«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1 тармағына және 113-1 бабының 1- тармағы 1), 2) тармақшаларына сәйкес Жалағаш аудандық және Қызылорда қалалық сайлау комиссияларының қаулыларымен Жалағаш ауданының Жалағаш кенті (өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты) мен Еңбек, Мақпалкөл ауылдық округтері әкімдерінің (өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты), Қызылорда қаласының Белкөл кенті әкімінің (өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты) төте сайлау 2022 жылғы 15 мамырға тағайындалды.
Жалағаш аудандық және Қызылорда қалалық аумақтық сайлау комиссияларының қаулыларымен кент және ауылдық округтердің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтері құрылып, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарлары бекітілді.
Кандидаттарды ұсыну 2022 жылдың 16 сәуірден басталады және 2022 жылғы 30 сәуірде, сағат 18.00-де аяқталады.
Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және 2022 жылдың 5 мамырда, сағат 18.00-де аяқталады.
Әкімдерді сайлау туралы толық ақпаратты Жалағаш ауданы мен Қызылорда қаласы әкімдіктерінің сайттарында орналасқан аумақтық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларынан алуға болады.
Сілтемелері:
- https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kzo/press/events/details/12629?directionId;
- https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kzo/documents/details/294774?directionId;
- https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kzo/press/article/1?directions=8761⟨
- https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhalagash/documents/details/279455?direction;
- https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhalagash/documents/details/274566?direction;
- https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kzo/press/article/1?directions=8761&lang=ru.