2022 жылғы 14 тамыздағы Қазалы ауданының Бозкөл ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті деп танылды.
Бозкөл сайлау округі бойынша 527 азамат сайлаушылар тізіміне енгізілді, оның 475-і дауыс беруге қатысты, есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер – 0, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс бергенсайлаушылар саны – 19.
Әкімге үміткер болып 4 кандидат ұсынылып, оның 3-і сайлау бюллетеньдеріне енгізілді.
Кандидат А. Б. Болебайға – 427, Е. А. Нұржаубаевқа – 16, А. А. Сметке – 21 сайлаушы дауыс берген. «Барлығына қарсы» дауыс берген сайлаушы саны – 5, жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 6.
Дауыс беру қорытындысымен Бозкөл ауылдық округінің әкімі болып Ақылбек Бекқожаұлы Бөлебай сайланды, 1964 ж.т., Бозкөл ауылдық округінің әкімі, Қазалы ауданының Бозкөл ауылында тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі, ұлты – қазақ.
Бозкөл ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хабарламалар Қазалы аудандық сайлау комиссиясының интернет-парағында орналастырылды және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.
Сайлау нәтижелері туралы ақпарат төмендегі сілтеме бойынша орналастырылған: