Лого

Меню

Страницы

Статья

2022 жылғы 27 наурызға тағайындалған ауылдық округтердің әкімдерін сайлау бойыншадауыс беру күнінедайындық туралы

  1. Қызылорда облысы бойынша Арал ауданының Қамыстыбас, Қазалы ауданының Өркендеу, Жалағаш ауданының Жаңадария ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауда дауыс беру а.ж. 27 наурызында жергілікті уақытпен сағат 07:00 де басталады.

Сайлау округтері бойынша әкімлауазымдарынабарлығы 10 кандидат ұсынылған:2- «ATAMEKEN»партиясымен, 8-і - өзін-өзі ұсынғандар.

Дауыс беру жергілікті уақытпен сағат 20.00-ге дейін жалғасады.

Ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды ұйымдастырып, өткізуге3 сайлау учаскесі, учаскелік сайлау комиссияларының 17 мүшесі және аумақтық сайлау комиссияларының 27 мүшесі тартылған.

Тізімге енгізілген сайлаушылар саны Қамыстыбас сайлау округінде- 1196, Өркендеу сайлау округінде – 768, Жаңадария сайлау округінде 330адамды құрайды.

Тіркелген кандидаттардың сапалық құрамы:

Тіркелген 6 кандидат–бюджеттік сала қызметкері, 4 – мемлекеттік қызметші.

Кандидаттардың 9-ы – ер адамдар, 1-і – әйел.

Кандидаттардың ешбірінің ғылыми дәрежесі жоқ, «Болашақ» бағдарламасының түлегі болып табылмайды.

Мамандықтар бөлінісі бойынша: 4-і (40%) – экономист, 2-і(20%) – көлік саласының мамандары, 2-і (20%) – заңгер, 2-і (20%) – мұғалім.

Кандидаттардың орта жасы- 40,еңжасы–29жаста, егделісі – 57жаста.

Кандидаттардың барлығының ұлты қазақ, 10кандидаттың 6-ы сайлау өтіп жатқанауылдық округте, 4-і сол ауданның басқа өңірінде тұрады.

  1. Сайлау бюллетеньдері сайлау округіндегі сайлаушылардың жалпы санының 1 пайызы резервімен әзірленіп, сайлау учаскелеріне жеткізілді.Сайлау бюллетеньдері орналасқан үй-жайлар хатталып, ішкі істер органдарының күзетіне тапсырылды.
  2. Сайлау учаскелерінде дауыс беруге арналған үй-жайлар Ортсайлаукомның қаулысымен бекітілген Нұсқаулығына сәйкес жабдықталған.

Сайлау учаскелерінде кандидаттар туралы ақпараттық плакаттар, комиссия құрамдары, жоғары тұрған комиссия, сот, прокуратура органдарының телефондары туралы қажетті ақпараттар, УСК қаулыларымен бекітілген дауыс беруге арналған үй-жайдағы тәртіп ережелері бар стендтер ілінген.

КОВИД-19 инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында сайлау комиссиялары бірретік қорғаныс бетперде, қолғап, қалқанша, халаттың қажетті санымен және антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілген. Сайлау комиссиялары сайлауды өткізуге дайын.

Дата публикации
26 марта 2022
Дата обновления
26 марта 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама.

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы