2022 жылғы 30 сәуір күнгі сағат 18.00 –де кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Облыс бойынша Қызылорда қаласы мен Жалағаш ауданының 4 сайлау округтерінде барлығы 17 кандидат ұсынылды, олардың ішінде 2 (11,8%) – «AMANAT» партиясымен, 15 (88.2%)- өзін өзі ұсынды.
Орташа бәсекелестік бір орынға 4,2 адам құрады.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау және кандидаттарды тіркеу бойынша шаралар жүргізілуде. Тіркеу 2022 жылғы 5 мамыр күнгі сағат 18-00 де аяқталады.
Барлық округтерде екіден артық адам ұсынылған.
Кандидаттар шығып қалған және баламалылық болмаған (сайлау округінде екіден аз кандидат) жағдайда, заңнамаға сәйкес ұсыну мерзімі бес күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ақпарат БАҚ жарияланады.
Тиісті аймақ бойынша кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы ақпарат аумақтық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылған