Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметіне сәйкес Арал өңірі проблемаларын жүйелі шешу мақсатында Дүниежүзілік банк, Германия халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Қоғамы, Халықаралық даму жөніндегі агенттігі және Халықаралық консультанттық «Yekom Consulting Engineers» компаниясы секілді Халықаралық ұйымдармен тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Атап айтқанда, «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының (САРАТС-2) жобасының бірінші кезеңіне енгізілген 6 компоненттің 4-і республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылатындығына байланысты, Дүниежүзілік Банк САРАТС-2 жобасы бойынша өткізілген талқылаулар мен кеңестердің негізінде Сырдария өзенінің бассейніндегі кешенді дамыту бойынша жаңа тәсіл ұсынып, САРАТС-2 жобасының атауын «Өңірлік дамыту және Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру» жобасына (әрі қарай - Жоба) өзгертуді және Арал өңірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған компоненттерін қосымша қосуды ұсынған.
Осылайша, САРАТС жобасының екінші фазасы жаңа Жоба аясында іске асырылып, Дүниежізілік Банкпен есебінен қаржыландырылатын болады.
Жобаның болжамды құны 190 млн. АҚШ долларды құрайды. Бүгінгі күні, Дүниежүзілік банк Жобаның техника-экономикалық негіздемесін әзірлеуге 1,5 млн. АҚШ доллар грант бөліп отыр.
Жоба 3 компоненттен тұрады және келесі негізгі нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған:
Сонымен қатар, фитоорманмелиорациялық жұмыстарын жүргізу мақсатында Халықаралық ұйымдардан – Дүниежүзілік банк, Халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID), Герман ынтымақтастық қоғамы (GIZ) қаржысын тарту бағытында шаралар қабылдануда.
Мысалы, 2022-2025 жылдары Дүниежүзілік Банктің қайтарымсыз қаржысы есебінен жүзеге асатын «Қазақстан Ландшафтарын қалпына келтіру жөніндегі» жобасы аясында, сексеуіл көшеттерін дайындау үшін 33,5 га тұрақты орман питонимгін құру және қажетті техникалар сатып алу, Арал теңізінің құрғаған ұлтанының 500 мың га картаға түсіру, 100 мың га жобалық іздестіру және Қызылорда қаласы маңында 3 мың гектарға жасыл аймақ құру бойынша жұмыстары жүргізілетін болса, Халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) Халықаралық Аралды құтқару қоры арқылы Арал теңізінің құрғаған ұлтанына су қондырғысын орнатып, 500 га жерге сексеуіл егу жобасы жүзеге асырылатын болады.
Бұдан бөлек, Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамдастығы (GIZ) арқылы 50 мың га жерге топырақ зерттеу, іздестіру және жобалау жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, Көкарал бөгетінде балық өрлеу жолдары болмауына байланысты балықтардың апатты жағдайын болдырмау мақсатында 2020 жылдың маусым айында Көкарал бөгетінде балық қорғау қондырғылары орнатылды.
Құны 163 млн. тенгені құрайтын бұл жоба Германия халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Қоғамымен (GIZ) қаржыландырылды.
Қондырғы гидроакустикалық құрылғыларды пайдалану арқылы, су тоспасына жақындаған балықтарды үркітуге негізделген.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасатын болады.