінде 11 білім нысандардың қазандықтары сыртқа шығарылады (Қармақшы - 4, Шиелі -6, Жаңақорған -1)

Абаттандыру жұмыстары

2023 жылы қала және аудандарды абаттандыруға республикалық және облыстық бюджеттен  62 жобаға 8766 млн. теңге қаржы бөлініп,  жұмыстар жүргізілуде.

Оның ішінде: Көшелерді жарықтандыру бойынша 34 жобаға 1132,3 млн. теңғе (Қызылорда қала көшелерін, Қызылжарма, Қарауылтөбе, Қосшынырау, Қызылөзек, Ақжарма а/о көшелері, Арал қаласындағы 5 көшелері, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде13 көшесі, ДурОнгар ауылындағы 5 көшесі, Жаңақорған аудан орталығының 4 көшесін жарықтандыру),

  Жаяу жүргіншілер жолына - 13 жобаға 2081 млн.т (Қызылорда қаласы 19 көше, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаішілік жолын жөндеу (17 аула), Қарауылтөбе, Қосшынырау, Қызылөзек, Қызылжарма, Ақсуат а/о, Сырдария ауданы Айдарлы ауылындағы көшесіне жаяу жүргіншілер жолын орналастыру)

 Абаттандыру жұмыстарына -14 жобаға 4810 млн. т. (Қызылорда қаласындағы Әйтеке би, Бұхарбай батыр, Алтынсарин, Ғ. Мұратбаев стадион аумагын, С. Бейбарыс көшесін, сол жағалаудағы Абылайхан даңғылы,  12 га гүл бульварын абаттандыру қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаішілік аумақтарын күрделі жөндеу, Арал қаласындағы «Рыбаков» аллеясын қайта жаңғырту, Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі 6 көпқабатты үйдің аумағын абаттандыру)

Қызылорда су жүйесі"  МКК-на  арнайы техника алуға 742,8 млн. т.

Апатты тұрғын үйлер бойынша

01.07.2023 жылғы жағдай бойынша Қызылорда облысында сараптама қорытындысымен апатты деп танылған  47 көппәтерлі тұрғын үйлер бар. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 43 үй, Сырдария ауданында 3 үй бар, Жалағаш ауданында 3 үй бар .

Жалғыз тұрғын жайы апатты деп танылған барлығы 568 отбасы тұрғын үй кезегінде тұр. Қызылорда қаласында 543 отбасы, Сырдария ауданы бойынша 18 отбасы, Жалағаш ауданы бойынша 7 отбасы.

2022 жылы облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, осы санат бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған 60 азаматтарға пәтер және 2023 жылы 40 пәтер берілді.

2023 жылы Қызылорда қаласында 2 үйді бұзу жоспарлануда, аталған шара тұрғындарды сатып алынған тұрғын үйлерге көшірілген соң жүзеге асырылады.

Мүліктің меншік иелері бірлестігін құру

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыста жаңа басқару формасымен 913 көппәтерлі тұрғын үй (көппәтерлі тұрғын үй) құрылды. (42 меншік иелері бірлестігі (МИБ) және 875 жәй серіктестік (ЖС).

ЖС ретінде 30-дан астам пәтері бар көппәтерлі тұрғын үйлерді МИБ-ке көшу жол картасы бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде.

Көппәтерлі тұрғын үйлерді кондоминиум нысаны ретінде тіркеу жөніндегі жол картасы бекітілді. Кондоминиум объектісін әділет органына тіркеу жұмыстары бойынша 922 үйден 343 тіркеліп тұр.

Көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу

Бүгінгі таңға, күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 2011 жылғы 800 үйден 550 үйге азайды. (немесе 73%-дан 45%-ға төмендеді).

2022 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен облыстағы көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге 616,7 млн. теңге қаржы бөлініп, облыс бойынша 15 көппәтерлі тұрғын үйлер күрделі жөндеуден өтті. Қызылорда қаласында 8 үй, Жалағаш 5 үй, Шиелі ауданы 2 үй.

2023 жылға республикалық бюджеттен 18 көппәтерлі тұрғын үйді жөндеуге 862,4 млн.теңге қаржы бөлінді. Қызылорда қаласында 12 үй, Қазалы 4 үй, Жаңақорған ауданы 2 үй.

Тұрғынжай үшін азамматардың төлемдер төлеу туралы

Мемлекет басшысының халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қолжетімді жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес жұмыстар жасалуда.

Азаматтарға тұрғын үйдің жалдау ақысын төлеу бойынша қаржы операторы болып «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы тағайындалды.

Қазіргі уақытта, «Отбасы банк» АҚ мен 207 азамат келісім жасалып, ай сайын төлем жасалуда.

Тұрғын үйге кезектілік жөнінде

Тұрғын үй алу кезегінде тіркеуде тұрған азамматтар саны - 36538.

Оның ішінде:

-Ұлы отан соғысының ардагерлері - 1;

-Жетім  балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - 2262;

-«Алтын алқа», «Күміс алқа», алқаларымен наградталған немес бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай ақ 1 және 2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар - 7038;

-Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары - 14426;

-Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар - 12199;

-Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар – 612.

Электр энергетикасы саласы бойынша

Бүгінде өңірдегі электрмен қамту жүйелерінің жалпы ұзындығы 10 мың шақырымнан астам электр желілерді және әр-түрлі кернеуліктегі 1867 дана қосалқы станциялардан  тұрады, олардың тозу деңгейі 68 % құрайды.

Шиелі кентіндегі «Шиелі» 220/110/35/10 кВ қосалқы станциясын қайта жаңғырту жобасы бойынша, мемлекеттік сараптама оң қорытындысы алынып, ҚР Энергетика министрлігіне 2023-2024 жылдары жобаны қаржыландыруға бюджеттік өтінім жолданды.

«Жаңақорған ауданы Жаңақорған  кентіндегі 10/0,4 кВ электр желілік жүйені жаңғырту» жұмыс жобасын іске асыруға2023 жылы республикалық бюджеттен 1 175,7  млн. теңге қаржы бөлініп,құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, «Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің сол жағалауын электрмен жабдықтау (2-кезең)» жобасына облыстық бюджеттен 64,3 млн. теңге жоба-сметалық құжаттамасын әзірленуде.


Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2023 жылдың 3 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет 

Газдандыру саласы бойынша

2022 жылдың қорытындысы бойынша облыстың газдандыру деңгейі 70%-ды құрайды. Оның ішінде: 3 қала (Қызылорда, Арал, Байқоңыр) және 22 ауылдық елді мекен.

2023 жылы 15 газбен жабдықтау жобаларын жүзеге асыруға 8,4 млрд.теңге (8 448 280 мың.теңге) бөлінді. Оның ішінде: республикалық бюджеттен -
7,2 млрд.теңге (7 233 768 мың.теңге), облыстық бюджеттен – 916,5 млн.теңге  (916 544 мың теңге), «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында – 297,9 млн. теңге  (297 968мың.теңге).

Бұл қаржыға 2022 жылы  басталған 7 жоба (Сексеуіл АГТС, Сексеуіл, Төретам, Ақай, Махамбетов-Наурыз, Бірлік-Қыраш, Шоқай АГТС) жалғастырылады және 8 жаңа  (Абай-Досан, Қалжан ахун, Еңбекші, Жиделіарық, Жайылма, Құттықожа-Шалқия, Төменарық, Кейден) жобаның құрылысы басталады.

Сондай-ақ, 2023 жылға арналған Республикалық бюджеттің нақтылануына 12 жаңа жобаның құрылысын қаржыландыруға 7,3 млрд. теңгеге және жалғастырылатын 3 жобаның құрылысын аяқтауға 2,1 млрд теңге бюджеттік өтінім ұсынылды.

2022 жылдың соңында облыстың газдандыру деңгейі  72%-ға жеткізіледі.

Ауыз сумен қамту бойынша

2023 жылға республикалық және облыстық бюджет арқылы 14 жобаға (оның ішінде: 6 жаңа жоба, 8 өтпелі жоба) барлығы 5 млрд.теңге қаржы бөлінді, оның ішінде РБ – 4,5 млрд.теңге, ОБ – 0,5 млрд.теңге (Қызылорда қаласы – 6 жоба, Арал ауданы –  1 жоба, Байқоңыр қаласы – 1 жоба, Қармақшы ауданы – 3 жоба, Жалағаш ауданы – 3 жоба).

Қазіргі таңда, жаңа жобалар бойынша құрылыс жұмыстарына мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп, мердігерлер анықталды. Ал, өтпелі нысандар бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес ағымдағы жылы тиісті жұмыстар мерзімінде атқарылып пайдалануға берілетін болады. Нәтижесінде 82,5 шақырым ауыз су, 6 шақырым кәріз жүйелері мен 12 дана КНС-ті жаңғырту және 7 ұңғыманы бұрғылау жоспарланып отыр.

  2023 жылға республикалық бюджеттің нақтылауына 1,9 млрд. теңгеге                   6 жоба (Шиелі ауданы – Қызылқайын, Қосүйенкі, Жаңақорған ауданы – Жайылма, Сүттіқұдық, Қожамберді, Қызылорда қаласындағы КНС №29 кәріз құдығына дейінгі кәріз жүйесінің құрылысы ) және «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша 0,4 млрд. теңгеге 4 жобаны (Сырдария ауданы Шаған, Амангелді, Қоғалыкөл) қаржыландыруға бюджеттік өтінім ұсынылды.

 Сонымен қатар, 2023 жылға облыстық бюджеттен қаржыландыруға Арал ауданы Құланды елді мекеніне 21,2 млн. теңгеге КБМ орнатуға және Жалағаш ауданы Бұқарбай батыр, Жаңаталап елді мекендеріндегі су кешеніне су мұнарасын сатып алуға 13,4 млн. теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды.

Жылумен қамтамасыз ету бойынша

2023 жылы қала және аудандарды абаттандыруға және қазандықты газға ауыстыруға (Қызылорда қаласындағы Әйтеке би, Бұхарбай батыр, Алтынсарин, сол жағалаудағы Абылайхан даңғылы, Ғ. Мұратбаев стадион аумагын, С. Бейбарыс көшесін Назарбаев даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейін абаттандыру, 17 көп қабатты тұрғын үйлердің аулаішілік жолын жөндеу, 19 көшеге жаяу жүргіншілер жолын орналастыру, Арал қаласындағы Р.Тұрымбетов, Б.Тәңірбергенов, Т.Әубәкіров, Н. Балапанов, А. Қаюпов көшелерін абаттандыру, «Рыбаков» аллеясын қайта жаңғырту, Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі 6 көпқабатты үйдің аумағын абаттандыру, Сырдария ауданы Айдарлы ауылындағы Досбол датқа көшесіне жаяу жүргіншілер жолын орнату, Жаңақорған аудан орталығының 4 көшесіне жарық шамдар орнату, Қармақшы ауданындағы спорт кешенін сұйық отыннан газға ауыстыру) облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

 «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында 13 әлеуметтік нысанды газдандыруға, 51 жоба бойынша көше жарықтандыру және абаттандыруға республикалық бюджетке өтінім жолданып, 8 газдандыру (Қармақшы ауданы – 2, Жалағаш ауданы – 2, Сырдария ауданы – 2, Шиелі ауданы 2) және 43 абаттандыру (Қызылорда қаласы – 19, Қармақшы ауданы – 24,  жобалары қолдау тапты.

2023 жылға 18 шақырым жылу желілерін қайта жаңғырту бойынша 14 жоба 14,5 млрд.теңгеге ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне ұсынылды. Оның 2 жобасына 922,7 млн. теңге бекітілген бюджетпен, қосымша 6 жобаға 7,3 млрд.теңге бюджеттің нақтылауымен қаржы бөлінді. Қалған 6 жобаға 2024-2026 жылдарға республикалық бюджетті қалыптастыруға бюджеттік өтінінім жолданды.

Апатты тұрғын үйлер бойынша

01.04.2023 жылғы жағдай бойынша Қызылорда облысында сараптама қорытындысымен апатты деп танылған 48 көппәтерлі тұрғын үйлер бар. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 45 үй, Сырдария ауданында 3 үй. Жалғыз тұрғын жайы апатты деп танылған 500 отбасы тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 482 отбасы, Сырдария ауданы бойынша 18 отбасы.

2022 жылы облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, осы санат бойынша тұрғын үй кезегінді тұрған азаматтарға 60 пәтер берілді.

Мүліктің меншік иелері бірлестігін құру

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыста жаңа басқару формасымен 913 көппәтерлі тұрғын үй (көппәтерлі тұрғын үй) құрылды. (30 меншік иелері бірлестігі (МИБ) және 883 жәй серіктестік (ЖС).

ЖС ретінде 30-дан астам пәтері бар көппәтерлі тұрғын үйлерді МИБ-ке көшу жол картасы бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде.

Көппәтерлі тұрғын үйлерді кондоминиум нысаны ретінде тіркеу жөніндегі жол картасы бекітілді. Кондоминиум объектісін әділет органына тіркеу жұмыстары бойынша 922 үйден 290 тіркеліп тұр.

Көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу

Бүгінгі таңға, күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 2011 жылғы 800 үйден 550 үйге азайды. (немесе 73%-дан 45%-ға төмендеді).

2022 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен облыстағы көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге 616,7 млн. теңге қаржы бөлініп, облыс бойынша 15 көппәтерлі тұрғын үйлер күрделі жөндеуден өтті. Қызылорда қаласында 8 үй, Жалағаш 5 үй, Шиелі ауданы 2 үй.

2023 жылға республикалық бюджеттен 18 көппәтерлі тұрғын үйді жөндеуге 862,4 млн.теңге қаржы бөлінді. Қызылорда қаласында 12 үй, Қазалы 4 үй, Жаңақорған ауданы 2 үй.

Тұрғынжай үшін азамматардың төлемдер төлеу туралы

Мемлекет басшысының халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қолжетімді жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес жұмыстар жасалуда.

Азаматтарға тұрғын үйдің жалдау ақысын төлеу бойынша қаржы операторы болып «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы тағайындалды.

Қазіргі уақытта, «Отбасы банк» АҚ мен 134 азамат келісім жасалды.

Тұрғын үйге кезектілік жөнінде

Тұрғын үй алу кезегінде тіркеуде тұрған азамматтар саны - 36153.

Оның ішінде:

Ұлы отан соғысының ардагерлері - 1;

Жетім  балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - 2252;

«Алтын алқа», «Күміс алқа», алқаларымен наградталған немес бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай ақ 1 және 2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар - 6817;

Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары - 14333;

Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар - 12209;

Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар – 541.

Электр энергетикасы саласы бойынша

Бүгінде өңірдегі электрмен қамту жүйелерінің жалпы ұзындығы 10 мың шақырымнан астам электржелілерді және әр-түрлі кернеуліктегі 1867 дана қосалқы станциялардан  тұрады, олардың тозу деңгейі 68 % құрайды.

Шиелі кентіндегі «Шиелі» 220/110/35/10 кВ қосалқы станциясын қайта жаңғырту жобасы бойынша, мемлекеттік сараптама оң қорытындысы алынып, ҚР Энергетика министрлігіне 2023-2024 жылдары жобаны қаржыландыруға бюджеттік өтінім жолданды.

«Жаңақорған ауданы Жаңақорған  кентіндегі 10/0,4 кВ электр желілік жүйені жаңғырту» жұмыс жобасын іске асыруға2023 жылы республикалық бюджеттен 1 175,7  млн. теңге қаржы бөлініп,құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, «Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің сол жағалауын электрмен жабдықтау (2-кезең)» жобасына облыстық бюджеттен 64,3 млн. теңге жоба-сметалық құжаттамасын әзірленуде. 


Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2022 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет  

Газдандыру саласы бойынша

Жыл қортындысымен облыс тұрғындарының табиғи газбен қамту үлесі   68 пайызды құрады. 4 қала (Қызылорда, Арал, Қазалы, Байқоңыр) 100 пайыз газдандырылған.

230 ауылдық мекеннің 22 ауылы газдандырылған (6 аудан орталығы, 16 ауыл). Ауыл тұрғындарының табиғи газға қол жеткізу деңгейі 42 пайыз.

Өткен жылы 14 жобаны жүзеге асыруға 8,7 млрд.теңге бөлініп, игерілді (РБ - 7,9 млрд.тг; ОБ - 0,8 млрд.тг).

7 жоба толық аяқталды.

(Шиелі ауданы Алғабас,Ақмая ауылы, Қазалы қаласы, Пірімов, Басықара, Жалаңтөс ауылы,Тереңөзек кенті ақ дақтар (белая пятна) жобасы).

7 жоба 2023 жылға өтпелі.

(Қармақшы ауданы Төретам кенті, Ақай, Сексеуіл 2 жоба, Жаңақорған Бірлік ауылы, Шоқай АГРС, Қызылорда қаласына қарасты Наурыз және Махамбетов ауылы)

2022 жылдың екінші жарты жылдығынан бастап Қармақшы ауданы Төретам кенті мен Ақай ауылы, Арал ауданы Сексеуіл кентін газдандыру және Шиелі ауданында Тартоғай елді мекенінде «АГРС» орнату жобалары жүзеге асырылуда.

2023 жылға республикалық бюджеттен 7,5млрд. теңге бөлінді. Бұл қаржыға 2022 жылы  басталған 7 жоба жалғастырылады және 8 жаңа жобаның құрылысы басталады.

Анықтама ретінде:

Жаңақорған ауданында Жайылма, Шалхия, Құттықожа, Төменарық, Кейден, Шиелі ауданында Еңбекші, Жиделіарық, Сырдария ауданында Қалжан ахун, Қызылорда қаласында Абай, Досан елді мекенінде ауылішілік газ құбырын салу жобалары.

Ауыз сумен қамту бойынша

Жоспардың мақсаты – елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, кәріз жүйелері бойынша үздіксіз жұмысын жақсарту және қоршаған ортаға теріс әсерін жою.

2022 жылы облыстың ауыз су және кәріз жүйелерін жаңғырту және құрылысын жүргізуге «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша және облыстық бюджет арқылы 19 жобаларға  барлығы 4,1 млрд.теңге қаржы бөлінді, оның ішінде РБ – 3,7 млрд.теңге, ОБ – 0,4 млрд.теңге іске асырылуда. Олар:

​Арал ауданы Көктем елді мекені (1);Жалағаш ауданы Жалағаш кенті, Аққұм, Мәдиниет елді мекендерді (3);Қармақшы ауданы Кармақшы, Көмекбаева, Алдашбай ахун елді мекендері (3); Жаңақорған ауданы Жаңақорған кенті, Еңбек, Төменарық, Сунақата, Екпінді е.м. (5); Қызылорда қаласы ( 7).

​Жылдың қорытындысы бойынша қаржы жоспарына сәйкес республикалық бюджеттің 3,6 млрд теңгес және облыстық бюджеттен 0,4 млрд теңгесі толығымен игерілді.

Нәтижесінде 9 нысан бойынша құрылыстары аяқталып, мемлекеттік актісімен тапсырылды (Жаңақорған ауданы (4), Қызылорда қаласы (5), қалған  нысандар облыстық бюджттен қоса қаржыландыру бөлінбегендіктен 2023 жылға өтпелі болып саналды. Жалпы  100,0 шақырымнан аса ауыз су және 4,3 шақырым кәріз желілері,  2 дана кәріз насостық станциялары, 6 дана су кешені жаңартылды және 7 дана ұңғыма бұрғыланды.

Жылумен қамтамасыз ету бойынша

2022 жылы жылу құбырларына қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу бойынша 5 жоба-сметалық құжаттамалары әзірленіп, сараптама қорытындылары алынды. Жобалар республикалық бюджеттен қаржыландыруға ҚР ИИДМ-не 2023 жылға ұсынылды. Сонымен бірге,                      қаланың жылу желілерін қайта жаңғырту бойынша 8 жобаның жоба-сметалық құжаттамаларын  әзірлеу жұмыстары басталды.

Білім басқармасына қарасты нысандардың қазандықтарын құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестендіру үшін 11нысан бойынша жоба-сметалық құжаттамалары әзірленді. Бүгінгі күнге, 7 жоба бойынша сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қалған 4 жоба бойынша сараптама қорытындысын алу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар,  700,5 мың теңгеге (РБ 495,9 млн.т., ОБ 204,6 млн.т.) 26 әлеуметтік нысандардың жылу қазандықтары қайта жаңғыртылды.

Абаттандыру жұмыстары

Қазалы қаласының 10,7 шақырымды құрайтын 10 көшесін жарықтандыру (124,1 млн. теңге), Арал қаласында кіреберіс көшесі мен қаладағы 5 көше  жарықтандырылды (97,8 млн. т.), Жалағаш кентіндегі Қазбек би көшесінің көше жарық шамдарын қайта жаңғырту (22,9 млн.т.) және Шаменов ауылына кіреберіс жолын жарықтандыру (16,3 млн.т.), 

Сонымен бірге, Әйтеке би кентінің  5 кварталдағы 18 пәтерлі                              6 жалдамалы үйдің аумағын абаттандыру (140 млн. теңге), Әйтеке би кентіндегі автоматтандырылған электронды емтихан аланын абаттандыру(140 млн. теңге),   Арал қаласындағы Балықшылар аллеясын қайта жаңғырту (150,0 млн.т.), Тереңөзек кентінің тұрғын үйлер аулаларын абаттандыру (105,7 млн.т.), Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі балалар ойын алаңының құрылысы (34,5 млн.т.) мен Сексенбаев көшесін абаттандыру (41,4 млн.т.), Қызылорда қаласы көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын орналастыру  (116,5 млн.т.) және  жарық диодты безендіру  (150 млн.т.) жұмыстары жүргізілді.

Сырдария өзенінің Сол жақ жағалауындағы 12 гектарға арналған гүл бульварын абаттандыру" жобасының жоба-сметалық құжаттары әзірленді (7,8 млн. т.), сараптама қорытындысын алу жұмыстары жүргізілуде.

Көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі  жөндеуден өткізу

Бүгінгі таңға, күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 2011 жылғы 800 үйден 550 үйге азайды. (немесе 73%-дан 45%-ға төмендеді).

2022 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен облыстағы көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге 616,7 млн. теңге қаржы бөлініп, облыс бойынша 15 көппәтерлі тұрғын үйлер күрделі жөндеуден өтті. Қызылорда қаласында 8 үй, Жалағаш 5 үй, Шиелі ауданы 2 үй.

2023 жылға республикалық бюджеттен 18 көппәтерлі тұрғын үйді жөндеуге 862,4 млн.теңге қаржы бөлінді. Қызылорда қаласында 12 үй, Қазалы 4 үй, Жаңақорған ауданы 2 үй.

Аппатты түрғын үйлер бойынша

01.01.2022 жылғы жағдай бойынша Қызылорда облысында сараптама қорытындысымен апатты деп танылған 46 көппәтерлі тұрғын үйлер бар. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 43 үй, Сырдария ауданында 3 үй. Жалғыз тұрғын жайы апатты деп танылған 531 отбасы тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 513 отбасы, Сырдария ауданы бойынша 18 отбасы.

2022 жылы облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, осы санат бойынша тұрғын үй кезегінді тұрған азаматтарға 60 пәтер берілді.

Мүліктің меншік иелері бірлестігін құру

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыста жаңа басқару формасымен 913 көппәтерлі тұрғын үй (КПТҮ) құрылды. (21 меншік иелері бірлестігі (МИБ) және 892 жәй серіктестік (ЖС).

ЖС ретінде 30-дан астам пәтері бар КПТҮ-ді МИБ-ке көшу жол картасы бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде.

КПТҮ-ді кондоминиум нысаны ретінде тіркеу эжөніндегі жол картасы бекітілді. Кондоминиум объектісін әділет органына тіркеу жұмыстары бойынша 922 үйден 251 тіркеліп тұр.

Тұрғынжай үшін азамматардың төлемдер төлеу туралы

Мемлекет басшысының халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қолжетімді жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес жұмыстар жасалуда.

Азаматтарға тұрғын үйдің жалдау ақысын төлеу бойынша қаржы операторы болып «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы тағайындалды. Қәзіргі уақытта, «Отбасы банк» АҚ мен 129 азамат келісім жасалды.        

Тұрғын үйге кезектілік жөнінде

Тұрғын үй алу кезегінде тіркеуде тұрған азамматтар саны - 35594.

Оның ішінде:

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - 2213;

«Алтын алқа», «Күміс алқа», алқаларымен наградталған немес бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай ақ 1 және 2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар - 6506;

Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары - 14147;

Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар - 12144;

Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар – 584.

Электр энергетикасы саласы бойынша

Бүгінде өңірдегі электрмен қамту жүйелерінің жалпы ұзындығы 10 мың шақырымнан астам электр желілерді және әр-түрлі кернеуліктегі 1867 дана қосалқы станциялардан  тұрады, олардың тозу деңгейі 68 % құрайды. 2021-2022 жылдары «ҚЭТТК» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту жобасы аясында Қызылорда қаласының Титов, Қызылжарма, Арай шағын аудандарындағы 10/0,4 кВ әуе желілерін дамытуға облыстық бюджеттен 250 млн теңге қаржы бөлініп, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында 9 дана қосалқы трансформаторлық станциялар орнатылып, 41,2 шақырымнан астам электр желілері құрылыс нормаларының талаптарына сәйкестендіріледі. Аяқталуы 2022 жылға жоспарланған.

Шиелі кентіндегі «Шиелі» 220/110/35/10 кВ қосалқы станциясын қайта жаңғырту жобасы бойынша, мемлекеттік сараптама оң қорытындысы алынды. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында бюджеттен бөлінген 300 млн. теңгеге Қызылорда облысы, Қармақшы ауданындағы "Балық цехы" жобасын сыртқы электр желілерімен қамтамасыз ету" жобасы бойынша құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

2022 жылы Ұлттық қордан және республикалық бюджеттен бөлінген 898 787 мың теңге қаржыға «Жаңақорған ауданы Жаңақорған  кентіндегі 10/0,4 кВ электр желілік жүйені жаңғырту» жұмыс жобасын іске асыру жоспарлануда (жобаның жалпы құны 3,4 млрд.тенге, іске асыру мерзімі 2022-2023 ж.ж.) аталған қаржыға 70 шақырым электр желісінің құрылысы жүргізіліп,сонымен қатар 1 дана тарату қондырғы және 23 дана қосалқы трансформаторлық қондырғылар орнатылды. 

Қазіргі таңда, құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде. 

Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2022 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет 

Газдандыру саласы бойынша

2021 жылдың қорытындысы бойынша облыстың газдандыру деңгейі 67%-ды құрады. Оның ішінде: 3 қала (Қызылорда, Арал, Байқоңыр) және 17 ауылдық елді мекен.

2022 жылы 14 газбен жабдықтау жобаларын жүзеге асыруға 5,8 млрд.теңге (5 810 531 мың.теңге)  бөлінді. Оның ішінде: республикалық бюджеттен -
4,3 млрд.теңге (4 300 000 мың.теңге), облыстық бюджеттен - 542 млн.теңге (541 958,4 мың теңге), «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында - 795,0 млн. теңге (795 346 мың.теңге), «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы  аясында - 257,0 млн. теңге (257 090 мың.теңге).

Ағымдағы жылы Жаңақорған ауданындағы Бірлік және Қыраш ауылдарын, Шиелі ауданындағы Алғабас және Ақмая ауылдарын, Тереңөзек кентінде газдандырылмай қалған көшелерге газ құбырын тарту, Қазалы ауданындағы Қазалы қаласын, Пірімов, Жалаңтөс батыр, Басықара елді мекендерін газдандыру жоспарланған.

Сонымен қатар, 2022 жылдың 2 жарты жылдығынан бастап Қармақшы ауданындағы Төретам кенті мен Ақай ауылын, Арал ауданындағы Сексеуіл кентін газдандыру және Шиелі ауданындағы Тартоғай елді мекенінде АГТС орнату жобалары жүзеге асырылуда.

2021 жылы басталған Қызылорда қаласына қарасты Наурыз және Махамбет елді мекендерін газдандыру жобасының құрылыс жұмыстары 2023 жылға өтпелі.

Ағымдағы жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Қазалы қаласы, Шиелі ауданы Алғабас, Ақмая елді мекендерін  газдандыру мен Тереңөзек кентіндегі газдандырылмай қалған көшелерге газ құбырын тарту жобалары аяқталып, пайдалануға берілді.

2022 жылдың соңында облыстың газдандыру деңгейін 68%-ға жеткізу жоспарлануда.

Ауыз сумен қамту бойынша

Жоспардың мақсаты – елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, кәріз жүйелері бойынша үздіксіз жұмысын жақсарту және қоршаған ортаға теріс әсерін жою.

2022 жылы облыстың ауыз су және кәріз жүйелерін жаңғырту және құрылысын жүргізуге «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша және облыстық бюджет арқылы 20 жобаларға  барлығы 5,1 млрд.теңге қаржы бөлінді, оның ішінде РБ – 4,7 млрд.теңге, ОБ – 0,4 млрд.теңге іске асырылуда. Олар:

​Арал ауданы Көктем елді мекені (1);Жалағаш ауданы Жалағаш кенті, Аққұм, Мәдиниет елді мекендерді (3);Қармақшы ауданы Кармақшы, Көмекбаева, Алдашбай ахун елді мекендері (3); Жаңақорған ауданы Жаңақорған кенті, Еңбек, Төменарық, Сунақата, Екпінді е.м. (5); Қызылорда қаласы ( 8).

​9 айдың қорытындысы бойынша 20 жобалардың мердігерлері анықталып құрылыс-жұмыстары жүргізілуде. Қаржы жоспарына сәйкес республикалық бюджеттің 2297,0 млн.теңгесі және облыстық бюджеттен 12,3 млн.теңгесі толығымен игерілді, яғни бүгінгі таңда 100 пайызды құрайды. Нәтижесінде 74,9 ауыз су 1,9 кәріз жүйелері қайта жаңғыртылды.

Жылдың нәтижесінде 100,0 шақырымнан аса ауыз су және 4,9 шақырым кәріз желелері, 2 дана кәріз насостық станциялары, 3 дана су кешені жаңартылады және 7 дана ұңғыма бұрғыланады.

Жылумен қамтамасыз ету бойынша

Бүгінгі күнге облыс бойынша 207,2 шақырым жылу құбырларының тозығы 46,9% құрап отыр. Жылу құбырларына қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу бойынша 5 жоба-сметалық құжаттамалары әзірленіп, сараптама қорытындылары алынды. Жобалар республикалық бюджеттен қаржыландыруға ҚР ИИДМ-не 2023 жылға ұсынылды. Жобалар іске асырылған жағдайда жылу құбырларының тозуын 3%-ға төмендету күтілуде.

Сонымен қатар, білім басқармасына қарасты нысандардың қазандықтарын құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестендіру үшін 11 нысан бойынша жоба-сметалық құжаттамалары әзірленді. Бүгінгі күнге,    4 жоба бойынша сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қалған 7 жоба бойынша сараптама қорытындысын алу жұмыстары жүргізілуде.

Республикалық бюджеттен “Ауыл-ел бесігі” жобасы аясында 26 әлеуметтік нысандардың жылу қазандықтарын қайта жаңғырту бойынша  17 жобаға 407,7 млн. теңге және облыстық бюджеттен 7 жоба бойынша 160,8 млн. тенге бөлінді. Бүгінгі күнге, барлық нысандар бойынша қабылдау жұмыстары атқарылуда.

Абаттандыру жұмыстары

Қазалы қаласының 10,7 шақырымды құрайтын 10 көшесін жарықтандыру (111,7 млн. теңге), Әйтеке би кентінің  5 кварталдағы 18 пәтерлі 6 жалдамалы үйдің аумағын абаттандыру (172 млн. теңге) жұмыстары жүргізілуде.

 Сонымен бірге Арал қаласына кіреберіс көшесін  және қаладағы 5 көшені жарықтандыру(103 млн. т.), Балықшылар аллеясын қайта жаңғырту (150,0 млн.т.), Жосалы кентіндегі балалар ойын алаңының құрылысы (35,1 млн. т.),Сексенбаев көшесін абаттандыруға (41,4 млн.т.),Жалағаш кентіндегі Қазбек би көшесінің көше жарық шамдарын қайта жаңғырту (22,9 млн.т.),  Тереңөзек кентін абаттандыру (111,7 млн.т.), Қызылорда қаласының көшелеріне жаяу жүргіншелер жолын орналастыру (205,5 млн.т.) жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күнге, қаланың жарық диодты безендіру (150,0 млн.т) мен Шаменов ауылына кіреберіс жолын жарықтандыру (7,2 млн.т.) жұмыстары толығымен аяқталды.

Сырдария өзенінің Сол жақ жағалауындағы 12 гектарға арналған гүл бульварын абаттандыру" жобасының жоба-сметалық құжаттары әзірленіп (7,8 млн. т.), сараптама қорытындысын алу жұмыстары жүргізілуде.

Аппатты тұрғын үйлер бойынша

01.10.2022 жылғы жағдай бойынша Қызылорда облысында сараптама қорытындысымен апатты деп танылған 41 үй көппетерлі тұрғын үйлер бар. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 38 үй, Сырдария ауданында 3 үй.

Жалғыз тұрғын жайы апатты деп танылған барлығы 507 отбасы тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 490 отбасы, Сырдария ауданы бойынша 17 отбасы.

2021 жылы Қызылорда қаласында 70 отбасына тұрғын үй берілді. 2022 жылдың қаңтар айында Арал ауданында жалғыз тұрғын жайы апатты деп танылған 14 отбасына тұрғын үй берілді.

«Мүліктің меншік иелері бірлестіктерінің институтын енгізу» бойынша

Өңірде көппәтерлі тұрғын үйлердің жалпы саны 1222 бірлікті құрайды. Оның ішінде меншіктік басқаруға өткізуге жататын 913 көппәтерлі тұрғын үйлердің  899-на жәй серіктестік, 14-не мүлік иелерінің бірлестігі құрылды.

 Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңына енгізілетін жоспарланған өзгертулерді ескере отырып, 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін ЖС ретінде құрылған 30-дан астам пәтері бар КПТҮ-ді МИБ-ке көшу жол картасы бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде.

 

Көпқабатты  тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу

Өңірде жөндеуді қажет ететін тұрғын үйлер саны 565 үй.

2022 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен облыстағы көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге 18 үйге 622,1 млн. теңге қаржы бөлінді.  Олар,  Қызылорда қаласы 11 үй, Жалағаш  5 үй, Шиелі ауданы 2 үй.

Күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.

2023 жылға бағдарлама аясында республикалық бюджеттен барлығы 40 көппәтерлі тұрғын үйді жөндеуге 1740,0 млн.теңгеге  бюджеттік өтінім ұсынылды.

Жеке тұрғын үй қорынан алынған тұрғынжайға төлем төлеу

 Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 қаңтардағы тапсырмасына сәйкес "Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және оны жүзеге асыру қағидалары" бекітілді. Азаматтарға тұрғын үй алу үшін жалдау ақысының бір бөлігін төлеу бойынша қаржы операторы болып «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы тағайындалды.

Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылғы 13 мамырдағы №554 қаулысымен, 135,0 млн.теңге қаржы қаралды. Бүгінгі күнге «Отбасы банк» АҚ-на 65 млн теңге аударылды. Otbasybank.kz платформасында субсидиялауға өтінім қабылдау, рәсімдеу толыққанды тамыз айынан бастап жұмыс жасады.

Осы уақытқа дейін 1259 азаматтан өтінім түскен, одан 378 азаматтың құжаттарына қанағаттанарлық жауап алынып, ол кісілер өздерінің жалға алатын үйлерін іздеуде, 105 азаматпен келісім жасалды.

Электр энергетикасы саласы бойынша

Бүгінде өңірдегі электрмен қамту жүйелерінің жалпы ұзындығы 10 мың шақырымнан астам электржелілерді және әр-түрлі кернеуліктегі 1867 дана қосалқы станциялардан  тұрады, олардың тозу деңгейі 68 % құрайды. 2021 жылы «ҚЭТТК» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту жобасы аясында Қызылорда қаласының Титов, Қызылжарма, Арай шағын аудандарындағы 10/0,4 кВ әуе желілерін дамытуға облыстық бюджеттен 201,9 млн теңге қаржы бөлініп, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында 9 дана қосалқы трансформаторлық станциялар орнатылып, 40 шақырымнан астам электр желілері құрылыс нормаларының талаптарына сәйкестендіріледі. Аяқталуы 2022 жылға жоспарланған.

Шиелі кентіндегі «Шиелі» 220/110/35/10 кВ қосалқы станциясын қайта жаңғырту жобасы бойынша, сараптама қорытындысы әзірленуде. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында бюджеттен бөлінген 300 млн. теңгеге Қызылорда облысы, Қармақшы ауданындағы "Балық цехы" жобасын сыртқы электр желілерімен қамтамасыз ету" жобасы бойынша құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

2022 жылы Ұлттық қордан және республикалық бюджеттен бөлінген 898 787 мың теңге қаржыға «Жаңақорған ауданы Жаңақорған  кентіндегі 10/0,4 кВ электржелілік жүйені жаңғырту» жұмыс жобасын іске асыру жоспарлануда (жобаның жалпы құны 3,4 млрд.тенге, іске асыру мерзімі 2022-2023 ж.ж.) аталған қаржыға 60 шақырым электр желісінің құрылысы жүргізіліп,сонымен қатар 1 дана тарату қондырғы және 23 дана қосалқы трансформаторлық қондырғылар орнатылу жоспарланған.  Қазіргі таңда, құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде. 


Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2022 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет 

Газдандыру саласы бойынша

2021 жылдың қорытындысы бойынша облыстың газдандыру деңгейі 67%-ды құрады. Оның ішінде: 3 қала (Қызылорда, Арал, Байқоңыр) және 17 ауылдық елді мекен.

2022 жылы 14 газбен жабдықтау жобаларын жүзеге асыруға 5,8 млрд.теңге (5 810 531 мың.теңге)  бөлінді. Оның ішінде: республикалық бюджеттен -
4,3 млрд.теңге (4 300 000 мың.теңге), облыстық бюджеттен - 458 млн.теңге (458 095,0 мың теңге), «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында - 795,0 млн. теңге (795 346 мың.теңге), «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы  аясында - 257,0 млн. теңге (257 090 мың.теңге).

Ағымдағы жылы Жаңақорған ауданындағы Бірлік және Қыраш ауылдарын, Шиелі ауданындағы Алғабас және Ақмая ауылдарын, Тереңөзек кентінде газдандырылмай қалған көшелерге газ құбырын тарту, Қазалы ауданындағы Қазалы қаласын газдандыру жоспарланған.

Сонымен қатар, 2022 жылы Қармақшы ауданындағы Төретам кенті мен Ақай ауылын, Арал ауданындағы Сексеуіл кентін газдандыру және Шиелі ауданындағы Тартоғай елді мекенінде АГТС орнату жобалары басталады.

2021 жылы басталған Қызылорда қаласына қарасты Наурыз және Махамбет елді мекендерін газдандыру жобасының құрылыс жұмыстары 2023 жылға өтпелі.

Ағымдағы жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша Қазалы қаласын газдандыру мен Тереңөзек кентіндегі газдандырылмай қалған көшелерге газ құбырын тарту жобалары аяқталып, пайдалануға берілді.

2022 жылдың соңында облыстың газдандыру деңгейін 68%-ға жеткізу жоспарлануда.

Ауыз сумен қамту бойынша

Жоспардың мақсаты – елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, кәріз жүйелері бойынша үздіксіз жұмысын жақсарту және қоршаған ортаға теріс әсерін жою.

2022 жылы облыстың ауыз су және кәріз жүйелерін жаңғырту және құрылысын жүргізуге «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша және облыстық бюджет арқылы 20 жобаларға  барлығы 5,1 млрд.теңге қаржы бөлінді, оның ішінде РБ – 4,7 млрд.теңге, ОБ – 0,4 млрд.теңге іске асырылады:

​Арал ауданы Көктем елді мекені (1);Жалағаш ауданы Жалағаш кенті, Аққұм, Мәдиниет елді мекендерді (3);Қармақшы ауданы Кармақшы, Көмекбаева, Алдшбй хун елді мекендері (3); Жаңақорған ауданы Жаңақорған кенті, Еңбек, Төменарық, Сунақата, Екпінді е.м. (5); Қызылорда қаласы ( 8).

​6 айдың қорытындысы бойынша 11 жобалардың мердігерлері анықталып құрылыс-жұмыстары басталды және жаңадан бөлінген                              5 жобалар бойынша мердігерді анықтау мақсатында конкурстық жұмыстары жүргізілуде.

​Жартыжылдық жоспарына сәйкес республикалық бюджеттің 980,0  млн. теңге қаржыдан 980,0 млн.теңге қаржысы игерілді, яғни бүгінгі таңда 100 пайызды құрайды. Сонымен қатар, облыстық бюджеттен 6 айдың жоспар бойынша 191,6 млн.теңгесі толығымен игеріліп 100 пайызды құрайды.

Жылдың нәтижесінде 100,0 шақырымнан аса ауыз су және 4,9 шақырым кәріз желілері,  2 дана кәріз насостық станциялары, 3 дана су кешені жаңғыртылады және 7 дана ұнғыма бұрғылынады.

Жылумен қамтамасыз ету бойынша

Бүгінгі күнге облыс бойынша 207,2 шақырым жылу құбырларының тозығы 46,9% құрап отыр. Жылу құбырларына қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу бойынша 5 жоба-сметалық құжаттамалары әзірленіп, қазіргі таңда 3жоба бойынша сараптама қорытындылары алынуда. 2 жобаның мемлекеттік сараптама қорытындылары алынып, қаржыландыруға бюджеттік өтінім тиісті министрлікке тапсырылады.  Жобаларды іске асыру нәтижесінде жылу құбырларының тозығы     3% -ға төмендеуі күтілуде.

Сонымен қатар, білім басқармасына қарасты нысандардың қазандықтарын құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестендіру үшін 11 нысан бойынша жоба-сметалық құжаттамаларды әзірленіп, сараптаманың қарауына ұсынылды.

 Республикалық бюджеттен  “Ауыл-ел бесігі” жобасы аясында 19 әлеуметтік нысандардың жылу қазандықтарын қайта жаңғырту бойынша 17 жобаға 515,1 млн. теңге және облыстық бюджеттен 4 нысан бойынша 105 млн. тенге бөлінді. Оның ішінде Шиелі ауданы Гигант, Жахаев елді мекендері, Жаңақорған ауданы Караултобе ауылы мен Қызылорда қаласы Қызылөзек а.о. Айнакөл ауылындағы мектептердің қазандықтарын газ отына қайта жабдықтау жобалары бойынша мердігерлері анықталып, жұмыстар атқарылуда.

Қалған жобалар бойынша  мемлекеттік сатып алу конкурстары жургізілуде.

Абаттандыру жұмыстары

Қазалы қаласының 10,7 шақырымды құрайтын 10 көшесін жарықтандыру (111,7 млн. теңге), Әйтеке би кентінің  5 кварталдағы 18 пәтерлі 6 жалдамалы үйдің аумағын абаттандыру (172 млн. теңге) жұмыстары жүргізілуде.

 Сонымен бірге Арал қаласына кіреберіс көшесін  және қаладағы 5 көшені жарықтандыру(103 млн. т.), Балықшылар аллеясын қайта жаңғырту (150,0 млн.т.), Жосалы кентіндегі балалар ойын алаңының құрылысы (35,1 млн. т.),Сексенбаев көшесін абаттандыруға (41,4 млн.т.), Жалағаш кентіндегі Қазбек би көшесінің көше жарық шамдарын қайта жаңғырту (22,9 млн.т.), Шаменов ауылына кіреберіс жолын жарықтандыру (7,2 млн.т.), Тереңөзек кентін абаттандыру (111,7 млн.т.), Қызылорда қаласының 19 көшесін жаяу жүргіншелер жолын орналастыру (205,5 млн.т.), қаланың жарық диодты безендіру (150,0 млн.т) жұмыстарына қаржы бөлініп, мердігерлерді анықтауға конкурс жарияланды.

Сырдария өзенінің Сол жақ жағалауындағы 12 гектарға арналған гүл бульварын абаттандыру" жобасының жоба-сметалық құжаттары әзірленуде (7,8 млн. т.)

Аппатты түрғын үйлер бойынша

01.07.2022 жылғы жағдай бойынша Қызылорда облысында сараптама қорытындысымен апатты деп танылған 37 үй көппетерлі тұрғын үйлер бар. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 34 үй, Сырдария ауданында 3 үй.

Жалғыз тұрғын жайы апатты деп танылған барлығы 426 отбасы тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 408 отбасы, Сырдария ауданы бойынша 18 отбасы.

2021 жылы Қызылорда қаласында 70 отбасына тұрғын үй берілді.2022 жылдың қаңтар айында Арал ауданында жалғыз тұрғын жайы апатты деп танылған 14 отбасына тұрғын үй берілді.

«Мүліктің меншік иелері бірлестіктерінің институтын енгізу» бойынша

Бұл бағыттағы жұмыстарды жүргізу кезінде Қызылорда  қаласы мен аудандарда көпқабатты тұрғын үй аулаларында жиналыстар өткізілді. 580 көпқабатты тұрғын үйдің пәтер иелеріне сауалнама парақтары мен түсіндірме брошюралары таратылды.  Сонымен қатар, кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысандарын құруды насихаттайтын жарнамалар қаладағы 2 дана LED экрандарға видео роликтер және 2 жарнама тұғырнамаларына билборд орналастырылды.

Қәзіргі таңда, кондоминиум объектілерін Әділет органына тіркеу жұмыстары жүруде. Кондоминиум нысандарының ортақ мүлкін күтіп-ұстау үшін нормативтікқұжаттар бекітілуде.

Көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу

Өңірде жөндеуді қажет ететін тұрғын үйлер саны 565 үй.

2022 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен облыстағы көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге 18 үйге 622,1 млн. теңге қаржы бөлінді. Олар, Қызылорда қаласы 11 үй, Жалағаш  5 үй, Шиелі ауданы 2 үй.

2023 жылға бағдарлама аясында республикалық бюджеттен барлығы 40 көппәтерлі тұрғын үйді жөндеуге 1740,0 млн.теңгеге  бюджеттік өтінім ұсынылды.

Жеке тұрғын үй қорынан алынған тұрғынжайға төлем төлеу

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 қаңтардағы тапсырмасына сәйкес "Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және оны жүзеге асыру қағидалары" бекітілді. Азаматтарға тұрғын үй алу үшін жалдау ақысының бір бөлігін төлеу бойынша қаржы операторы болып «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы тағайындалды.

Осы мақсаттағы төлемдерді жүзеге асыруға 52,4 млрд. теңге көзделген, оның ішінде 42 млрд.теңге республикалық бюджет, 10,4 млрд.теңге жергілікті бюджет қаражаты есебінен бөлінуі қажет. Өңірдегі жеке тұрғын үй қорынан жалға тұрғынжай алуға жататын жекелеген санаттар кезегінде тұрған  азаматтар үшін, тиесілі қаржы көлемі 2022 жылға  537,3 млн.теңге.

Қызылорда облысы әкімдігінің 2021 жылғы 21 желтоқсандағы №447 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2022 жылғы 13 мамырдағы №554 қаулысымен алғашқы 3 айға есептелініп, 135,0 млн.теңге қаржы қаралды. Қәзіргі күні, Отбасы банкпен келісім шарт жасалуда.

Электр энергетикасы саласы бойынша

Бүгінде өңірдегі электрмен қамту жүйелерінің жалпы ұзындығы 10 мың шақырымнан астам электржелілерді және әр-түрлі кернеуліктегі 1837 дана қосалқы станциялардан  тұрады, олардың тозу деңгейі 68 % құрайды. 2021 жылы «ҚЭТТК» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту жобасы аясында Қызылорда қаласының Титов, Қызылжарма, Арай шағын аудандарындағы 10/0,4 кВ әуе желілерін дамытуға облыстық бюджеттен 201,9 млн теңге қаржы бөлініп, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында 9 дана қосалқы трансформаторлық станциялар орнатылып, 40 шақырымнан астам электр желілері құрылыс нормаларының талаптарына сәйкестендіріледі. Аяқталуы 2022 жылға жоспарланған.

Шиелі кентіндегі «Шиелі» 220/110/35/10 кВ қосалқы станциясын қайта жаңғырту жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірленуде, сараптама қорытындысын алу 2022 жылға жоспарланған. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында бюджеттен бөлінген 300 млн. теңгеге Қызылорда облысы, Қармақшы ауданындағы "Балық цехы" жобасын сыртқы электр желілерімен қамтамасыз ету" жобасы бойынша құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

2022 жылы Ұлттық қордан және республикалық бюджеттен бөлінген 898 787 мың теңге қаржыға «Жаңақорған ауданы Жаңақорған  кентіндегі 10/0,4 кВ электржелілік жүйені жаңғырту» жұмыс жобасын іске асыру жоспарлануда (жобаның жалпы құны 3,4 млрд.тенге, іске асыру мерзімі 2022-2023 ж.ж.) аталған қаржыға 60 шақырым электр желісінің құрылысы жүргізіліп,сонымен қатар 1 дана тарату қондырғы және 23 дана қосалқы трансформаторлық қондырғылар орнатылу жаспарланған.  Қазіргі таңда, құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде.


Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2022 жылдың 3 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

Газдандыру саласы бойынша

2022 жылы 5 газбен жабдықтау жобаларын жүзеге асыруға 3,2 млрд.теңге (3 253,3 млн.теңге) бөлінді. Оның ішінде: Ұлттық қор - 2,0 млрд.теңге (2 000,0 млн.теңге), облыстық бюджет - 458 млн.теңге, «Ауыл - ел бесігі» - 795,3 млн. теңге.

«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында Қазалы ауданындағы Қ.Пірімов, Жалаңтөс батыр, Басықара елді мекендерін газбен жабдықтау жобасы жүзеге асырылады.

Ұлттық қордан және облыстық бюджеттен есебінен 2 газдандыру жобасы (Қазалы ауданы Қазалы қаласы, Қызылорда қаласы Наурыз, Махамбетов елді мекендері) жүзеге асырылады. Жобалар 2021 жылдан өтпелі.

01.04.2022 ж. жағдай бойынша қаржылық жылға жоспарланған қаржының 709,5 млн.теңгесі немесе 21,8% игерілді.

Ауыз сумен қамту бойынша

Облыс бойынша барлық 230 ауылдық елді мекеннің 198-і немесе      86 пайызы, халық санымен алғанда 97,8 пайызы (449,6 мың адамның 439,6 мыңы) орталықтандырылған су жүйесіне қосылған.

2022 жылға сумен қамту және кәріз желілерінің жаңғырту мақсатында 14 жобаларын іске асыруға жалпы 3,2 млрд теңге бөлініп отыр, олардың ішінде 2021 жылы басталған 3 өтпелі жобалардын құрылысын  аяқтауға.

Олар, Қызылорда қаласында қуаты тәулігіне 70,0 мың м3 болатын ағынды суларды биологиялық тазарту станциясын жаңарту және автоматтандыруға (1) және қаладағы кәріз жүйелері мен сорғы станцияларын жаңғыртуға (6),  Жалағаш ауданының (3) Жалағаш кентіндегі Ақтерек жаңа мөлтек ауданды сумен қамтуға, Мадениет, Аққұм елді мекендерінің, Жаңақорған ауданының (4) Еңбек, Сунақата, Төменарық, Екпынды  елді мекендерінің сумен қамту жүйелерін жаңғырту жобалары биыл іске асырылуға жоспарлануда.

Аталған жобалардың іске асырылған нәтижесінде 68,3 шақырым ауыз су жүйелері, 4,8 шақырым кәріз желілері, 2 дана КНС және 1 дана бас су қоймасы жаңартылатын болады.

Бүгінгі таңда, конкурстық сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Коммуналдық шаруашылық саласы бойынша

Жылумен қамтамасыз ету бойынша

       2022 жылдың ақпан айында қаладағы жылу құбырларын қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу бойынша 2 жобаның сараптама қорытындындылары алынып, республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін салалық министрлікке 922,7 млн. теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды.

Ағымдағы жылы “Ауыл-ел бесігі” жобасы аясында  әлеуметтік нысандардың жылу қазандықтарын қайта жаңғырту бойынша 4 жобаға республикалық бюджеттен    152,7 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде: Шиелі ауданы Гигант, Жахаев елді мекендері, Жаңақорған ауданы Караултобе ауылы мен Қызылорда қаласы Қызылөзек а.о. Айнакөл ауылындағы мектептердің қазандықтарын газ отына қайта жабдықтау. Қазіргі таңда, 2 жоба бойынша мердігерлері анықталды, 2 жоба бойынша  мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, білім басқармасына қарасты нысандардың қазандықтарын құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестендіру үшін  11 нысан бойынша жоба-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге облыстық бюджеттен 28,6 млн.теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу қорытындысымен жеңімпаз мекемелер анықталып, жұмыстар жүргізілуде.

Қосымша 2022 жылға “Ауыл-ел бесігі” бағдарламасымен әлеуметтік нысандардың қазандықтарын газ отына қайта жабдықтау үшін 13 жобаны қаржыландыруға Ұлттық экономика министрілігіне бюджеттік өтінім ұсынылды (оның ішінде: білім саласы бойынша 10 нысан, денсаулық сақтау саласы - 3 нысан).  Жобалардың жалпы құны 402,6 млн теңге.

Сонымен бірге, 18 әлеуметтік нысандардың қазандықтарын газ отына қайта ауыстыру бойынша жобаларды облыстық бюджеттен қаржыландыруға бюджеттік өтінім тапсырылды.

Жылу беру маусымының өтуі бойынша:

2021-2022-ші жылғы жылу беру маусымы тұрақты өтті.Облыстағы 1064  әлеуметтік нысандар мен орталық жылуға қосылған 816 қөпқабатты тұрғын үй жылумен қамтылды.

Тіршілікті қамтамасыз ететін барлық коммуналдық кәсіпорындар штаттық  режимде жұмыс жасады. Жылу беру маусымы кезеңінде жоспарға сәйкес коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке  33,3 мың тонна, ал жергілікті халық үшін 140,4 мың тонна  көмір отыны толығымен жеткізілді.

Абаттандыру жұмыстары

Республикалық бюджеттен Қазалы қаласының 10,7 шақырымды құрайтын 10 көшесін жарықтандыруға 111,7 млн. теңге, облыстық бюджеттен Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің  5 кварталдағы 18 пәтерлі 6 жалдамалы үйдің аумағын абаттандыруға 52,8 млн. теңге бөлінді. Сонымен қатар, Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің Сол жақ жағалауындағы 12 гектарға арналған гүл бульварын абаттандыру" жобасының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге 7,8 млн. теңге қаралып, жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, абаттандыру және жарықтандыру жұмыстары бойынша                       21 жобаны қаржыландыруға бюджеттік өтінім тапсырылды.

Көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқару бойынша

Облыс бойынша басқарудың жаңа формасына жататын 914 көп пәтерлі тұрғын үй бар. Үстіміздегі жылдың 1-тоқсанындағы жағдай бойынша 910 көп пәтерлі тұрғын үй басқарудың жаңа формасымен құрылды. (9 меншік иелерінің бірлестігі және 901 жәй серіктестік)

Анықтама ретінде: Қызылорда қаласы, Арал, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі және Жаңақорған аудандары  - 100%, ал Сырдария ауданы- 96,6%, Қазалы ауданы 96,2%. 

Қызылорда қаласы – 575 үй, Арал ауданы – 42 үй, Қазалы – 106 үй, Қармақшы – 56 үй, Жалағаш – 21 үй, Сырдария – 29 үй, Шиелі – 69 үй, Жаңақорған – 16 үй.

Облыс бойынша кондоминиум объектілерін басқарудың жаңа нысандарына қатысты нормативтік құқықтық актілерін бекіту және ақпараттандыруға арналған іс-шара жоспары бекітілді. Құрылған жаңа басқару органдарына жинақ шотын ашу, Кондоминиум нысандарын Әділет органына тіркеу, Нормативтік құжаттарды бекіту жұмыстары жүруде.

Мемлекет басшысының «Мүліктің меншік иелері бірлестігінің институтын енгізу» жөніндегі тапсырмасын сапалы орындау  мақсатында 2022 жылдың ақпан айында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі бекіткен тұрғын үй реформасы мәселесі бойынша шиеленісті жою жөніндегі Медиа-Жоспар жасалған. Осыған сәйкес,  жаңа реформа туралы және МИБ/ЖС-ке көшудің мәселелері бойынша бейне конференц желісі арқылы өңірлік сарапшылармен пікір алмасу ұйымдастырылды. Онлайн режимде өткізілген семинар Алматыда құрылған тұрғын үй реформасы жөніндегі комитеттің басшысы мен "ТКШ-ИНФО" оқу орталығының қатысуымен өтті, оған  Қызылорда қаласы бойынша көппәтерлі тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсетіп отырған мекемелердің басшылары қатысты. Семинарға қатысушылармен пікір алмасып, сұрақтарына жауап берілді.

Электр энергетикасы саласы бойынша

Бүгінде өңірдегі электрмен қамту жүйелерінің жалпы ұзындығы 10 мың шақырымнан астам электржелілерді және әр-түрлі кернеуліктегі 1837 дана қосалқы станциялардан  тұрады, олардың тозу деңгейі 69 % құрайды. 2021жылы «ҚЭТТК» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту жобасы аясында Қызылорда қаласының Титов, Қызылжарма, Арай шағын аудандарындағы 10/0,4 кВ әуе желілерін дамытуға облыстық бюджеттен 201 938,5 мың теңге қаржы бөлініп, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында 9 дана қосалқы трансформаторлық станциялар орнатылып, 40 шақырымнан астам электр желілері құрылыс нормаларының талаптарына сәйкестендіріледі. Аяқталуы 2022 жылға жоспарланған. Республикалық және облыстық бюджет есебінен қаржы бөлініп «Қызылорда қаласындағы «ГМЗ», «Комсомол», «Залинейная», «Промышленная» 35/10 кВ қосалқы станцияларын қайта жаңғырту» жобалары бойынша құрылыс жұмыстары басталып, жалғасуда. Жобаның аяқталу мерзімі 2022-2023 ж.ж. көзделген. Шиелі кентіндегі «Шиелі» 220/110/35/10 кВ қосалқы станциясын қайта жаңғырту жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірленуде, сараптама қорытындысын алу 2022 жылға жоспарланған.

«Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында облыс бюджеттен бөлінген 29 млн. теңгеге Қызылорда облысы, Қармақшы ауданындағы "Балық цехы" жобасын сыртқы электр желілерімен қамтамасыз ету" жобасы бойынша мердігері «Казахстан Электро» ЖШС-і анықталып, келісім-шарт жасалды. 2022 жылы Ұлттық қордан және республикалық бюджеттен бөлінген 898 787 мың теңге қаржыға «Жаңақорған ауданы Жаңақорған  кентіндегі 10/0,4 кВ электржелілік жүйені жаңғырту» жұмыс жобасын іске асыру жоспарлануда (жобаның жалпы құны 3,4 млрд.тенге, іске асыру мерзімі 2022-2023 ж.ж.) аталған қаржыға 60 шақырым электр желісінің құрылысы жүргізіліп, сонымен қатар 1 дана тарату қондырғы және 23 дана қосалқы трансформаторлық қондырғылар орнатылу жаспарланған.

Қазіргі таңда, мердігер анықталып, құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастауға рұқсат алынуда.


Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2021 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет 

Газдандыру саласы бойынша

Бүгінгі күнге, облыс орталығы мен Байқоңыр қаласы, 5 аудан ортылығы (Арал, Әйтеке би, Тереңөзек, Шиелі, Жаңақорған) мен 9 ауылдық елді мекен газдандырылған. Жалпы облыстың газбен жабдықтау үлесі 65 пайызды құрайды.

2021 жылдың қортындысы бойынша Жосалы, Жалағаш және Тереңөзек кенттеріне, Шиелі ауданындағы Н.Бекежанов және Қодаманов елді мекендері табиғи газға қосылды. Жалпы облыстың газбен жабдықтау үлесі 67 пайызға өсті.

2021 жылы Қызылорда қаласына қарасты Наурыз және Махамбетов елді мекендерін, Шиелі ауданындағы Алғабас және Ақмая елді мекендерін газдандыру жұмыстары басталды.

Сонымен қатар, Қазалы қаласын газдандыру жұмыстары жалғасы, жоба 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында толықтай аяқтау жоспарлануда.

Басқарма тарапынан Арал ауданындағы Сексеуіл кентін, Қармақшы ауданындағы Төретам және Ақай елді мекендерін газдандыру жобалары және Шиелі ауданындағы Шоқай елді мекенінде АГТС орнату жобасы әзірленді.

Сумен қамтамасыз ету және суды бұру саласы бойынша

2021 жылы облыстың ауыз су және кәріз жүйелерін жаңғырту және құрылысына «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы, «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасы және облыстық бюджеттен жалпы құны 2,2 млрд.теңге  (республикалық бюджеттен 2,1млрд. теңге,  облыстық бюджеттен 0,1 млрд. теңге) болатын барлығы 8 жобаларды  іске асыруға қаржы бөлінді.

Жылдың қорытындысымен 1,8 млрд.теңгесі игерілді. оның ішінде республикалық бюджеттен 1,7 млрд. теңге,  облыстық бюджеттен 0,1 млрд. теңге немесе 82 пайыз.

Жалпы нәтижесінде 110,7 шақырым ауыз су және 11,4 шақырым кәріз желілері салынды, 52 адам уақытша жұмыспен қамтылды, 20 мынан аса адамның сумен қамту және су бұру қызметі жақсарады. 3 жобалар  - 2022 жылға өтпелі болып саналды.

Субсидиялауға облыстық бюджеттен 3,3 млрд.теңге бөлініп, толығымен игерілді нәтижесінде 178 елді мекеннің сумен қамту қызметі атқарылды.

Жыл қорытындысымен облыс халқының 97,8 пайызы орталықтандырылған ауыз жүйесін пайдаланды.

Анықтама үшін:

«Нұрлы жер» бағдарламасымен:

«Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялау. I-ші кезек, I-ші кезең. Су бұру» жобасына барлығы 901,208 млн.теңге бөлінді (РБ – 808,532 млн. теңге, ОБ – 92,676 млн теңге). Нысанның құрылысы аяқталып 11,4 км кәріз желілерінің жаңғыртылды. Құрылысын жүргізу барысында 15 уақытша жұмыс орындары құрылды.  Байқоңыр қаласындағы 16061 тұтынушының  суды бұру қызметінің сапасы жақсарды.

Сумен қамту және су бұру жүйелерін жаңғыртудың 6 жобасына 1 146,5 млн.теңге (РБ –1 131,7 млн.теңге, ОБ –14,8 млн.теңге) бөлінді, оның ішінде:

3 жоба - Қазалы ауданының Жаңқожа батыр және Майдакөл елді мекеніндегі тұрғын үйлерге сервистік су желілерін жүргізу. Екі ауылда 27,9 км сервистік жүйе салынып жобалар актімен қабылданды және Қармақшы ауданы Төретам кентін сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы аяқталды. Жалпы 43,3 шақырым ауыз су жүйелері жаңартылды.

3 жоба - Жаңақорған ауданы Төменарық, Сұнақата, Екпінді елді мекендерінің сумен жабдықтау желісін қайта құру және кеңейту бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілді.

12 айдың қорытындысымен жоспардағы 2 035 734 мың теңгенің 1 722 293 мың теңгесі немесе  84 пайызы игерілді, оның ішінде, РБ – 1 940 226 мың теңгенің 1 626 785 мың теңгесі немесе 84 пайызы, ОБ – 95 508 мың теңгенің 100 пайызы игерілді.

 «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасымен Жаңақорған кентінде тұрғын үйлерге дейін сервистік желісін салу жобасы 2020 жылдан басталды. 2021 жылы жобаны аяқтауға республикалық бюджеттен 214 885 мың теңге бөлініп, 111 559,0 мың теңгесі игерілді, яғни 52 пайыз). Бүгінгі күнге 193,1 шақырым су жүйесі салынды және 3000-ға жуық үйге су кіргізілді. Жобаның құрылыс жұмыстарын аяқтау мерзімі 2022 жылға өтпелі болып саналды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы бойынша

Мемлекет басшысымен 2020 жылғы 1 қыркүйекте «Мүліктің меншік иелері бірлестіктерінің институтын енгізу» жөніндегі тапсырмасы берілді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес пәтер иелерінің кооперативтері (ПИК)  көппәтерлі тұрғын үйді басқару қызметін тек 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін жүзеге асырады.

Қазіргі уақытта Қызылорда облысындағы 1222 көпқабатты тұрғын үйлерге 18 басқару (КСК) органы қызмет көрсетеді.

 «Мүліктің меншік иелері бірлестіктерінің институтын енгізу» жөніндегі реформаны іске асыру мақсатында қала және аудан әкімдіктерімен ағымдағы жылдың 17 ақпанда Жол картасы және Медиа-жоспар бекітілді.

Осыған орай, тұрғын үй иелеріне меншік иелері бірлестігін немесе жай серіктестік құру жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарымен 265 рет, әлеуметтік желіде 275 рет көрсетілді және  брошюралар таратылды.

Қазіргі уақытта Қызылорда облысында 9 мүліктің меншік иелерінің бірлестігі және 900 жай серіктестік құрылды.

Көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу

2021жылы«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен Қызылорда қаласындағы 11 көпқабатты тұрғын үйді жөндеуге 681 910 мың. теңге қаржы бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

Бүгінгі күнге, күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 2021 жылғы 577 үйден 566 үйге азайды немесе 47,2 %-дан  46,32%-ға төмендетілді.

Жылумен жабдықтау бойынша

       Қызылорда облыстық мәслихатының 2021 жылғы 14 сәуірдегі  №23 шешіміне сәйкес, Қызылорда қаласындағы жылу желілерді қайта жаңғырту бойынша 5 жоба-сметалық құжаттаманы әзірлеп, сараптама қорытындысын алуға облыстық бюджеттен 27,2 млн теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда, жобалаушы мекеме «ПроектСервис» ЖШС-мен жобалау жұмыстары аяқталып, сараптама қорытындылары алынуда.

Жарықтандыру жұмыстары

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында бөлінген 152,5 млн.теңге қаржыға Жалағаш кентіндегі 4 көше мен Сырдария ауданы Ақжарма ауылындағы 3 көше, сондай-ақ Тереңөзек – Шаған автожолының бойындағы көше жарықтандырылды.

Абаттандыру жұмыстары

         2021 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 163,0 млн.теңге қаржыға Қызылорда қаласындағы Жахаев көшесі мен Әйтеке би кентіндегі Жалаңтөс баhадүр ескерткішінің аумағы абаттандырылды.

Электр энергетикасы саласы бойынша

Бүгінде өңірдегі электрмен қамту жүйелерінің жалпы ұзындығы 10 мың шақырымнан астам электржелілерді және әр-түрлі кернеуліктегі 1837 дана қосалқы станциялардан  тұрады, олардың тозу деңгейі 69 % құрайды.

2021жылы «ҚЭТТК» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту жобасы аясында Қызылорда қаласының Титов, Қызылжарма, Арай шағын аудандарындағы 10/0,4 кВ әуе желілерін дамытуға облыстық бюджеттен 201 938,5 мың теңге қаржы бөлініп, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында 9 дана қосалқы трансформаторлық станциялар орнатылып, 40 шақырымнан астам электр желілері құрылыс нормаларының талаптарына сәйкестендіріледі. Аяқталуы 2022 жылға жоспарланған.

Жалағаш ауданыдағы 6 е/м электр желісінің қайта жаңғырту құрылыс монтаждау жұмыстары толығымен аяқталып, елді мекен тұрақты, сапалы электрмен жабдықталды.

Қазалы ауданы Каукей е/м электр желілерін жаңғырту құрылыс монтаждау жұмыстары толығымен аяқталып, аталған елді мекен тұрақты және сапалы электрмен жабдықталды.

Республикалық және облыстық бюджет есебінен «Қызылорда қаласындағы «ГМЗ», «Комсомол», «Залинейная», «Промышленная» 35/10 кВ қосалқы станцияларын қайта жаңғырту» жобалары бойынша құрылыс жұмыстары жалғасуда. Жобаның аяқталу мерзімі 2022-2023 ж.ж. көзделген.

Шиелі кентіндегі «Шиелі» 220/110/35/10 кВ қосалқы станциясын қайта жаңғырту жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірленуде, сараптама қорытындысын алу 2022 жылға жоспарланған.

«Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында облыс бюджетінің қаржысына Қызылорда қаласындағы ет комбинатын және Жаңақорған ауданындағы шаруа қожалықты электрмен қамту жобалары пайдалануға берілді.

2022 жылы Ұлттық қордан және республикалық бюджеттен бөлінген 898 787 мың теңге қаржыға «Жаңақорған ауданы Жаңақорған  кентіндегі 10/0,4 кВ электржелілік жүйені жаңғырту» жұмыс жобасын іске асыру жоспарлануда (жобаның жалпы құны 3,4 млрд.тенге, іске асыру мерзімі 2022-2023 ж.ж.) аталған қаржыға 60 шақырым электр желісінің құрылысы жүргізіліп, сонымен қатар 1 дана тарату қондырғы және 23 дана қосалқы трансформаторлық қондырғылар орнатылады. 


Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2021 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

Газдандыру саласы бойынша
Бүгінгі күнге, облыс орталығы мен Байқоңыр қаласы, 5 аудан ортылығы (Арал, Әйтеке би, Тереңөзек, Шиелі, Жаңақорған) мен 9 ауылдық елді мекен газдандырылған. Жалпы облыстың газбен жабдықтау үлесі 65 пайызды құрайды.
Өткен жылы Арал ауданындағы Жақсықылыш кентін, Қазалы ауданындағы Ғани Мұратбаев және Шиелі ауданындағы Байсын ауылдарына газ берілсе, биыл жыл басында Тереңөзек кенті табиғи газға қосылды.
Ағымдағы жылы 48 мыңнан астам тұрғын табиғи газды тұтыну мүмкіндігін алады. Бұл жұмыстарға 2021 жылға 4,1 млрд.теңге бөлінді. Оның ішінде: республикалық бюджеттен – 3,4 млрд.теңге, облыстық бюджеттен – 748,6 млн.теңге.
2021 жылдың шілде айында Жосалы және Жалағаш кенттері, тамыз айында Шиелі ауданы Н.Бекежанов елді мекені табиғи газға қосылып, 38 мыңға жуық тұрғын көгілдір отынның игілігін көруге мүмкіндік алды. Ал, жыл соңына дейін Қазалы қаласы, Шиелі ауданы Қодаманов елді мекені газға қосылады.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы Қызылорда қаласына қарасты Наурыз және Махамбет елді мекендерін газдандыру жұмыстарын бастауды жоспарлануда. Аталған жобаның құрылыс-монтаж жұмыстарына республикалық бюджеттен 500 млн.теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
2021 жылдың республикалық бюджеттің екінші нақтылануына Қармақшы ауданындағы Төретам кенті мен Ақай ауылын газдандыру жобаларын бастауға Энергетика министрлігіне бюджеттік өтінім жолданды.
Басқарма тарапынан ағымдағы жылы Жаңақорған ауданындағы Бірлік және Қыраш елді мекендерін газдандыру жобаларына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.
Сонымен қатар, Сексеуіл кентіне және Шиелі ауданындағы Шоқай елді мекенінде АГТС орнату жобалары мемлекеттік сараптаманың қарауында.
Сондай-ақ, Қызылорда қаласына қарасты Абай ауылын, Арал ауданы Сексеуіл кентін, Жаңақорған ауданындағы Төменарық елді мекенін газдандыру жобалары әзірленуде.
Сумен қамтамасыз ету және суды бұру саласы бойынша
2021 жылы сумен қамту және су бұрудың 8 жобасына 2,3 млрд.теңге (2 283 715 мың тг) бөлінді, оның ішінде, республикалық бюджеттен – 2,2 млрд.теңгеге жуық (2 155 111 мың тг), облыстық бюджеттен - 128 604 мың.теңге.
Есепті кезеңге қаржыны игеру жоспардағы 1 101 743 мың. теңгенің 1 069 040 мың теңгесі немесе 97 пайызы игерілді. Оның ішінде, РБ – 1 065 107 мың теңгенің 1 038 222 мың тегесі немесе 97,5 пайызы, ОБ – 36 636 мың теңгенің 30 818 мың теңгесі немесе 84 пайыз.
Нәтижесінде 223 шақырым су және 11,4 шақырым кәріз желілері салынатын болады. 57 адам уақытша жұмыспен қамтылады, 90 мынан аса адамның сумен қамту және су бұру қызметі жақсарады.
Анықтама үшін: «Нұрлы жер» бағдарламасымен:
«Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялау. I-ші кезек, I-ші кезең. Су бұру» жобасына барлығы 901,208 млн.теңге бөлінді (РБ – 808,532 млн. теңге, ОБ – 92,676 млн теңге). Жоба қуаттылығы - 11,4 км кәріз желілерінің жаңғырту.
Бүгінгі таңда, құрылыс жұмыстары жүруде. Нысанды аяқтау мерзімі - 2021 жылдың желтоқсан айы.
Нысанның құрылысын жүргізу барысында 15 уақытша жұмыс орындары құрылады. Жоба іске асқан жағдайда Байқоңыр қаласындағы 16 061 тұтынушының суды бұру қызметінің сапасы жақсарады.
Сумен қамту және су бұру жүйелерін жаңғыртудың 6 жобасына 1 167,6 млн.теңге (РБ –1 131,7 млн.теңге, ОБ –35,9 млн.теңге) бөлінді, оның ішінде:
2 жоба - Қазалы ауданының Жаңқожа батыр және Майдакөл елді мекеніндегі тұрғын үйлерге сервистік су желілерін жүргізу. Екі ауылда 27,9 км сервистік жүйе салынып жобалар актімен қабылданды.
1 жоба - Қармақшы ауданы Төретам кентін сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы. Қзіргі таңда жобаның құрылысы аяқталуға жақын.
3 жоба - Жаңақорған ауданы Төменарық, Сұнақата, Екпінді елді мекендерінің сумен жабдықтау желісін қайта құру және кеңейту. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстары жүруде.
Есепті кезеңге қаржыны игеру жоспардағы 1 045 215 мың. теңгенің 1 012 512 мың теңгесі немесе 97 пайызы игерілді. Оның ішінде, РБ – 1 008 579 мың теңгенің 981 694 мың тегесі немесе 97,3 пайызы, ОБ – 36 636 мың теңгенің 30 818 мың теңгесі немесе 84 пайыз.
Жалпы, 6 жоба бойынша 122,2 км ауыз су жүйелері жаңғырту жұмыстары жоспарлануда, 42 уақытша жұмыс орындар құрылады. Нәтижесінде 11 468 адам сапалы ауыз суға қол жеткізеді.
«Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасымен Жаңақорған кентінде тұрғын үйлерге дейін сервистік желісін салу жобасы 2020 жылдан басталды. Өткен жылы 93 шақырым сервистік жүйе салынды.
2021 жылы жобаны аяқтауға республикалық бюджеттен 214 885 мың теңге бөлінді. Жоспар бойынша 101,3 шақырым сервистік жүйе салынады. Нәтижесінде 31 530 адамға сапалы сумен қамту қызметі көрсетіледі.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы бойынша
Мемлекет басшысымен 2020 жылғы 1 қыркүйекте «Мүліктің меншік иелері бірлестіктерінің институтын енгізу» жөніндегі тапсырмасы берілді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес пәтер иелерінің кооперативтері (ПИК) көппәтерлі тұрғын үйді басқару қызметін тек 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін жүзеге асырады.
Қазіргі уақытта Қызылорда облысындағы 1222 көпқабатты тұрғын үйлерге 18 басқару (КСК) органы қызмет көрсетеді.
«Мүліктің меншік иелері бірлестіктерінің институтын енгізу» жөніндегі реформаны іске асыру мақсатында қала және аудан әкімдіктерімен ағымдағы жылдың 17 ақпанда Жол картасы және Медиа-жоспар бекітілді.
Осыған орай, тұрғын үй иелеріне меншік иелері бірлестігін немесе жай серіктестік құру жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарымен 190 рет, әлеуметтік желіде 220 рет көрсетілді және брошюралар таратылды.
Қазіргі уақытта Қызылорда облысында 9 мүліктің меншік иелерінің бірлестігі және 327 жай серіктестік құрылды.
Көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу
2020 жылы Қызылорда облысында жөндеуді қажет ететін көпқабатты тұрғын үйлер саны 577 құрап отыр (47,2 %).
2020 жылы 34 көпқабатты тұрғын үйлердің (32- Қызылорда қаласында, 1- Жаңақорған ауданында, 1- Шиелі ауданында) күрделі жөндеу жұмыстарын өткізуге республикалық бюджеттен 2,079 млрд.теңге бөлінді. Қазіргі таңда, көпқабатты тұрғын үйлердің жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. 2021жылға көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізуге республикалық бюджетке 30 үйге бюджеттік өтінім ұсынылып, 11 көпқабатты тұрғын үйді жөндеуге 681 910 мың. теңге қаржы бөлініп, тісті құжаттары әзірленуде.
Жылумен жабдықтау бойынша
Қызылорда облыстық мәслихатының 2021 жылғы 14 сәуірдегі №23 шешіміне сәйкес, Қызылорда қаласындағы жылу желілерді қайта жаңғырту бойынша 5 жоба-сметалық құжаттаманы әзірлеп, сараптама қорытындысын алуға облыстық бюджеттен 27 233,8 мың теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда, жобалаушы мекеме «ПроектСервис» ЖШС-мен жобалау жұмыстары жүргізілуде.
Электр энергетикасы саласы бойынша
«Қызылорда қаласындағы «ГМЗ», «Комсомол», «Залинейная», «Промышленная» 35/10 кВ ҚС қайта жаңғырту» жобалары бойынша 1,4 млдр. тенге бөлініп, құрылыс-монтаждау жұмыстары басталуда.
Сонымен қатар, «Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын электрмен қамту, 2 кезеңі» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеу» жұмыстары жүргізілуде.
«ҚЭТТК» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту жобасы аясында Жалағаш ауданы Бұқарбай батыр атындағы е/м электр желісінің қайта жаңғырту құрылыс монтаждау жұмыстары толығымен аяқталды.
Одан бөлек «80 000 жай акцияларын орналастыру арқылы ҚЭТТК» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту» жобасы аясында Қазалы ауданы Каукей е/м электр желілерін жаңғырту құрылыс монтаждау жұмыстары толығымен аяқталып.
Аталған елді мекендер тұрақты, сапалы электрмен жабдықталды. 


Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2021 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

Газдандыру саласы бойынша
Бүгінгі күнге, облыс орталығы мен Байқоңыр қаласы, 5 аудан ортылығы (Арал, Әйтеке би, Тереңөзек, Шиелі, Жаңақорған) мен 9 ауылдық елді мекен газдандырылған. Жалпы облыстың газбен жабдықтау үлесі 65 пайызды құрайды.
Өткен жылы Арал ауданындағы Жақсықылыш кентін, Қазалы ауданындағы Ғани Мұратбаев және Шиелі ауданындағы Байсын ауылдарына газ берілсе, биыл жыл басында Тереңөзек кенті табиғи газға қосылды.
Ағымдағы жылы 48 мыңнан астам тұрғын табиғи газды тұтыну мүмкіндігін алады. Бұл жұмыстарға 2021 жылға 4,4 млрд.теңге бөлінді.
2021 жылдың шілде айында Жосалы және Жалағаш кенттері, жыл соңына дейін Қазалы қаласы, Шиелі ауданындағы Бекежанов, Қодаманов ауылдары газға қосылады.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы Қызылорда қаласына қарасты Наурыз және Махамбет елді мекендерін газдандыру жұмыстарын бастауды жоспарлап отырмыз.
Сондай-ақ, Қызылорда қаласына қарасты Абай ауылына, Арал ауданы Сексеуіл кентіне, Қармақшы ауданы Төретам және Ақай елді мекендеріне, Жаңақорған ауданы Бірлік, Қыраш, Төменарық елді мекендеріне газдандыру жобалары әзірленуде.

Сумен қамтамасыз ету және суды бұру саласы бойынша
2021 жылы сумен қамту және су бұрудың 8 жобасына 2,4 млрд.теңге (2 398 995 мың тг) бөлінді, оның ішінде, республикалық бюджеттен – 2,2 млрд.теңге (2 237 910 мың тг), облыстық бюджеттен - 161 095 мың.теңге.
Есепті кезеңге қаржыны игеру жоспарындағы республикалық бюджеттен бөлінген 209,4 млн. теңге қаржы толығымен игерілді. Жұмыстар жалғасуда.
Нәтижесінде 223 шақырым су және 11,4 шақырым кәріз желілері салынатын болады. 57 адам уақытша жұмыспен қамтылады, 90 мынан аса адамның сумен қамту және су бұру қызметі жақсарады.
Анықтама үшін: «Нұрлы жер» бағдарламасымен:
«Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялау. I-ші кезек, I-ші кезең. Су бұру» жобасына барлығы 901,208 млн.теңге бөлінді (РБ – 808,532 млн. теңге, ОБ – 92,676 млн теңге). Жоба қуаттылығы - 11,4 км кәріз желілерінің жаңғырту.
Бүгінгі таңда, мемлекеттік сатып алу конкурсы аяқталып, мердігері анықталды. Нысанды аяқтау мерзімі - 2021 жылдың желтоқсан айы.
Нысанның құрылысын жүргізу барысында 15 уақытша жұмыс орындары құрылады. Жоба іске асқан жағдайда Байқоңыр қаласындағы 16061 тұтынушының суды бұру қызметінің сапасы жақсарады.
Сумен қамту және су бұру жүйелерін жаңғыртудың 6 жобасына 1184,8 млн.теңге (РБ –1148,91 млн.теңге, из ОБ –35,9 млн.теңге) бөлінді, оның ішінде:
2 жоба - Қазалы ауданының Жаңқожа батыр және Майдакөл елді мекеніндегі тұрғын үйлерге сервистік су желілерін жүргізу. Екі ауылда 27,9 км сервистік жүйе салынды. Қазіргі таңда қабылдау жұмыстары жүргізілуде;
1 жоба - Қармақшы ауданы Төретам кентін сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы. Есепті кезеңге 8 км су жүйесі салынды;
3 жоба - Жаңақорған ауданы Төменарық, Сұнақата, Екпінді елді мекендерінің сумен жабдықтау желісін қайта құру және кеңейту. Мемлекеттік сатып алу конкурсы жүруде.
Есепті кезеңге қаржыны игеру жоспарындағы республикалық бюджеттен бөлінген 209,4 млн. теңге қаржы толығымен игерілді.
Бірінші жартыжылдық қорытындысымен 35,9 км ауыз су жүйелерінің құрылысы атқарылды.
Жалпы, 6 жоба бойынша 122,2 км ауыз су жүйелері жаңғырту жұмыстары жоспарлануда, 42 уақытша жұмыс орындар құрылады. Нәтижесінде 11 468 адам сапалы ауыз суға қол жеткізеді.
«Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасымен Жаңақорған кентінде тұрғын үйлерге дейін сервистік желісін салу жобасы 2020 жылдан басталды. Өткен жылы 93 шақырым сервистік жүйе салынды.
2021 жылы жобаны аяқтауға 312 987 мың теңге бөлінді (РБ – 280 468 мың тг; ОБ – 32 519 мың тг). Жоспар бойынша 101,3 шақырым сервистік жүйе салынады.Нәтижесінде 31 530 адамға сапалы сумен қамту қызметі көрсетіледі.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы бойынша
Мемлекет басшысымен 2020 жылғы 1 қыркүйекте «Мүліктің меншік иелері бірлестіктерінің институтын енгізу» жөніндегі тапсырмасы берілді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес пәтер иелерінің кооперативтері (ПИК) көппәтерлі тұрғын үйді басқару қызметін тек 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін жүзеге асырады.
Қазіргі уақытта Қызылорда облысындағы 1222 көпқабатты тұрғын үйлерге 18 басқару (КСК) органы қызмет көрсетеді.
«Мүліктің меншік иелері бірлестіктерінің институтын енгізу» жөніндегі реформаны іске асыру мақсатында қала және аудан әкімдіктерімен ағымдағы жылдың 17 ақпанда Жол картасы және Медиа-жоспар бекітілді.
Осыған орай, тұрғын үй иелеріне меншік иелері бірлестігін немесе жай серіктестік құру жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарымен 30 рет, әлеуметтік желіде 25 рет көрсетілді және брошюралар таратылды.
Қазіргі уақытта Қызылорда облысында 2 мүліктің меншік иелерінің бірлестігі және 175 жай серіктестік құрылды.

Жылумен жабдықтау бойынша
Қызылорда облыстық мәслихатының 2021 жылғы 14 сәуірдегі №23 шешіміне сәйкес, Қызылорда қаласындағы жылу желілерді қайта жаңғырту бойынша 5 жоба-сметалық құжаттаманы әзірлеп, сараптама қорытындысын алуға облыстық бюджеттен 27 233,8 мың теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Электр энергетикасы саласы бойынша
«Қызылорда қаласындағы «ГМЗ», «Комсомол», «Залинейная», «Промышленная» 35/10 кВ ҚС қайта жаңғырту» жобалары бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары жалғастырылуда.
Мемлекеттік сатып алу конкурсы қорытындысымен «Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын электрмен қамту, 2 кезеңі» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеу» жобасы бойынша жобалаушы мекеме анықталды. Қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеу жұмыстары басталды.
Шиелі кентіндегі «Шиелі» 220/110/35/10 кВ қосалқы станциясын қайта жаңғырту жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қаржы бөлініп, жобалаушы мекемені анықтау бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
«ҚЭТТК» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту жобасы аясында Жалағаш ауданы Бұқарбай батыр атындағы е/м электр желісінің қайта жаңғырту құрылыс монтаждау жұмыстары толығымен аяқталып, елді мекен тұрақты, сапалы электрмен жабдықталды.
Бұдан бөлек «80 000 жай акцияларын орналастыру арқылы ҚЭТТК» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту» жобасы аясында Қазалы ауданы Каукей е/м электр желілерін жаңғырту құрылыс монтаждау жұмыстары толығымен аяқталып, аталған елді мекен тұрақты, сапалы электрмен жабдықталды.


 Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2021 жылдың I тоқсанындағы атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

Газдандыру саласы бойынша
2021 жылы 5 газбен жабдықтау жобаларын жүзеге асыруға 3,0 млрд.теңге (3 024 млн.теңге) бөлінді. Оның ішінде: республикалық бюджет 2,2 млрд.теңге (2 168,9 млн.теңге), облыстық бюджет 297,6 млн.теңге, "Ауыл - ел бесігі" - 557,5 млн.теңге.
- "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы аясында Шиелі ауданындағы Қодаманов аулын газбен жабдықтау жобасы жүзеге асырылады.
- Республикалық және облыстық бюджеттері есебінен 4 газдандыру жобаны (Жалағаш ауданы Жалағаш кенті, Қазалы ауданындағы Қазалы қаласы, Шиелі ауданындағы Бекежанов ауылы, Арал ауданы Арал қаласындағы "АралСода" зауытына газ тарту) жүзеге асырылады.
Елді мекендерді газдандырудың 5 жоба-сметалық құжаттамасын (Арал ауданындағы Сексеуіл кентіне және Шиелі ауданындағы Шоқай елді мекеніне АГТС орнату, Қармақшы ауданындағы Төретам және Ақай елді мекендеріне және Жаңақорған ауданындағы Бірлік ауылына ауылішілік газ тарату желілерін салу) әзірлеуге және мемлекеттік сараптамадан өткізуге 46,5 млн.теңге бөлінді.
- «Тереңөзек АГТС-тен Жалағаш БГРП-на дейін 1,2 МПа жоғары қысымды бұма-газ құбырын және Жалағаш кентінің орамішілік газбен жабдықтау желілерін салу» жобасына 1 500 647 мың теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда 982 948 мың теңге қаржысы игерілді, яғни 65,5 пайызды құрайды. Нәтижесінде 18,5 шақырым газ құбырлары салынды.
- "Қызылорда облысы Қазалы ауданы Қазалы қаласын газбен жабдықтау" жобасының құрылысын жүргізуге 383 711 мың теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда 40 000,0 мың теңге қаржысы игерілді, яғни 10,4 пайызды құрайды. Нәтижесінде 1,4 шақырым газ құбырлары жүргізілді.
- «Қармақшы ауданындағы Ақай елді мекеніне газ жеткізу құбырының және газ тарату желілерінің құрылысы» жобасын мемлекеттік сараптамадан өткізуге облыстық бюджеттен 653,8 мың теңге қаржы бөлініп, 100 пайыз игерілді. Нәтижесінде, жобаның мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысы 2021 жылдың 5 сәуірінде алынды.

Сумен қамтамасыз ету және суды бұру саласы бойынша
2021 жылы ауыз су және кәріз жүйелерін жаңғырту/құрылысына «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 5 және облыстық бюджеттен 1 жобаға жалпы 1,4 млрд.теңгеге (1 394 009 мың теңге) қаржы бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен 1,3 млрд. теңге (1 262 813 мың теңге), облыстық бюджеттен 0,1 млрд. теңге (131 196 мың теңге).
Есепті кезеңге қаржыландыру жоспары бойынша игерілгені 20 млн. теңге немесе 100 пайызды құрайды.
Сонымен қатар, локалды және топтық су жүйелерін субсидиялау бойынша 2021 жылға барлығы 3,4 млрд.теңге (3 361 800 мың теңге) бөлініп, ай сайын қаржылық жоспарға сәйкес игерілуде.
Анықтама үшін: бағдарламалар бөлінісінде төменгідей:
«Нұрлы жер» бағдарламасымен барлығы 5 жобаны іске асыруға 1,4 млрд.тг (1 391 417 мың тг) бөлінді, оның ішінде, РБ – 1,3 млрд.тг (1 262 813 мың тг) бөлініп, ОБ – 0,1 млрд.тг (128 604 мың тг) қоса қаржыландырылды.
Нәтижесінде 43,3 шақырым ауыз су, 11,4 шақырым кәріз жүйелері жаңғыртылады (Қызылорда қаласы – Қараөзек ст, Қазалы ауданы – Жаңқожа батыр, Майдакөл е.м., Қармақшы ауданы – Төретам, Байқоңыр қаласы) және 20 мыңға жуық адамның ауыз сумен қамтылуы жақсарады.
Ағымдағы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазалы ауданының Жанқожа батыр және Майдакөл елді мекендеріндегі жобалар бойынша мердігер мекемелер анықталып, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Қалған жобалар бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы жүруде.
Облыстық бюджет қаржысы есебінен "Байқоңыр қаласының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялау" жобасының жоба-сметалық құжаттарын мемлекеттік сараптамадан өткізуге облыстық бюджеттен 2,5 млн. теңге (2 592 мың теңге) бөлінді. Жобаның сараптамадан өткізуге қосымша 1 млн. теңге (1 016,2 мың теңге) қаржы қажет етеді. Қазіргі таңда жоба мемлекеттік сараптаманың қарауында.
Субсидиялау бойынша
Локалды және топтық су жүйелерін субсидиялау бойынша барлығы 3,4 млрд.теңге (3 361 800 мың теңге) бөлінді. Субсидия алатын ауылдық елді мекендер саны – 171.

Жылумен жабдықтау саласы бойынша
Мемлекет басшысымен 2020 жылғы 1 қыркүйекте «Мүліктің меншік иелері бірлестіктерінің институтын енгізу» жөніндегі тапсырмасы берілді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес пәтер иелерінің кооперативтері (ПИК) көппәтерлі тұрғын үйді басқару қызметін тек 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін жүзеге асырады.
Қазіргі уақытта Қызылорда облысындағы 1222 көпқабатты тұрғын үйлерге 18 басқару (КСК) органы қызмет көрсетеді.
«Мүліктің меншік иелері бірлестіктерінің институтын енгізу» жөніндегі реформаны іске асыру мақсатында қала және аудан әкімдіктерімен ағымдағы жылдың 17 ақпанда Жол картасы және Медиа-жоспар бекітілді.
Осыған орай, тұрғын үй иелеріне меншік иелері бірлестігін немесе жай серіктестік құру жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарымен 8 рет, әлеуметтік желіде 6 рет көрсетілді және 3750 брошюралар таратылды.
Қазіргі уақытта Қызылорда облысында 1 мүліктің меншік иелерінің бірлестігі және 3 жай серіктестік құрылды (Қазалы ауданы – 1 МИБ, Қызылорда қаласы- 3 ЖС).

Электр энергетикасы саласы бойынша
«Қызылорда қаласындағы ПС35/10 кВ «ГМЗ» ҚС қайта жаңғырту», «Қызылорда қаласындағы ПС35/10 кВ «Комсомол» ҚС қайта жаңғырту», «Қызылорда қаласындағы ПС35/10 кВ «Залинейная» ҚС қайта жаңғырту», «Қызылорда қаласындағы ПС35/10 кВ «Промышленная» ҚС қайта жаңғырту» жобалары бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
«ҚЭТТК» АҚ жарғылық капиталын ұлғайтуға 590 318 жай акцияларын орналастыру» жобасы аясында Бұқарбай батыр е/м электр желісінің құрылыс-монтаждау жұмыстарын жалғастыру.
В рамках проекта» размещение 80 000 простых акций на увеличение уставного капитала АО «КРЭК» начаты работы по модернизации электрических сетей Каукейского н.п. Казалинского района.
«Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын электрмен қамту, 2 кезеңі» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттары әзірлеу, мемлекеттік сараптама қорытындысын жүзеге асыру бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Коммуналдық тарифтері бойынша мониторинг жұмыстарын жалғастыру. 


Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2020 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

Газдандыру саласы бойынша
2020 жылы 10 газбен жабдықтау жобаларын жүзеге асыруға 4,9 млрд.теңге
(4 911,8 млн.теңге) бөлінді. Оның ішінде: республикалық бюджет 3,5 млрд.теңге
(3 473,5 млн.теңге), облыстық бюджет 975,9 млн.теңге, "Жұмыспен қамту жол картасы" - 462,4 млн.теңге.
- "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы аясында 3 газбен жабдықтау жобасы жүзеге асырылды. Оның ішінде: Қазалы ауданындағы Ғ.Мұратбаев ауылы, Шиелі ауданындағы Байсын ауылы, Арал ауданы Арал қаласының газдандырылмаған көшелеріне газ желісін тарту.
- Республикалық және облыстық бюджеттері есебінен 3 газдандыру жобасы (Арал ауданындағы Жақсықылыш кенті, Сырдария ауданындағы Тереңөзек кенті, Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентіндегі газдандырылмаған көшелеріне газ желісін тарту) аяқталып, 4 газбен жабдықтау жобасы (Қармақшы ауданындағы Жосалы кенті, Жалағаш ауданындағы Жалағаш кенті, Қазалы ауданындағы Қазалы кенті, Шиелі ауданындағы Бекежанов ауылы) 2021 жылға өтпелі.
Нәтижесінде 256,9 шақырым газ құбыры тартылып, 20 мыңнан астам тұрғын табиғи газбен қамтылды. Облыстық газбен жабдықтау үлесі 65 пайызға дейін көтерілді.
Елді мекендерді газдандырудың 5 жоба-сметалық құжаттамасын (Арал ауданындағы Сексеуіл кентіне және Шиелі ауданындағы Шоқай елді мекеніне АГТС орнату, Қармақшы ауданындағы Төретам және Ақай елді мекендеріне және Жаңақорған ауданындағы Бірлік ауылына ауылішілік газ тарату желілерін салу) әзірлеуге 91,8 млн.теңге бөлінді. Нәтижесінде: Төретам, Ақай және Бірлік елді мекендерін газдандыру жобалары мемлекеттік сараптаманың қарауына жолданып, Сексеуіл және Шоқай елді мекендеріндегі АГТС орнату жобаларын әзірленуі 2021 жылға өтпелі.

Сумен қамтамасыз ету және суды бұру саласы бойынша
2020 жылы облыстың ауыз су және кәріз жүйелерін жаңғырту және құрылысына «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы, «Жұмыспен қамту жол картасы», «Бизнестің жол картасы-2020», «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасы және облыстық бюджеттен жалпы құны 4,6 млрд.теңге (республикалық бюджеттен 2,7 млрд. теңге, облыстық бюджеттен 1,9 млрд. теңге) болатын барлығы 28 жоба іске асырылды, 2 жоба 2021 жылға өтпелі.
Облыстың 17 елді мекенінде 231 шақырым ауыз су, 8 шақырым кәріз жүйелері, 23 кәріздік-насос станциялары жаңғыртылып, 6 су өндіру кешені салынды. Осы елді мекендерде тұратын 151 мың адамның сумен жабдықталуы жақсарды.
178 елді мекеннің сумен қамту қызметін субсидиялауға облыстық бюджеттен 3,3 млрд.теңге төленді.
Жыл қорытындысымен облыс халқының 97,5 пайызы орталықтандырылған ауыз жүйесін пайдаланды.

Жылумен жабдықтау саласы бойынша
2020 жылға мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 7 жоба бойынша конкурс құжаттамалары әзірленіп, жекеше әріптесті айқындауға конкурс өткізілді. Бүгінгі күнге, барлық 7 жобалар (13 әлеуметтік нысан) бойынша жеңімпаз мердігер мекемемен келісім шартқа қол қойылды. Қазіргі таңда барлық жобалар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.
Сонымен бірге, облыстық бюджеттен спорт саласының 2 әлеуметтік нысанының қазандықтарын газ отынына бейімдеу мақсатында жоба-сметалық құжаттамаларын мемлекеттік сараптамасымен әзірлеуге 1,7 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.
Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасын» бағдарламасы аясында 87565,4 мың теңгеге 6 әлеуметтік нысандардың бу қазандықтарын газға ауыстырылды.
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 19 әлеуметтік нысанның қазандықтары газ отынына ауыстырылды және мемлекет бюджетін үнемдеуге мүмкіндік береді.
Қызылорда қаласын орталықтандырылған жылумен қамтудың жалғыз көзі «Қызылорда жылу электр орталығы» мекемесі 1964 жылы пайдалануға берілген.
Жыл сайын жылу беру маусымында апаттық жағдайда жұмыс жасап Қызылорда қаласының тұрғындарын жылумен сенімді қамтамасыз ете алмай келеді.
Осыған байланысты 2019 жылдың ақпан айында Қауіпсіздік кеңесінің отырысында осы мәселе көтеріліп, облыстық бюджет есебінен «Қызылорда қаласы, Қызылорда ЖЭО жаңғырту және кеңейту» техника экономикалық негіздемесі әзірленіп,сараптама қорытындысы алынды. Қазіргі таңда, жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеу мақсатында жұмыстар атқарылуда.
Аталған жобаны «Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019-2022 жылдарға арналған кешенді жоспарына» сәйкес алдағы үш жылдықта іске асыру жоспарланған.
Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамту 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасын» және «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 4 млрд.теңгеге 7,9 шақырым жылу желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып пайдалануға берілді.
Абаттандыру жұмыстары
Қызылорда қаласын және аудан орталықтарын абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру жұмыстарына «Жұмыспен қамту 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасын» бағдарламасы аясында 5 240 407,8 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу
Қазіргі уақытқа Қызылорда облысында жөндеуді қажет ететін көпқабатты тұрғын үйлер саны 577 құрап отыр (47,2 %).
Ағымдағы жылы 34 көпқабатты тұрғын үйлердің (32- Қызылорда қаласында, 1- Жаңақорған ауданында, 1- Шиелі ауданында) күрделі жөндеу жұмыстарын өткізуге республикалық бюджеттен 2,079 млрд.теңге бөлінді. Қазіргі таңда, көпқабатты тұрғын үйлердің жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.

Электр энергетикасы саласы бойынша
2020 жылы электрмен қамту жүйелерін дамыту мақсатында республикалық және облыстық бюджеттен 3 млрд. 337 млн.теңге (оның ішінде РБ 1 млрд. 300 млн.теңге, ОБ 2 млрд. 37 млн.теңге) бөлінді. Аталған қаржыға ағымдағы жылы 5 жоба жүзеге асырып пайдалануға берілді.
«Өңірлерді дамытудың» бағдарламасы аясында
- «Жосалы кентіндегі 220/35/10 кВ Жосалы қосалқы қондырғысын қайта жаңғырту» жұмыс жобасы (жоба аясында кернеулігі 220/35 кВ ашық тарату қондырғысы қайта жаңғыртылды, жалпы подстанциялық басқару пунктінің құрылысы жүргізілді қуаттылығы 20000 кВА күштік трансформаторы қуаттылығы 25000 кВА-ға трансформаторға ауыстырылды);
«Жұмыспен қамту жол картасы 2020-2021 жылдарға» бағдарламасымен
- «Төретам кенті мен Ақай ауылдық округіндегі 6-10/0,4 кВ электр желілерін кеңейту және қайта жаңғырту» жұмыс жобасы (жоба аясында кернеулігі 35 кВ ашық тарату қондырғысы қайта жаңғыртылды, жалпы подстанциялық басқару пунктінің және КРУ-10 кВ электр тарату қондырғысының құрылысы салынды, 2 дана қуаттылығы 6300 кВА күштік трансформатор орнатылды);
- Төретам кентіндегі №22 35/10 кВ қосалқы стансасын кеңейту және қайта құрылымдау» жұмыс жобалары (жоба аясында 96 шақырымнан астам кернеулігі 10/0,4 кВ әуе желісі құрылысы салынды, 33 дана қосалқы трансформаторлық қондырғылар орнатылды, 3031 бірлік есептеу құралдары орнатылды).
Аталған жобалар тұтынушыларды үздіксіз сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету энергия тұтыну режимдерін оңтайландыру және заманауи жабдықтар мен жаңа технологияларды пайдалану арқылы электр энергиясының сыраптарын азайтуға мүмкіндік береді.
«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында
- Қармақшы ауданы Ақтөбе ауылындағы құс фабрикасын электрмен қамту мақсатында, ұзындығы 14,1 шақырым 10 кВ әуе желісінің құрылысын жүргізіліп, 1- дана БКТП-1600 кВА трансформаторлық қондырығысы орнатылды.
- Қазалы ауданында «Рза» АҚ-ң мал шаруашылығы фермасын сыртқы электрмен қамту үшін, ұзындығы 10,3 шақырым 10 кВ әуе желісінің құрылысын жүргізіліп, 1- дана қуаттылығы 1600 кВА екі трансформатор орнатылды.

Облыстық бюджеттен «Қызылорда электр тарату тораптары» АҚ жарғылық капиталын ұлғайтуға бөлінген қаржыға
  Жалағаш ауданындағы Аққыр, Мәдениет, Жаңадария, Жаңаталап, Аққұм, Бұқарбай батыр елді мекендеріндегі тозығы жеткен электрмен қамту жүйелерін жаңғыртуға облыстық бюджеттен 2019-2020 жылдары барлығы 442,6 млн.тенге бөлінді. Бүгінде Аққыр, Мәдиниет, Жаңадария елді мекендерінің тұрғындары жаңғыртылған электр желілеріне қосылды, қалған 3 елді мекенде құрылыс жұмыстары жалғасуда.
  Сонымен бірге, Қызылорда қаласы Сабалақ саяжайындағы 6 – учаскесіндегі (Обувщик, Қаржыгер, Монолит, Медик,Мелиоратор,Дорожник) тұрғындардың өз бетінше салынған электр желілерін (самострой) құрылыс нормаларының талаптарына сәйкестендіру жұмыстары аяқталды. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 93,5 млн.теңге бөлінді. Нәтижесінде кернеулігі 10/0,4 кВ 30 шақырым электр желісі қайта жаңғыртылып, 6 дана әр-түрлі қуаттылықтағы қосалқы трансформаторлық қондырғылар орнатылды, 540-тан астам тұтынушы тұрақты әрі сапалы электр энергиясымен қамтылды.
Коммуналдық қызметтердің тарифтері бойынша
2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап сумен жабдықтау қызметтеріне 1 м3 үшін тарифтер (ҚҚС-пен) төмендетілді
- сумен жабдықтау 1,5% - ға (70,22-ден 69,17 теңгеге дейін), оның ішінде тұрғындар үшін - 45,61-ден 44,92 теңгеге дейін;
- су бұру 2,8% - ға (77,80-ден 75,64 теңгеге дейін), тұрғындар үшін-48,82-ден 47,48 теңгеге дейін.
2020 жылғы 11 қыркүйектен бастап энергия өндіруші станцияларда тарифтердің өсуіне байланысты (ҚР Энергетика министрінің 2020 жылғы 14 маусымдағы №243 "босатылатын электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы" бұйрығы) электрмен жабдықтау қызметтерінің тарифтері тұрғындар үшін 4%-ға, заңды тұлғалар үшін 7,1 % өсті.
Жылумен және газбен жабдықтау қызметтерінің тарифтері өзгеріссіз қалды.


Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2020 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

Газдандыру саласы бойынша
Бүгінгі күнге, облыстың табиғи газбен қамту үлесі 63% құрайды.
2019 жылдан бастап 3 аудан орталығы (Жосалы, Жалагаш, Тереңөзек) мен Арал ауданындағы Жақсықылыш кентін газдандыру жобалары жүзеге асырылуда. Жобалардың жалпы құны 9 365,8 млн.теңгені құрайды. Оның ішінде: республикалық бюджеттен - 8 429,2 млн.теңге, облыстық бюджеттен - 936,6 млн.теңге.
2020 жылға аталған жобаларды жүзеге асыруға 4 577,9 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде: республикалық бюджеттен - 3 753,6 млн.теңге, облыстық бюджеттен - 824,3 млн.теңге. Бүгінгі күнге 3 689,5 млн. теңге немесе 80,6% игерілді.
Бірінші жартыжылдықта Арал ауданындағы Жақсықылыш кентін газдандыру жобасы аяқталды. Жобаға сәйкес 5 мыңнан астам тұрғын табиғи газды тұтыну мүмкіндігін алды.
Қалған 3 жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген жұмыс кестесіне сәйскес жүргізілуде.
Сонымен қатар, Жаңақорған кентіндегі газдандырылмай қалған көшелеріне газ құбырын жеткізу жобасын аяқтауға облыстық бюджеттен 70,4 млн.теңге бөлініп, нысан пайдалануға берілді.
Қармақшы ауданындағы Төратам және Ақай елді мекендерін газдандыру жобаларын әзірлеуге облыстық бюджеттен 91 млн. теңге бөлінді. Жоба-сметалық құжаттама әзірленуде.
"Жұмыспен қамту жол картасы 2020" Қазалы ауданындағы Ғ.Мұратбаев е.м., Шиелі ауданындағы Байсын е.м. газдандыруға және Арал қаласындағы газдандырылмай қалған көшелерге газ құбырын салуға 488,1 млн.теңге бөлінді.
«Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттен "АралСода" ЖШС-нің кальцийленген сода өндіру зауытын газдандыру жобасына 50 млн.теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.

Электр энергетикасы саласы бойынша
2020 жылы республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 1 640,4 млн.теңгеге (РБ-965,6 млн.тг, ОБ-164,1 млн.тг.) Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы 220/35/10 кВ«Жосалы» қосалқы станциясының қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда.(Іске асыру мезімі 2019-2020 ж.)Ағымдағы жылдың 1 қазанына 919,6 млн.теңге (РБ-848,3 млн.тг., ОБ-71,4 млн.тг) игерілді. 2020 жылдың желтоқсанына дейін жобаның құрылыс жұмыстары аяқталып, нәтижесінде Жосалы кентінің 18,9 мыңнан астам тұрғындары сапалы және үздіксіз электрмен қамтылады.
«Заңды тұлғалардың капиталын қалыптастыру және ұлғайту» бағдарламасы аясында «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-на Жалағаш ауданы Аққұм елді мекенінің электр жүйесін дамыту мақсатында облыстық бюджеттен 72,6 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
«Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Төретам және Ақай е.м. 6-10/0,4 кВ электр жүйесі, Төретам елді мекеніндегі 35/10кВ қосалқы стансасы жобаларын жаңғыртуға облыстық бюджеттен 2156,1 млн.теңге бөлінді. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
«Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Қызылорда облысы Қазалы ауданы «РЗА» АҚ мал шаруашылығы фермасын сыртқы инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (электрмен жабдықтау)» жобасына республикалық бюджеттен 228 398 мың. теңге бөлінді. Қазіргі таңда, жеңімпаз мердігермен келісім шарт жасалып, құрылыс жұмыстары басталуда.
Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкісімен ынтымақтастық аясында жалпы құны 5,2 млрд.теңгені құрайтын Шиелі ауданы және Қызылорда қаласының шет аймақтарының электр жүйелерін қайта жаңғырту жобасы іске асырылуда. Жоба аясында 70 дана қосалқы трансформаторлық станциялары және 300 шақырымнан астам электр желілері қайта жаңғыртудан өтетін болады. Бүгінгі күні жоспарланған жұмыстардың 95 пайызы орындалды. Карантинге байланысты аяқталуы 2020 жылдың 4-тоқсанына жоспарлануда. Нәтижесінде Қызылорда қаласының шет аймақтағы және Шиелі кентіндегі тұрғындары үздіксіз және сапалы электрмен қамтылады.

Сумен қамтамасыз ету және суды бұру саласы бойынша
2020 жылы облыстың ауыз су және кәріз жүйелерін жаңғырту/құрылысына барлық бюджеттік көздерден 29 жобаға жалпы 4,6 млрд.теңге қаржы бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен 2,7 млрд. теңге (2 655 364 мың теңге), облыстық бюджеттен 1,9 млрд. теңге (1 906 700 мың теңге).
Есепті кезеңге қаржыландыру жоспары бойынша игерілгені 2,5 млрд. теңге немесе 99 пайызды құрайды, оның ішінде РБ - 1,3 млрд. теңге (1 300 250,2 мың теңге), ОБ - 1,2 млрд. теңге (1 245 609 мың теңге), оның ішінде бағдарламалар бойынша:
«Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі» бағдарламасымен барлығы 14 жобаны (оның 13-сі 2019 жыдан өтпелі және 1-еуі жаңа) іске асыруға 2,5 млрд.тг (2 546 645 мың тг) бөлінді, оның ішінде, РБ – 1,9 млрд.тг (1 884 057 мың тг) бөлініп, ОБ – 0,6 млрд.тг (662 588 мың тг) қоса қаржыландырылды.
Есепті кезеңге қаржыландыру жоспарына сәйкес РБ бойынша игерілгені 1,1 млрд. теңге (1 052 715 мың.теңге) немесе 98 пайыз және ОБ – 0,4 млрд. теңге (422 772 мың теңге) немесе 99 пайыз.
9 айдың қорытындысы бойынша 55,6 км ауыз су жүйелері орындалды және 3 бірлік су кешені құрылыстары (Наурыз, Досан, Талсуат е.м.) аяқталып актімен қабылданды.
Нәтижесінде 200,9 шақырым су, 3,6 шақырым кәріз желілері, 7 бірлік су жинау кешені, 23 КНС жаңғыртылады (Қызылорда қаласы – Наурыз - су желісі, Белкөл-2, Досан, Қарауылтөбе, Талсуат, Қараөзек е.м.- су қоймалары, Талдыарал- су+кәріз, 23 КНС жаңғырту, Жалағаш ауданы - Далдабай, Жаңақоныс, Шиелі ауданы - Тартоғай, Шоқай, Қазалы ауданы - Түктібаев Арал ауданы – Шөміш),
«Ауыл-ел Бесігі» арнайы жобасымен 2 жобаға (Қазалы ауданы Бекарыстан би е.м., Жаңақорған ауданы Жаңақорған кенті) 702 252 мың тг. бөлінді, оның ішінде, РБ - 648 079 мың тг; ОБ – 54 173 мың тг. Есепті кезеңге қаржыландыру жоспары бойынша РБ игерілгені 124,3 млн. теңге немесе 100 пайыз.
Жобалар 2020 жылы іске асырылып, нәтижесінде 214,1 шақырым сервистік желілер пайдалануға беріледі.
«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасымен 12 нысанның құрылысына облыстық бюджеттен 876,6 млн. теңге (876 650 мың тг) қаржы бөлінді, оның ішінде, Қазалы ауданы (1), Сырдария ауданы (1), Қызылорда қаласы (10). 01.10.2020 ж. қаржының игерілгені 705,8 млн.теңге немесе 100 пайыз. Нәтижесінде, 28 шақырым ауыз су және 4,5 шақырым кәріз желілері ағымдағы жөндеуден өткізіліп, 214 жұмыс орындары ашылады.
«Бизнестің Жол Картасы-2020» бағдарламасымен 2019 жылдан басталған «Қармақшы ауданындағы Ақтөбе елді мекенінде жылына 1500 тонна құс еті өндіретін құс фабрикасын салу үшін сыртқы инженерлік инфрақұрылым желілерін қамтамасыз ету. Сыртқы сумен жабдықтау желілері» жобасына 2020 жылы республикалық бюджеттен 123 228,0 мың теңге, қаржы толық игерілді. Жобаны аяқтау үшін қосымша 50 000 мың тг бөлінді. Нәтижесінде 4,0 шақырым сыртқы су желісі салынады.
Облыстық бюджет қаржысына
- 2019 жылы басталған «Талап жерасты су көлемін қайта бағалау және зерделеу жұмыстары» нысанға 2020 жылы 31 796,0 мың теңге қаржы бөлінді, игерілуі жоспарға сәйкес 100 пайыз орындалды. Аяқтау мерзімі - 2020 жылдың желтоқсан айы.
- 4 ЖСҚ әзірлеуге (Байқоңыр, Байқожа, Тасбөгет МКТС, СБО) барлығы 197 143 мың тг бөлініп, жобалау жұмыстары жүруде.
Субсидиялау бойынша
Локалды және топтық су жүйелерін субсидиялау бойынша барлығы 3,3 млрд.теңге (3 273 927 мың теңге) бөлінді. Қаржының игерілуі жоспарға сәйкес 100 пайыз орындалды. Субсидия алатын ауылдық елді мекендер саны – 178.

Жылумен жабдықтау саласы бойынша
2020 жылға мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 7 жоба бойынша конкурс құжаттамалары әзірленіп, жекеше әріптесті айқындауға конкурс өткізілді. Бүгінгі күнге, барлық 7 жобалар (13 әлеуметтік нысан) бойынша жеңімпаз мердігер мекемемен келісім шартқа қол қойылды. Қазіргі таңда барлық жобалар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.
Сонымен бірге, облыстық бюджеттен спорт саласының 2 әлеуметтік нысанының қазандықтарын газ отынына бейімдеу мақсатында жоба-сметалық құжаттамаларын мемлекеттік сараптамасымен әзірлеуге 1,7 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.
Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасын» бағдарламасы аясында 87 565,4 мың теңгеге 6 әлеуметтік нысандардың бу қазандықтарын газға ауыстырылды.
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 19 әлеуметтік нысанның қазандықтары газ отынына ауыстырылды және мемлекет бюджетін үнемдеуге мүмкіндік береді.
Қызылорда қаласын орталықтандырылған жылумен қамтудың жалғыз көзі «Қызылорда жылу электр орталығы» мекемесі 1964 жылы пайдалануға берілген.
Жыл сайын жылу беру маусымында апаттық жағдайда жұмыс жасап Қызылорда қаласының тұрғындарын жылумен сенімді қамтамасыз ете алмай келеді.
Осыған байланысты 2019 жылдың ақпан айында Қауіпсіздік кеңесінің отырысында осы мәселе көтеріліп, облыстық бюджет есебінен «Қызылорда қаласы, Қызылорда ЖЭО жаңғырту және кеңейту» техника экономикалық негіздемесі әзірленіп,сараптама қорытындысы алынды. Қазіргі таңда, жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеу мақсатында жұмыстар атқарылуда.
Аталған жобаны «Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019-2022 жылдарға арналған кешенді жоспарына» сәйкес алдағы үш жылдықта іске асыру жоспарланған.
Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамту 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасын» және «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 4 млрд.теңгеге 7,8 шақырым жылу желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Абаттандыру жұмыстары
Қызылорда қаласын және аудан орталықтарын абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру жұмыстарына «Жұмыспен қамту 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасын» бағдарламасы аясында 5 240 407,8 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу
Қазіргі уақытқа Қызылорда облысында жөндеуді қажет ететін көпқабатты тұрғын үйлер саны 611 құрап отыр (51,1 %).
Ағымдағы жылы 34 көпқабатты тұрғын үйлердің (32- Қызылорда қаласында, 1- Жаңақорған ауданында, 1- Шиелі ауданында) күрделі жөндеу жұмыстарын өткізуге республикалық бюджеттен 2,079 млрд.теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.


Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2020 жылдың I жартыжылдығында атқарылған жұмыстары

Газдандыру саласы бойынша
Бүгінгі күнге, облыстың табиғи газбен қамту үлесі 63% құрайды.
2019 жылдан бастап 3 аудан орталығы (Жосалы, Жалагаш, Тереңөзек) мен Арал ауданындағы Жақсықылыш кентін газдандыру жобалары жүзеге асырылуда. Жобалардың жалпы құны 9 365,8 млн.теңгені құрайды. Оның ішінде: республикалық бюджеттен - 8 429,2 млн.теңге, облыстық бюджеттен - 936,6 млн.теңге.
2020 жылға аталған жобаларды жүзеге асыруға 4 577,9 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде: республикалық бюджеттен - 3 753,6 млн.теңге, облыстық бюджеттен - 824,3 млн.теңге. Бүгінгі күнге 2 511 млн. теңге немесе 54,8% игерілді.
Бірінші жартыжылдықта Арал ауданындағы Жақсықылыш кентін газдандыру жобасы аяқталды. Жобаға сәйкес 5 мыңнан астам тұрғын табиғи газды тұтыну мүмкіндігін алды.
Қалған 3 жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген жұмыс кестесіне сәйскес жүргізілуде.
Сонымен қатар, Жаңақорған кентіндегі газбандырылмай қалған көшелеріне газ құбырын жеткізу жобасын аяқтауға облыстық бюджеттен 70,4 млн.теңге. Нысан пайдалануға берілді.
Қармақшы ауданындағы Төратам және Ақай елді мекендерін газдандыру жобаларын әзірлеуге облыстық бюджеттен 91 млн. теңге бөлінді. Жоба-сметалық құжаттама әзірленуде.
"Жұмыспен қамту жол картасы 2020" Қазалы ауданындағы Ғ.Мұратбаев е.м., Шиелі ауданындағы Байсын е.м. газдандыруға және Арал қаласындағы газдандырылмай қалған көшелерге газ құбырын салуға 488,1 млн.теңге бөлінді.

Электр энергетикасы саласы бойынша
2020 жылы республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 1 056,3 млн.теңгеге (РБ-892,2 млн.тг, ОБ-164,1 млн.тг.) Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы 220/35/10 кВ«Жосалы» қосалқы станциясының қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылдың 1 шiлдесіне 627,9 млн.теңге (РБ-556,5 млн.тг., ОБ-74,4 млн.тг) игерілді. 2020 жылдың қыркүйекке дейін жобаның құрылыс жұмыстары аяқталып, нәтижесінде Жосалы кентінің 18,9 мыңнан астам тұрғындары сапалы және үздіксіз электрмен қамтылады.
«Заңды тұлғалардың капиталын қалыптастыру және ұлғайту» бағдарламасы аясында «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-на Жалағаш ауданы Аққұм елді мекенінің электр жүйесін дамыту мақсатында облыстық бюджеттен 72,6 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
«Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Төретам және Ақай е.м. 6-10/0,4 кВ электр жүйесі, Төретам елді мекеніндегі 35/10кВ қосалқы стансасы жобаларын жаңғыртуға облыстық бюджеттен 2156,1 млн.теңге бөлінді. Қазіргі таңда мердігерлер анықталып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Қызылорда қаласындағы «ГМЗ», «Силикатная», «Комсомол», «Залинейная», «Промышленная» 35/10 кВ қосалқы стансасын қайта жаңғырту жобасын іске асыру үшін облыстық бюджетке құны 6 368,8 млн. теңгені құрайтын бюджеттік өтінім тапсырылды.
«Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Қызылорда облысы Қазалы ауданы «РЗА» АҚ мал шаруашылығы фермасын сыртқы инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (электрмен жабдықтау)» жобасына республикалық бюджеттен 228 398 мың. теңге бөлінді. Қазіргі таңда, жеңімпаз мердігермен келісім шарт жасалып, құрылыс жұмыстары басталуда.
Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкісімен ынтымақтастық аясында жалпы құны 5,2 млрд.теңгені құрайтын Шиелі ауданы және Қызылорда қаласының шет аймақтарының электр жүйелерін қайта жаңғырту жобасы іске асырылуда. Жоба аясында 70 дана қосалқы трансформаторлық станциялары және 300 шақырымнан астам электр желілері қайта жаңғыртудан өтетін болады. Бүгінгі күні жоспарланған жұмыстардың 85 пайызы орындалды. Карантинге байланысты аяқталуы 2020 жылдың 3-тоқсанына жоспарлануда. Нәтижесінде Қызылорда қаласының шет аймақтағы және Шиелі кентіндегі тұрғындары үздіксіз және сапалы электрмен қамтылады.

Сумен қамтамасыз ету және суды бұру саласы бойынша
2020 жылы облыстың ауыз су және кәріз жүйелерін жаңғырту/құрылысына барлық бюджеттік көздерден 32 жобаға жалпы 4,7 млрд.теңге қаржы бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен 2,7 млрд. теңге (2 655 364 мың теңге), облыстық бюджеттен 2,0 млрд. теңге (2 016 144 мың теңге).
Ағымдағы жылы секвестрленген қаржы қайта бөлінсе (Шөміш – 100,0 млн тг; тауық фабрикасы – 50,0 млн.т), 423,1 шақырым ауызсу, 13,3 шақырым кәріз желілері, 7 бірлік су жинау қоймалары, 23 КНС қайта жаңғыртылады, 1 жерасты су қоры қайта бағаланады, 5 жоба-сметалық құжаттар әзірленеді.
Сонымен қатар, локалды және топтық су жүйелерін субсидиялау бойынша 2020 жылға барлығы 3,3 млрд.теңге (3 273 927 мың теңге) бөлініп, ай сайын қаржылық жоспарға сәйкес игерілуде.

Анықтама үшін бағдарламалар бөлінісінде төменгідей:
«Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі» бағдарламасымен барлығы 13 жобаны (оның 12-сі 2019 жыдан өтпелі және 1-еуі жаңа) іске асыруға 2,4 млрд.тг (2 409 024 мың тг) бөлінді, оның ішінде, РБ – 1,9 млрд.тг (1 884 057 мың тг) бөлініп, ОБ – 0,5 млрд.тг (524 967 мың тг) қоса қаржыландырылды.
Жобаларды 2020 жылы толық аяқтауға РБ-100,0 млн.тг, ОБ-тен қоса қаржыландыруға – 116,579 млн.тг қажет.
Нәтижесінде 177 шақырым су, 3,6 шақырым кәріз желілері, 7 бірлік су жинау кешені, 23 КНС жаңғыртылады (Қызылорда қаласы – Наурыз - су желісі, Белкөл-2, Досан, Қарауылтөбе, Талсуат, Қараөзек е.м.- су қоймалары, Талдыарал- су+кәріз, 23 КНС жаңғырту, Жалағаш ауданы - Далдабай, Жаңақоныс, Шиелі ауданы - Тартоғай, Шоқай, Арал ауданы – Шөміш).
«Ауыл-ел Бесігі» арнайы жобасымен2 жобаға (Қазалы ауданы Бекарыстан би е.м., Жаңақорған ауданы Жаңақорған кенті) 702 252 мың тг. бөлінді, оның ішінде, РБ - 648 079 мың тг; ОБ –54 173 мың тг. Қазіргі таңда, мердігерлер анықталып, қаржы жоспарына сәйкес құрылыс-жұмыстары жүргізілуде.
Жобалар 2020 жылы іске асырылып, нәтижесінде 214,1 шақырым сервистік желілер пайдалануға беріледі.
«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасымен 12 нысанның құрылысына облыстық бюджеттен 912 млн. теңге (911 983 мың тг) қаржы бөлінді, оның ішінде, Қазалы ауданы (1), Сырдария ауданы (1), Қызылорда қаласы (10).
Қазіргі таңда, мердігерлер анықталып, құрылыс-жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 28 шақырым ауыз су және 4,5 шақырым кәріз желілері ағымдағы жөндеуден өткізіліп,214 жұмыс орындары ашылады.
«Бизнестің Жол Картасы-2020» бағдарламасымен 2019 жылдан басталған «Қармақшы ауданындағы Ақтөбе елді мекенінде жылына 1500 тонна құс еті өндіретін құс фабрикасын салу үшін сыртқы инженерлік инфрақұрылым желілерін қамтамасыз ету. Сыртқы сумен жабдықтау желілері» жобасына 2020 жылы республикалық бюджеттен 123228,0 мың теңге қаржы бөлініп құрылыс жұмыстар жалғасуда.
Жобаны аяқтау үшін РБ-тен 50 000 мың тг қажет. Нәтижесінде 4,0 шақырым сыртқы су желісі салынады.
Облыстық бюджет қаржысына
- 2019 жылы басталған «Талап жерасты су көлемін қайта бағалау және зерделеу жұмыстары» нысанға 2020 жылы 31 796,0 мың теңге қаржы бөлініп, жұмыстары жалғасуда. Аяқтау мерзімі - 2020 жылдың қарашасы.
- Қызылорда қаласындағы кәріз желілерін (ДВД, Қамқор, Универсам) жаңғыртуға 222 764 мың тг бөлінді;
- 5 ЖСҚ әзірлеуге (Байқоңыр, РЗА, Байқожа, Тасбөгет МКТС, СБО) барлығы 267 907 мың тг бөлініп, жобалау жұмыстары жүруде.
Субсидиялау бойынша
Локалды және топтық су жүйелерін субсидиялау бойынша барлығы 3,3 млрд.теңге (3 273 927мың теңге) бөлінді. Субсидия алатын ауылдық елді мекендер саны – 184.

Жылумен жабдықтау саласы бойынша
2020 жылға мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 7 жоба бойынша конкурс құжаттамалары әзірленіп, жекеше әріптесті айқындауға конкурс өткізілді. Бүгінгі күнге, барлық 7 жобалар (13 әлеуметтік нысан) бойынша жеңімпаз мердігер мекемемен келісім шартқа қол қойылды. Қазіргі таңда барлық жобалар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен бірге, облыстық бюджеттенспорт саласының 2 әлеуметтік нысанының қазандықтарын газ отынына бейімдеу мақсатында жоба-сметалық құжаттамаларын мемлекеттік сараптамасымен әзірлеуге 1,7 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда, 1 жобаның мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды, қалған 1 жоба бойынша сараптама қорытындысын алу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасын» бағдарламасы аясында 87 565,4 мың теңгеге 6 әлеуметтік нысандардың бу қазандықтарын газға ауыстыру үшін жұмыстары жүргізілуде.
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 19 әлеуметтік нысанның қазандықтары газ отынына ауыстырылатын болады және мемлекет бюджетін үнемдеуге және бюджетке түсетін бір жолғы жүктемені төмендетуге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Қызылорда қаласын орталықтандырылған жылумен қамтудың жалғыз көзі «Қызылорда жылу электр орталығы» мекемесі 1964 жылы пайдалануға берілген.
Жыл сайын жылу беру маусымында апаттық жағдайда жұмыс жасап Қызылорда қаласының тұрғындарын жылумен сенімді қамтамасыз ете алмай келеді.
Осыған байланысты 2019 жылдың ақпан айында Қауіпсіздік кеңесінің отырысында осы мәселе көтеріліп, облыстық бюджет есебінен «Қызылорда қаласы, Қызылорда ЖЭО жаңғырту және кеңейту» техника экономикалық негіздемесі әзірленіп,сараптама қорытындысы алынуда.
Аталған жобаны «Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019-2022 жылдарға арналған кешенді жоспарына» сәйкес алдағы үш жылдықта іске асыру жоспарланған.
Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамту 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасын» және «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 3,9 млрд.теңгеге 7,3 шақырым жылу желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Абаттандыру жұмыстары
Қызылорда қаласын және аудан орталықтарын абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру жұмыстарына «Жұмыспен қамту 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасын» бағдарламасы аясында 5 240 407,8 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу
Қазіргі уақытқа Қызылорда облысында жөндеуді қажет ететін көпқабатты тұрғын үйлер саны 611 құрап отыр.
2019 жылға 10 көпқабатты тұрғын үйлердің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды (Қызылорда – 3 үй, Арал – 4 үй, Қармақшы – 2 үй, Жалағаш – 1 үй).
Нәтижесінде, көппәтерлі тұрғын үйлердің жалпы санынан күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 52,8 пайыздан 51,1 пайызға дейін төмендетілді.
Ағымдағы жылы 34 көпқабатты тұрғын үйлердің (32- Қызылорда қаласында, 1- Жаңақорған ауданында, 1- Шиелі ауданында) күрделі жөндеу жұмыстарын өткізуге республикалық бюджеттен 2,079 млрд.теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.


2020 жылдың I тоқсанындағы атқарылған жұмыстар

Газдандыру саласы бойынша
2020 жылы 4 елді мекенді (Жосалы, Жалағаш, Тереңөзек, Жақсықылыш) газдандыру жобасын аяқтауға республикалық бюджеттен 5 304 346 мың теңге және облыстық бюджеттен 551 985 мың тенге, барлығы 5 856 331 мың теңге қаржы бөлінді.
Қазіргі таңда, аталған жобалар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүргізілуде, яғни 85,5 шақырым шақырым жоғарғы,орта және төменгі газ құбырлары дәнекерленіп салынып, бөлінген қаржының 27% игерілді. Нысандардың аяқталу мерзімі 2020 жылдың аяғы.
Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентіндегі кварталішілік газ тарату (жеткізу) жүйелерінің құрылысы» жобасын аяқтауға облыстық бюджеттен 70 440 мың теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталу үстінде. Нысанның аяқтаулы мерзімі үстіміздегі жылдың мамыр айы.
Төретам, Ақай елді мекендерінде кварталішілік газ құбырларының құрылысы жобасының жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алуға облыстық бюджеттен 90 985 мың теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсының қортындысы бойынша сот процесі жүргізілуде.

Электр энергетикасы саласы бойынша
2020 жылы республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 924 182 мың.теңгеге Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы 220/35/10 кВ «Жосалы» қосалқы станциясының қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылдың 1 сәуірге 277 142 мың.теңге игерілді. 2020 жылдың қыркүйекке дейін жобаның құрылыс жұмыстары аяқталып, нәтижесінде Жосалы кентінің 18,9 мыңнан астам тұрғындары сапалы және үздіксіз электрмен қамтылады.
Жалағаш ауданы Аққұм еліді мекенінің электр жүйесін дамыту мақсатында облыстық бюджеттен 72,6 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізілуде.
«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында Төретам және Ақай е.м. 60-10/0,4 кВ электр жүйелерін, Төретам елді мекеніндегі 35/10 кВ қосалқы стансасы жобаларын жаңғыртуға облыстық бюджеттен 2 156,1 млн.теңге бөлінді. Қазіргі таңда, мердігер мекемесін анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Қызылорда қаласындағы «ГМЗ», «Силикатная», «Комсомол», «Залинейная», «Промышленная» 35/10 кВ қосалқы стансасын қайта жаңғырту жобасын іске асыру үшін облыстық бюджетке бюджеттік өтінім жолданды.
«Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қызылорда облысы Қазалы ауданы «РЗА» АҚ мал шаруашылығы фермасын сыртқы инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (электрмен жабдықтау)» жобасына республикалық бюджеттен 228 398 мың. теңге бөлінді. Қазіргі таңда, жеңімпаз мердігер мекемемен келсім шарт жасалды.
Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкісімен ынтымақтастық аясында жалпы құны 5,2 млрд.теңгені құрайтын Шиелі ауданы және Қызылорда қаласының шет аймақтарының электр жүйелерін қайта жаңғырту жобасы іске асырылуда. Жоба аясында 70 дана қосалқы трансформаторлық станциялары және 300 шақырымнан астам электр желілері қайта жаңғыртудан өтетін болады. Бүгінгі күні жоспарланған жұмыстардың 80 пайызы орындалды, аяқталуы 2020 жылдың 2-тоқсанына көзделген. Нәтижесінде Қызылорда қаласының шет аймақтағы және Шиелі кентіндегі тұрғындар үздіксіз және сапалы электрмен қамтылады.

Жылумен жабдықтау саласы бойынша
2019 жылға мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Шиелі ауданының 9 әлеуметтік нысанының және Арал ауданындағы 4 әлеуметтік нысанының қазандықтары газ отынына ауыстырылып, қазіргі таңда сервистік қызмет көрсетілуде. Нәтижесінде 13 әлеуметтік нысанды газға ауыстыру арқылы бюджеттен отын қорына жұмсалатын қаржы көлемі кемінде 3-4 есеге төмендетілді.
Сондай-ақ, 7 жоба бойынша конкурс құжаттамалары әзірленіп, жекеше әріптесті айқындауға конкурс өткізілді. Бүгінгі күнге, барлық 7 жобалар бойынша жеңімпаз мердігер мекемемен келісім шартқа қол қойылып, қазынашылық органдарына тіркелді. Қазіргі таңда барлық жобалар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен бірге, облыстық бюджеттен спорт саласының 6 әлеуметтік нысанының қазандықтарын газ отынына бейімдеу мақсатында жоба-сметалық құжаттамаларын мемлекеттік сараптамасымен әзірлеуге 29,1 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда, 4 жобаның мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды, қалған 2 жоба бойынша сараптама қорытындысын алу жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта спорт саласындағы 6 әлеуметтік нысан мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында газ отынына бейімделетін болады.
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 13 әлеуметтік нысанның қазандықтары газ отынына ауыстырылатын болады және мемлекет бюджетін үнемдеуге және бюджетке түсетін бір жолғы жүктемені төмендетуге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
«Қызылорда қаласындағы ҚЖЭО МКК-ның «Белкөл» қазандығын реконструкциялау» бойынша құрылыс-жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Нәтижесінде, 1335 тұрғын және 3 әлеуметтік нысан үздіксіз және сапалы жылумен қамтамасыз етілді.
Қызылорда қаласын орталықтандырылған жылумен қамтудың жалғыз көзі «Қызылорда жылу электр орталығы» мекемесі 1964 жылы пайдалануға берілген.
Жыл сайын жылу беру маусымында апаттық жағдайда жұмыс жасап Қызылорда қаласының тұрғындарын жылумен сенімді қамтамасыз ете алмай келеді.
Осыған байланысты биыл ақпан айында Қауіпсіздік кеңесінің отырысында осы мәселе көтеріліп, облыстық бюджет есебінен «Қызылорда қаласы, Қызылорда ЖЭО жаңғырту және кеңейту» техника экономикалық негіздемесі әзірленіп,сараптама қорытындысы алынуда.
Аталған жобаны «Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019-2022 жылдарға арналған кешенді жоспарына» сәйкес алдағы үш жылдықта іске асыру жоспарланған.
Абаттандыру жұмыстары
Қызылорда қаласын абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру жұмыстарына облыстық бюджеттен 145 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілді.
Көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу
Қазіргі уақытқа Қызылорда облысында жөндеуді қажет ететін көпқабатты тұрғын үйлер саны 611 құрап отыр.
2019 жылға 10 көпқабатты тұрғын үйлердің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды (Қызылорда – 3 үй, Арал – 4 үй, Қармақшы – 2 үй, Жалағаш – 1 үй).
Нәтижесінде, көппәтерлі тұрғын үйлердің жалпы санынан күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 52,8 пайыздан 51,1 пайызға дейін төмендетілді.
Ағымдағы жылда 34 көпқабатты тұрғын үйлердің (32- Қызылорда қаласында, 1- Жаңақорған ауданында, 1- Шиелі ауданында) күрделі жөндеу жұмыстарын өткізуге республикалық бюджеттен 2,079 млрд.теңге бөлінді. Тиісті жұмыстарды бастау ағымдағы жылдың екінші тоқсанында жоспарлануда.

Сумен қамтамасыз ету және суды бұру саласы бойынша
Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 2020 жылы барлығы 13 жоба іске асырылады, оның ішінде, 2018 жылдан өтпелі – 1 (Наурыз), 2019 жылдан өтпелі 12 жоба (Қызылорда қаласы – 23 КНС, Белкөл-2, Досан, Қарауылтөбе, Талсуат, ст. Қараөзек, Талдыарал; Шиелі ауданы - Тартоғай, Шоқай; Жалағаш ауданы - Далдабай, Жаңақоныс), 1 жаңа жоба (Арал ауданы Шөміш е.м.).
100 кіші бағдарлама бойынша 1 жобаға 2020 жылы 493 008 мың тенге қаралған, оның ішінде РБ - 350 704 мың теңге, ОБ - 142 304 мың теңге.
101 кіші бағдарлама бойынша 2020 жылы 12 жобаға 1 839 895 мың теңге қаралған, оның ішінде РБ – 1 633 353 мың теңге, ОБ – 206 542 мың теңге.
Қаржыландыру жоспарына сәйкес, қаржылардың игерілуі сәуір айынан басталады.
Нәтижесінде 76,5 шақырым ауыз су және 3,6 шақырым кәріз желілері, 11 КНС, 7 су өндіру кешенінің құрылысы аяқталуы тиіс (төтенше жағдайға байланысты қаржыларды қысқырту болмаса).

Дата публикации
09 октября 2020
Дата обновления
13 октября 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Ақпарат
21 октября 2026
Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы