«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14, 45, 113-11 баптарына сәйкес қалалық, аудандық сайлау комиссияларының 2022 жылғы 30 мамырдағы шешімдерімен тіркелді:
Қызылорда қаласы Қызылөзек ауылдық округінің әкімі болып Әбдіжаппар Сәкен Нысанұлы Әбдіжаппар Сәкен Нысанұлы, 1963 жылы туылған, қазақ, Қызылөзек ауылдық округінің әкімі, Қызылорда қаласында тұрады. «AMANAT» партиясының мүшесі, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
Шиелі ауданы Ақтоған ауылдық округінің әкімі болып Ахметов Ержанбек Сүйіндікұлы, 1973 жылы туылған, қазақ, Ақтоған ауылдық округінің әкімі, Шиелі ауданының Досбол датқа ауылында тұрады, «AMANAT» партиясымен ұсынылған, «AMANAT» партиясының мүшесі;
Шиелі ауданы Қоғалы ауылдық округінің әкімі болып Сейтов Газиз Мухамедиярович, 1965 жылы туылған, қазақ, Қоғалы ауылдық округінің әкімі, Шиелі ауданының Тұрсынбай датқа ауылында тұрады, «AMANAT» партиясымен ұсынылған, «AMANAT» партиясының мүшесі.