2022 жылғы 10 шілдедегі Жаңақорған ауданының Жаңақорған кенті әкімінің сайлауы өтті деп танылды.
Сайлау учаскелері бойынша 18098 азамат сайлаушылар тізіміне енгізілді, оның 12767-і дауыс беруге қатысты.
Әкімге үміткер болып 6 кандидат ұсынылды.
Сайлау бюллетеньдеріне 2 кандидат енгізілді.
Кандидат М. С. Идрисовке берілген дауыс саны 1813, кандидат А. И. Ибрагимовке – 10531. «Барлығына қарсы» дауыс берген сайлаушылардың саны 258, жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 165.
Дауыс беру қорытындысымен Жаңақорған кентінің әкімі болып Ибрагимов Абдрасил Искакович сайланды, 1962 ж.т., «ORDA Сығанак» ЖШС кеңесшісі, Жаңақорған ауданының Жаңақорған кентінде тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі, ұлты – қазақ.
Жаңақорған кентінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хабарламалар Жаңақорған аудандық сайлау комиссиясының интернет-парағында орналастырылды және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.
Сайлау нәтижелері туралы ақпарат төмендегі сілтемелер бойынша орналастырылған: