2022 жылғы 3 шілдеде Жалағаш ауданының Ақсу, Жаңаталап ауылдық округтерінің және Шиелі ауданының Алмалы, Жиделіарық ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтті деп танылды.
Сайлау учаскелері бойынша 3216 азамат сайлаушылар тізіміне енгізілді, оның 2466-ы (76,7%) дауыс беруге қатысты.
Әкімге үміткер болып 16 кандидат ұсынылды.
Сайлау бюллетеньдеріне 12 кандидат енгізілді.
4 сайлау округінің барлығында әкімдер сайланды.
Сайланған 2 әкім «AMANAT» партиясынан ұсынылған, 2 әкім өзін-өзі ұсынған.
Ауылдық округтердің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хабарламалар Жалағаш және Шиелі аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақтарына орналастырылды және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.
Сайлау нәтижелері туралы ақпарат төмендегі сілтемелер бойынша орналастырылған:
|
Жалағаш ауданы |
|
|
Шиелі ауданы |