Қызылорда облысы бойынша Қызылорда қаласының Қызылөзек және Шиелі ауданының Ақтоған, Қоғалы ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауда дауыс беру а.ж. 29 мамырында жергілікті уақытпен сағат 07:00 де басталады.
Үш сайлау округі бойынша әкім лауазымдарына барлығы 10 кандидат ұсынылған: 2 - «AMANAT» партиясымен, 8 -і - өзін-өзі ұсынғандар.
Өзін-өзі ұсынған бір адам өз өтінішіне сәйкес кандидат болудан бас тартты, тіркелген бір кандидат декларацияланған мәліметтердің анық еместігінің айқындалуына байланысты тіркеуден шығарылды.
Осылайша, сайлауға қатысатын кандидаттардың саны - 8.
Дауыс беру жергілікті уақытпен сағат 20.00-ге дейін жалғасады.
Ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды ұйымдастырып, өткізуге 5 сайлау учаскесі, учаскелік сайлау комиссияларының 29 мүшесі және аумақтық сайлау комиссияларының мүшесі 14 тартылған.
Тізімге енгізілген сайлаушылар саны Қызылөзек сайлау округінде - 1771, Ақтоған сайлау округінде – 654, Қоғалы сайлау округінде 530 адамды құрайды.
Тіркелген кандидаттардың сапалық құрамы:
Тіркелген 4 кандидат – қызметтегі ауылдық округ әкімі, 3-і - мемлекеттік қызметші, 1-і – бюджеттік сала қызметкері.
Кандидаттардың барлығы ер адамдар.
Кандидаттардың ешбірінің ғылыми дәрежесі жоқ, «Болашақ» бағдарламасының түлегі болып табылмайды.
Мамандықтар бөлінісі бойынша:
Кандидаттардың орта жасы - 45, ең жасы – 29 жаста (Қызылорда қаласының Қызылөзек сайлау округі бойынша), егделісі – 59 жаста (Шиелі ауданының Қоғалы сайлау округі бойынша Мамбетов Абилькасим Абильдаевич).
Кандидаттардың барлығының ұлты қазақ, 8 кандидаттың 3-і сайлау өтіп жатқан кент, ауылдық округте, 4 -і сол қала/ауданның басқа өңірінде, 1-і ауданнан тыс облыс аумағында тұрады.
Сайлау учаскелерінде кандидаттар туралы ақпараттық плакаттар, комиссия құрамдары, жоғары тұрған комиссия, сот, прокуратура органдарының телефондары туралы қажетті ақпараттар, УСК қаулыларымен бекітілген дауыс беруге арналған үй-жайдағы тәртіп ережелері бар стендтер ілінген.
Сайлау комиссиялары сайлауды өткізуге дайын.