«Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қаулыны әзірлеуші орган болып табылады.
Қаулы жобасы «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы
2-тармағының 18) тармақшасына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы
№ 107 бұйрығына сәйкес әзірленді.
Жоба қабылданған жағдайда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері сатып алған тыңайтқыштардың құнының бір бөлігі субсидиялау арқылы өтелетін болады.
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интранет-порталындағы сілтеме: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14070133