«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының 2), 8-1) тармақшаларына сәйкес және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 24 маусымдағы № 7/411 қаулысын, облыстық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 2 маусымдағы №154 хаттамалық шешімін негізге алып, Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қызылорда облысының Жалағаш ауданының Ақсу, Жаңаталап, Шиелі ауданының Алмалы, Жиделіарық ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы сайлауды тағайындау және ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспарларын әзірлеу кезінде басшылыққа алу үшін тиісті аумақтық сайлау комиссияларына жіберілсін.
- Осы қаулы облыстық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылсын.
Комиссия төрағасы Ғ.Баймырзаев
Комиссия хатшысы А.Сырлыбаева
Қызылорда қаласы
2022 жылғы 2 маусым
№ОСК-154/357