Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласында 2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында атқарылған жұмыстар туралы
Анықтама
Саланың негізгі көрсеткіштері
2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында ауыл шаруашылығында 89 951,4 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2025 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,4%-ға артты.
Тамақ өнімдерін өңдеу көлемі 63 177,0 млн. теңгені құрап, 2025 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 107,3%-ға артты.
Ауыл шаруашылығының негізгі қорына 21 194,6 млн. теңге инвестиция салынып, 2025 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 2,1 есеге артты.
Егін шаруашылығы бойынша
Ағымдағы жылы облыс бойынша барлығы 193,7 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды.
Оның ішінде дәндi дақылдар 91,2 мың гектар, майлы дақылдар 9,6 мың гектар, мал азықтық дақылдар 75,9 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 16,9 мың гектар.
Өткен жылмен салыстырғанда күріштің көлемі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 10,9 мың гектарға қысқарып, 70,1 мың гектар күріш егілді.
Осыған сәйкес, күріш дақылын жинау жұмыстары бойынша 58 581 гектары орылып, 50 115 гектары бастырылды, орта өнім 50 ц/га.
Бүгінгі күнге, 2027 жылдың көктемгі егісіне облыс бойынша 10 214 тонна күріш тұқымы құйылды.
2026 жылдың егісіне қажетті минералдық тыңайтқыштардың көлемі 65,6 мың тоннаны құрайды.
Сонымен қатар, қажетті 85,4 мың литр гербицид толық сатып алынды.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері бойынша қолда бар 3975 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары толық жөндеуден өткізілді (100%)
(Анықтама ретінде: 1843 трактор, 535 комбайн, 462 жатка, 350 жүк көлігі және 785 трактор тіркемелері)
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тарапынан егіс жұмыстарына қажетті 20,3 мың тонна көлемінде арзандатылған дизель отынына өтінім берілді. Оның ішінде көктемгі дала жұмыстарына 10,1 мың тн, күзгі егін жинау жұмыстарына 10,1 мың тн.
Бүгінгі күні бекітілген кестеге сәйкес, жергілікті операторлар арқылы шілде, тамыз, қыркүйек айларына бөлінген 8,7 мың тонна дизель отынының толық келісім шарт жасалып, 7,5 мың тоннасы қаржысы төленіп, облысқа 6,3 мың тоннасы жеткізілді.
Шаруашылықтарға жеткізілетін арзандатылған дизель отынының бағасы литріне 290-291 теңге болып айқындалған.
Мал шаруашылығы
Облыс бойынша 2026 жылдың 1 қыркүйегіне 426,4 мың бас МІҚ, 764,4 мың бас қой мен ешкі, 277,3 мың бас жылқы, 68,5 мың бас түйе және 128,0 мың бас құс тіркелген. Мал басын былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МІҚ-0,9%-ға, жылқы-2,9%-ға, түйе-3,8%-ға, құс-4,3%-ға артып, қой мен ешкі-96,6%-ды құрады.
Осы есепті кезеңде 24,2 мың тонна ет (тірі салмақта), 31,9 мың тонна сүт және 5 276,3 мың дана жұмыртқа өндіріліп, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет өндірісі 4,0%-ға, сүт өндірісі 4,8%-ға, жұмыртқа 6,4%-ға артты.
Экспорт
Статистикаға сәйкес 2026 жылдың 1 шілдесіне облыстан 23,0 млн. долларды құрайтын 45,7 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері әлемнің 22 мемлекетіне экспортталды.
Барлық экспортталған өнімнің 85,5 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы - күріш өнімі, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Әзербайжан, Түркменстан, Өзбекстан, Грузия, Моңғолия, Ирак, Турция және Афганистан мемлекеттеріне экспортталып отыр.
Есепті кезеңге 39,1 мың тонна күріш өнімі экспортталып, былтырғы жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 86,3 пайызды құрады.
Сондай-ақ, облыстан Ресей, Қырғызстан, Қытай, Литва, Германия, Дания, Грузия, Венгрия, Польша және Нидерланды мемлекеттеріне 1210,0 тонна балық, Өзбекстан мемлекетіне 25,2 тонна немесе 420 бас қой мен ешкі және Нидерланды, Германия, Польша, Соединенное Королевство, Турция және Тәжікстан мемлекеттеріне 2310,6 тонна қамыс және Ресейге 74,5 тонна күріш қалдығы және Афганистанға 88,0 тонна жүгері, Тәжікстан мемлекетіне 2258,6 тонна майлы дақылдар тұқымы, Латвия мемлекетіне 37,0 тонна қырыққабат, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттеріне 101,7 тонна күнбағыс майы, Тәжікстан мемлекетіне 216,0 тонна қант экспортталды.
Инвестициялық жобалар
Өңірге инвестиция тартуды тұрақты қамтамасыз ету мақсатында агроөнеркәсіптік кешен саласындағы 2026-2028 жылдары іске асырылатын инвестициялық жобалардың Жол картасы бекітілді.
Жалпы құны 172,5 млрд теңгені құрайтын 17 инвестициялық жоба енгізілген. Аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде 594 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.
2026 жылы жалпы құны 29,6 млрд теңгені құрайтын 8 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінгі күні оның 3 жобасы пайдалануға берілді.
Қалған инвестициялық жобаларды іске асыру және жыл қорытындысы бойынша белгіленген инвестициялық көрсеткіштердің толық орындалуын қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жалғасуда.
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласында 2026 жылдың қаңтар-маусым айларында атқарылған жұмыстар туралы
Анықтама
Саланың негізгі көрсеткіштері
2026 жылдың қаңтар-мамыр айларында ауыл шаруашылығында 27 723,0 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2025 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 103,3%-ға артты.
Тамақ өнімдерін өңдеу көлемі 38 951,0 млн. теңгені құрап, 2025 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 103,8%-ды артты.
Ауыл шаруашылығының негізгі қорына 9 532,0 млн. теңге инвестиция салынып, 2025 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 2,0 есеге артты.
Егін шаруашылығы бойынша
Ағымдағы жылы облыс бойынша барлығы 185,8 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде дәндi дақылдар 89,7 мың гектар, майлы дақылдар 6,1 мың гектар, мал азықтық дақылдар 73,2 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 16,8 мың гектар.
Күріштің көлемі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес былтырғы жылғы көлемнен 10,9 мың гектарға қысқартылып, 70 мың гектарға орналастырылды.
Ерте егілетін дақылдардан бүгінгі күні 7 541 гектар мақсары, 415 гектар жаздық арпа, 4 338 гектар жаздық бидай, 21 394 гектар жаңа жоңышқа, 428 гектар қант құмайы,873 гектар судан шөбі,409 гектар сүрлемдік жүгері,373 гектар соя, 120 гектар мал жемдік асқабақ, 326 гектар тары, 1 338 гектар картоп,6 687 гектар көкөніс, 8 501 гектар бақша егілді.
Жоспарланған дәндік жүгері дақылының бүгінгі күні 10 557 гектары егілді.
Сонымен қатар, негізгі дақыл күрішті егу жұмыстары бүгінгі күнге 70 000 гектраы егіліп, суға бастырылды.
Облыс бойынша 17 500 тонна күріш тұқымы құйылды.
2026 жылдың егісіне қажетті минералдық тыңайтқыштардың көлемі 65,6 мың тоннаны бүгінгі күнге 64,2 мың тоннасы немесе 97,9% сатып алынды.
Сонымен қатар, қажетті 85,4 мың литр гербицидтің 84,1 мың литрі (98,6%) сатып алынды.
2026 жылы есеп бойынша шаруашылық құрылымдарының қолда бар 3975 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары көктемгі дала жұмыстарына қатысу жоспарланған (Оның ішінде 2047 тракторлар, 466 соқа, 237 тұқым сепкіш, 316 жүк көлігі және 909 трактор тіркемелері).
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тарапынан егіс жұмыстарына қажетті 21,7 мың тонна көлемінде арзандатылған дизель отынына өтінім берілді. Оның ішінде көктемгі дала жұмыстарына 10,1 мың тн, күзгі егін жинау жұмыстарына 11,6 мың тн.
Бүгінгі күні бекітілген кестеге сәйкес ақпан-маусым айларына бөлінген 10,1 мың тонна арзандатылған дизель отының 9,2 мың тоннасына қаржысы төленіп, облысқа 8 мың тоннасы жеткізілді. Шаруашылықтарға таратылғаны 7,3 мың тонна.
Облыс бойынша 2026 жылғы дала жұмыстарына дайындық барысы тұрақты бақылауда.
Мал шаруашылығы
Облыс бойынша 2026 жылдың 1 маусымына 408,9 мың бас МІҚ, 823,2 мың бас қой мен ешкі, 298,0 мың бас жылқы, 70,2 мың бас түйе және 120,7 мың бас құс тіркелген. Мал басын былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МІҚ-7,5, түйе-3,4%-ға, жылқы- 4,9%-ға артса,қой мен ешкі-5,6%-ға, құс-3,4%-ға кеміді.
Осы есепті кезеңде 14,5 мың тонна ет (тірі салмақта), 17,5 мың тонна сүт және 2,7 млн. дана жұмыртқа өндіріліп, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет өндірісі 3,4%-ға, сүт өндірісі 4,7%-ға, жұмыртқа 111,6%-ға артты.
Экспорт
Статистикаға сәйкес 2026 жылдың 1 сәуіріне облыстан 12,2 млн. долларды құрайтын 25,8 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері әлемнің 19 мемлекетіне экспортталды. Жалпы экспорттың өнделген өнімнің үлесі 99,9 пайызын құрады.
Барлық экспортталған өнімнің 93,8 пайызын құрайтын күріш өнімі Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Әзербайжан, Туркменстан, Өзбекстан, Грузия, Моңғолия, Ирак және Афганистан мемлекеттеріне экспортталып отыр. Есепті кезеңге 24,2 мың тонна күріш өнімі экспортталып, былтырғы жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 100,1 пайызды құрады.
Сондай-ақ, облыстан Ресей, Қытай, Литва, Германия, Дания, Нидерланды мемлекеттеріне 590,1 тонна балық, Өзбекстан мемлекетіне 25,2 тонна немесе 420 бас қой мен ешкі және Нидерланды, Германия, Польша, Соединенное Королевство мемлекеттеріне 949,9 тонна қамыс және Ресейге 20,0 тонна күріш қалдығы экспортталды.
Инвестициялық жобалар
Облысқа инвестиция тартуды тұрақты қамтамасыз ету мақсатында аймақтың агроөнеркәсіптік кешен саласындағы 2026-2028 жылдары іске асырылатын инвестициялық жобалардың жол картасы әзірленді.
Жол картада облыс бойынша құны 168,6 млрд. теңгені құрайтын
17 инвестициялық жобалар қамтылған. Бұл жобалардың жүзеге асырылуы 522 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
2026 жылы құны 26,8 млрд. теңгені құрайтын 8 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып, 2 жоба («Абдулла» ШҚ-ның құс фабрикасының құрылысы жобасы; «Таң ЛТД» ЖШС-нің тамшылатып суару арқылы жүгері егу жобасы;) жүзеге асырылды.
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласында 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында атқарылған жұмыстар туралы
Анықтама
Саланың негізгі көрсеткіштері
2026 жылдың қаңтар-ақпан айларында ауыл шаруашылығында 11 390,7 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2025 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 103,4%-ға артты.
Тамақ өнімдерін өңдеу көлемі 15 322,0 млн. теңгені құрап, 2025 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 96,3%-ды құрады.
Ауыл шаруашылығының негізгі қорына 6 642,2 млн. теңге инвестиция салынып, 2025 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 2,8 есеге артты.
Егін шаруашылығы бойынша
Ағымдағы жылы облыс бойынша барлығы 185,8 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру болжанып отыр. Оның ішінде дәндi дақылдар 89,7 мың гектар, майлы дақылдар 6,1 мың гектар, мал азықтық дақылдар 73,2 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 16,8 мың гектар.
Көктемгі егісіне облыс бойынша 20,4 мың тонна күріш тұқымы құйылды. 2026 жылдың егісіне қажетті минералдық тыңайтқыштардың көлемі 65,6 мың тоннаны құрайды.
Бүгінгі күнге қажетті тыңайтқыштардың 68,3%-ы сатып алынды.
Сонымен қатар, 2026 жылдың егісіне 85,4 мың литр гербицид сатып алу жоспарланған.
2026 жылы 3975 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары көктемгі дала жұмыстарына қатысу жоспарланған. Бүгінгі күнге техникаларды жөндеу, егін науқанына дайындау жұмыстары жүргізілді.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тарапынан келесі жылдың егіс жұмыстарына қажетті 21,7 мың тонна көлемінде арзандатылған дизель отынына өтінім берілді. Бүгінгі күні 2026 жылға мемлекет тарапынан бөлінген дизель отынын жеткізіп беруші операторларды айқындау жұмыстарының құжаттары әзірленуде.
Мал шаруашылығы
Облыс бойынша 2026 жылдың 1 наурызына 372,1 мың бас МІҚ, 612,7 мың бас қой мен ешкі, 274,5 мың бас жылқы, 62,8 мың бас түйе және 120,0 мың бас құс тіркелген. Мал басын былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МІҚ-2,3%-ға, жылқы-5,2%-ға, түйе-2,0%-ға артып, қой мен ешкі-5,7%-ға, құс-2,5%-ға кеміді.
Экспорт
Статистикаға сәйкес 2025 жылы облыстан 99,0 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері (күріш, балық өнімдері, қамыс, күріш қалдығы, қызанақ, қауын, қарбыз, қой мен ешкі) әлемнің 22 мемлекетіне экспортталды.
Барлық экспортталған өнімнің 90,2 пайызын құрайтын күріш өнімі Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Әзербайжан, Өзбекстан, Грузия, Моңғолия және Ирак мемлекеттеріне экспортталып отыр.
Сондай-ақ, облыстан Ресей, Қырғызстан, Литва, Германия, Дания, Нидерланды, Қытай, Румыния, Венгрия, Сербия, Польша және Грузия мемлекеттеріне 2 470,6 тонна балық, Германия, Польша, Түркия, Ұлыбритания және Нидерланды мемлекеттеріне 4 532,2 тонна қамыс, Өзбекстанға 15,6 тонна қой мен ешкі және Ресейге 265,1 тонна күріш қалдығы, 200,0 тонна қызанақ және 2 200,0 тонна қауын, қарбыз экспортталды.
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласында 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында атқарылған жұмыстар
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласында 2025 жылдың қаңтар-қазан айларында атқарылған жұмыстар туралы анықтама
2025 жылдың қаңтар-маусым айларында ауыл шаруашылығында 31 462,5 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2024 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,8%-ға артты.2025 жылға ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін 103,0%-дық көлемде қамтамасыз ету жоспары жыл қортындысымен орындалады.Тамақ өнімдерін өңдеу көлемі қаңтар-маусым айларында 51 132,0 млн. теңгені құрап, 2024 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 116,2%-ға артты.
Егіс көлемі
Ағымдағы жылы облыс бойынша барлығы 189,6 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде дәндi дақылдар 93,1 мың гектар, майлы дақылдар 5,7 мың гектар, мал азықтық дақылдар 73,3 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 17,5 мың гектар.Үкіметпен бекітілген Жол картасына сәйкес ағымдағы жылы 80,9 мың гектар жерге күріш дақылы егіліп, суға бастырылды.Ауыл шаруашылығы құрылымдары биылғы жылдың егісі үшін өткен жылдың күз айларында 4,3 мың гектар күздік бидай егуді және 50,4 мың гектар сүдігер айдауды қамтамасыз етті.Ерте егілетін дақылдардан бүгінгі күні 5 362 гектар мақсары, 5 281 гектар жаздық бидай, 22 372 гектар жаңа жоңышқа, 290 гектар арпа, 437 гектар тары, 215 гектар қант құмайы, 143 гектар соя, 209 гектар күнбағыс, 2 003 гектар дәндік жүгері, 591 гектар сүрлем жүгері, 1 627 гектар картоп, 6 611 гектар көкөніс, 9 213 гектар бақша, 5 гектар сұлы, 194 гектар мал жемдік асқабақ егілді.Сонымен қатар, 49 913 гектар ескі жоңышқа, 4 250 гектар күздік бидай тырмаланып, суарылды.Қазіргі таңда күріш егісін үстеп қоректендіру және арам шөптерге қарсы жұмыстары атқарылуда.Облыстың шаруашылық құрылымдары күтімге алған 49,9 мың гектар ескі жоңышқаның 2,4 мың гектары тұқымға қалдырылып, бүгінгі күнгі жағдай бойынша орылуға тиісті 47,5 мың гектардың I-ші орымы толық орылып 119,8 мың тн жоңышқа шөбі дайындалды, орта өнім гектарына 25,2 цн алынды. II орымнан 26,7 мың тонна өнім алынып, орта өнім 24,3 ц/га құрады.Облыстың шаруашылық құрылымдары қажетті тұқымдық материалдарымен толық қамтамасыз етілген.Ағымдағы жылдың егісіне қажетті 64,6 мың тонна минералдық тыңайтқыштардың, 74,1 мың литр гербицидтердің 100 пайызы сатып алынды.Шаруашылықтардың қолда бар барлығы 4046 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары толық жөндеуден өткізілді.Қазіргі таңда арзандатылған дизель отыны шаруашылықтарға әр литріне 254 теңгеден 8,0 мың тоннасы таратылды.
Мал шаруашылығы
Облыс бойынша 2025 жылдың 1 шілдесіне 410,7 мың бас МІҚ, 832,6 мың бас қой мен ешкі, 272,6 мың бас жылқы, 66,5 мың бас түйе және 127,1 мың бас құс тіркелген. Мал басын былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МІҚ-17,8%-ға, қой мен ешкі-2,3% жылқы-3,5%-ға, түйе-0,6%-ға артты.Осы есепті кезеңде 17,4 мың тонна ет (тірі салмақта), 21,5 мың тонна сүт және 3,3 млн. дана жұмыртқа өндіріліп, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет өндірісі 3,6%-ға, сүт өндірісі 3,0%-ға, жұмыртқа 9,4%-ға артты.
Экспорт
Статистикаға сәйкес 2025 жылдың 1 мамырына облыстан 15,5 млн. долларды құрайтын 31,1 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері (күріш, балық өнімдері, қамыс, күріш қалдығы) экспортталып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 123,8 пайызға артты.Өнімдер әлемнің 16 мемлекетіне экспортталды.Барлық экспортталған өнімнің 90,2 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы - күріш өнімі, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Әзербайжан, Өзбекстан, Грузия, Моңғолия және Ирак мемлекеттеріне экспортталып отыр.Есепті кезеңге 28 062 тонна күріш өнімі экспортталып, былтырғы жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 134,2 пайызға артты.Сондай-ақ, облыстан Ресей, Литва, Германия, Дания, Нидерланды, Қытай мемлекеттеріне 1 060,3 тонна балық, Германия, Польша және Нидерланды мемлекеттеріне 1 900,5 тонна қамыс және Ресейге 80,0 тонна күріш қалдығы экспортталды.
Саланың негізгі көрсеткіштері
2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында ауыл шаруашылығында 14 537,4 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2024 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,1%-ға артты.
Тамақ өнімдерін өңдеу көлемі 25 950,0 млн. теңгені құрап, 2024 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 107,3%-ға артты.
Ауыл шаруашылығы негізгі қорына қаңтар-наурыз айларында 1 087,8 млн. теңге инвестиция салынып, 2024 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 55,8%-ды құрады.
Тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға қаңтар-наурыз айларында 1 758,8 млн. теңге инвестиция салынып, 2024 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 1,3 есеге артты.
Егін шаруашылығы
Ағымдағы жылы облыс бойынша барлығы 193,7 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру болжануда. Оның ішінде дәндi дақылдар 97,1 мың гектар, майлы дақылдар 5,6 мың гектар, мал азықтық дақылдар 73,6 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 17,4 мың гектар.
Бүгінде ерте егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, 9479 гектар жоңышқа, 2064 гектар мақсары, 3729 гектар бидай, 66 гектар арпа, 33 гектар қант құмайы және 13 гектар судан шөбі егілді.
Негізгі дақыл күрішті сәуір айының үшінші онкүндігінде бастау межеленіп отыр.
2025 жылдың көктемгі егісіне облыс бойынша 22,2 мың тонна күріш тұқымы құйылды.
Сонымен қатар, егіске қажетті минералдық тыңайтқыштардың көлемі 64,6 мың тоннаны құраса, бүгінгі күнге оның 57 мың тоннасы сатып алынса, қажетті 74,1 мың литр гербицидтің 18 мың литрі сатып алынды.
Көктемгі егіс егу және дала жұмыстарын жүргізуге барлығы 10,0 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері бойынша қолда бар 4046 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары толық жөндеуден өткізілді.
Көктемгі дала және егін егу жұмыстарына дайындық барысы тұрақты бақылауда.
Мал шаруашылығы
Мал шаруашылығы саласында оң динамика қалыптасып, мал басы тұрақты өсіп, өндірілген өнім көлемі артуда.
Облыс бойынша 2025 жылдың 1 наурызына 363,7 мың бас МІҚ, 649,7 мың бас қой мен ешкі, 260,9 мың бас жылқы, 61,6 мың бас түйе және 123,1 мың бас құс тіркелген. Мал басын былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МІҚ-20,0%-ға, жылқы-5,7%-ға, түйе-2,7%-ға артып, қой мен ешкі-97,9%-ды, құс-97,0%-ды құрады.
Осы есепті кезеңде 6,0 мың тонна ет (тірі салмақта), 6,0 мың тонна сүт және 615,7 мың. дана жұмыртқа өндіріліп, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет өндірісі 3,6%-ға, сүт өндірісі 2,5%-ға артты.
Экспорт
Статистикаға сәйкес 2025 жылдың 1 наурызына облыстан 7,4 млн. долларды құрайтын 15,2 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері әлемнің 16 мемлекетіне экспортталды.
Барлық экспортталған өнімнің 91,1 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы - күріш өнімі, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Әзербайжан, Өзбекстан, Грузия, Моңғолия және Ирак мемлекеттеріне экспортталып отыр.
Есепті кезеңге 13 843,1 тонна күріш өнімі экспортталып, былтырғы жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 141 пайызға артты.
Сондай-ақ, облыстан Ресей, Литва, Германия, Дания, Нидерланды, Қытай мемлекеттеріне 401,6 тонна балық, Германия, Польша және Нидерланды мемлекеттеріне 907,6 тонна қамыс және Ресейге 40,0 тонна күріш қалдығы экспортталды.
Саланың негізгі көрсеткіштері
2024 жылдың қорытындысы бойынша (қаңтар-желтоқсан айларында) ауыл шаруашылығында 211,5 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2023 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,3%-ға артты.
Тамақ өнімдерін өңдеу көлемі 91,9 млрд. теңгені құрап, 2023 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 101,2%-ға артты.
Ауыл шаруашылығы негізгі қорына 14,0 млрд. теңге инвестиция салынып, 2023 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 132,0%-ға артты.
Тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға 2,9 млн. теңге инвестиция салынып, 2023 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 122,0%-ға артты.
Егін шаруашылығы
2024 жылы өңірде 189,4 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді.
Оның ішінде дәндi дақылдар 96,8 мың га, майлы дақылдар 4,8 мың га, мал азықтық дақылдар 70,2 мың га, картоп, көкөнiс, бақша 17,6 мың гектарға орналастырылса, Сырдың ақ күріші 85,6 мың гектар.
Мемлекет басшысының егістікті әртараптандыру тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы 2,9 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді.
Сондай-ақ, аймақта су үнемдейтін озық технологияларын енгізу көлемі 2023 жылы 872 гектар болса, 2024 жылы 4,4 мың гектарға жеткізілді.
Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында биылғы жылы диханшы қауымға су қажетті деңгейде жеткізілді.
Шаруашылықтар егін жинау жұмыстарына қажетті ауыл шаруашылығы техникалармен, жанар-жағармаймен, минералды тыңайтқыштармен толық қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ, егін жинау науқанына жалпы 4400 ауыл шаруашылығы техникалары қатысты. Жаңадан 250 техника агропаркке қосылып, 5%-ға жаңаланды.
Сыр өңірінің диқандары күзге толағай табыспен жетті. Облыс күрішшілері 500 мың тоннаға жуық өнімді қамбаға құйып, күріштің әр гектарынан 58 центнерден өнім алды.
Күріштен басқа дәнді дақылдардан 18,5 мың тонна, майлы дақылдар 4,9 мың тонна,картоп, көкөніс,бақшадан 352,7 мың тонна, мал азықтық дақылдары 327 мың тонна өнім жиналды.
Мал шаруашылығы
Мал шаруашылығы саласында оң динамика қалыптасып, мал басы тұрақты өсіп, өндірілген өнім көлемі артуда.
Облыс бойынша 2024 жылдың 1 желтоқсанына 408,6 мың бас МІҚ, 787,0 мың бас қой мен ешкі, 249,0 мың бас жылқы, 64,2 мың бас түйе және 122,1 мың бас құс тіркелген. Мал басын былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МІҚ -35,3%-ға, қой мен ешкі -14,2%-ға, жылқы - 1,4%-ға, түйе-4,1%-ға, құс 3,3%-ға артты.
Есепті кезеңде 32,7 мың тонна ет (тірі салмақта), 42,5 мың тонна сүт және 6,9 млн. дана жұмыртқа өндіріліп, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет өндірісі 2,8%-ға, сүт өндірісі 2,7%-ды, жұмыртқа өндірісі 1,5%-ға артты.
Экспорт
Статистикаға сәйкес 2024 жылдың 1 желтоқсанына 72,4 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері әлемнің 17 мемлекетіне экспортталды.
Есепті кезеңге 66 747,5 тонна күріш өнімі Ресей, Беларусь, Азербайжан, Тәжікстан, Украина, Моңғолия, Өзбекстан және Ирак мемлекеттеріне экспортталып отыр.
Сондай-ақ, облыстан Ресей, Литва, Китай, Дания, Нидерланды, Чехия, Германия, Грузия, Румыния мемлекеттеріне 2 158,6 тонна балық, Германия, Дания, Польша және Нидерланды мемлекеттеріне 1 567,7 тонна қамыс, Ресейге 140,0 тонна күріш қалдығы, 384 тонна қызанақ, 1 280,0 тонна қарбыз, 35,0 тонна қауын және Өзбекстан мемлекетіне 32,5 тонна қой мен ешкі, 19,0 тонна жүзім экспортталды.
Инвестициялық жобалар
Инвестиция тартуды тұрақты қамтамасыз ету мақсатында агроөнеркәсіптік кешен саласындағы 2024-2026 жылдары іске асырылатын инвестициялық жобалардың жол картасы әзірленіп, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісу жұмыстары жүргізілді.
Жол картада облыс бойынша құны 51,9 млрд. теңгені құрайтын 31 инвестициялық жобалар қамтылған. Бұл жобалардың жүзеге асырылуы 292 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
2024 жылы құны 6,8 млрд. теңгені құрайтын 11 инвестициялық жобаны жүзеге асты.
Саланың негізгі көрсеткіштері
2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ауыл шаруашылығында 147 521,5 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2023 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 103,8%-ға артты.
Тамақ өнімдерін өңдеу көлемі 76 656,0 млн. теңгені құрап, 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 103,3%-ға артты.
Егін шаруашылығы бойынша
Биылғы жылы өңірде 189,4 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді.
Оның ішінде дәндi дақылдар 96,8 мың га, майлы дақылдар 4,8 мың га, мал азықтық дақылдар 70,2 мың га, картоп, көкөнiс, бақша 17,6 мың гектарға орналастырылды.
Егістікті әртараптандыру тапсырмасына сәйкес, биыл 2,9 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді.
Сондай-ақ, аймақта су үнемдейтін озық технологияларын енгізу көлемі 2023 жылы 872 гектар болса, биыл 4,4 мың гектарға жеткізілді.
Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында биылғы жылы диханшы қауымға су қажетті деңгейде жеткізілді.
Шаруашылықтар егін жинау жұмыстарына қажетті ауыл шаруашылығы техникалармен, жанар-жағармаймен, минералды тыңайтқыштармен толық қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ, егін жинау науқанына жалпы 4400 ауыл шаруашылығы техникалары қатысты. Жаңадан 250 техника агропаркке қосылып, 5%-ға жаңаланды.
Сыр өңірінің диқандары күзге толағай табыспен жетті. Облыс күрішшілері 500 мың тоннаға жуық өнімді қамбаға құйып, күріштің әр гектарынан 58 центнерден өнім алды.
Бүгінгі күні күріштен басқа дәнді дақылдардан 18,5 мың тонна, майлы дақылдар 4,9 мың тонна,картоп, көкөніс,бақшадан 352,7 мың тонна, мал азықтық дақылдары 327 мың тонна өнім жиналды.
Мал шаруашылығы
Облыс бойынша 2024 жылдың 1 қазанына 420,2 мың бас МІҚ, 673,3 мың бас қой мен ешкі, 253,5 мың бас жылқы, 65,4 мың бас түйе және 120,4 мың бас құс тіркелген. Мал басын былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МІҚ -36,0%-ға, қой мен ешкі -20,0%-ға, жылқы - 0,7%-ға, түйе-4,6%-ға, құс 0,1%-ға артты.
Есепті кезеңде 25,5 мың тонна ет (тірі салмақта), 33,9 мың тонна сүт және 5,5 млн. дана жұмыртқа өндіріліп, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет өндірісі 2,9%-ға, сүт өндірісі 2,7%-ды, жұмыртқа өндірісі 1,9%-ға артты.
Экспорт
Статистикаға сәйкес 2024 жылдың 1 тамызына облыстан 24,0 млн. долларды құрайтын 44,7 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері әлемнің 16 мемлекетіне экспортталды.
Барлық экспортталған өнімнің 94,0 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы - күріш өнімі, Ресей, Беларусь, Азербайжан, Тәжікстан, Украина, Моңғолия, Өзбекстан және Ирак мемлекеттеріне экспортталып отыр.
Есепті кезеңге 42 180,2 тонна күріш өнімі экспортталып, былтырғы жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 156,1 пайызға артты.
Сондай-ақ, облыстан Ресей, Литва, Китай, Дания, Нидерланды, Чехия, Германия, Грузия мемлекеттеріне 1 137,5 тонна балық, Германия, Дания, Польша және Нидерланды мемлекеттеріне 1 296,9 тонна қамыс және Ресейге 60 тонна күріш қалдығы және Өзбекстан мемлекетіне 32,5 тонна қой мен ешкі экспортталды.
Саланың негізгі көрсеткіштері
Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында ауыл шаруашылығында 211 694,3 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2022 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,5%-ға артты.
Ауыл шаруашылығы негізгі қорына қаңтар-қазан айларында 9 387,5 млн. теңге инвестиция салынып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 136,6%-ды құрады.
Тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға қаңтар-қазан айларында 2 182,5 млн. теңге инвестиция салынып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 3,1 есеге артты.
Егін шаруашылығы
Егін шаруашылығында биыл 193,4 мың гектар жерге егін егілді. Оның ішінде, 99,9 мың гектарға дәндi дақылдар, 4,5 мың гектарға майлы дақылдар, 69,2 мың гектарға мал азықтық дақылдар, 19,8 мың гектарға картоп, көкөнiс, бақша дақылдары, 89,0 мың гектарға негізгі күріш дақылы егілді.
Облыста егісті әртараптандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп, мал азықтық және майлы дақылдар мен қатар картоп, көкөніс, бақша дақылдарының егіс көлемдерін ұлғайту шаралары жалғасуда.
Биыл әртараптандыру бағытындағы егіс көлемі 3,0 мың гектарды құраса, су үнемдеу технологиясын қолдану арқылы 872,5 гектар жерге егін егілді.
Облыс диқандары биылғы жылдың аптап ыстығына төтеп беріп, негізгі дақыл күріштен 503 мың тонна өнімді қамбаға құйып, күріштің әр гектарынан 56,5 центнерден өнім алды.
Алдын-ала мәлімет бойынша, дәнді дақылдан 13,7 мың тонна, майлы дақылдан 4,8 мың тонна, мал азықтық дақылдан 290 мың тонна, көкөніс, бақшадан 493,1 мың тонна өнім алынды.
Мал шаруашылығы
Мал шаруашылығы саласында оң динамика қалыптасып, мал басы тұрақты өсіп, өндірілген өнім көлемі артуда.
Облыс бойынша 2023 жылдың 1 желтоқсанына 415,8 мың бас МІҚ, 840,0 мың бас қой мен ешкі, 216,9 мың бас жылқы, 62,9 мың бас түйе және 122,1 мың бас құс тіркелген. Мал басын былтырғы жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда МІҚ – 3,2%-ға, қой мен ешкі – 2,9%-ға, жылқы 8,4%-ға, түйе 3,5%-ға, құс 0,4%- ға көбейген.
Есепті кезеңде 36,0 мың тонна ет (тірі салмақта), 85,6 мың тонна сүт және 7,1 млн. дана жұмыртқа өндіріліп, 2022 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда ет өндірісі 2,0 %-ға, сүт өндірісі 1,5%-ға артты.
Экспорт
Статистикаға сәйкес 2023 жылдың 1 қарашасына облыстан 46,4 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері әлемнің 22 мемлекетіне экспортталды.
Барлық экспортталған өнімнің 85,4 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы - күріш өнімі, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Украина, Түркменстан, Грузия, Моңғолия және Ирак мемлекеттеріне экспортталып отыр.
Есепті кезеңге 39 608,5 тонна күріш өнімі экспортталды.
Сондай-ақ, облыстан Ресей, Польша, Литва, Германия, Франция, Грузия, Әзірбайжан,Австрия, Нидерланды, Қытай, Дания және Румыния мемлекеттеріне 1 642,6 тонна балық, Өзбекстан мемлекетіне 102 бас- 28,6 тонна МІҚ, Германия, Дания, Нидерланды, Польша және Франция мемлекеттеріне 2 021,4 тонна қамыс, Ресей және Өзбекстан мемлекетіне 270,0 тонна күріш қалдығы және Қытай мемлекетіне 198,0 тонна күнбағыс тұқымы, 325,7 тонна көкөніс және 178,5 тонна мақсары тұқымы және 227,6 тонна көкөністер, Ресей мемлекетіне 320,0 тонна қызанақ, 1436,0 тонна қарбыз, 115,0 тонна қауын экспортталды.
Инвестициялық жобалар
Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы 2023-2026 жылдары іске асырылатын инвестициялық жобалардың жол картасында құны 48,3 млрд. теңгені құрайтын 26 инвестициялық жобалар қамтылған.
Бұл жобалардың жүзеге асырылуы нәтижесінде 618 жаңа жұмыс орны ашылады.
Ағымдағы жылы жалпы құны 7,9 млрд. теңгені құрайтын 11 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Осыдан бүгінгі күні жалпы құны 6,2 млрд. теңгені құрайтын 8 жоба жүзеге асырылып, 101 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Саланың негізгі көрсеткіштері
Статистика деректеріне сәйкес 2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында 10,8 млрд. теңгеге өнім өндірілді, нақты көлем индексі 2022 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 102,0% - ға өсті
Егін шаруашылығы
Биылғы жылы облыс бойынша 195,6 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарлануда. Оның ішінде дәндi дақылдар 96,4 мың, майлы дақылдар 5,7 мың, мал азықтық дақылдар 73,7 мың, қант қызылшасы 7 гектарды, картоп, көкөнiс, бақша 19,8 мың гектарды құрайды. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 83,9 мың гектар.
Биылғы жылдың егісі үшін ауыл шаруашылығы құрылымдары өткен жылдың күз айларында 4,8 мың га күздік бидай егуді және 41,2 мың га сүдігер айдауды қамтамасыз етті.
Көктемгі егін науқанына қажетті ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдары толық қамтамасыз етілді.
Көктемгі егіс және дала жұмыстарын жүргізуге барлығы 12,1 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.
Қазіргі таңда, көктемгі дала жұмыстарын агротехникалық талаптарға сай оңтайлы мерзімінде сапалы жүргізу үшін дайындық жұмыстары белгіленген жоспарға сәйкес атқарылуда.
Көктемгі дала жұмыстарынан ақ егісті егу жұмыстары ағымдағы жылдың 10 наурызынан басталды.
Бүгінгі күнге, облыста барлығы 16,8 мың гектарға ерте егілетін дақылдар егіліп, 46,3 мың гектар ескі жоңышқа мен 5,8 мың гектар күздік бидай күтімге алынды.
Негізгі дақылы күріш егу жұмыстары ағымдағы жылы сәуір айының үшінші онкүндігінде басталады. Көктемгі дала және егін егу жұмыстары жалғасуда.
Көктемгі дала және егін егу жұмыстарының атқарылу барысы тұрақты бақылауда.
Мал шаруашылығы
Мал шаруашылығы саласында оң динамика қалыптасып, мал басы тұрақты өсіп, өндірілген өнім көлемі артуда.
Облыс бойынша 2023 жылдың 1 наурызына 390,4 мың бас МІҚ, 725,7 мың бас қой мен ешкі, 214,9 мың бас жылқы, 58,7 мың бас түйе және 124,2 мың бас құс тіркелген. Мал басын былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МІҚ - 6,1%-ға, қой мен ешкі - 1,6%-ға, жылқы 14,1%-ға, түйе 7,5%-ға көбейген.
Есепті кезеңде 6,1 мың тонна ет (тірі салмақта), 11,4 мың тонна сүт және 0,7 млн дана жұмыртқа өндіріліп, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет өндірісі 2,7%-ға, сүт өндірісі 1,0%-ға, артты.
Экспорт
Статистикаға сәйкес 2022 жылы облыстан 61,9 млн. долларды құрайтын 112,4 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталды. Өнімдер әлемнің 23 мемлекетіне экспортталды.
Барлық экспортталған өнімнің 89,4 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы - күріш өнімі, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, АҚШ, Әзірбайжан, Өзбекстан, Моңғол мемлекеті, Тәжікстан, Түркмения, Украина, Грузия, Литва, Түркия және Ирак мемлекеттеріне экспортталды.
Сондай-ақ, облыстан Ресей, Әзербайжан, Польша, Грузия, Венгрия, Литва, Германия, Чехия, Нидерланды, Франция, Қытай және Австрия мемлекеттеріне 3 575,7 тонна балық, Германия, Дания және Нидерланды мемлекеттеріне 2 664,7 тонна қамыс, Ресей, Өзбекстан және Тәжікстанға 1 466,8 тонна күріш қалдығы, және Ресей мемлекетіне 280,0 тонна қызанақ, 2 183,0 тонна қарбыз, 325,0 тонна қауын, Қытай мемлекетіне 1 244,8 тонна көкөніс және 124,3 тонна күнбағыс тұқымы экспортталды.
Инвестициялық жобалар
Өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында агроөнеркәсіптік кешен саласындағы 2022-2026 жылдары іске асырылатын инвестициялық жобалардың жол картасы бекітіліп, облыс бойынша құны 55,9 млрд. теңгені құрайтын 28 инвестициялық жобалар қамтылған. Өз кезегінде, 894 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.
2023 жылы жалпы құны 7364,0 млн. теңгені құрайтын 16 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Саланың негізгі көрсеткіштері
Статистиканың мәліметіне сәйкес 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан араша айларында 178 107,1 млн. теңгенің өнімі өндіріліп 2021 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 101,8%-ға артты.
Тамақ өнімдерін өңдеу көлемі 72 642,3 млн. теңгені құрап, 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 106,3%-ға артты.
Егін шаруашылығы
Ағымдағы жылы статистикалық мәліметке сәйкес облыс бойынша 188,5 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде дәндi дақылдар 91,7 мың гектар, майлы дақылдар 5,9 мың гектар, мал азықтық дақылдар 71,3 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 19,6 мың гектар. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 78,6 мың гектарды құрады.
Су тапшылығына байланысты күріш дақылының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 5,0 мың гектарға дейін азайтылып, орнына суды аз қажет ететін егістікті әртараптандыру бағытындағы мал азықтық және майлы дақылдармен қатар картоп, көкөніс, бақша дақылдарының егіс көлемдері өткен жылмен салыстырғанда 7,3 мың гектарға дейін артып, жалпы егіс көлемі 541 гектарға көбейді.
Сонымен қатар, облыста егісті әртараптандыру бағытында жүгері дақылы 1 945 гектарға, соя 189 гектарға, қант құмайы 358 гектарға, 3,5 гектарға қант қызылшасы дақылы егілді.
Жалпы егілген ауыл шаруашылығы дақылдарынан жоғары өнім алу мақсатында 59,1 мың тонна минералдық тыңайтқыштар, 63,1 мың литр гербицидтер сатып алынып, күріш егістіктерінің 61,4 мың гектары арам-шөптеріне қарсы өңделіп, 65,0 мың гектары тыңайтқыштармен үстеп қоректендірілді.
Күзгі егін жинау науқаны оңтайлы мерзімінде жүргізіліп, толық аяқталды.
Мал шаруашылығы
Облыс бойынша 2022 жылдың 1 желтоқсанына 402,8 мың бас МІҚ, 815,7 мың бас қой мен ешкі, 200,0 мың бас жылқы, 60,7 мың бас түйе және 121,5 мың бас құс тіркелген. Мал басын былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МІҚ-7,9%-ға, қой мен ешкі-4,4%-ға, жылқы 16,5%-ға, түйе 7,0%-ғажәне құс 1,7%-ға көбейген.
Осы есепті кезеңде 35,2 мың тонна ет (тірі салмақта), 84,3 мың тонна сүт және 7 379,8 мың дана жұмыртқа өндіріліп, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет өндірісі 2,1%-ға, сүт өндірісі 1,4%-ға және жұмыртқа өндірісі 2,2%-ға артты.
Экспорт
Статистикаға сәйкес 2022 жылдың 1 желтоқсанына облыстан 58,0 теңгені құрайтын 105,2 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері (күріш, балық өнімдері, күріш қалдығы, қамыс, қарбыз, қауын, көкөніс, қызанақ, күнбағыс тұқымы) экспортталып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 160,2 пайызды құрап отыр.
Өнімдер әлемнің 23 мемлекетіне экспортталды.
Барлық экспортталған өнімнің 89,3 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы - күріш өнімі, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, АҚШ, Әзірбайжан, Өзбекстан, Моңғол мемлекеті, Тәжікстан, Түркмения, Украина, Грузия, Литва, Түркия және Ирак мемлекеттеріне экспортталып отыр.
Есепті кезеңге 93,9 мың тонна күріш өнімі экспортталып, былтырғы жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 153,1 пайызға артты.
Сондай-ақ, облыстан Ресей, Әзербайжан, Польша, Грузия, Венгрия, Литва, Германия, Чехия, Нидерланды, Франция, Китай және Австрия мемлекеттеріне 3 295,3 тонна балық, Германия, Дания және Нидерланды мемлекеттеріне 2 472,1 тонна қамыс, Ресей, Өзбекстан және Тәжікстанға 1 426,8 тонна күріш қалдығы, және Ресей мемлекетіне 280,0 тонна қызанақ, 2 183,0 тонна қарбыз, 325,0 тонна қауын жөнелтілді.
Сонымен қатар, Қытай мемлекетіне 1 244,8 тонна көкөніс және 20,1 тонна күнбағыс тұқымы экспортталды.
АНЫҚТАМА
Егін шаруашылығы
Үстіміздегі жылы Қызылорда қаласы мен аудадардың берген жедел ақпаратына сәйкес, облыс бойынша барлығы 185,9 мың гектарға егiс егілді. Оның ішінде дәндi дақылдар 91,6 мың га, майлы дақылдар 5,5 мың га, мал азықтық дақылдар 69,4 мың га, картоп, көкөнiс, бақша 19,4 мың га.
Негізгі дақыл күрiштің көлемі 78,4 мың га.
Ауыл шаруашылығы дақылдары өткен жылмен салыстырғанда 2,2 мың гектарға кем егіліп отыр.
Облыста егіс көлемдерін әртараптандыру бағытында қосымша биылғы жылы соя дақылының егіс көлемі 150 гектарға, қант құмайын 352 гектарға жеткізілді.
Сонымен қатар, су үнемдеу технологиясын қолдану арқылы биылғы жылы барлығы 607 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі, оның ішінде 210 га көкөніс, 90 га бақша, 32 га картоп, 187 га жаңа жоңышқа, 87 га сүрлем жүгері, 1 га қант қызылшасы дақылдары орналастырылды.
Облысқа 2022 жылдың көктемгі дала және егіс жұмыстарын жүргізуге 11,6 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінген.
Облыс бойынша егілген 5 593 га күздік бидай дақылының бүгінгі күнге 3754 га жиналып, 5648 тонна өнім алынып, орта өнім гектарына 15,0 центнерден келуде. Дәнді дақылдарды жинау жұмыстары жалғасуда.
Қазіргі таңда, шаруашылық құрылымдары ауылшаруашылығы дақылдарын агротехникалық талаптарға сай күтіп баптау жұмыстарын атқаруда.
Шаруашылықтармен сатып алынған 59,1 мың тонна минералдық минералдық тыңайтқыштар егістікке пайдаланылса, 63,1 мың литр гербицидтермен күріш егістіктерінің арам-шөптеріне қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі күнге, күріш егісінің арам шөптерге қарсы гербицидтермен өңдеуге жатқызылған 61,4 мың гектарының, бүгінге күнге 57,2 мың гектары өңделіп, тыңайтқыштармен үстеп қоректендірілетін 65,0 мың гектардың 42,8 мың гектары үстеп қоректендіру жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар жалғасуда.
Аудандардан алынған мәліметтерге сәйкес, облыста егілген 78.4 мың га күріш алқабының жағдайы бүгінгі күнге 72,7%-ы жақсы, 21,6%-ы орта, 5,4%-ы нашар деп бағаланса, 44,5 мың га түптену, 28,3 мың га түтікке шығу және 5,6 мың гектары сыпырықтану даму фазасында.
Қазіргі уақытта шаруашылық құрылымдары ескі жылғы жоңышқа дақылының I-орымы жинауда.
Күтімге алынған 43,9 мың гектар ескі жоңышқаның 3,6 мың гектары тұқымға қалдырылып, орылуға тиісті 40,3 мың гектардың бүгінгі күнге I-ші орымы аяқталып, одан 109,1 мың тн жоңышқа шөбі дайындалып, орта өнім гектарына 27,1 цн алынды. Сонымен қатар II-ші орымы жүруде жиналуға тиісті көлемнің 2,4 мың гектары орылып, 5,6 мың тонна жоңышқа шөбі жиналды, орта өнім 24,0 центнерден алынуда. Мал азығын дайындау жұмыстары жалғасуда.
Мал шаруашылығы
Мал шаруашылығы саласында оң динамика қалыптасып, мал басы тұрақты өсіп, өндірілген өнім көлемі артуда.
Облыс бойынша 2022 жылдың 1 шілдесіне 420,3 мың бас МІҚ, 895,7 мың бас қой мен ешкі, 210,9 мың бас жылқы, 61,6 мың бас түйе және 128,0 мың бас құс тіркелген. Мал басын былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МІҚ-8,6%-ға, қой мен ешкі-5,7%-ға, жылқы 17,1%-ға, түйе 7,1%-ға және құс 2,7%-ға көбейген.
Осы есепті кезеңде 17,7 мың тонна ет (тірі салмақта), 41,6 мың тонна сүт және 3,3 млн. дана жұмыртқа өндіріліп, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет өндірісі 1,8%-ға, сүт өндірісі 1,7%-ға және жұмыртқа өндірісі 3,1 %-ға артты.
Экспорт
Статистикаға сәйкес 2022 жылдың 1 маусымына облыстан 19,8 млн. долларды құрайтын 39,8 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері (күріш, балық өнімдері, бидай қалдығы, қамыс) экспортталып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 125,9 пайызды құрап отыр.
Өнімдер әлемнің 20 мемлекетіне экспортталды.
Барлық экспортталған агроөнім көлемінің 92,0 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы - күріш өнімі, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Моңғол мемлекеті, Тәжікстан, Түркмения, Украина, Грузия, Литва, Түркия және Ирак мемлекеттеріне экспортталып отыр.
Есепті кезеңге 36,6 мың тонна күріш өнімі экспортталып, былтырғы жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 112,8 пайызға артты.
Сондай-ақ, облыстан Ресей, Әзербайжан, Польша, Грузия, Венгрия, Литва, Германия, Чехия және Австрия мемлекеттеріне 1 443,1 тонна балық, Германия, Дания және Нидерланды мемлекеттеріне 1 575,1 тонна қамыс және Ресейге мен Өзбекстанға 155,0 тонна бидай қалдығы жөнелтілді.
Инвестициялық жобалар
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2021-2025 жылдарға арналған жол картасына инвестициялық құны 58.3 млрд. теңгенің 42 жоба әзірленіп, бекітілді. Нәтижесінде, 1124 жаңа жұмыс орны ашылады.
Жол картаға сәйкес 2021 жылы 2,1 млрд. теңгені құрайтын 14 жоба жүзеге асырылып, нәтижесінде 151 жаңа жұмыс орындары ашылды.
Ағымдағы жылы жалпы құны 10,4 млрд. теңгені құрайтын 14 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығында
2021 жылдың қаңтар – қараша айларында атқарылған жұмыстар туралы
АНЫҚТАМА
Саланың негізгі көрсеткіштері
2021 жылдың қаңтар-қараша айларында 157,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп 2020 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 100,1%-ды құрады.
Тамақ өнімдерін өңдеу көлемі қаңтар-қараша айларында 49,5 млрд. теңгені құрап, 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 109,8%-ға артты.
Ауыл шаруашылығының негізгі қорына қаңтар-қараша айларында 7,3 млрд. теңге инвестиция салынып, 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 65,8%-ды құрады.
Тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға қаңтар-қазан айларында 1940,3 млн. теңге инвестиция салынып, 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 163,9%-ға артты.
Егін шаруашылығы
Ағымдағы жылы статистикалық мәліметке сәйкес облыс бойынша
188,1 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде дәндi дақылдар 96,6 мың гектар, майлы дақылдар 6,7 мың гектар, мал азықтық дақылдар 66,4 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 18,3 мың гектар. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 83,6 мың гектарды құрады.
Ағымдағы жылы орын алған су тапшылығына байланысты, күріш дақылының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 5,9 мың гектарға дейін азайтылып, орнына суды аз қажет ететін егістікті әртараптандыру бағытындағы мал азықтық және майлы дақылдармен қатар картоп, көкөніс, бақша дақылдарының егіс көлемдері өткен жылмен салыстырғанда 9,8 мың гектарға дейін артып, жалпы егіс көлемі 3,9 мың гектарға көбейді.
Аудандардан жинақталған жедел ақпаратқа сәйкес, 6,8 мың гектар күздік бидайдан 9,4 мың тн өнім жиналды (орта өнімі 13,8 центнерді құрады). Сонымен бірге, жаздық бидайдың жиналған 4,4 мың гектарынан 4,4 мың тн өнім алынып (орта өнімі 9,9 центнерден) және арпаның жиналған 411 гектарынан 332 тн өнім алынды (орта өнімі 8,1 центнерден айналды).
Сол сияқты, егілген 596 га дәндік жүгеріден 2348 тн өнім алынды (орта өнім гектарына 39,4 центнерден), 440 гектар тарыдан 1172,3 тонна өнім алынды (орта өнімі 26,6 центнерден), 71 гектар қант құмайынан 38 тонна өнім жиналып (орта өнім 5,3 центнерден), мақсарының жиналған 6,5 мың гектарынан 6,6 мың тн өнім алынды (орта өнім гектарына 10,1 центнерден), егілген 129 га соя, 70 гектар күнбағыс толық жиналып, соядан 252,5 тонна, күнбағыстан 141,6 тонна өнім алынды (сояның орта өнімі 19,6 центнерден, күнбағыстан 20,2 центнерден алынды).
Сондай-ақ, 3806 гектар картоптан 65,9 мың тн өнім алынды (орта өнім гектарына 173,2 центнерден), 6046 гектар көкөністен 119,8 мың тн өнім алынды (орта өнім гектарына 198,2 центнерден) және 8453 гектар бақшадан 203,3 мың тн өнім жиналды (орта өнім гектарына 240,5 центнерден).
Мал азықтық дақылдардан биыл ораққа түскен 40,3 мың гектар ескі жоңышқа дақылының 3 орымынан барлығы 230,8 мың тонна, жаңа жоңышқадан 17,8 мың тонна өнім жиналып, жалпы бүгінге шаруашылықтар бойынша барлығы 248,6 мың тонна жоңышқа шөбін жиналды.
Сонымен қатар, егілген 973 гектар сүрлемдік жүгері мен 155 гектар мал азықтық асқабақ дақылдары толық жиналып, сүрлемдік жүгеріден 8,8 мың тонна өнім алынса, мал азықтық асқабақ толық жиналып 1,5 мың тонна өнім алынды.
Егін жинауға 1763 трактор, 849 комбайн, 476 жатка, 353 жүк көлігі және 825 трактор тіркемесі егін жинау науқанына қатысты.
Сонымен қатар, биылғы жылдың тоғыз айында 4,2 млрд.теңгеге жаңадан 185 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды.
Бүгінде шаруашылық құрылымдарының қолында бар техникалардың әлеуеті, егін жинау жұмыстарын мерзімінде аяқтауға толық мүмкіндік береді.
Күзгі егін жинау және дала жұмыстарын жүргізу үшін 12,5 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.
Негізгі дақыл – күріш жинау жұмыстары ағымдағы жылдың 18 қазанында аяқталды.
Егілген 83 570 гектар күріш көлемі толық орылып, бастырылып барлығы 500 мың тонна Сыр маржаны құйылып, орта өнімі 59,8 центнерден келді.
Тұқым шаруашылығы
Ағымдағы жылы егістікке қажетті тұқымдық материалдар толық қамтамасыз етілді.
Облыс бойынша 21403,6 тонна жоғары репродукциялы күріш тұқымы,
793,8 тонна жаздық бидай, 55,6 тонна арпа, 8,6 тонна тары, 1259,2 тонна күздік бидай, 22,2 тонна дән жүгері, 10,5 тонна соя, 251 тонна жоңышқа және 173 тонна мақсары тұқымы дайындалып себілді.
Егіске пайдаланылған 21403,6 тонна күріш тұқымының 2,8 тоннасы (0,01%) көбейтілген тұқым, 71,5 тоннасы (0,33%) супер элита, 976,6 тоннасы (4,6%) элита, 7700,9 тоннасы (36%) І - репродукциялы тұқым, 8214 тоннасы (38,4%) ІІ - репродукциялы тұқым, 4437,8 тоннасы (20,7%) ІІІ - репродукциялы тұқымды құрады. Оның ішінде сорттары бойынша: Маржан – 571,8 тонна (2,7 %), Айкерім - 58 тонна (0,27 %), Сыр сұлуы - 678,8 тонна (3,17 %), Лидер – 17211,7 тонна ( 80,4%), Янтарь - 2782,3 тонна ( 13,0%), Рапан – 10 тонна ( 0,05%), Премиум – 91 тонна (0,42%).
Сондай-ақ, сорт жаңарту мақсатында «АгроХолдинг Қызылорда» ЖШС Краснодар өлкесінен барлығы 192 тонна күріштің элита тұқымын әкеліп, шаруашылықтарға таратты.
Бүгінгі күні 2022 жылдың көктемгі егісіне облыс бойынша күріштің 21028,7 тонна күріш тұқымы құйылды. Оның ішінде құйылған күріш тұқымының 2,3 тоннасы (0,01%) көбейтілген тұқым, 114,2 тоннасы (0,54%) супер элита, 326,9 тоннасы (1,6%) элита, 9970,6 тоннасы (47,4%), I – репродукциялы тұқым, 7030,7 тоннасы (33,4%), II-репродукциялы тұқым, 3584 тоннасы (17,1%), III-репродукциялы тұқымды құрады.
Дайындалған 21028,7 тонна күріш тұқымының -1120,6 тоннасы (5,3%) Маржан, 983 тоннасы (4,6%) Сыр Сұлуы, 30 тоннасы (0,1%) Айкер3с, 2675 тоннасы (12,7%) Янтарь, 15975,1 тоннасы (76%) Лидер, 245 тоннасы (1,2%) Премиум сорттарын құрады.
Сонымен қатар, 543,3 тонна жаздық бидай, 1160,9 тонна күздік бидай, 16 тонна арпа, 11,8 тонна тары, 17,9 тонна дәндік жүгері, 0,1 тонна сұлы, 2,94 тонна күнбағыс, 128,7 тонна мақсары, 15,2 тонна соя, 23,5 тонна сүрлемдік жүгері және 243,7 тонна жоңышқа тұқымы құйылды.
Мал шаруашылығы
Мал шаруашылығы саласында оң динамика қалыптасып, мал басы тұрақты өсіп, өндірілген өнім көлемі артуда.
Облыс бойынша 2021 жылдың 1 желтоқсанына 373,5 мың бас МІҚ, 781,2 мың бас қой мен ешкі, 171,2 мың бас жылқы, 56,8 мың бас түйе және 119,6 мың бас құс тіркелген. Мал басын былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МІҚ-8,4%-ға, қой мен ешкі-4,6%-ға, жылқы 13,0%-ға, түйе 8,3%-ға көбейген.
Осы есепті кезеңде 34,6 мың тонна ет (тірі салмақта), 83,2 мың тонна сүт және 7,2 млн. дана жұмыртқа өндіріліп, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет өндірісі 2,3%-ға, сүт өндірісі 2,4%-ға, жұмыртқа өндірісі 4,9%-ға артты.
Экспорт
Ағымдағы жылдың 1 қарашасына облыстан 30,1 млн. долларды құрайтын 87,0 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері (күріш, балық өнімдері, бидай қалдығы және қамыс, қарбыз, қауын және қызанақ) экспортталып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 103,4 пайызды құрап отыр (салмақ бойынша 99,6 пайыз).
Өнімдер әлемнің 15 мемлекетіне экспортталды.
Барлық экспортталған өнімнің 93,6 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы - күріш өнімі, Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Әзірбайжан, Өзбекстан, Моңғол мемлекеті, Тәжікстан, Украина және Ирак мемлекеттеріне экспортталып отыр.
Есепті кезеңге 81,5 мың тонна күріш өнімі (25,0 млн. доллар) экспортталып, былтырғы жылмен салыстырғанда 114,2 пайызға (21,8 млн. долл.) артып отыр.
Сондай-ақ, облыстан Ресей, Польша, Литва, Нидерланды, Грузия Австрия, Украина, Германия және Австрия мемлекеттеріне 2759,2 тонна (4,7 млн. долл.) балық және Германия мен Нидерланды мемлекеттеріне 1032,6 тонна (314,4 мың долл.) қамыс жөнелтілді.
Германия және Нидерланды мемлекеттеріне 106,9 тонна бидай қалдығы жөнелтілді.
Бұдан бөлек, облыс бойынша Ресей мемлекетіне 1125 тонна қарбыз, 380 тонна қауын және 150,0 тонна қызанақ экспортталды.
Инвестициялық жобалар
2021-2025 жылдар аралығында агроөнеркәсіп кешенінде жалпы құны 58,0 млрд. теңгені құрайтын 76 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Осы жобалардың ішінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2021-2025 жылдарға арналған жол картасына инвестициялық құны 56,2 млрд. теңгенің 42 жоба әзірленіп, бекітілді. Нәтижесінде, 1144 жаңа жұмыс орны ашылады. Олар:2021 жылы – 6 285,4 млн. теңгені құрайтын 14 жоба, 2022 жылы – 29 082,5 млн. теңгені құрайтын 20 жоба, 2023 жылы - 1 724,0 млн. теңгені құрайтын 5 жоба,2024 жылы – 14 700,0 млн. теңгені құрайтын 2 жоба, 2025 жылы -4 431,0 млн. теңгені құрайтын 1 жоба.
Осы жобалардың жүзеге асырылуы нәтижесінде өңірдің құс етімен өзін-өзі қамтамасыз етуін 45%-ға, ет өндірісін – 71%-ға, сүт өндірісін 55,0%-ға, жұмыртқамен қамтамасыз етуді 12%-ға дейін қол жеткізіледі.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласында жыл сайын тартылатын инвестиция көлемі 12-15% ұлғаятын болады.
Аталған 42 жобаның құны 51,1 млрд. теңгені құрайтын 20 жобасы экспортқа бағытталған инвестициялық жобалар. Олар: егіншілік саласы - 3 жоба, мал шаруашылығы - 6 жоба, құс шаруашылығы – 2 жоба, балық шаруашылығы - 1 жоба, өңдеу саласы – 8 жоба.
2021 жылы 6,3 млрд. теңгені құрайтын 14 жобаны жүзеге асыру арқылы 183 жұмыс орны ашылуы жоспарланған.
Олар: өсімдік шаруашылығы бойынша – 5 жоба, мал шаруашылығы бойынша – 3 жоба, құс шаруашылығы бойынша – 1 жоба, балық шаруашылығы бойынша – 1 жоба, өңдеу саласы бойынша – 4 жобаны іске асыру межеленуде.
Осыдан, жыл басынан бері Жол карта аясында жалпы құны 2 130,4 млн. теңгені құрайтын 12 жоба іс қосылды.
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығында
2021 жылдың қаңтар – қыркүйек айларында атқарылған жұмыстар туралы анықтама
Саланың негізгі көрсеткіштері
2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында (статистикалық алдын-ала мәлімет) 119,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп 2020 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда өсім 2,3%-ға артты (өсімдік шаруашылығы – 75,8 млрд. теңге (102,5%), мал шаруашылығы – 41,9 млрд. теңге (102,1%).
Тамақ өнімдерін өңдеу көлемі қаңтар-қыркүйек айларында 41,0 млрд. теңгені құрап, 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 112,5%-ға артты.
Ауыл шаруашылығының негізгі қорына қаңтар-тамыз айларында 4204,3 млн. теңге инвестиция салынып, 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 92,3%-ды құрады.
Тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға қаңтар-тамыз айларында 529,5 млн. теңге инвестиция салынды.
Егін шаруашылығы
Егіс көлемі
Үстіміздегі жылы статистикалық мәліметке сәйкес облыс бойынша
188,1 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде дәндi дақылдар 96,6 мың гектар, майлы дақылдар 6,7 мың гектар, мал азықтық дақылдар 66,4 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 18,3 мың гектар. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 83,6 мың гектар.
Ауыл шаруашылығы дақылдары өткен жылмен салыстырғанда 3,9 мың гектарға артық егіліп отыр.
Сонымен қатар, облыста егісті әртараптандыру бағытында жүгері дақылы 1 569 гектарға, соя 129 гектарға, қант құмайы 71 гектарға дейін жеткізіліп, тәлімі жерлерге (богарлы) 600 гектар мақсары дақылы егілді.
Дәнді дақылдарды жинау
Облыс бойынша егілген 6,8 мың гектар күздік бидай дақылы толығымен жиналып, 9,4 мың тонна өнім алынса, (орта өнім гектарына
13,8 центнер), 4,7 мың га жаздық бидайдың 4,4 мың гектары жиналып 4,4 мың тонна өнім (орта өнім гектарына 9,9 центнер), 421 гектар жаздық арпаның 411 гектары жиналып, 332 тонна өнім алынса (орта өнім гектарына 8,1 центнер). Биылғы жылғы егілген жаздық бидайдың қуаңшылыққа байланысты ылғал жетіспеуінен 260 гектары (Қызылорда қаласынан - 134 га, Қазалы ауданынан – 126 га) және Қызылорда қаласында егілген 5 гектар сұлы ораққа түспей отыр.
Сонымен қатар 596 гектар дән жүгері, 71 гектар қант құмайы толығымен жиналып, дән жүгеріден 2348 тонна өнім алынды (орта өнім гектарына 39,4 центнер), қант құмайынан 62 тонна өнім жиналса (орта өнім гектарына 8,7 центнер), 440 гектар тарының толық жиналып 1172,3 тн өнім алынды (орта өнім гектарына 26,6 центнер).
Анықтамалық: (2020 жылы күздік бидайда орта өнім гектарына 22,7 центнер, жаздық бидайда 10,3 центнер, жаздық арпада 4,5 центнер, дән жүгеріден 40,4 центнер, тарыдан 27,9 центнер өнім алынды).
Майлы дақылдарды жинау
Ағымдағы жылы егілген майлы дақылдардан 6528 гектар мақсарының 6511 гектары, 70 гектар күнбағыс және 129 гектар соя дақылдары толық көлемде жиналды. Жиналған мақсарыдан 6558 тонна (орта өнім гектарына 10,1 центнер), соядан 253 тонна (орта өнім гектарына 19,6 центнер), күнбағыстан 141,6 тонна өнім алынды (орта өнімі гектарына 20,2 центнер). алынды.
Анықтамалық: (2020 жылы мақсарыдан орта өнім гектарына 10,3 центнер, соядан 11,0 центнер, күнбағыстан 25,6 центнерден өнім алынды).
Картоп, көкөніс, бақша, жүгері және майлы дақылдарды жинау
Бүгінгі күнге облыс бойынша егілген картоп, көкөніс және бақша дақылдарын жинау жұмыстары аяқталды. 3,8 мың гектар картоптан 65,9 мың тонна, 6,0 мың гектар көкөністен 119,8 мың тонна, 8,5 мың гектар бақшадан 203,3 мың тонна өнім жиналып, картоптың әр гектарынан 173,2 центнерден, көкөністен 198,2 центнерден, бақшадан
240,5 центнерден өнім алынды (2020 жылы картоптың әр гектарынан 173,7 центнер, көкөністен 200,5 центнер, бақшадан 239,2 центнер өнім алынды).
Мал азығын дайындау
Ауыл шаруашылық құрылымдары бойынша биылғы жылы ескі жоңышқа дақылы 3 рет орылып, барлығы 230,8 мың тонна шөп дайындалып, орта өнім гектарына 57,4 центнерден айналды (2020 жылы ескі жоңышқаның 2 орымының орта өнімі гектарына 54,4 центнерден айналды).
Сонымен қатар, егілген 20,6 мың гектар жаңа жоңышқаның ораққа түскен 19,6 мың гектарынан 17,8 мың тонна жоңышқа шөбі жиналып отыр (орта өнімі 9,1 цн/га). Жалпы шаруашылықтар бойынша барлығы 248,6 мың тонна жоңышқа шөбін жиналды.
Егілген 973 гектар сүрлемдік жүгері көлемі толық жиналып, 8,8 мың тонна сүрлем дайындалды (орта өнімі 90,0 цн/га), 155 гектар мал азықтық асқабақ толық жиналып, 1500 тн өнім алынды (орта өнімі 150 цн/га). Сүрлем дайындау жұмыстары жалғасуда.
Техника және жанар-жағар май
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің есебіндегі 1 763 трактор, 849 комбайн, 476 жатка, 353 жүк көлігі және 825 трактор тіркемелері толығымен жөндеуден өткізіліп, күзгі егін жинау және дала жұмыстарына қатысуда.
Облыста күзгі егін жинау және дала жұмыстарын жүргізу үшін 12,5 мың тонна (шілдеге - 1247,2 тонна, тамызға - 4581,7 тонна, қыркүйекке - 4029,8 тонна, қазанға - 2617,1 тонна) арзандатылған дизель отыны бөлініп отыр.
Шілде-тамыз айларына қаралған 5828,9 тонна дизель отыны операторлармен облысқа жеткізіп беруші операторлар («Нефть-Транс Қызылорда», «РК-Мұнай», «Жаңақорған-Ойл» және «Қызылорда Мұнай Өнімдері» серіктестіктері) арқылы толық жеткізіліп, шаруашылықтарға 1 литрі 177 теңгеден таратылды. Бүгінгі күні, жеткізуші операторлар тарапынан қыркүйек айна бөлінген 4029,8 тонна дизель отынының 3936 тоннасына қаржысы аударылды, оның бүгінгі күнге зауыттан тиелген 3871 тоннасының 3821 тоннасы облысқа жеткізіліп, 1920 тоннасы шаруашылықтарға таратылды.
Сонымен қатар, биылғы жылғы облыс аумағында орын алған қуаңшылық жағдайына байланысты, қысқа түсетін төрт - түлік малға қажетті азық дайындауға қосымша 3 880 тонна (тамызға 2 070 тонна, қыркүйекке – 1 810 тонна) дизель отыны бөлінді.
Бөлінген дизель отынын облысқа жеткізуші операторлар («Нефть-Транс Қызылорда», «РК-Мұнай», «Жаңақорған-Ойл» және «Қызылорда Мұнай Өнімдері» серіктестіктері) арарқылы тамыз айына қаралған 2070 тонна дизель отынының 1870 тоннасына қаржы аударылып, 1841 тоннасы облысқа жеткізіліп,1491 тоннасы жем-шөп дайындаумен айналысып жатқан шаруашылықтарға таратылуда.
Сол сияқты, қыркүйек айына бөлінген 1810 тонна дизель отынының 1629,5 тоннасына қаржы аударылып, 1568,5 тоннасы зауыттан тиеліп, 1565,5 тоннасы облысқа жеткізілді. Шаруашылық құрылымдарына 157 тоннасы таратылды.
Күріш жинау барысы
Облыс бойынша күрішке орақ салу жұмыстары 26 тамыздан басталды. Бүгінгі күні күріштің 80 963 гектар (96,9%) орақ түсіп, оның 74 472 гектары (орылған көлемнің 92,0%) бастырылды. Әр гектарынан орташа 56,6 центнерден өнім алынуда.
Келер жылдың күріш егісі үшін құйылуы межеленген 20 750 тонна күріш тұқымының бүгінге дейін 15 820 тоннасы (76,2%) құылды.
Егін жинау жұмыстарын 10 қазаннан кешіктірмей толық аяқтау жоспарлануда.
Тұқым шаруашылығы
Ағымдағы жылы егістікке қажетті тұқымдық материалдар толық қамтамасыз етілді.
Облыс бойынша 21403,6 тонна жоғары репродукциялы күріш тұқымы,
793,8 тонна жаздық бидай, 55,6 тонна арпа, 8,6 тонна тары, 1259,2 тонна күздік бидай, 22,2 тонна дән жүгері, 10,5 тонна соя, 251 тонна жоңышқа және 173 тонна мақсары тұқымы дайындалып себілді.
Егіске пайдаланылған 21403,6 тонна күріш тұқымының 2,8 тоннасы (0,01%) көбейтілген тұқым, 71,5 тоннасы (0,33%) супер элита, 976,6 тоннасы (4,6%) элита, 7700,9 тоннасы (36%) І - репродукциялы тұқым, 8214 тоннасы (38,4%) ІІ - репродукциялы тұқым, 4437,8 тоннасы (20,7%) ІІІ - репродукциялы тұқымды құрады.
Оның ішінде сорттары бойынша: Маржан – 571,8 тонна (2,7 %), Айкерім - 58 тонна (0,27 %), Сыр сұлуы - 678,8 тонна (3,17 %), Лидер – 17211,7 тонна ( 80,4%), Янтарь - 2782,3 тонна ( 13,0%), Рапан – 10 тонна ( 0,05%), Премиум – 91 тонна (0,42%).
Сондай-ақ, сорт жаңарту мақсатында «АгроХолдинг Қызылорда» ЖШС Краснодар өлкесінен барлығы 192 тонна күріштің элита тұқымын әкеліп, шаруашылықтарға таратты.
Мал шаруашылығы
Мал шаруашылығы саласында оң динамика қалыптасып, мал басы тұрақты өсіп, өндірілген өнім көлемі артуда.
Облыс бойынша 2021 жылдың 1 қыркүйегіне 383,5 мың бас МІҚ, 823,8 мың бас қой мен ешкі, 176,6 мың бас жылқы, 57,5 мың бас түйе және 122,7 мың бас құс өсірілуде.
Мал басын өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда МІҚ-7,7%-ға, қой мен ешкі – 5,6%-ға, жылқы 13,3%-ға, түйе 8,1%-ға көбейді.
Есепті кезеңде 23,5 мың тонна ет (тірі салмақта), 58,2 мың тонна сүт және 4,9 млн. дана жұмыртқа өндіріліп, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет өндірісі 2,6%-ға, сүт өндірісі 2,3%-ға, жұмыртқа өндірісі 6,9%-ға артты.
2021 жылы «Сыбаға» бағдарламасының орындалуы
2021 жылы бағдарлама бойынша облысқа 1000 бас шет елдік мүйізді ірі қара, 27500 бас қой малын сатып алу жоспары бекітілген.
Осыдан бүгінгі күні 5 шаруашылық 425 бас МІҚ малын шетелден сатып әкелсе (42,5%), тағы да 3 шаруашылықтың 151 бас шет елдік мал алуға берген тапсырыстары қаржы институттарында сараптамадан өтіп, қаржыландыру жұмыстары жүргізілуде.
Қой малын сатып алу бойынша бүгінгі таңға 4 шаруашылық 2644 бас қой малдарының аналықтарын сатып алды (9,6%). Бұдан бөлек 11 шаруашылықтың 638 бас қой сатып алуға үшін несие рәсімдеуге берген құжаттары «Аграрлақ несие корпорациясы» АҚ-да сараптамадан өтуде.
Негізінен қой сатып алу жұмыстары күз айларында (қозысын айырғаннан кейін) басталатын болады.
2021-2022 жж. қысқы кезеңге ауыл шаруашылығы жануарларын азықпен қамтамасыз ету бойынша
Облыс бойынша биылғы жылдың қысына барлығы 534,7 мың бас шартты мал басы түсетін болып отыр.
Осыған байланысты облыс бойынша 2021-2022 жылдың қысына түсетін малдарды жем-шөппен қамтамасыз етудің іс-шарасы бекітілді.
Мал азығын дайындауды қарқынды жүргізу мақсатында облыста мал азығын дайындау үшін 114 бригада құрылып, 1000-нан астам адам және 170-тен астам ауылшаруашылық техникалары жұмылдырылды.
Облыс әкімінің бекіткен іс-шарасына сәйкес биылғы қысқа түсетін 534,7 мың шартты мал басына 769,9 мың тонна ірі азық дайындау жоспарланған.
Осыдан бүгінгі күні облыс бойынша 802,6 мың тонна шөп дайындалып, қажеттіліктің 104,2 пайызын құрады және одан бөлек 7,1 мың тонна сүрлем дайындалды.
Облыс бойынша қысқа түсетін малдарға 213,6 мың тонна қажетті жемнің бүгінгі күні 109,4 мың тоннасы дайындалып, қажеттіліктің 51,2%-ын қамтыды.
Қазіргі таңда өз өндірісімізден 14,6 мың тонна азықтық дақылдар (бидай, арпа, жүгері) жиналса, солтүстік облыстардан 630,0 тонна азықтық дақылдар сатып алынды.
Бұдан бөлек, күріш атыздары ашылған жерлерден 155,8 тонна күріш сабаны жиналып жоспардың 90,3%-ын қамтып отыр. Қазан айының ішінде жоспарлы 172,5 мың тонна күріш сабанын толықтай жинап алу жоспарлануда.
Өңірдегі күріш өңдеу кәсіпорындары арқылы өз өндірісімізден 114,7 мың тонна күріш қалдығын және күріш жемін өндіру жоспарланған. Күріш салылары қырманға түсіп ақталғаннан бастап күріш жемінің өндірісі басталады.
Өңірімізде қуаңшылықтың зардабын шеккен Арал ауданының барлық елді мекендеріндегі мал бастары нақтыланып, оларға қажетті жем-шөп көлемдері анықталды.
Аудан бойынша 114,1 мың бас шартты мал басы қысқа түсетін болып, оған 184,6 мың тонна шөп және 37,6 мың тонна жем қажеттігі нақтыланды.
Қазіргі кезде Арал ауданындағы малдарды тиісті жем-шөппен қамтамасыз етіп, ауыл тұрғындарының мал азығына қолжетімділігін арттыру мақсатында әр апта сайын 3 ауданнан Арал ауданда жем-шөп жәрмеңкесі ұйымдастырылуда.
Бүгінгі күні аудан бойынша жоспарланған 184,6 мың тонна шөптің 129,8 мың тоннасы дайындалып, жоспардың 70,3%-ын қамтып отыр.
Арал ауданында орын алған жағдайға байланысты облыс әкімінің резервінен 250 млн. теңге бөлініп, оның ішінде 49,5 млн. теңге шөп тасымалдайтын көлік шығындарын жабуға, 200,5 млн. теңге мал суаты (водопой), жайылымдарды, шабындықтарды суару және Арал ауданындағы Қамыстыбас пен Ақшатау көлдері жүйелерін суару мәселелерін шешуге бағытталды.
Жем-шөп тасымалына облыстың жергілікті резервінен 49,5 млн. теңге қаржы бөлініп ауылдық округтегі жеке шаруашылықтарға шөп тасымалына Заңға сәйкес үйлестірілуде. Жалпы 247,5 тонна жанармай қоры жасақталды.
Бұдан бөлек бүгінгі күні Қызылжар елді мекеніндегі «Бектау» каналын қазу жұмысы басталса, Аманөткел елді мекеніндегі «Бұрмақұлақ» учаскесіндегі дария арнасына тоспа салынып, жайылымдық жерлерді суға бастыру жұмысы аяқталды. Сонымен қатар, Мергенсай елді мекеніндегі «Үш шоқы» мал жайылымдық жерінде 1 су ұңғымасын қазу жұмыстары іске асты.
Қазіргі уақытта Қосаман, Ақбасты елді мекендерінде су ұңғымаларын және Қулы, Дің арналарын қазу жұмыстары басталды. Бүгінгі күні дарияның суы көтеріліп, «Қамбаш», Ақшатау көлдер жүйесіне мол көлемде су түсуде.
Сонымен қатар, Арал ауданында «Аралым айдын шалқарым» атты қайырымдылық қоры ашылып, Болат Өтемұратовтың қайырылымдық қоры арқылы 262,9 млн. теңге қаражат түсті.
Малдарға қажетті құрама жемдердің жетіспейтін көлемін солтүстік облыстардан сатып алу мақсатында ҚР АШМ-нің келісімі бойынша «Азық-түлік келісім шарт»ҰК» АҚ-мы арқылы жеңілдетілген бағада жем сатып алуға тапсырыс беріліп, қазіргі таңда операторлар анықталып, алғашқы төлемдерін жасау бағытында жұмыстар жасалуда. Осы мақсатқа облыстық оператор болып анықталған «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-мы арқылы 100,0 мл. теңге қаражат бөлінді.
Ауыл шаруашылығы малдарын қыстату үшін көршілес облыстардың жайылымдық және шабындық жерлерін жалға алу жұмыстары бойынша келіссөздер жүргізілуде.
Ақтөбе облысының Ырғыз ауданынан 15 мың гектар жайылымдық жерлерін 5 жылға жалға алу жөнінде келісім жасалып, ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде Арал ауданы мен Ырғыз ауданы әкімдіктері екі жақты меморандумға қол қойылды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қазан айының бірінші 10 күндігінде Қарағанды облысының Ұлытау ауданынанда жайылымдық және шабындық жерлерін жалға алу үшін келіссөздер жасау жоспарлануда.
Үстіміздегі жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен тауарөндірушілердің мал азығына жұмсаған шығындарын ішінара субсидиялауға 1,7 млрд. теңге қаржы бөлінген.
Бүгінгі күні жем-шөп құнын арзатуға бөлінген қаражатқа 1189 өтінім түсіп, толығымен игерілді (99,9%).
Қазіргі таңда мал азығын дайындау қарқынды жүруде және тұрақты бақылауда.
Кооперация
Статистикаға сәйкес 2021 жылдың II тоқсанында облыс бойынша 552 қызметкері бар 176 ауыл шаруашылығы кооперативтері жұмыс атқарған.
Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрамына 15 заңды тұлғалар, 1100 дара кәсіпкерлер мен шаруа (фермер) қожалықтары және 468 үй шаруашылықтары кіреді.
2021 жылдың 1 шілдесіне ауыл шаруашылығы кооперативтерінде 678 бас - ірі қара мал (оның ішінде 609 бас сүт бағытында), 145 бас етті табын сиырлары, 6232 бас – қой, 10 бас – ешкі тіркелген.
Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы кооперативтерімен 39 тонна шикі сүт, 1 тонна ет, 6 тонна тірі қой мен ешкі және 1 тонна ара балы өндірілді.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы кооперативтерінде 1-дана культиватор, 1-дана тырма, 1-дана қатарлап дестелегіш (жатка рядковые),3-дана жүк автомобильдері және 1-дана топырақты культиваторлау үшін қолданылатын орман шаруашылығына арналған машиналар тіркелген.
Экспорт
Ағымдағы жылдың 1 тамызына облыстан 20,5 млн. долларды құрайтын 61,0 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері (күріш, балық өнімдері, бидай қалдығы және қамыс) экспортталып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 97,6 пайызды құрап отыр (салмақ бойынша 99,8 пайыз).
Өнімдер әлемнің 15 мемлекетіне экспортталды.
Барлық экспортталған өнімнің 95,0 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы - күріш өнімі, Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Әзірбайжан, Өзбекстан, Моңғол мемлекеті, Тәжікстан, Украина және Ирак мемлекеттеріне экспортталып отыр.
Есепті кезеңге 58,2 мың тонна күріш өнімі (17,2 млн. доллар) экспортталып, былтырғы жылмен салыстырғанда 106,8 пайызды құрап отыр.
Сондай-ақ, облыстан Ресей, Польша, Литва, Нидерланды, Грузия Австрия, Украина және Германия мемлекеттеріне 1 780,1 тонна (3,0 млн. долл.) балық және Германия мен Нидерланды мемлекеттеріне 885,5 тонна (260,9 мың долл.) қамыс жөнелтілді.
Агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру
Агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру мақсатында облыста егіншілік саласы бойынша 17 шаруашылық құрылымдары сатып алған шетелдік ауыл шаруашылығы техникалары базасындағы «нақты егіншілік» элементтерін ішінара пайдалануда.
Шиелі ауданында орналасқан «Ақмая» ШҚ-ның базасында «нақты егіншілікке» арналған «Akmaya Smart Farm» цифрлық платформасы құру бойынша жоба іске қосылып, жұмыс жасауда.
Сондай-ақ, 2020 жылы «Мағжан и К» ЖШС-мен қуаттылығы тәулігіне 7 тонналық сандық күріш өңдеу зауыты іске қосылды. Зауыт ДК және планшет арқылы басқарылып, өнімді жөнелту «Қойма-вагон» схемасы бойынша қосымша физикалық еңбексіз жүзеге асырылады.
Бұдан бөлек, Жалағаш ауданында қазіргі таңда 12 шаруашылық D-Link (Джондир) Telematics (Класс) техникаларын пайдалануда.
Сонымен қатар, өткен жылы заманауи технологияларға сай заманауи қондырғымен жабдықталған, көкөніс өнімдерін жыл бойы қалыпты температурада сақтайтын 2000 тонналық көкөніс сақтау қоймасы салынып, қазіргі таңда 1 042,9 тонна өнім сақталуда.
Бұдан бөлек, цифрлық технологияларды енгізу мақсатында 30 репродуктор шаруашылықтарда асыл тұқымды 8,4 мың бас МІҚ малына және 85 репродуктор шаруашылықтарда асыл тұқымды 104,0 мың бас қой малына электронды бірдейлендіру тәсілдерін пайдалануда.
«Агросауда» сайтының жұмысы жалғастырылуда. Есепті кезеңге 522 хабарландыру және 465 жаңалықтар орналастырылып, қолданушылар саны 1690 адамды құрады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу
2021 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы статистикалық деректер бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің өңдеу саласында барлығы 36,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 110,5%-ға артты.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өңдеу көрсеткішінің артуына жас немесе тоңазытылған еттің 141,2%-ға, шұбаттың 136,0%-ға, ақталған күріштің 121,5%-ға артуы есебінен қол жеткізілді.
Бұл ретте, Сырдария ауданы бойынша ақталған күріштің көрсеткіші, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 2,5 есеге, Жалағаш ауданы бойынша 4,9 есеге артса, Жаңақорған ауданында 19,8%-ға, Қызылорда қаласында 3,5%-ға артса, Қазалы ауданында 1,0%-ға кеміген.
Жас немесе тоңазытылған етті өңдеу көрсеткіші Қазалы ауданында 85,2%-ға, Қызылорда қаласында 46,5%-ға, Жалағаш ауданында 4,8%-ға, Қармақшы ауданында 14,1%-ға, Шиелі ауданында 20,9%-ға артқан.
Инвестициялық жобалар
2021-2025 жылдар аралығында агроөнеркәсіп кешенінде жалпы құны 58,0 млрд. теңгені құрайтын 76 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Осы жобалардың ішінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2021-2025 жылдарға арналған жол картасына инвестициялық құны 56,2 млрд. теңгенің 42 жоба әзірленіп, бекітілді. Нәтижесінде, 1144 жаңа жұмыс орны ашылады. Олар:
2021 жылы – 6 285,4 млн. теңгені құрайтын 14 жоба;
2022 жылы – 29 082,5 млн. теңгені құрайтын 20 жоба;
2023 жылы - 1 724,0 млн. теңгені құрайтын 5 жоба;
2024 жылы – 14 700,0 млн. теңгені құрайтын 2 жоба;
2025 жылы -4 431,0 млн. теңгені құрайтын 1 жоба.
Осы жобалардың жүзеге асырылуы нәтижесінде өңірдің құс етімен өзін-өзі қамтамасыз етуін 45%-ға, ет өндірісін – 71%-ға, сүт өндірісін 55,0%-ға, жұмыртқамен қамтамасыз етуді 12%-ға дейін қол жеткізіледі.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласында жыл сайын тартылатын инвестиция көлемі 12-15% ұлғаятын болады.
Аталған 42 жобаның құны 51,1 млрд. теңгені құрайтын 20 жобасы экспортқа бағытталған инвестициялық жобалар. Олар: егіншілік саласы - 3 жоба, мал шаруашылығы - 6 жоба, құс шаруашылығы – 2 жоба, балық шаруашылығы - 1 жоба, өңдеу саласы – 8 жоба.
2021 жылы 6,3 млрд. теңгені құрайтын 14 жобаны жүзеге асыру арқылы 183 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Олар: өсімдік шаруашылығы бойынша – 5 жоба, мал шаруашылығы бойынша – 3 жоба, құс шаруашылығы бойынша – 1 жоба, балық шаруашылығы бойынша – 1 жоба, өңдеу саласы бойынша – 4 жобаны іске асыру межеленуде.
Осыдан, жыл басынан бері Жол карта аясында жалпы құны 1363,7 млн. теңгені құрайтын 7 жоба іс қосылды. Олар:
- өсімдік шаруашылығы бойынша – 3 жоба («Golden Bridge Turan» ЖШС-нің Жапондық технологиямен күрішті көшетпен егу, «Жан-Арай» ЖШС-гі 25 гектарға қарқынды алма бағын отырғызу және 100 гектар жерге қызанақ дақылын егу жобалары, «РЗА» АҚ-ның 87 га жерге жаңбырлатып суару әдісімен жүгері егу).
- ара шаруашылығы бойынша – 2 жоба («Мырзабай» ШҚ бал өндірісі, «Құдірет» ШҚ бал өндірісі)
- мал шаруашылығы бойынша – 2 жоба («Заман ата» ШҚ асыл тұқымды мал басын көбейту, 100 бастық репродуктор құру, «Қызылорда Сельхозпродукт» ЖШС-нің ет және қымыз өңдеу цехы).
Жыл аяғына дейін іске асырылатын 7 жоба:
балық өңдеу зауытын кеңейту жобасы («СДО-Арал» ЖШС ), ұн шығару зауытының құрылысы («Аққұм жер» ЖШС-гі), 1 күріш өңдеу зауыты («Ақжарма -1» ФҚ), 1 сүт-тауарлы фермасын кеңейту жобасы («РЗА» АҚ), 3000 мың қой малына арналған бордақылау алаңын құру («Нұржақып» ШҚ), балық ұнын шығаратын кәсіпорын («Игіліков Т» ЖК), құс фабрикасының құрылысы («Абдулла» ШҚ).
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығында
2021 жылдың қаңтар –мамыр айларында атқарылған
жұмыстар туралы анықтама
Саланың негізгі көрсеткіштері
2021 жылдың қаңтар-мамыр айларында 22,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2020 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда өсім 2,6%-ға артты.
Тамақ өнімдерін өңдеу көлемі 20,6 млрд. теңгені құрап, 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,7%-ға артты.
Ауыл шаруашылығының негізгі қорына 1470,4 млн. теңге инвестиция салынып, 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге артты.
Егіншілік шаруашылығы
Облыста межеленген ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жұмыстары оңтайлы мерзімдерінде жүргізіліп, бүгінгі таңда толығымен аяқталды.
Жалпы егіс көлемі 187,6 мың гектарды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 3,4 мың гектарға артық орналастырылды.
Оның ішінде дәнді дақылдар 95,7 мың гектар, майлы дақылдар
6,8 мың гектар, мал азықтық дақылдар 66,7 мың гектар, картоп, көкөніс және бақша дақылдары 18,4 мың гектарды құрап отыр.
Негізгі дақыл күріштің егілген көлемі 82,9 мың гектарды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 6,6 мың гектарға қысқартылып, межеленген көлемнен 1 458 гектарға оңтайландырылып отыр.
Күріштің оңтайландырылған көлемінің орнына суды аз қажет ететін әртараптандыру бағытындағы көкөніс, бақша, майлы және мал азықтық дақылдарының көлемдері өткен жылмен салыстырғанда 11,1 мың гектарға артық орналастырылды.
Сонымен қатар, көктемгі дала жұмыстарын атқаруда облыстың шаруашылық құрылымдары қажетті жанар-жағармаймен, минералды тыңайтқыштармен, гербицидтермен, ауыл шаруашылығы техникаларымен және тұқымдық материалдармен толық қамтамасыз етілді.
Қазіргі таңда, ауылшаруашылығы дақылдарын агротехникалық талаптарға сай күтіп баптау жұмыстары жүргізілуде.
Мал шаруашылығы
Мал шаруашылығы саласында оң динамика қалыптасып, мал басы тұрақты өсіп, өндірілген өнім көлемі артуда.
Облыс бойынша 2021 жылдың 1 маусымына 379,6,0 мың бас МІҚ, 895,1 мың бас қой мен ешкі, 177,7 мың бас жылқы, 59,0 мың бас түйе және 120,0 мың бас құс өсірілуде.
Мал басын өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда МІҚ-3,9%-ға, қой мен ешкі – 5,9%-ға, жылқы 10,4%-ға, түйе 7,1%-ға, құс 6,1 %-ға көбейді.
Есепті кезеңде 14,52 мың тонна ет (тірі салмақта), 32,4 мың тонна сүт және 2,5 млн. дана жұмыртқа өндіріліп, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет өндірісі 3,4%-ға, сүт өндірісі 1,8%-ға, жұмыртқа өндірісі 21,9%-ға артты.
2021 жылы «Сыбаға» бағдарламасының орындалуы
2021 жылы бағдарлама бойынша облысқа 1000 бас шет елдік мүйізді ірі қара, 27500 бас қой малын сатып алу жоспары бекітілген.
Осыдан бүгінгі күні 5 шаруашылық 425 бас МІҚ малын шетелден сатып әкелсе (42,5%), тағы да 3 шаруашылықтың 151 бас шет елдік мал алуға берген тапсырыстары қаржы институттарында сараптамадан өтіп, қаржыландыру жұмыстары жүргізілуде.
Қой малын сатып алу бойынша бүгінгі таңға 4 шаруашылық 2644 бас қой малдарының аналықтарын сатып алды (9,6%). Бұдан бөлек 11 шаруашылықтың 638 бас қой сатып алуға үшін несие рәсімдеуге берген құжаттары «Аграрлақ несие корпорациясы» АҚ-да сараптамадан өтуде.
Негізінен қой сатып алу жұмыстары күз айларында (қозысын айырғаннан кейін) басталатын болады.
Экспорт
Ағымдағы жылдың 1 мамырына 12,8 млн. долларды құрайтын 38,2 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері (күріш, балық өнімдері, бидай қалдығы және қамыс) экспортталды.
Өнімдер әлемнің 14 мемлекетіне экспортталды.
Есепті кезеңге 36,2 мың тонна күріш өнімі (10,6 млн. доллар) экспортталып отыр.
Барлық экспортталған өнімнің 95,0 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы - күріш өнімі, Ресей, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Моңғол мемлекеті, Тәжікстан, Украина және Ирак мемлекеттеріне экспортталып отыр.
Сондай-ақ, облыстан Ресей, Польша, Литва, Нидерланды, Грузия және Австрия мемлекеттеріне 1 167,6 тонна (1,9 млн. долл.) балық және Германия мен Нидерланды мемлекеттеріне 738,5 тонна (206,2 мың долл.) қамыс жөнелтілді.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу
2021 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы статистикалық деректер бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің өңдеу саласында барлығы 20,6 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,7%-ға артты.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өңдеу көрсеткішінің артуына жас немесе тоңазытылған еттің 127,1%-ға, шұбаттың 104,8%-ға, ақталған күріштің 111,7%-ға артуы есебінен қол жеткізілді.
Инвестициялық жобалар
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі және Қызылорда облысы әкімдігінің арасында бекітілген 2021-2025 жылдарға арналған жол картасына сәйкес инвестициялық құны 56,1 млрд. теңгенің 42 жобасы жүзеге асырылуда.
Бұл жобалар жүзеге асырылғанда 1087 жаңа жұмыс орындарының ашылуы жоспарланған.
Бүгінгі күнге, Жол карта аясында 9 жоба іске қосылды.
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығында 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында атқарылған жұмыстар туралы АНЫҚТАМА
Саланың негізгі көрсеткіштері
2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 140,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2019 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда өсім 2,0%-ға артты.
Тамақ өнімдерін өңдеу көлемі 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 52,0 млрд. теңгені құрап, 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,4%-ға артты.
Ауыл шаруашылығының негізгі қорына 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 13,6 млрд. теңге инвестиция салынып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 2,1 есеге артты.
Тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға 2020 жылдың қаңтар-қараша айларында 1,2 млрд. теңге инвестиция салынып,
2019 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 1,6 есеге артты.
Егін шаруашылығы
2020 жылы облыс бойынша 184,2 мың гектар жерге егiс егіліп, оның ішінде дәндi дақылдар 99,9 мың га, майлы дақылдар 5,7 мың га, мал азықтық дақылдар 61,0 мың га, картоп, көкөнiс, бақша 17,6 мың га. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 89,5 мың га болды. Ауыл шаруашылығы дақылдары 2019 жылмен салыстырғанда 1,1 мың гектарға артық егілді.
Сонымен қатар, облыста егісті әртараптандыру бағытында алғаш рет перспективалы дақылдар қант құмайы 70 гектарға, соя 240 гектарға, жүгері дақылы 1 667 гектарға дейін жеткізіліп, ылғал сақтағыш аквагельдерді пайдалану арқылы 80 гектар тәлімдік жерлерге күздік бидай дақылы егілді.
Жалпы облыс шаруашылық құрылымдары егілген ауылшаруашылығы дақылдарын агротехникалық талаптарға сай егіп, күтіп - баптау жұмыстарын өз мерзімінде жүргізді.
Егін жинау қорытындысымен 2020 жылы 551 273 тонна күріш өнімі (өнімділік әр гектарынан 61,8 центнерден) алынды (2019 жылы 60,3 цн/га).
Облыс бойынша дәнді дақылдардан егілген күздік бидайдан 9,5 мың тонна (орта өнім гектарына 22,7 цн), жаздық бидайдан
4,6 мың тонна (орта өнім гектарына 10,3 цн), дәндік жүгеріден 2,2 мың тонна (орта өнім гектарына 40,4 цн), тарыдан 1,4 мың тонна (орта өнім гектарына 27,9 цн), жаздық арпадан 270 тонна (орта өнім гектарына 4,5 цн), сұлыдан 4,7 тонна өнім алынды (орта өнім гектарына 9,4 цн) және қант құмайынан 31 тонна өнім алынды (орта өнім гектарына 4,4 цн).
Сондай-ақ, картоптан 66 590 тонна, көкөністен 112 806 тонна, бақшадан 193 485 тонна өнім жиналды. Орта өнім картопта
173,7 центнерден көкөністе 200,5 центнерден, бақшада 239,2 центнерден айналды.
Майлы дақылдар бойынша мақсарыдан 5 579 тонна (10,3 ц/га), күнбағыстан 162,2 тонна (23,2 ц/га), соядан 263 тонна (11,0 ц/га), жиналды.
Ауыл шаруашылығы құрылымдары бойынша ескі жоңышқадан барлығы 208,0 мың тонна (орта өнім гектарына 54,4 центнерден), 17,4 мың тонна (орта өнімі 9,7 цн/га) жаңа жоңышқа шөбі жиналды.
Мал азықтық 1112 гектар сүрлемдік жүгеріден 5 706 тонна сүрлем салынып, орта өнім 51,3 центнерді құраса, 112 гектар мал жемдік асқабақ дақылынан 1 680 тонна өнім алынып, орта өнімі 150,0 центнерді құрады.
2020 жылы облыстың шаруашылық құрылымдары «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның Қызылорда филиалы арқылы 5,0 млрд. теңгеге ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуды жоспарлаған. Жылдың қорытындысымен 6,0 млрд. теңгеге 150 дана ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды.
Тұқым шаруашылығы
Тұқым шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың арқасында жылма жыл себілген тұқымның сапасы артып келеді.
2020 жылы облыс бойынша 89 492 гектар егіс көлеміне
100% жоғары репродукциялы 23 131 тонна күріш тұқымы себілді. Себілген тұқым сорттардың ішінде отандық сорттардың үлесі 12%-ды құрады.
Соңғы жылдары «Ы. Жахаев атындағы қазақ күріш ҒЗИ» ЖШС ғалымдарының шығарған отандық күріш сорттарының қатары «АйКерім», «Сыр Сұлуы» сорттарымен толықтырылды. Аталған сорттар қазіргі кезде сорт сынағынан өтіп, 2020 жылға Қазақстан Республикасында ұсынылған селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесіне енді. Аталған сорттар 2020 жылы 1 156 га жерге орналастырылды.
2021 жылдың күріш егісіне 22 244 тонна тұқым дайындалды. Бұл қажеттіліктен 1 144 тоннаға артық.
Мал шаруашылығы
Облыс бойынша статистика департаментінің мәліметіне сәйкес,
2021 жылдың 1 қаңтарына 342,3 мың бас МІҚ, 698,6 мың бас қой мен ешкі, 1,7 мың бас шошқа, 164,7 мың бас жылқы, 51,6 мың бас түйе және 123,5 мың бас құс тіркелген. Мал басын былтырғы жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда МІҚ-3,0%-ға, қой мен ешкі-12,5%-ға, жылқы 11,0%-ға, түйе 7,7%-ға көбейген.
2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 38,5 мың тонна ет (тірі салмақта), 89,9 мың тонна сүт және 7,6 млн. дана жұмыртқа өндіріліп, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет өндірісі 2,8 %-ға, сүт өндірісі 2,4%-ға артты.
2020 жылы «Сыбаға» бағдарламасының орындалуы
Бағдарлама бойынша біздің облысқа 1000 бас шет елдік мүйізді ірі қара, 40000 бас қой малын сатып алу және 10,0 мың бас бұқашықтарды мал бордақылау алаңдарына өткізу жоспары межеленген.
Осыдан «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ Қызылорда облысы филиалы арқылы МІҚ малы бойынша 699 басқа өтінім түсіп, оның 100 бас МІҚ малы сатып алынған, (65 млн.теңге) 99 бас (65,9 млн, теңге) өтінімі мақұлданған және 500 басқа (500 млн. теңге) өтінім түсіп қаралуда, бекітілген жоспар 69,9%-ға орындалды.
Қой малын сатып алу бойынша филиалдары арқылы несие алуға
22046 басқа өтінім беріліп, оның 20491 басы (775,1 млн. теңге) сатып алынған, 1075 бас (43,0 млн. теңге) мақұлданған, 480 бас (19,2 мың теңге) қой сатып алуға өтінім қаралуда. Бекітілген жоспардың 55,1%-ын қамтыды.
МІҚ аналықтарының тұқым түрлендіруге қатысуы
Облыстық статистика департаментінің мәліметіне сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарына 177,8 мың бас аналық сиыр тіркелген. Осыдан бүгінгі күні облыс бойынша 44,1 мың бас аналық сиыр, 0,8 мың бас асыл тұқымды бұқа қатысып, тиісінше аналықтардың тұқым түрлендіруге қатысуы 24,8%, асыл тұқымды бұқамен қамтылу 83%-ды қамтып отыр. (Республикалық көрсеткіш тұқым түрлендіруге қатысу 31,0%, бұқамен қамтылу 83%).
Экспорт
Статистикаға сәйкес 2020 жылдың 11 айында облыстан 31,9 млн. долларды құрайтын 95,7 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері (күріш, балық өнімдері, бидай қалдығы, бидай ұны, сабан, мақсары майы, қауын және қарбыз) экспортталып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 8,9 пайызға артып отыр (салмақ бойынша 126,1 пайызға артты). Оның ішінде, өңделген өнімнің экспорты 97,0% құрайды.
Өнімдер әлемнің 17 мемлекетіне экспортталып келеді.
Барлық экспортталған өнімнің 90,3 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы - күріш өнімі, Ресей, Қырғызстан, Белоруссия, Әзірбайжан, Моңғол мемлекеті, Тәжікстан, Украина, Түркмения және Ирак мемлекеттеріне экспортталып отыр.
2020 жылдың есепті кезеңіне 86,2 мың тонна күріш өнімі (24,0 млн.доллар) экспортталып, былтырғы жылмен салыстырғанда 121,6 пайызға артып отыр.
2020 жылы алғаш рет облыстан Германия мемлекетіне 685,3 тонна (61,9 мың долл.) қамыс және Өзбекстанға 136 тонна (32,6 мың доллар) бидай ұны жөнелтілді.
Сондай-ақ, Қытай және Ауғанстан мемлекеттеріне 391,5 тонна (307,8 мың долл.) мақсары майы экспортталды.
Сонымен қатар, облыс бойынша Ресей мемлекетіне 1 930 тонна қарбыз, 852,6 тонна қауын экспортталды.
Бұдан бөлек, Өзбекстан мемлекетіне 30 бас түйе (59,9 мың доллар) жөнелтілді.
Агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру
Агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру мақсатында облыста егіншілік саласы бойынша «нақты егіншілік» элементтерін енгізу және мал шаруашылығы саласы бойынша «ақылды фермалар» құру жұмыстары жүргізілуде.
Шиелі ауданында орналасқан «Ақмая» ШҚ-ның базасында «нақты егіншілікке» арналған «Akmaya Smart Farm» цифрлық платформасы жасалып, жоба іске асырылды. Нәтижесінде тыңайтқыштарды оңтайлы пайдалану есебінен шаруашылық 14 млн. теңге қаржысы үнемделді.
Сондай-ақ, егіншілік саласындағы 17 шаруашылық құрылымдары сатып алған шетелдік ауыл шаруашылығы техникалары базасындағы «нақты егіншілік» элементтерін ішінара пайдалануда.
2019 жылы Қызылорда қаласында көкөніс (томат) өсіру мақсатында «КазАгроМир» ЖШС-гі жоғары технологиялы заманауи автоматтандырылған жылыжай кешені құрылысын салу жобасы іске асырылып, бірінші маусымда 170 тонна қияр, екінші маусымда 60 тонна қызанақ өнімі өндіріліп, ішкі нарыққа төмен бағада өткізілді.
Сондай-ақ, облыста «Мағжан и К» ЖШС-мен елімізде бірінші сандық күріш өңдеу зауытының құрылысы бойынша жоба іске қосылып, қазіргі таңда жұмыс жасалуда.
2020 жылы цифрландыру бойынша қазіргі заманауи технологияларға сай заманауи қондырғымен жабдықталған, көкөніс өнімдерін жыл бойы қалыпты температурада сақтайтын көкөніс сақтау «2000 тонналық көкөніс сақтау қоймасының құрылысы» жобасы іске асырылып, өнімдер сақталуда.
Бұдан бөлек, цифрлық технологияларды енгізу мақсатында 30 репродуктор шаруашылықтарда асыл тұқымды 8,4 мың бас МІҚ малына және 85 репродуктор шаруашылықтарда асыл тұқымды 104,0 мың бас қой малына электронды бірдейлендіру тәсілдерін пайдалануда.
«Агросауда» сайтының жұмысы жалғастырылуда. Есепті кезеңге 491 хабарландыру және 483 жаңалықтар орналастырылып, қолданушылар саны 1210 адамды құрады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу
2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы статистикалық деректер бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің өңдеу саласында барлығы 52,0 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,4%-ға артты.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өңдеу көрсеткішінің артуына ақталған күріштің 20,5%-ға, өңделген сұйық сүттің 5,8%-ға, шұжықтың 11,1%-ға, шұбаттың 18,3%-ға, балықтың 1,5 есеге артуы есебінен қол жеткізілді.
Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру шаралары
Әлеуметтік маңызы бар тауарлары бағаларының өсу индексіне келетін болсақ, облыста 2020 жыл қорытындысымен 110,1% құраса, орташа республика бойынша – 111,0% құрап, бұл көрсеткіш өңірлер арасында төменгі үштікте.
2020 жылы Республика бойынша күнбағыс майы, тауық жұмыртқасы, қант, қарақұмық жармасы бағаларының өсуі орын алды.
Күнбағыс майы мен қант бағасының өсуі елімізде осы өнімдердің шикізат көлемдерінің жеткіліксіз болуынан және импорттық шикізаттың қымбат бағада келуінен орын алған.
Сондай-ақ, қарақұмық жармасының күзгі өнімінің өнімділігі төмен болған болса, тауық жұмыртқасының қымбаттауы құс тұмауының салдарынан құс басының төмендеуінен болды.
Баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында облыстық бюджеттен 2020 жылы 1 234,4 млн. теңге бөлініп, оның 834,5 млн. теңгесі тұрақтандыру қорына өнімдер сатып алуға, 399,4 млн. теңгесі кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беруге бағытталды.
Бүгінгі күні облыстың тұрақтандыру қорында 2 248,1 тонна өнім қоры бар, оның ішінде, бірінші сортты бидай ұны – 821,0 тонна, күріш – 344,8 тонна, қант – 37,9 тонна, макарон – 100,8 тонна, картоп – 225,0 тонна, қарақұмық жармасы – 22,1 тонна, тұз – 00,2 тонна, сиыр еті – 7,9 тонна, тауық еті – 45,7 тонна, сүт – 28,4 тонна, сәбіз – 161,8 тонна, қырыққабат 39,7 тонна, жуа – 413,0 тонна. Тұрақтандыру қорының өнімдері Қызылорда қаласында орналасқан 29 әлеуметтік дүкен мен 1 әлеуметтік
маркеттерде және Қызылорда қаласының 4 ірі супермаркеттерінде («Мирас», «Аль-Асад», «Анвар», «Қызылорда Оптомаркет») келісім бойынша ашылған әлеуметтік бұрыштарда сатылуда.
Сонымен қатар, айналым схемасы бойынша жұмыстар жүргізіліп, 3 кәсіпкерлік субъектісіне 400,0 млн. теңге бөлінді («Раманов и Ко» ЖШС-не 310,0 млн. теңге, «Оразбердин Т.» ЖК-не 40,0 млн. теңге, «Retail A-A» ЖШС-не 50,0 млн. теңге).
Бұдан бөлек, 2020 жылы өткізілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінде 1 530 көлікпен 4 660,1 тонна өнім нарықтан 15-20% төмен бағада ұсынылды. Әрі қарай күн жылуымен бұл жұмыстар қайта жалғастырылатын болады.
2020 жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту жөніндегі комиссиямен 8 рет мәжіліс өткізіліп, бөлшек сауда бағасы шекті мәннен 15%-дан асқан 2 өнімге (С1 санатты тауық жұмыртқасы, қарақұмық жармасы) шекті рұқсат етілген мөлшері бекітілсе, асханалық сәбіз, қант, өсімдік майымен облыс халқының қажеттілігін толық қамтамасыз етілмеуіне және еліміздің өзге өңірлерінен тасымалданатындығы ескере отырып, жасанды тапшылыққа жол бермеу үшін шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту экономикалық орынсыз деп комиссия шешімі қабылданды.
Қазіргі таңда облыста жағдай тұрақты, сауда орындарында азық-түлік тауарларының қоры жеткілікті, азық-түлік өнімдерінің тапшылығы байқалмайды.
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығында 2020 жылдың
қаңтар-мамыр айында атқарылған жұмыстар туралы
АНЫҚТАМА
Ағымдағы жылдың қаңтар-мамырайларында 18,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда өсім 102,1 %-ға артты.
Тамақ өнімдерін өңдеу көлемі қаңтар-мамыр айларында 22,2 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 27,0%-ға артты.
Ауыл шаруашылығының негізгі қорына 971,9 млн. теңгеинвестиция салынып,өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 31,0%-ға артты.
Өсімдік шаруашылығы саласы бойынша
Үстіміздегі жылы облыс бойынша 183 127 гектарға егiс егу межеленген.
Бүгінгі күні облыста егін егу жұмыстары толығымен аяқталып, барлығы 181 855 гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдары орналасты. (2019 жылы 183,1 мың га).
Оның ішінде дәнді дақылдар 96 614 гектарды, майлы дақылдар 5 631 гектарды, мал азықтық дақылдар 62 335 гектарды, картоп, көкөніс және бақша дақылдары 17 275 гектарды құрап отыр.
Өткен жылмен салыстырғанда дәнді дақылдар 898 гектарға, майлы дақылдар 2 242 гектарға, картоп, көкөніс және бақша дақылдары 171 гектарға азайса,ал мал азықтық дақылдар көлемі 2 094 гектарға артты.
Егісті әртараптандыру бағытында облыстаалғаш рет перспективалы дақылдарқант құмайы 80 гектарға, соя 170 гектарға, жүгері дақылы1 507 гектарға дейін жеткізіліп, ылғал сақтағышаквагельдерді пайдалану арқылы80 гектар богарлы жерлерге күздік бидай дақылы егілді.
Негізгі дақыл күріштің егілген көлемі 86 989 гектарды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 944 гектарға азайды.
Ағымдағы жылы су тапшылығы болжамына сәйкес, межеленген
88 241 гектар күріш егісінің көлемін 7 100 гектарға қысқартып, облыс бойынша81 141 гектарға орналастыру ұсынылған болатын.
Дегенмен, Қызылорда қаласы мен барлық аудандар бойынша егілген күріш көлемі 86 989 гектарды құрап, қысқартуға ұсынылған көлемнен 5 848 гектарға артық орналастырылды. Атап айтқанда, Жаңақорған ауданы бойынша 1 267 гектарға, Шиелі ауданы 740 гектарға, Сырдария ауданы 859 гектарға, Жалағаш ауданы1 200 гектарға, Қармақшы ауданы 290 гектарға, Қазалы ауданы 535 гектарға және Қызылорда қаласы 957 гектарғa артық егіп отыр.
Тұқым
2020 жылдың егісіне облыс бойынша 22 948 (104,0%)тонна жоғары репродукциялы күріш тұқымы, 683 (104,1%)тонна жаздық бидай, 94 (104,2%)тонна арпа, 17,6 (100%)тонна сұлы, 32,7 (100%)тонна жүгері, 10,1 (100%)тонна тары, 274,4 (121,6%)тонна жоңышқа, 112,8 (100%)тонна мақсары, 37,7 (100%)тонна соя және 300(100%)тонна картоп тұқымдары дайындалды.
Техника және жанар-жағар май
2020 жылы көктемгі дала жәнеегін егу жұмыстарына барлығы
3 488 дана ауыл шаруашылығы техникалары (трактор, соқа, тұқым сепкіш, жүк көлігі және т.б.)қатысты.
Облысқа 2020 жылдың көктемгі дала және егіс жұмыстарын жүргізуге 14 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. (наурыз 3250 тн, сәуір 4615 тн, мамыр 6135 тн).
Бүгінгі таңда, операторлармен («Нефть-Транс Қызылорда» ЖШС және
«РК-Мұнай»ЖШС)12,8 мың тоннасы облысқа жеткізіліп,оның 8,8 мың тоннасы шаруашылық құрылымдарына таратылып,әр литрі 162 теңгеден босатылуда.
Биылғы жылы да облыстың шаруашылық құрылымдары «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның Қызылорда филиалы арқылы 5,0 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуды жоспарлап, бүгінгі күнге
2,8 млрд теңгеге 85 дана ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды.
Суармалы судың көлемі
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен үстіміздегі жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын тұрақты суаруға 4,2 млрд. текше метр су лимиті бекітілген.
2020 жылғы 24 маусымдағы мәлімет бойынша Шардара су қоймасына жоғарыдан секундына 43,0 текше метр су түсуде. Бүгінгі күнге Шардара мен Көксарай су қоймаларында 3,9 млрд. текше метр су жиналып (өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,5 млрд. текше метрге кем), төменге секундына Шардара қоймасынан 500 текше метр және Көксарай қоймасынан 50 текше метр су тасталып, облыс шекарасына 543 текше метр су келіп, каналдар бойынша секундына 364 текше метр су алынуда.
Сонымен қатар, 2020 жылдың егісі үшін 868 шаруашылық құрылымдары3,4 млрд. текше метр су көлеміне Су шаруашылығы мекемесімен келісім- шартқа отырды.
Дақылдарды күтіп-баптау
Қазіргі таңда, шаруашылық құрылымдары егілген ауылшаруашылығы дақылдарын агротехникалық талаптарға сай күтіп баптау жұмыстарына кірісіп кетті.
Шаруашылықтармен 59,8 мың тонна минералдық тыңайтқыштар алынып, егіс егуге және үстеп қоректендіруге пайдалануда. Сонымен қатар, гербицидтерге жалпы сұраныс 73,2 мың литрді құраса, оның 74,6 мың (102,0%) литрі сатып алынып, күріш егістіктерінің арам-шөптеріне қарсы өңдеу жұмыстары атқарылуда.
Бүгінгі күнге күріш егісінің 63,6 мың гектары арам шөптерге қарсы гербицидтермен өңделіп, 33,2 мың гектары тыңайтқыштармен үстеп қоректендірілді. Өңдеу және үстеп қоректендіру жұмыстары жалғасуда.
Аудандардан алынған мәліметтерге сәйкес, облыста егілген 86,9 мың га күріш алқабының қазіргі таңдағы жағдайы жағдайы 72,0%-ы жақсы, 25,5%-ы орта, 2,5%-ы нашар деп бағаланса, 1,3 мың га өскін, 70,6 мың га түптену және 15,1 мың га түтікке шығу фазасында.
Мал азығын дайындау
Қазіргі уақытта шаруашылық құрылымдары өткен жылғы жоңышқа дақылының 1-ші орымынжинау жұмыстары жүріп жатыр. Күтімге алынған 42,2 мың га ескі жоңышқаның 3,5 мың га тұқымға қалдырылып, орылуға тиісті 38,6 мың га жоңышқаның бүгінгі күні 37,2 мың га орақ түсіп, 100,0 мың тн жоңышқа шөбі дайындалып, орта өнім гектарына 26,9 цн айналуда. Мал азығын дайындау жұмыстары жалғасуда.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестеріне қарсы күрес шаралары
2020 жылғы облыс бойынша өсімдік зиянкестері саяқ шегірткеге қарсы 58,7 мың гектар жоспарланған болатын.
Саяқ шегіртке зиянкесіне қарсы тексеру жұмыстарын жүргізу мақсатында жоспарланған 169,8 мың гектар алқаптың бүгінгі таңда 126,6 мың гектарына зерттеу жұмыстары жүргізіліп, оның залалданған 71,7 мың гектарының 42,1 мың гектары экономикалық зияндылық шегінен (ЭЗШ)жоғары болуына байланысты өңдеуге жатқызылып отыр.
Қазіргі уақытта Жаңақорған және Шиелі аудандары бойынша аталған зиянкестерге қарсы өңдеу жұмыстары толығымен аяқталып, қалған қала және аудандарда өңдеу жұмыстары өз дәрежесінде жүргізілуде.
Бүгінгі күнге (24.06.2020 жылға) 39,8 мың гектарға саяқ шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілді. Өңдеу жұмыстарына 2 дана жеңіл ұшақ, 6 дана жер агрегаттары қатысуда.
Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру
Облыста 2020 жылы межеленген егіс көлемдеріне сәйкес, Қызылорда қаласы мен аудандар әкімдіктерінің мәліметтері бойынша көктемгі дала және егіс егу жұмыстарына қажетті қаржы көлемі 8 581,6 млн.теңге.
Осы қажет қаржыдан шаруашылықтардың өз қаржысы есебінен 2 450,3 млн.теңге, инвесторлар тарапынан 3 656,7 млн.теңге, «Агрохолдинг Қызылорда» ЖШС арқылы 907,2 млн.теңге қаржыландыру жоспарланса, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нан 768,6 млн.теңге, басқа көздерден798,8 млн.теңгені құрайды.
Бүгінгі күнге «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы «Кең Дала» бағдарламасымен 24 шаруашылық құрылымы 768,6 млн. теңгеге, «Агрохолдинг Қызылорда» ЖШС арқылы 41 шаруашылық құрылымы 907,2 млн. теңгеге қаржыландырылды.
Сонымен қатар, биылғы жылдан бастап Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы «Агробизнес бағдарламасымен» шаруашылықтар (Шиелі ауданына 15 млн, Жалағаш ауданына 245 млн)260 млн. теңгеге қаржыландырылды.
Сонымен қатар, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен қаралған 100 млрд. теңгеден облысқа бөлінген 2,8 млрд. теңгесінің 131,0 млн теңгесі 2 шаруашылыққа берілді. Қаржыландыру жұмыстары жалғасуда.
Мал шаруашылығы
Облыс бойынша статистика департаментінің мәліметіне сәйкес, 2020 жылдың 1 маусымына 365,4 мың бас МІҚ, 845,4 мың бас қой мен ешкі, 3,2 мың бас шошқа, 160,9 мың бас жылқы, 55,0 мың бас түйе және 113,2 мың бас құс тіркелген.
Мал басын былтырғы жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда МІҚ-4,1%-ға, қой мен ешкі -3,0-ға, жылқы 8,8%-ға, түйе 6,0%-ға көбейсе, құстың басы 99,5%-ды құрады.
Eсепті кезеңде 13,7 мың тонна ет (тірі салмақта), 31,8 мың тонна сүт және 2,0 млн. дана жұмыртқа өндіріліп, 2019 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда ет өндірісі 2,8%-ға, сүт өндірісі 2,2%-ға артқан.
Мемлекеттік қолдау
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялауға 2020 жылға жергілікті бюджеттен 2 432,1 млн. теңге қаржы бөлінді.
Осыдан қаржылық жоспарға сәйкес бүгінгі күнге
365 шаруашылыққа 1 080,4 млн. теңге субсидия төленді. Қаралған қаржы қаржылық жоспарға сәйкес жыл соңына дейін толық игерілетін болады.
2020 жылы «Сыбаға» бағдарламасының орындалуы
Үстіміздегі жылы бағдарлама бойынша біздің облысқа 1000 бас шет елдік мүйізді ірі қара, 40000 бас қой малын сатып алу және 10,0 мың бас бұқашықтарды мал бордақылау алаңдарына өткізу жоспары межеленген.
Осыдан қазіргі күні 3 шаруашылық 288 бас шет елден МІҚ малын сатып әкелді (28,8%). Қой малын сатып алуға «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ Қызылорда облысы филиалдары арқылы 5258 басқа несиелер беріліп жоспардың 13,1%-ын қамтып отыр. МІҚ, қой малдарын сатып алу жұмыстары күз айларында жалғасын табатын болады. Қазіргі күні 1000 бастан жоғары мал бордақылау алаңдарына 3325 бас бұқашықтар өткізіліп, жоспар 33,0%-ға орындалып отыр.
МІҚ аналықтарының тұқым түрлендіруге қатысуы
Облыстық статистика департаментінің мәліметіне сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарына 177,8 мың бас аналық сиыр тіркелген. Осыдан бүгінгі күні облыс бойынша 36,3 мың бас аналық сиыр, 1,6 мың бас асыл тұқымды бұқа қатысып, тиісінше аналықтардың тұқым түрлендіруге қатысуы 20,4%, асыл тұқымды бұқамен қамтылу 73%-ды қамтып отыр. (Республикалық көрсеткіш тұқым түрлендіруге қатысу 25,1%, бұқамен қамтылу 73%).
Кооперация
Бүгінгі күнге 2 239 жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктіру арқылы 88 кооператив тіркелді. Оның ішінде, 65 ет бағытында, 10 сүт бағытында, 8 бақшалық, 4 құс шаруашылығы және 1 балық шаруашылығы бағытында.
2016 жылдан бүгінгі күнге кооперативтерді дамыту мақсатында жеңілдетілген несиелендіруге 3,7 млрд.теңге қаржысы бөлініп, қосымша 1 910 жұмыс орындары ашылды.
Бөлінген қаражатқа 9 сүт қабылдау пункті, 4 рефрижератор, 4 мал азығын дайындау цехы, 14 989 бас бұқа, 4 416 бас сиыр, 24 200 бас үйрек пен қаз, 3 000 бас тауық, 550 бас уақ мал және 64 бас жылқы сатып алынды.
Мемлекеттік қолдау шаралары (2016-2020 жылдары)негізінде кооперативтердің МІҚ (оның ішінде асылдандыруға), техника мен жабдықтар сатып алуға 210,7 млн. теңгеге субсидия төленді.
2019 жылы кооперативтермен 392,5 тонна ет, 1506 тонна балық, 3,8 тонна құс еті, 1 001,8 мың дана жұмыртқа, 669,2 тонна сүт және сүт өнімдері өндірілді. Сондай-ақ, кооперативтер 2019 жылы 212 бас түйе, 400 бас қой және 50 бас МІҚ малдарын экспорттады.
Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің мүшелеріне жеңілдетілген несиелендіру жалғасуда.
Үстіміздегі жылы кооперативтердің 16 мүшесіне 200 бас МІҚ (оның ішінде ет және сүт бағытында)малдарын сатып алуға 50 млн.теңге несие берілді. Сондай-ақ, 25 мүшесінің жалпы сомасы 75 млн.теңгеге құжаттары қаралуда.
Сонымен қатар, кооперативтермен 4 айда 60 тонна ет, 2000 дана жұмыртқа, 850 тонна сүт және сүт өнімдері және 4 тонна балық өндіріліп, ішкі нарыққа өткізілді.
Экспорт
2020 жылдың 1 мамырына статистикалық деректерге сейкес облыстан
13,9 млн. долларды құрайтын 38,9 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері (балық, күріш, бидай қалдығы, қамыс) экспортталып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен ақшалай мәнде салыстырғанда 116,7 пайызға артып отыр (салмақ бойынша 133,7 пайызға артты).
Экспортталған өнімдер тізбесі толығымен өңделген өнімдерді құрайды.
Барлық экспортталған өнімнің 93,8 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы - күріш өнімі, Ресей, Қырғызстан, Беларусия, Әзірбайжан, Моңғол мемлекеті, Тәжікстан, Украина, Өзбекстан, Түркмения және Ирак мемлекеттеріне экспортталып отыр.
Есепті кезеңге 36,6 мыңтоннакүріш(10,6 млн.доллар) аталмыш мемлекеттерге экспортталып, былтырғы жылмен салыстырғанда 127,5пайызға артып отыр.
АӨК цифрландыру
АӨК кешенің цифрландыру мақсатында облыста егіншілік саласы бойынша «нақты егіншілік» элементтерін енгізу және мал шаруашылығы саласы бойынша «ақылды фермалар» құру жұмыстары жүргізілуде.
Шиелі ауданында орналасқан «Ақмая» ШҚ-ның базасында «нақты егіншілікке» арналған «Akmaya Smart Farm» цифрлық платформасы жасалып, жоба іске асырылды. Нәтижесінде тыңайтқыштарды оңтайлы пайдалану есебінен шаруашылық 14 млн. теңге қаржысы үнемделді.
Сондай-ақ, егіншілік саласындағы 17 шаруашылық құрылымдары сатып алған шетелдік ауыл шаруашылығы техникалары базасындағы «нақты егіншілік» элементтерін ішінара пайдалануда.
Сонымен қатар, 2019 жылы Қызылорда қаласында көкөніс (томат) өсіру мақсатында «КазАгроМир» ЖШС-гі жоғары технологиялы заманауи автоматтандырылған жылыжай кешені құрылысын салу жобасы іске асырылып, бүгінгі күнге аптасына 6 тоннаға жуық қияр өнімі өндіріліп, ішкі нарыққа төмен бағада өткізілуде.
Сондай-ақ, облыста «Мағжан и К» ЖШС-мен елімізде бірінші сандық күріш өңдеу зауытының құрылысы бойынша жоба іске асырылды.
Үстіміздегі жылы цифрландыру бойынша қазіргі заманауи технологияларға сай «2000 тонналық көкөніс сақтау қоймасының құрылысы» жобасы іске асырылып, қазіргі таңда 386,3 тонна өнімдер сақталуда.
Мал шаруашылығы саласы бойынша облыста 3 репродуктор мал шаруашылықтарында жылжымалы станок-фиксатор, ауыспалы жүктемелік, автоматты суарғыш жылытатын құрылғылар, 1 шаруашылықта автоматты суарғыш құрылғылары мен баламалы энергия көздері және 1 шаруашылықта GPS-навигаторлары пайдаланылуда.
«Агросауда» сайтының жұмысы жалғастырылуда.Есепті кезеңге 420 хабарландыру және 405 жаңалықтар орналастырылып, қолданушылар саны 1040 адамды құрап отыр.
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығында 2020 жылдың
қаңтар-наурыз айында атқарылған жұмыстар туралы анықтама
Саланың негізгі көрсеткіштері
Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында 7,2 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда өсім 103,0%-ға артты.
Тамақ өнімдерін өңдеу көлемі қаңтар-ақпан айларында 7,7 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,7%-ға артты.
Ауыл шаруашылығының негізгі қорына 177,4 млн. теңге инвестиция салынып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 3,4 есеге артты.
Өсімдік шаруашылығы саласы бойынша
Егіс көлемі
2020 жылы егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының сызбасы аудандар және Қызылорда қаласы бойынша бекітілді.
Бекітілген сызбаға сәйкес, үстіміздегі жылы облыс бойынша 183,1 мың гектарға егiс егу межеленіп отыр.
Оның ішінде дәндi дақылдар 97,8 мың, майлы дақылдар 6,0 мың, мал азықтық дақылдар 61,6 мың, картоп, көкөнiс, бақша 17,7 мың гектарды құрайды.
Негізгі дақыл күрiштің көлемі 88,2 мың гектар
(2019 жылы облыс бойынша барлығы 183,0 мың га, оның ішінде дәндi дақылдар 97,5 мың, майлы дақылдар 7,9 мың, мал азықтық дақылдар 60,2 мың, картоп, көкөнiс, бақша 17,4 мың гектарға егілді. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 87,9 мың гектар).
Сонымен қатар, егіс көлемдерін әртараптандыру бағытында биыл соя дақылын 290 гектарға, қант құмайын 200 гектарға ұлғайтуды және 164 гектар жерге жеміс-жидек, жүзім отырғызу межеленіп отыр.
Анықтама үшін: 2020 жылға дейін облыс көлемінде барлығы 406,3 га жеміс-жидектер егілсе, оның ішінде, алма – 366,7 га; басқа түрлері – 37,4 га; жүзімдіктер – 2,2 га;
Тұқым және тыңайтқыштар дайындау
Бүгінге егістікке қажетті минералдық тыңайтқыштар мен тұқымдық материалдар толық қамтамасыз етілді.
Техника және жанар-жағар май
Ауыл шаруашылығы техникалары толықтай дайындалып, егіс егу науқанына қатысуда.
Облысқа 2020 жылдың көктемгі егіс және дала жұмыстарын жүргізуге 14 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінген болатын. Осыдан наурыз айына бөлінген 3250 тонна дизель отыны облысқа жеткізіліп, шаруашылықтарға әр литрі 178 теңгеден таратылуда.
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 31 наурызда жасаған мәлімдемесінде көктемгі дала жұмыстарына бөлінген дизель отынының бағасын нарықтан 15 пайызға арзандатуды тапсырған болатын.
Осыған сәйкес, біздің есептеулеріміз бойынша сәуір және мамыр айларына бөлінген 10750 тонна дизель отынының бағасы әр литрге 162 теңгеге дейін арзандайтын болады.
Суармалы су есебі және су алуға дайындық барысы
2020 жылға бекітілген ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру сызбасына сәйкес тұрақты суаруға 4,2 млрд. текше метр су қажет.
Сырдария өзеніндегі судың жағдайы бойынша, 2020 жылғы 03 сәуірдегі мәлімет бойынша Шардара су қоймасына жоғарыдан секундына 464 текше метр су түсуде. Қоймадағы су көлемі 4,9 млрд. текше метрді құрап, төменге секундына 150 текше метр су тасталуда.
Көксарай су реттегішіне 2,0 млрд. текше метр су көлемі жиналып, бүгінгі күнге Шардара мен Көксарайды қосқанда 6,9 млрд. текше метр су бар, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,5 млрд. текше метрге кем.
Көктемгі су алу жұмыстарына сәйкес, барлық аудандар мен Қызылорда қаласының су шаруашылығы нысандарын дайындау жұмыстары жоспарға сәйкес атқарылуда.
Егін егу жұмыстары бойынша
Қазір қала және барлық аудандар ерте егілетін дақылдарды егу жұмыстарына кірісті.
Бүгінгі күнге егілген егіс көлемі 21,2 мың гектар, оның ішінде: жаздық бидай - 3,7 мың (97,7%), жаздық арпа – 0,5 мың (96,0%), мақсары – 2,6 мың (46,7%), жаңа жоңышқа – 14,3 мың (76,6%) гектарды құрайды.
Негізгі дақыл - күріш егу жұмыстары сәуір айының 20–нан кейін басталады деп күтілуде
Сонымен қатар, қала және аудандардан алынған мәліметтерге сәйкес, ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы 41857 гектар ескі жоңышқаның 34927 гектары (83,4%) тырмаланып, 3323 (7,9%) гектары суғарылса, 4142 гектар күздік бидайдың 3370 гектары (81,3%) тырмаланып, 2120 гектары (51,2%) үстеп қоректендірілді.
Көктемгі дала жұмыстары жалғасуда.
Мал шаруашылығы
Облыс бойынша 2020 жылдың 1 наурызына 335,0 мың бас мүйізді ірі қара, 623,0 мың бас қой мен ешкі, 147,5 мың бас жылқы, 48,6 мың бас түйе, 2,5 мың бас шошқа, 115,0 мың бас құс өсірілуде.
Мал басын өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 2,1%-ға, қой мен ешкінің басы 1,4%-ға, жылқы 8,8%-ға, түйенің басы 4,6%-ға, шошқа 8,2%-ға көбейген, құстың саны 16,1%-ға кеміген.
Есепті кезеңде облыс бойынша барлығы 5726,3 тонна ет (тірі салмақта), 10903,4 тонна сүт және 603,0 мың дана жұмыртқа өндірілді.
Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ет өндіру - 4,3%-ға,
сүт өндіру -1,8%-ға артса, жұмыртқа – 48,7%-ға кеміді.
Мемлекеттік қолдау
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялауға 2020 жылға жергілікті бюджеттен 2 432,1 млн. теңге қаржы бөлінді.
Осыдан қаржылық жоспарға сәйкес бүгінгі күнге 255 шаруашылыққа
880,0 млн. теңге субсидия төленді.
Қазіргі таңға облыс бойынша 8385 бас мүйізді ірі қара, 78642 бас қой, 6882 бас жылқы және 3225 бас түйе тіркеліп, асыл тұқымды малдың үлес салмағы тиісінше МІҚ-2,5%, қой-16,9%, жылқы-4,7%, түйе-6,8%-ды құрады
Кооперация
Бүгінгі күнге 2 199 жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктіру арқылы 86 кооператив тіркелді.
Заңды іске асыру кезеңінде (2016-2019 жылдар) кооперативтерді дамыту мақсатында жеңілдетілген несиелендіруге 3,7 млрд.теңге қаржысы бөлініп, қосымша 1 894 жұмыс орындары ашылды.
Бөлінген қаражатқа 9 сүт қабылдау пункті, 4 рефрижератор, 4 мал азығын дайындау цехы, 14 629 бас бұқа, 4 056 бас сиыр, 24 200 бас үйрек пен қаз, 3 000 бас тауық, 550 бас уақ мал және 64 бас жылқы сатып алынды.
Бұдан бөлек, зәкірлі кооперацияны дамыту мақсатында жалпы 7000 бас МІҚ малын бордақылайтын 3 мал бордақылау алаңдарының базасынан кооператив мүшелері үшін жүйелі түрде бордақылаған малдарын әрі қарай бордақылауға өткізу үйымдастырылған.
Экспорт
2020 жылдың 1 ақпандағы статистикалық деректерге сейкес облыстан 3 297,1 мың долларды құрайтын 9130,4 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері (балық, күріш, бидай қалдығы) экспортталып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 118,9 пайызды құрап отыр.
Экспортталған өнімдер толығымен (100%) өңделген өнімдер.
Барлық экспортталған өнімнің 96,7 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы - күріш өнімі Ресей, Қырғызстан, Беларус, Әзірбайжан, Моңғол мемлекеті, Тәжікстан және Украина мемлекеттеріне экспортталып отыр.
Есепті кезеңге 5250 тонна күріш (1427,8 мың доллар) аталмыш мемлекеттерге экспортталып, былтырғы жылмен салыстырғанда 23,9 пайызға артып отыр.
АӨК цифрландыру
АӨК кешенің цифрландыру мақсатында облыста егіншілік саласы бойынша «нақты егіншілік» элементтерін енгізу және мал шаруашылығы саласы бойынша «ақылды фермалар» құру жұмыстары жүргізілуде.
Шиелі ауданында орналасқан «Ақмая» ШҚ-ның базасында «нақты егіншілікке» арналған «Akmaya Smart Farm» цифрлық платформасы жасалып, жоба іске асырылды.
Сондай-ақ, егіншілік саласындағы 17 шаруашылық құрылымдары сатып алған шетелдік ауыл шаруашылығы техникалары базасындағы «нақты егіншілік» элементтерін ішінара пайдалануда.
Сонымен қатар, 2019 жылы Қызылорда қаласында көкөніс (томат) өсіру мақсатында «КазАгроМир» ЖШС-гі жоғары технологиялы заманауи автоматтандырылған жылыжай кешені құрылысын салу жобасы іске асырылып, бүгінгі күнге алғашқы өнім алынуда.
Сондай-ақ, облыста «Мағжан и К» ЖШС-мен елімізде бірінші сандық күріш өңдеу зауытының құрылысы бойынша жоба іске асырылды.
2020 жылға цифрландыру бойынша қазіргі заманауи технологияларға сай «2000 тонналық көкөніс сақтау қоймасының құрылысы» жобасы іске асыру жоспарлануда.
Облыста барлығы 3 репродуктор мал шаруашылықтарында жылжымалы станок-фиксатор, ауыспалы жүктемелік, автоматты суарғыш жылытатын құрылғылар, 1 шаруашылықта автоматты суарғыш құрылғылары мен баламалы энергия көздерін және 1 шаруашылықта GPS-навигаторлары пайдаланылуда.
«Агросауда» сайтының жұмысы жалғастырылуда. Әр аудан (қала) бойынша жаңалықтар мен хабарландыруларды орналастырып, жариялануы қамтамасыз етілуде.Есепті кезеңге 19 хабарландыру және 61 жаңалықтар орналастырылған.
Ауыл шаруашылығы өнімдерің өңдеу
2020 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы статистикалық деректер бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің өңдеу саласында барлығы 7,7 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,7%-ға артты.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өңдеу көрсеткішінің артуына жас немесе тоңазытылған еттің 120,8%-ға, шұжықтардың 110%-ға, ақталған күріштің 41,6%-ға артуы есебінен қол жеткізілді.
Инвестициялық жобалар
Агроөнеркәсіптік кешен саласында еңбек өнімділігін арттырудың ең тиімді жолдарының бірі өндіріске озық технологияларды енгізу және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру болып табылады.
Осы орайда, 2019 жылы АӨК саласы бойынша инвестициялық құны 2141,2 млн. теңгені құрайтын 19 инвестициялық жоба іске қосылды.
2020 жылы инвестициялық құны 8414,0 млн. тенгені құрайтын 24 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып отыр.
Олардың ішінде экспортқа бағытталған іргелі жобалардың құрылысы жүргізілуде.
Олар:
- Қызылорда қаласында жылдық қуаттылығы 5 мың тонна ет өңдеу комбинаты;
- Қармақшы ауданында жылдық қуаттылығы 1,5 мың тонна құс етін өндіретін құс фабрикасы;
- Шиелі ауданында 1200 басқа арналған асыл тұқымды сауын фермасы және тәуліктік қуаттылығы 24 тонна сүт зауыты;
- Арал ауданында жылдық қуаттылығы 130 тонна түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру жобасы.
Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру шаралары
Cтатистикалық жедел ақпарат бойынша 31 наурызда облыста әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік тауарларының индексі 102,2% құрады (ҚР – 104%).
Жыл басынан бері 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша:
- 10 өнім бойынша баға жоғарылады: рожки – 2,1%, қарақұмық жармасы-22,5%, тұздалмаған сары май-2,5%, сиыр еті-3,5%, тауық еті-1,8%, картоп-1,9%, сәбіз-2,1%, қырыққабат- 6,7%, қант – 11,7%, тұз- 2,2%;
- 2 өнімге баға төмендеді: жуа-4,1%, жұмыртқа-11,7%;
- 7 өнім бағалары тұрақты: бірінші сортты бидай ұны, нан, күріш, күнбағыс майы, сүт, айран, сүзбе.
2020 жылдың I тоқсанға бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасының шекті мәнінен өнімдердің бөлшек саудада бағасы 15% жоғарылаған жоқ (қарақұмық жармасы-14,8%).
Қазіргі таңда тұрақтандыру қорында және оның әріптестерінде 2 636,0 тонна өнім қоры бар.
Облыс бойынша азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және қажетті қорын қалыптастыру мақсатында облыс әкімінің резервінен 105,8 млн. теңге бөлініп, 720 тонна өнім сатып алынды (51 тонна өсімдік майы, 500 тонна ұн, 134 тонна қант, 35 тонна қырыққабат).
Сондай-ақ, тұрақтандыру қорына қосымша 3579,4 тонна өнім қорын сатып алу үшін 31.03.2020 жылы № 418 мәслихат шешімімен облыстық бюджеттен 776,0 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда.
Павлодар облысының «Ақтоғай-Агро» ЖШС-нен 500 тонна картоп, 200 тонна сәбіз сатып алынып тасымалдануда. Сонымен қатар 68 тонна қарақұмық жармасы жеткізіліп, тұрғындарға босатылуда.
Сонымен қатар, жергілікті тауарөндіруші «Самұрық Құс» ЖШС-мен 1,4 млн. дана жұмыртқасын жеткізу жөнінде келісім жасалды.
Сиыр етімен қамтамасыз ету айналым схемасы бойынша тұрақтандыру қорының әріптесі «Мирас» СҮ-не берілген 40,0 млн. теңге қарыз есебінен, «Сыр Маржаны» ЖШС-не алдын ала берілген 100 млн. теңге қаржы есебінен жүргізу жоспарлануда.
Сүт өнімдері (сүт, айран, ірімшік, сары май) бойынша жергілікті өндіруші «Рза Сүт» ЖШС-мен «Байқоңыр» ӘКК» АҚ арасында келісім жасалып, күнделікті қажеттілікке («Рза Сүт» ЖШС тәулігіне 15 тонна сүт өнімдерін өңдейді) қарай жеткізіліп отыратын болады
Бүгінгі күнге облыста 27 әлеуметтік дүкен жұмыс жасап тұр. Жыл аяғына дейін қосымша 34 дүкен ашу жоспарлануда.
Саланың негізгі көрсеткіштері
2019 жылы қаңтар-желтоқсанда ауыл шаруашылығында 119,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда өсім 4,4%-ға артты.
Тамақ өнімдерін өңдеу көлемі қаңтар-желтоқсан айларында 40,7 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,3%-ға артты.
Ауыл шаруашылығының негізгі қорына салынған инвестиция көлемі қаңтар-желтоқсан айларында 7 057,0 млн. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 22,8%-ға артты.
Тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға 1034,3 млн. теңге инвестиция салынып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 14,9%-ға артты.
Аграрлық секторға көрсетілген мемлекеттік қолдауға үстіміздегі жылы 14,3 млрд. теңге бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 35%-ға артты.
Өсімдік шаруашылығы саласы бойынша
Үстіміздегі жылы облыс бойынша 183,1 мың гектарға егiс егілді. Оның ішінде, 87,9 мың гектар күріш дәндi дақылдар 97,5 мың гектар, майлы дақылдар 7,9 мың гектар, мал азықтық дақылдар 60,2 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 17,4 мың гектар. Ауыл шаруашылығы дақылдары өткен жылмен салыстырғанда 5,8 мың гектарға артық орналасты.
Қала және барлық аудандардың шаруашылық құрылымдары 2019 жылы егілген ауыл шаруашылығы дақылдарына барлығы 55,8 мың. тонна минералды тыңайтқыштар және 63,6 мың. литр гербицидтер қолданды.
Биылғы жылы негізгі дақыл күріштен 530, 5 мың тонна, картоптан 66,4 мың тонна, көкөністен 115, 3 мың тонна, бақшадан 187, 4 мың тонна, мақсарыдан 7,0 мың тонна, күнбағыстан 191 тонна және соядан 91 тонна өнім жиналды.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ-ы арқылы 6,2 млрд. теңгеге 179 дана ауылшаруашылығы техникалары сатып алынып, ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы есепті кезеңдегі техника саны 4 418 данаға жетті.
Мал шаруашылығы
Облыс бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарына 332,4 мың бас мүйізді ірі қара, 620,9 мың бас қой мен ешкі, 148,3 мың бас жылқы, 47,9 мың бас түйе, 2,5 мың бас шошқа, 126,3 мың бас құс өсірілуде.
01.01.2020 жылдың мал басын өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 2,6%-ға, жылқы 8,7%-ға, түйенің 4,7%-ға, шошқа 9,6%-ға көбейді.
Есепті кезеңде облыс бойынша барлығы 37,4 мың тонна ет (тірі салмақта), 87,8 мың тонна сүт және 8,5 млн. дана жұмыртқа өндірілді.
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет өндіру 103,3%-ға, сүт өндіру 101,7-%ға, жұмыртқа өндірісі 94,7%-ға артты.
Қазіргі таңда облыс бойынша 7462 бас мүйізді ірі қара, 68 127 бас қой, 6380 бас жылқы және 3547 бас түйе асыл тұқымды мал басы тіркеліп, асыл тұқымды малдың үлес салмағы тиісінше МІҚ - 2,3%-ға, қой – 11,3%-ға, жылқы – 4,7%-ға, түйе – 7,8%-ды құрады.
«Сыбаға» бағдарламасы арқылы мал сатып алу
2019 жылға облысқа «Сыбаға» бағдарламасы аясында 2000 бас асыл тұқымды импортталған МІҚ аналығын жеткізу жоспары бекітілген.
Бағдарламаға сәйкес қаржы институттары арқылы 2019 жылы 14 шаруа қожалықтарынан 1850 бас асыл тұқымды ет бағытындағы МІҚ аналығын сатып алуға несиелендіріліп, 2018-2019 жылдардағы қаржыландырудың арқасында бүгінгі күні барлығы 2249 басты құрайтын 15 асыл тұқымды ет және сүт бағытындағы репродуктор шаруашылықтар құрылды.
Аталған бағдарлама аясында қой малын сатып алуға 194 шаруа қожалығы 49733 басқа несиелендіріліп, қой аналықтарын сатып алды.
Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу саласы
2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы статистикалық деректер бойынша ауыл шаруашылығында тамақ өнімдерін өңдеу көлемі 40,7 млрд.теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,3%-ға артты.
Кооперация
Бүгінгі күнге 2 199 жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктіру арқылы 86 кооператив тіркелді.
Заңды іске асыру кезеңінде (2016-2019 жылдар) кооперативтерді дамыту мақсатында жеңілдетілген несиелендіруге 3,7 млрд.теңге қаржысы бөлініп, қосымша 1 894 жұмыс орындары ашылды.
Бөлінген қаражатқа 9 сүт қабылдау пункті, 4 рефрижератор, 4 мал азығын дайындау цехы, 14 629 бас бұқа, 4 056 бас сиыр, 24 200 бас үйрек пен қаз, 3 000 бас тауық, 550 бас уақ мал және 64 бас жылқы сатып алынды.
Мемлекеттік қолдау шаралары негізінде кооперативтердің МІҚ (оның ішінде асылдандыруға), техника мен жабдықтар сатып алуға 149,1 млн. теңгеге субсидия төленді.
2019 жылы кооперативтерге малды асылдандыруға, селекциялық жұмыстарға, бордақылағанға және де сатып алғаны үшін барлығы 61,6 млн.теңге субсидия төленді.
Экспорт
2019 жылдың 10 айында облыстан 25,6 млн. долларды құрайтын 64,2 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері (балық, күріш, бидай, арпа, бидай қалдығы, тірілей түйе, МІҚ және қой, майлы дақылдар тұқымдары, томат, қияр, қарбыз, қауын және көкөніс) экспортталып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 107,1 пайызды құрап отыр.
Оның ішінде өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы үлесі 95,8 пайызды құрайды.
Облыс жыл сайын экспортталатын өнімнің көлемін арттырудан бөлек санын да көбейтіп келеді. Мәселен, 2013 жылы экспортқа 3 түрлі өнім шығарса (балық, күріш, астық қалдығы), бүгінгі күнге өнімдер санын 19-ға ұлғайтылды (қауын, қарбыз, қияр, бидай, арпа, мақсары майы, картоп, өсімдік шырындылары, рапс және құнбағыс тұқымдары, күріш сабаны, көкөніс, томат, тірілей қой, түйе және МІҚ).
Негізінен облыстың негізгі дақылы күріш өнімі Ресей, Қырғызстан, Әзірбайжан, Моңғол мемлекеті, Тәжікстан, Украина, Түркмения, Ауғанстан, Өзбекстан мемлекеттері нарықтарында жоғары сұранысқа ие өнім.
Қазіргі уақытқа 56,5 мың тонна күріш (16,9 млн. доллар) аталмыш мемлекеттерге экспортталды.
Өткізу нарығындағы күріштің негізгі үлесін Тәжікстан 48,1%, Өзбекстан 18,4%, Ресей 17,8%, калған 15,7% Әзірбайжан, Украина, Ауғанстан, Моңғолия, Қырғызстан, Түрікменстан мемлекеттері құрайды.
Жалпы бүгінгі күнге отандық өнімдер барлығы 16 мемлекетке экспортталуда.
Сондай-ақ, облыс 2017 жылы аусыл ауруы бойынша буферлік аймақтан шығып ет өнімдерін және тірілей түрде малдарды экспорттауға мүмкіндік алды.
Облыста халықаралық стандартқа сай ет комбинатының болмауына қарамастан, облыс шаруашылықтары түйе, қой, бұқашық малдарын тірілей экспорттауда. Бүгінгі күнге Иран мемлекетіне 789 бас қой, Өзбекстан мемлекетіне 180 бас түйе және 250 бас МІҚ малдары жөнелтілді. Сонымен бірге, Қытай нарығына Арал ауданынан 40 тонна жүн жөнелтілді.
Инвестициялық жобалар
Облыс бойынша АӨК саласында 2019 жылы жобалық құны 2 310,2 млн. теңгені құрайтын 20 инвестициялық жобалар іске қосылуы жоспарланып, олардың 19-ы жүзеге асырылып, нәтижесінде,198 жұмыс орны ашылды.
Оның 7-уі күріш өңдеу зауыттары, 7- уі ет бағытындағы репродуктор шаруашылықтар құру, 2 –уі мал бордақылау алаңы және мал сою пункті, 1 – уі сүт бағытындағы сауын сиыр жобасы, 1 –уі сүт қабылдау және өңдеу цехы.
Сондай-ақ, АӨК саласында 2020 жылы жалпы құны 8,4 млрд. шамасында 24 инвестициялық жобалар жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Олардың ішінде экспортқа бағытталған іргелі жобаларды іске асыруды межеленуде.