«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабының 8-тармағына сәйкес және Қызылорда қалалық мәслихатының 2022 жылғы 3 мамырдағы № 01-19/243, Жалағаш аудандық мәслихатының 2022 жылғы 3 мамырдағы №03-11/513, Шиелі аудандық мәслихатының 2022 жылғы 3 мамырдағы № 05-16/508 хаттарының, облыстық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 3 мамырдағы № 145 хаттамалық шешімінің негізінде Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайлағанға дейін Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшелерінің орнына Қазақстан Халық партиясы ұсынған Алия Муханбеткалиевна Муханова, «Қызылорда қалалық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі ұсынған Ерлан Тенизбаевич Боданов; Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына «Жалағаш даму» қоғамдық қоры ұсынған Мурат Кайнашевич Джанабергенов, Шиелі аудандық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына «Ұлт бірлігі» қоғамдық бірлестігі ұсынған Эльмира Базарбаевна Бурабаева тағайындалсын.
- Осы қаулы Қызылорда қалалық, Жалағаш, Шиелі аудандық мәслихаттарына және сайлау комиссияларына жіберілсін және Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылсын.
Облыстық сайлау
комиссиясының төрағасы Ғ.Баймырзаев
Облыстық сайлау
комиссиясының хатшысы А.Сырлыбаева
Қызылорда қаласы,
2022 жылғы 3 мамырдағы
№ ОСК-145/337-жқ