2022 жылғы 15-17 наурыз аралығында Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Б.Накипов және комиссияның мүшесі Қ.Наурызбаев Арал, Қазалы, Жалағаш, Сырдария аудандарында болып, сайлау процесінің ашықтығын қаматамасыз ету мәселелері бойынша саяси партиялардың, ҮЕҰ өкілдерімен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен, жастармен және сайлау комиссияларының мүшелерімен кездесті.
Кездесулер Орталық сайлау комиссиясы төрағасы Н.Әбдіровтің Қызылорда облысыныда болған жұмыс сапары кезінде берілген тапсырмаларын іске асыру мақсатында және үш аудандағы ауылдық округтердің әкімдерін сайлау науқанының барысымен танысу мақсатында ұйымдастырылды.
Кездесулерде жергілікті қауым өкілдерінің сайлау науқандарына сайлаушылардың қатысу белсенділігін арттыру, сайлауға қатысушылардың құқықтық білімі мен мәдениетін арттыру, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы халыққа Жолдауындағы айтылған шараларды іске асыру бойынша ұсыныс-пікірлері талқыланды.
Аудан тұрғындары алдағы сайлау науқандарының ашық, әділ өтуі бағытында сайлауды ұйымдастырушылар мен азаматтық қоғамның бірлесе қарқынды жұмыс жасауын күтетіндігін жеткізді.