Лого

Меню

Страницы

Статья

2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум кезінде көру қабілеті бұзылған азаматтар үшін бюллетеньді өз бетінше толтыруға арналған трафаретін әзірлеу туралы

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының
Конституциялық заңының 22-бабына, 29-бабының 1-бөлігіне, «Қазақстан
Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық
заңының, 39-бабының 1-1 тармағына сәйкес және Облыстық референдум комиссиясының
2022 жылғы 23 мамырдағы №151 хаттамалық шешімін негізге алып, Қызылорда
облыстық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумда дауыс беру
құқығы бар көру қабілеті бұзылған азаматтар үшін бюллетеньді өз бетінше толтыруға
арналған трафарет саны 380 (үш жүз сексен) дананы құрайтын болып белгіленсін.
2. Көру қабілеті бұзылған азаматтар үшін бюллетеньді өз бетінше толтыруға арналған
трафареттің техникалық ерекшеліктері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, оның
толтыруын түсіндіру бойынша нұсқаулық осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес
белгіленсін.
3. Қызылорда қалалық және аудандық референдум комиссиялары трафареттерді
учаскелік референдум комиссияларына уақытылы жеткізуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облыстық референдум
комиссиясының хатшысы А.М.Сырлыбаеваға жүктелсін.
Қызылорда облыстық референдум
комиссиясының төрағасы Ғ.Баймырзаев
Қызылорда облыстық референдум
комиссиясының хатшысы А.Сырлыбаева
2022 жылғы 23 мамыр, № ОСК-151/351

Қызылорда облыстық
сайлау комиссиясының
2022 жылғы 23 мамырдағы
№ОСК-151/351 қаулысына
1-қосымша

Көру қабілеті бұзылған азаматтарға арналған трафареттің
техникалық ерекшелігі
№ Атауы Техникалық сипаттама Таралым
1.
Көру қабілеті бұзылған
азаматтар үшін
бюллетеньді өз бетінше
толтыруға арналған
трафарет дайындау
Мұқабасы қапталған картон 250-
300 гр., 2+0 басып шығару, жылтыр
препресс, кесу, бүктеу, желімдеу,
жиынтыққа пайдалану жөніндегі
нұсқаулық кіреді, 2+2 басып
шығару, 80 гр/ш.м., формат А4,
целлюлоидты қаптама А4
380

Қызылорда облыстық
сайлау комиссиясының
2022 жылғы 23 мамырдағы
№ОСК-151/351 қаулысына
2-қосымша

Учаскелік референдум комиссиясына көзі көрмейтін және
нашар көретін адамдарға түсіндіруі үшін нұсқаулық
Бюллетеньді өз бетінше толтыруға арналған трафареттің көмегімен дауыс
беру
Дауыс беру учаскелерінде көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға
бюллетеньмен бірге арнайы трафареттер ұсынылады.
Бұл трафареттерде дауыс беруге арналған шаршылардың орнында ойықтар бар.
Трафарет референдум комиссиясының мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың
құқықтарына жауапты мүшесінде болады.
Көзі көрмейтін немесе нашар көретін азамат учаскеге келген кезде учаскелік
комиссия мүшесі оған осы трафаретті ұсынады.
Дауыс беруге арналған бюллетень мен осы трафаретті алғаннан кейін азамат
жасырын дауыс беру кабинасына кіреді. Кабинада ол бюллетеньді трафаретке салады, өз
дауысын бергісі келетін мәселе шешімінің тұсындағы ойық бойынша сезіп табады
(учаскеде алдын ала тыңдау үшін сайлау бюллетенінің дыбысжазбасы болады) және
тиісті ойыққа кез-келген белгі қояды.
Осыдан кейін азамат бюллетеньді трафареттен шығарады.
Ерік білдіру құпиясын сақтау мақсатында бюллетеньді дауыс беруге арналған
жәшікке түсірер алдында оны мәтінімен ішке қарай бүктеп, бюллетеньді мөрленген дауыс
беруге арналған жәшікке салу қажет.
Трафарет учаскелік комиссияның мүшесіне қайтарылады.
АРК осы нұсқаулықты қажет еткен әрбір азаматқа түсіндіруді өтінеді.

Дата публикации
30 мая 2022
Дата обновления
30 мая 2022
Тип

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Ақпарат
21 октября 2026
Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы