2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумды өткізу
кезінде дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерді дайындау
жөніндегі баспахананы айқындау туралы
«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының
Конституциялық заңының 27-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Орталық
референдум комиссиясының «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған
республикалық референдумды өткізу кезінде дауыс беруге арналған бюллетеньдерді
дайындаудың кейбір мәселелері туралы» 2022 жылғы 6 мамырдағы No33/488
қаулысы, «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумды
өткізу кезінде дауыс беруге арналған бюллетеньдердің санын белгілеу туралы» 2022
жылғы 17 мамырдағы 37/497 қаулылары мен Облыстық референдум комиссиясының
2022 жылғы 18 мамырдағы No150 хаттамалық шешімін негізге алып, Қызылорда
облыстық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қызылорда қаласы мен аудандардың
кескініндегі саны белгіленген дауыс беруге арналған бюллетеньдерді дайындау
үшін Қызылорда қаласында орналасқан «Қызылорда қанағаты» жауапкершілі
шектеулі серіктестігінің баспаханасы айқындалсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясына
және Қызылорда қаласы мен аудандардың аумақтық референдум
комиссияларына жолдансын.
Қызылорда облыстық референдум
комиссиясының төрағасы Ғ.Баймырзаев
Қызылорда облыстық референдум
комиссиясының хатшысы А.Сырлыбаева
18.05.2022 жылғы NoОСК-150/347