Лого

Меню

Страницы

Статья

2022 жылғы 15 мамырға тағайындалған кент, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау бойынша дауыс беру күніне дайындық туралы

Қызылорда облысы бойынша Қызылорда қалалсының Белкөл кенті, Жалағаш ауданының Жалағаш кенті, Еңбек, Мақпалкөл  ауылдық округтерінің  әкімдерін сайлауда дауыс беру а.ж. 15 мамырында жергілікті уақытпен сағат 07:00 де басталады.

4 сайлау округі бойынша әкім лауазымдарына барлығы 17 кандидат ұсынылған: 2 - «AMANAT» партиясымен, 15-і - өзін-өзі ұсынғандар.

Өзін-өзі ұсынған 2 адам өз өтініштеріне сәйкес кандидат болудан бас тартты, тіркелген 3 кандидат өз өтініштеріне сәйкес тіркеуден шығарылды.

Осылайша, сайлауға қатысатын кандидаттар саны - 12.

Дауыс беру жергілікті уақытпен сағат 20.00-ге дейін жалғасады.

Кент, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды ұйымдастырып, өткізуге 12 сайлау учаскесі, учаскелік сайлау комиссияларының 84 мүшесі және аумақтық сайлау комиссияларының 26 мүшесі тартылған.

Тізімге енгізілген сайлаушылар саны Белкөл сайлау округінде - 2488,  Жалағаш сайлау округінде – 9525, Еңбек сайлау округінде – 843, Мақпалкөл сайлау округінде 1013 адамды құрайды.

Тіркелген кандидаттардың сапалық құрамы:

Тіркелген 6 кандидат – мемлекеттік қызметші, 4 – бюджеттік сала қызметкері, 2- қызметтегі ауылдық округ әкімі.

Кандидаттардың 11-і – ер адамдар, 1-і – әйел.

Кандидаттардың ешбірінің ғылыми дәрежесі жоқ, «Болашақ» бағдарламасының түлегі болып табылмайды.

Мамандықтар бөлінісі бойынша: 5-і (41,7%) – мұғалім, 3-і (25%) – заңгер, 1-і (8,3%) – экономист, 1-і (8,3%) – инженер, 1-і (8,3%) – ауылшаруашылығы саласының маманы, 1-і (8,3%) –басқа сала маманы.

Кандидаттардың орта жасы - 40, ең жасы –33 жаста, егделісі – 55 жаста.

Кандидаттардың барлығының ұлты қазақ, 12 кандидаттың 8-і сайлау өтіп жатқан кент, ауылдық округте, 4-і сол қала, ауданның басқа өңірінде тұрады.

  1. Сайлау бюллетеньдері сайлау округіндегі сайлаушылардың жалпы санының 1 пайызы резервімен әзірленіп, сайлау учаскелеріне жеткізілді. Сайлау бюллетеньдері орналасқан үй-жайлар хатталып, ішкі істер органдарының күзетіне тапсырылды.
  2. Сайлау учаскелерінде дауыс беруге арналған үй-жайлар Ортсайлаукомның қаулысымен бекітілген Нұсқаулығына сәйкес жабдықталған.

Сайлау учаскелерінде кандидаттар туралы ақпараттық плакаттар, комиссия құрамдары, жоғары тұрған комиссия, сот, прокуратура органдарының телефондары туралы қажетті ақпараттар, УСК қаулыларымен бекітілген дауыс беруге арналған үй-жайдағы тәртіп ережелері бар стендтер ілінген.

Сайлау комиссиялары сайлауды өткізуге дайын.

 

Дата публикации
13 мая 2022
Дата обновления
13 мая 2022
Тип

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Ақпарат
21 октября 2026
Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы