Қызылорда облысы бойынша 2022 жылғы 27 наурыздағы жергілікті уақытпен сағат 07.00-де Арал ауданының Қамыстыбас ауылдық округіндегі № 4, Қазалы ауданының Өркендеу ауылдық округіндегі №89, Жалғаш ауданының Жаңадария ауылдық округіндегі № 152 сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті.
Сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы ақпарат аудандық сайлау комиссияларының төмендегі сілтеме бойынша интернет-беттерінде жергілікті уақытпен сағат 10.00-де, 12.00-де, 14.00-де, 16.00-де, 18.00-де, және сайлаушылардың келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат 20.00-де ұсынылатын болады.