Лого

Меню

Страницы

Статья

26-27 мамырында Орталық референдум комиссиясының мүшесі Асылбек Айжарықұлы Смагуловтың Қызылорда облысына сапары өтті

А.ж. 26-27 мамырында Орталық референдум комиссиясының мүшесі Асылбек Айжарықұлы Смагуловтың Қызылорда облысына сапары басталды. Екі күндік жұмыс сапарының мақсаты – аймақтың референдумды өткізуге дайындығын тексеру.

Алғашқы күні облыс әкімі аппараты басшысының, әділет департаменті, облыстың ҚР ҰҚКД, прокуратурасы, ҮЕҰ өкілдерінің, референдум комиссияларының мүшелері қатысқан семинар-кеңесі өткізіліп, оның барысында келесі тақырыптар бойынша баяндамалар жасалды:

  1. Референдум өткізу бойынша жергілікті атқару органдарының тарапынан атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы;
  2. Референдум күнін ұйымдастыру және дауыс беру учаскелерінде референдум комиссияларының қызметінің ерекшеліктері;
  3. Террористік сипаттағы анонимді қауіп хабарлама, күдікті зат табылған кездегі іс-қимыл алгоритмі;
  4. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы;
  5. Республикалық референдум туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік;
  6. Республикалық референдум қарсаңындағы үгіт және дауыс беру күні бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін аккредиттеу туралы.

Одан әрі комиссияның мүшесі Қызылорда қаласының №222, 236, 264 учаскелерінің қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жабдықталуын, жарақтандырылуын, мүгедектігі бар тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін жағдайдың жасалуын, қажетті әдістемелік, ақпараттық материалдарымен қаматамасыз етілуін, УРК мүшелерінің референдумда дауыс беруге құқығы бар азаматтардың тізімімен жұмысының сапасын ескеріп дауыс беруге дайындығын тексерді.

Сондай-ақ Шиелі ауданының Балаби ауылындағы №273, Шиелі кентіндегі №388 учаскелері, Жаңақорған ауданының Бірлік ауылындағы №312, Жаңақорған кентіндегі №340 учаскелерінің дайындығына тексеру жүргізілді.

Сапардың екінші күні Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы, Арал аудандарына бару жоспарланған.

Дата публикации
27 мая 2022
Дата обновления
27 мая 2022
Тип

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Ақпарат
21 октября 2026
Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы